Этимологиялық принцип пен дәстүрлік- тарихи принцип.Этимологиялық принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін (этимологиясын) сақтап жазуға негізделеді. Мысалы, орыс тілінде «қайық» деген мағынаны білдіретін сөз лотка түрінде емес, лодка түрінде жазылады. Бұлай жазуда сөздің негізі лодочный, лодочка деген сөздердің құрамында кездесетін лод екені ескеріледі. Этимологиялық принцип бойынша жазу сөздердің өткен дәуірдегі қалпын сақтайды. Мысалы, орыс тілінде пчел, пошел, пшенный деген сөздердің құрамындағы е әрпінің орнына қазіргі кезде о дыбысы айтылғанмен, бұлардың ертеректегі қалпы сақталып, этимологиялық принцип бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |