Лекция №11 Жазу және оның даму кезеңдері. Жазу және жазба тіл


Идеографиялық немесе логографиялық жазу



жүктеу 23,64 Kb.
бет4/9
Дата16.01.2022
өлшемі23,64 Kb.
#32918
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 11

2.Идеографиялық немесе логографиялық жазу. Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді.

Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан (древнейшее шумерское письмо) көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мыңғ жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған.

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлартәрізді; олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принцпін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларын да көруге болады. Мысалы, «5» деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқаларда да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша-пять, қазақша-бес, ағылшынша-five.

Лингвистикалық әдебиеттерде пиктографияны синкретикалық жазу немесе суреттісинкретикалық жазу (картинно-синкретическое письмо) деп, ал идеографияны логографиялық жазу, осыған орай идеограмманы логограмма деп атаудың қажеттілігі айтылып жүр.

Логограммаларды сөздерді белгілейтін таңбалар ретінде екі түрге бөліп қарауға болады. Логограммалардың кейбіреулері (мысалы, қытайдың фонетикалық иероглифтері) сөздердің фонетикалық жағымен тікелей байланысты болады. Бұл логограммалардың бірбірінен айырмашылығы мынадан ашық айқын көрінеді: бұлардың біріншілері бірнеше синонимдерді белгілеу үшін қолданылса, екінші түрі бірнеше омонимдерді белгілеу үшін қолданыла береді. Логографиялық жазу бойынша сөздерді дәлме-дәл белгілеу үшін логограммалардың бұл екі түрі бір-бірімен тіркесіп қолданылады.

3.Буын жазуы.Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш түрге бөліп қарауға болады.

Мұның бірінші түрінде ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары (клинописи), майя жазуы, лигатуралы дыбыстық корей жазуы (корейское лигатурное-звуковое письмо) жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез келген буынды, атап айтқанда, буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А (дауысты)+ С (дауыссыз), С+А, С+А+С ; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген.

Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді. 1) Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары.


  1. Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.

  2. Жапон буын жазуы (жапондық қана) мен лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кунмун).


жүктеу 23,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау