VI Астана экономикалық форумы (2013 жылғы 22-24 мамыр)
«Ғаламдық жұмыссыздық: шешудің кешенді жолдары»
панельдік сессиясының ұсынымдары
ХХІ ғасырда әлемдік қоғамдастық жұмыспен қамту, еңбек нарығы, еңбекшілерді әлеуметтік қорғау саласындағы жаңа проблемаларға кезігуде және кезігетін болады. Бұл проблемалар көп жағдайларда ұлттық үкіметтердің, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің ұлттық одақтарының күшімен, әртүрлі үшжақты келісімдермен, ұжымдық шарттармен шешілуі мүмкін.
Дей тұрғанмен, 2007 жылдан кейін болған Әлемдік қаржылық, оның салдарынан туындаған экономикалық және әлеуметтік дағдарыстар, ұлттық экономикалардың өзара тығыз байланысын көрсетті. Қазіргі кезеңде бірде-бір ел жұмыссыздық проблемаларды және өздерінің жұмыс істейтін азаматтарын әлеуметтік қорғауды көрші елдердің, шекаралас елдермен ғана емес, белгілі бір жағдайларда ғаламдық сипатқа ие болатын ортақ еңбек нарығы бар елдердің күшін үйлестірмей шеше алмайды. Бағдарламашылардың, қаржыгерлердің, мұнай секторында жұмыс істейтін жұмысшылардың және т.б. кәсіптік еңбек нарығы осыған дәлел болып отыр.
Халықаралық деп танылған, 20-шы жылдың басында құрылған институттар – ХЕҰ, БҰҰ, МОМ және осы ғасырдың басындағы институттар, мысалы G-20, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау проблемаларын шешуде маңызды рөлге ие. Олардың маңызды бастамалары мен жетістіктеріне әлемдік деңгейде іске асырылатын, мысалы Жұмыс орындары туралы ғаламдық пактіні (Global Jobs Pact) жатқызуға болады.
Жыл сайын өткізілетін Доваскийдегі, Санкт-Петербургтегі және т.б. әлемдік экономикалық форумдардың нәтижелері заманауи кезеңде әлемдік саясатты қалыптастыратын маңызды құрал болып табылады. Осы сияқты форумдардың қатарына Астана экономикалық форумы да жатқызылатын болды, оның алаңында әртүрлі елдің бірінші басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, халықаралық ұйымдардың басшылары, әртүрлі ведомстволардың министрлері, әлемге әйгілі экономист ғалымдар кездеседі.
VІ Астана экономикалық форумының негізгі белгісі Ғаламдық жұмыссыздық проблемаларына және оны шешудің кешендік жолдарына арналған мамандандырылған панельдік сессияның ұйымдастырылуы және өткізілуі болды. Сессияға қатысушылар, оның ішінде: экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаттары, ХЕҰ өңірлік бөлімшелерінің бірінші басшылары, Қазақстанның, Украинаның, Тәжікстанның және Татарстан Республикасының еңбек министрлері, Ресей Федерациясы Еңбек министрлігінің өкілдері, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы басқа да ғалымдар, мамандар жұмыссыздық проблемасын, оның ғаламдық және ұлттық контексттерінде шешудің ерекше маңыздылығын растады.
Жұмыспен қамту саласында
Ғаламдық жұмыссыздықты шешумен байланысты проблемалар мен сын-қатерлер көп, өзекті және өсуде. Ғаламдық дағдарыстың басталғанына бес жыл өткеніне қарамастан экономикалық даму жақын арада қалпына келе қоймайды. ХЕҰ-ның Жұмыспен қамтудың ғаламдық тренді бойынша есебі көрсеткендей әлемде жұмыссыздық деңгейі өсуде. Егер 2012 жылы әлемде 197 миллион адам жұмыссыз болса, таяу арадағы бес жылда олардың саны шамамен 210 миллионға дейін өседі. Қазіргі кезеңде әлемде жұмыссыздардың саны 2007 жылмен салыстырғанда 28 миллионға өскен. Жұмыссыздардың ішінде шамамен 75 миллионы жастар, оның ішінде көбінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған.
Өткен он жылдықтың салдары ретіндегі табыстардың жоғары теңсіздігі, жоғары жұмыссыздық аясында тұтынушылық сұраныстың төмендеуі және тұтынушы тарапынан сенімнің жетіспеушілігі экономикалық жандану мен өсудің келешектегі перспективаларын бұзады.
Дағдарыстың жұмыспен қамтуға әсерін болжамдап ХЕҰ-ның 2013 жылға «Жұмыспен қамтудың ғаламдық тренділері» есебі микроэкономикалық теңгерімсіздік еңбек нарығында қатты білінгенін анықтады.
Жалпы жоғарыда көрсетілген Есептің нәтижелері, сондай-ақ Жастар арасындағы жұмыссыздық дағдарысы бойынша қарарлардың, Әлеуметтік қорғау жөніндегі 2012 жылғы ұсынымдар және Еуропалық Өңірлік Жиналыстың 2013 жылғы Қорытындысы негізінде ұлттық және халықаралық деңгейде мынадай нақты іс-қимылдарды іске асыру қажет:
1. Жұмыс орындарын құру үшін жағымды инвестициялық климат жасау
Тиімді жұмыс орындарын құру үшін жеке секторды дамытуды ынталандыру қажет. Бұл инвестиция мен қажеттілік қатар жүретін және бір-біріне қайшы келмейтін климатты қалыптастыруды талап етеді. Үкімет саясаты келісілген және болжамды жоспарлары болуға тиіс. Банктік секторлардың инвестицияны қолдау және кредиттер беру бөлігіндегі жұмысын қалыптастыруға септігін тигізетін қаржылық реформалар жүргізу қажет. Саяси қайраткерлер жастар жұмыссыздығы бойынша өршіп келе жатқан проблемаға ден қоюлары тиіс.
2. Ғаламдық сұраныс ынталарын қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі көптеген дамыған елдерде нақты жалақыны төмендетті, осылайша экономикалық өсуді ынталандыратын жеке тұтынушы тарапынан көрсетілетін қолдауды да төмендетті. Бұл табыстар мен жалақылардың теңсіздік мәселесін күшейтеді.
Дамып келе жақтан елдердегі орташа топтың тұтынушылық әлеуеті әлемдік экономиканы дамытудың маңызды қозғалтқышы бола алатын позитивті фактор.
3. Еңбек нарығын теңгеру және құрылымдық өзгеріс
Еңбек нарығындағы созылмалы және кеңінен тараған дағдарыс оның теңгерімсіздігін күшейтеді. Осыған байланысты мақсатты бағытталған білім беру, даярлау және қайта даярлау және оларды ынталандыру еңбек нарығындағы ықтимал саясат пакетінің бөлігі бола тұра, жұмыссыздарға осы проблеманы шешуге атаулы көмек көрсете алады. Бұл қызметкерлерге қайта бағдарлануға және жұмыс іздеу саласында жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі.
4. Әлеуметтік диалог
Дағдарыс кезеңінде нақты және сенімді шешімдер ретінде Үкімет пен тәуелсіз кәсіптік одақтар, жұмыс берушілердің одақтары арасындағы үшжақты әлеуметтік диалог қажет және міндетті. Әлеуметтік диалог дағдарыс кезеңіндегі жауапкершілікті бөлудің жақсы құралы.
5. Жастар кәсіпкерлігі және өзін-өзі жұмыспен қамту.
Табысты кәсіпкер болуға жастардың әлеуеті жоғары, бірақ бизнес білімдері және жеке ісін ашуға капиталы жоқ.
Үкімет және әлеуметтік әріптестер жастарға олардың бизнес-идеяларын іске асыруға және қателіктер жібермеуге мүмкіндік беретін ортаны құруға тиіс.
Әлеуметтік сақтандыру және қорғау саласында
Ғаламдық деңгейде
Әлемдік қоғамдастық алдында, оның ішінде БҰҰ, G-20 халықаралық саммиттарында келешекте еңбекші көшіп-қонушылардың әлеуметтік қатерлерін басқарудың кешенді жүйесін әзірлеу жөнінде міндеттер қойылуға тиіс. Аталған жүйе Еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік сақтандырудың және қорғаудың ғаламдық қоры, Еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік сақтандырудың және қорғаудың халықаралық қоры сияқты институттарды қамтуға тиіс. Бұл қорлар тек кәсіптік белгілері бойынша ғана емес (сақтандыру сыйақылары мен өтемдерді төлеу кезінде объективті актуралық есептеулер жүргізу мақсатында), өңірлер бойынша да қалыптастырылуға тиіс.
Халықаралық деңгейде
Егер Еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік сақтандырудың және қорғаудың ғаламдық қорын қалыптастыру таяу арадағы 5-10 жылдың стратегиялық мақсаты болып табылса, онда, мысалы қазіргі кездегі: Кеден одағы немесе Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК), НАФТА, АСЕАН және басқа да халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік сақтандырудың және қорғаудың халықаралық қорын қалыптастыру объективті қажеттілік болып табылады.
ХЕҰ-ның тоғызыншы Еуропалық Өңірлік Кеңесінің 2013 жылы қабылданған қорытындыларын және 2009 жылғы маусымда Ғаламдық жұмыспен қамту дағдарысы жөніндегі саммитте ХЕҰ-ға мүше мемлекеттер қабылдап, БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесімен бекітілген «Жұмыс орындары туралы ғаламдық пактіні» ескере отырып, мынадай ұсынымдар қабылдады:
жұмыспен қамтуды және нақты экономикаға инвестициялауды ынталандыратын макроэкономикалық саясат;
шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) қамтитын кәсіпорындар үшін жағымды жағдайлар;
еңбек саласында негіз құрайтын қағидаттар мен құқықтарды сақтаған кезде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті стратегиялар арқылы лайықты еңбекке және жұмыс орындарын құру рәсімдеріне қолайлы жағдай жасау;
еңбекақы төлеуді жетілдіруге және гендерлік айырмашылықты еңсеруге септігін тигізетін стратегияларды қолдау;
жұмыс іздеп жүрген адамдарға көмек көрсету, бірінші кезекте жас және егде жастағы қызметкерлердің қажеттілігіне бағдарлану және жұмыс күші құрамында әйелдердің қатысуын ынталандыру;
қызметкерлердің кәсіптік біліктілігі мен дағдыларының еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмеуімен байланысты проблемаларды шешу;
әлеуметтік қорғаудың барабар және тұрақты жүйелерін қолдау.
VІІ Астана экономикалық форум шеңберінде 2014 жылға халықаралық конференцияның талқылауына «Әлеуметтік әріптестік. Нәтижелі жұмыспен қамту және лайықты еңбекті кеңейту бойынша жауапкершілікті бөлу» тақырыбы ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |