Лекция №11 Жазу және оның даму кезеңдері. Жазу және жазба тіл


Транскрипция мен Транслитерация



жүктеу 23,64 Kb.
бет9/9
Дата16.01.2022
өлшемі23,64 Kb.
#32918
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 11

4. Транскрипция мен Транслитерация.

Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады.

Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағынан ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметісөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі ғана мағынаға ие болады. Бір фонема жазуда (графика) әр түрлі әріптерімен таңбалануы мүмкін, ал трнаскрипциядат ол (фонема) әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның екі түрі бар:1) фонематикалық (немесефонологиялық) транскрипция, 2) фонетикалық транскрипция. Фонетикалық транскрипцияда фонемалардың барлық реңкі (оттенки) бір ғана таңбамен берілсе, фонематикалық транскрипцияда фонеманың әрбір реңкі әр басқа таңбамен белгіленеді.

Фонематикалық транескрипция әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындап белгілеу үшін жасалады да, фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі немесе тілдердің тобындағы дыбыстық ерекшеліктерді түгел қамтып көрсету үшін жасалады. Универсальды фонетикалық транскрипцияға практикалық тұрғыдан мынадай талаптар қойылады: онда әр түрлі тілдердегідыбыстар мен дыбыстық ерекшеліктерді белгілеу үшін таңбалардың саны жеткілікті болуы қажет; транскрипциялық таңбалар еске сақтауға, белгілеуге жеңіл, тез жазуға және баспаханаға қолайлы болуға тиіс; ондағы таңбаларды оңай ажырату үшін; ол таңбалардың бір-біріне өте-мөте ұқсас болмауы керек.

Фонетикалық транскрипция диалектілік ерекшеліктерді дәлме-дәл таңбалап айқындауда және тіл білімінің оқу құралдары мен дикциялық оқу құралдарында қолданылады.

Фонетикалық транскрипцияда диакритикалық таңбалар дыбыстардың сәл ғана ерекшеліктеріне дейін көрсетіп, олардың дыбыстық табиғатын дәлме-дәл айқындауға көмектеседі. Латын әріптерінен құралған фонетикалық алфавитте фонетикалық транскрипцияның мынадай қосымша таңбалар қолданылып жүр.

Орыс графикасына негізделген алфавиттегі әріптерді пайдалана отырып, түркі тілдерінің бәріне бірдей ортақ фонетикалық транскрипция, соған сай фонетикалық алфавит жасау өтемөте қажетті жұмыстардың бірі болып табылады.

Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда жиі қолданылады. Бір тілдің алфавит құрамы екінші тілдің алфавит құрамына сай келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда транслитерацияны қолдану кейбір қиындықтарға соқтырады. Мысалы,Oslo, London дегенді атаулардың жазылуын орыс әріптерімен, ал Москва дегенді латын әріптерімен транслитерация жасау оңай да, Stockholm дегенді орыс әріптерімен транслитерация жасау қиын. Бұлай болатындығы орыс алфавитінде латын алфавитіндегі c,h әріптеріне сәйкес келетін әріптер жоқ. Сондай-ақ латын алфавитінде сәйкес келетін әріптер жоқ. Сондай-ақ латын алфавитінде орыс тіліндегі Ярославль, Щербаков тәрізді жалқы есімдерді жазуға керекті әріптердің жетіспеуі бұл сөздердің транслитерациясын қиындатады. Мұндай жағдайда сөздің жазылуын емес, дыбысталуын жазып беру үшін шартты (жартылай) транслитерация қолданылады. Кейде бір тілде бар әріптер ғана емес, сонымен бірге дыбыстар да екінші бір тілде болмауы мүмкін. Мұндайда ондай дыбыс екінші бір тілдегі сәл болса да ұқсастығы бар әріппен беріледі. Мысалы, неміс, ағылшын және т.б. тілдегі фарингал h дыбысы орыс тілінде болмағындықтан, ол көбінесе г әрірімен беріледі (мысалы:Гейне) . Аталған тілдердегі h дыбысына дыбысталуы жағынан орыс тіліндегі х дыбысы да жақын келеді. Осыған орай соңғы кезде h әрпі орыс тілінде х әрпімен беріліп жүр (мысалы: Хирт, Хьюлет және т.б.).



Қолданылған әдебиеттер:

1.Аханов Қ.Тіл білімінің негіздері-А..,2003

2.Хасенов Ә.Тіл білімі.-А..,2003

3.Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.-А.,1988
жүктеу 23,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау