Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



жүктеу 233,21 Kb.
бет20/62
Дата17.09.2022
өлшемі233,21 Kb.
#39297
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
elektronn i konspekt lektsii

Бақылау сұрақтары:
1.Әдебиетті оқыту принциптері, өзіндік мақсаттары.
2. Әдіс пен принциптің байланыстары.


Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1966, 1985
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы "Рауан". 1988
3. Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. А.1982
4. Жүсіпов Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Павлодар 2003
Қосымша:
1. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1969
2. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту А., "Мектеп", 1974


Лекция №10
Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері


Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
.Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, дәріс, пікірлесу, т.б.Оқытудың көрнекілік әдістері: иллюстрация, демонстрация. Олардың оқушының әдеби кабілетін дамытудағы орны.Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар. Олардың әдеби білімді бекітудегі рөлі.Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары. Скаткин, Лернер, Кудряшов, т.б. ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің 5 түрлі жүйесі.Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі. Әдістердін шәкірттердің ой белсенділігін арттырудағы кызметі.Мүғалімнің оқьггу әдістерін таңдауына, оны шығармашылыкпен колдана білуіне койылатын талаптар.Әдебиетті оқытудың шығармашьшық оку, эвристикалық, зерттеу, репродуктивтік әдістері.


Жоспар:
1.Оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу.
2. Әдебиет сабағында қолданылатын әдістер
2.Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер


Лекция мақсаты: Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды, оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қоюды ұғындыру.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс – тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі — әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю.Н. Бабанский өзінің «Оқу – тәрбие процесін оптималдандыру” деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение”, 177-бет) әдістерді мынадай үш топқа жинақтайды.
1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности).
2. Оқушылардың оқу- таным қызметін көтермелеу әдістері
әдістері (методы стимуллирования учебно-позновательной деятельности).
3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности).
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивті, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
Сөздік әдіс. Көрнекілік әдіс. Практикалық әдістер. Зерттеу әдісі. Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.
Мектептегі өзге пәндердің оқыту әдістері сияқты әдебиет сабағын оқытудың да өзіне тән міндеті мен бағдарламасы, оқыту әдісі бар.
1.Түсіндірмелі оқу әдісі. Бұл әдістің үш сатысы бар: Алғашқы оқудан соң балалар көркем тексті өзінше мақамдап оқуға тиіс, оған қысқа өлең, мысал әңгіме қолайлы.
Екінші сатысында бала оқып қана қоймай, соның мазмұнын айта білуі тиіс. Оны сөйлеуге үйрету дейміз.
Үшінші сатысында талдау, шығарманың мән-мағынасын ұғына білу элементі болып табылады.
2.Баяндау әдісі. Бұл әдіс 5-7 кластарда мұғалім сөзі (кіріспе сабақ) 8-11 кластарда лекция түрінде қолданылады. Лекцияның өзара бөлінген жоспары болады. Мұғалім оқушыларды әуелі лекцияның мақсатымен таныстырып алып, соның бөлімдерін ретімен айтады.
3.Әңгіме әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушылар көркем сөздің мазмұны (айту, оқу, жазу) тақырыбы мен идеясы, образдары, тілі, композициясы жөнінде де өз түсініктерін айта білерліктей бағытта жұмыс істеуі тиіс. Бұл әдіс тұсында оқушының өзінше оқып, өзінше топшылауына үлкен мән беріледі, сол сияқты сұрақ - жауапқа негіз беріледі.
4.Эксперимент әдісі. Бұл әдіс техникалық пәндер тәжірибесінде көбірек қолданылады. Ашық сабақ, озат тәжірибе, сұрақ - жауап әдісіне құрылған сабақтарды да экспериментке құруға болады. Мысалы, 10-14 сағатқа құрылған көлемді мәтіндерді экспериментке құрып тіркескен сабақ үлгілерін жасау, сол сабақтар тұсында оқу, талдау. Баяндау әңгіме, көрнекілік әдістерінің қалай ұштасып келетіндігін көрсету мұғалімді өз бетімен ізденіп отыруға жетелейді.
5.Көрнекілік әдісі. Бұл дидактиканың практикалық заңдарының бірі. Ол сабаққа бағынышты. Бұл әдіс оқу, түсіндіру, жаттықтыру, үйрету, балалардың өзіндік жұмысы тұсында қолданылатын көмекші тәсілдердің бірі.
Мұғалім сөзі, лекция, түсінік тұсында сурет көрсету, графика, хронологиялық таблица, схема, сурет, картина техникалық құрал түрінде қолданылады. Бұл әдістің түпкі мақсаты—қысқа да оңай жолмен тиянақты білім беру.
Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға” айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп
Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс – тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, оқушышларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басықасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады. Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет.
Ғылым негіздерімен оқушыларды таныстыру мұғалімнің көп ізденіп, үнемі еңбектенуін сабақ берудің амал-тәсілдерін жетілдіруді қажет етеді. Бұл бүгінгі өскелең өмірдің талабы. Соңғы жылдары сабақ тиімділігін арттырудың оқушыларды сабаққа ынталандырудың тиімді жолы ретінде мұғалімдер проблемалық оқуды жаппай қолданып жүр. Бұл әдіспен сабақ өткізу арқылы мұғалім оқушыларды көркем шығарманың сиқырлы сырын, астарлы ойын, өміртанытқыштық мәнін тәрбиелік құнын біреудің көмегінсіз өз бетімен іздеп табуға, дұрыс түсінуге, одан тиісті қорытынды шығаруға баулиды. Соның нәтижесінде бала ізденгіштік зерттеушілік дағдыларға жаттығады.
Қандай да болмасын мұғалімнің қолданатын тәсілі сабақ мақсатынан шығып, көркем тілдің өзіндік ерекшелігін түсінуге көмектесерліктей болуы тиіс. Соңғы кезде проблемалық оқудың төрт түрлі әдісі ұсынылып жүр. Олар творчестволық оқу, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, әңгімелеу әдісі.
Көркем шығарманы түбегейлі игеру үшін оны бір рет оқып қана қоймай, қайталап оқып, оның табиғатына бойлай түсу қажет. Көркем текске үңіле қарап оның табиғатына тереңдей түсуге оқушыларды бағыттайтын оқыту әдісінің бірі – эвристикалық әдіс. Бұл әдісті екінші сөзбен айтқанда көркем туындының оның жеке бөлімдерінің мазмұнына байланысты бір-бірімен іштей байланысқан жалғас сұрақтар беріп, оқушыларды іздендіру, ойландыру деуге болады.
Зерттеу әдісі оқушыларды қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге әдеби-сын мақалалардан өзіне керегін теріп алу техникасына түрлі көрсеткіш анықтамаларды пайдалануға жаттықтырады. Бағдарламалық материалды сыныптан тыс оқылатын әдебиеттермен ұштастыра отырып, толық білім беру үшін де бұл әдістің пайдалы жағы мол. Көркем шығарманы қосымша әдебиетті ынталана оқу творчестволық талпыныстың орны—факультативтік сабақтар. Демек онда да зерттеу әдісін кең қолдануға болады. Бұл әдісті 8 сыныптан бастап қолдануға болады.
Әңгімелеу әдісі оқушылардың ойлау қабілетін арттырады. Оған мұғалімнің сөзі, әңгімесі ғылыми және сын мақалаларды оқу тәрізді жұмыс түрлері жатады. Мұғалімнің сөзі немесе лекциясы күрделі материалды шолу кезеңінде қолданылады. Онда мұғалім негізінен оқушы назарын сүбелі проблемалық мәселелерге аударады. Оқушыларға лекцияның жоспарын тезисін конспектісін жаздырып отырады. Шығарма талдаудың оған баға берудің жолдарымен таныстырады.
Әңгімелеу әдісін қолдана отырып, жүргізген сабақтан оқушылардың алған білімдері мен олардың ауызекі жауаптары мен жазба жұмыстардың сапасына қарап бағаланады. Екі жағдайда да оқушыдан мұғалімнің сөзінен, лекциясынан әңгімесінен өз бетімен оқыған қосымша әдебиеттерден, оқулықтан мәтін талдаудан алған мәліметтерін жүйелі әңгімелеп беру талап етіледі. Онда оқушының өз ойы көзқарасы, өзіндік пікірі, келген тұжырымы болуы тиіс. Оқу процесінде әңгімелеу әдісінің қолданар орны айырықша. Мысалы, сабақтың кіріспесінде мәтінде кездесетін кейбір сөздерге түсінік беруде шығарманы оқу мен талдау үстінде, сабақты қорыту мен жинақтау кезеңдерінде қолданылады. Соған орай мұғалімнің сөзінің мазмұны мен жүргізу тәсілі де түрліше болып келеді.



жүктеу 233,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау