ЖББ №74 орта мектеп
Сабақ тақырыбы:
функциясының графигі
(ашық сабақ)
8-сынып,Алгебра
авт.:А.Әбілқасымова
2012ж.
Пән мұғалімі:Сураубаева
Лаура
Амангелдіқызы
Қарағанды қаласы
Пәні: Алгебра 8 сынып авт.:А.Әбілқасымова 2012ж.
Сабақ тақырыбы: түріндегі квадраттық функцияның графигі
Сабақ мақсаты: у = аx2, у = аx2 + n, y = a (x – m)2 функцияларының графиктерін
у=a (x – m)2+n функциясының графигін салуда тиімді пайдалану;
Квадраттық функцияның графигінің жалпы түрін ,оны салудың
алгоритмін және графигін салуды үйрету;
Өз бетінше жұмыс жасауда білік пен дағдыны қалыптастыру,
жауапкершілікке баулу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндіру,жеке жұмыс,СТО әдістері.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылардың қажетті оқу құралдарын дайындатып,назарларын сабаққа аудару.Оқушыларды түгендеп,бүгінгі сабақтың ерекше екендігі туралы айтып өту.
ІІ.Өткен тақырыпты еске түсіру: « Ой шақыру»
–көпмүшесіне қатысты не білеміз?
Оқушылардан квадрат теңдеу,квадрат үшмүше,квадраттық функцияның айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы сұрап,жауап алу.
2. функциясының графигін у=ах2 функциясының графигінен қалай
аламыз?
3. функциясының графигін у=ах2 функциясының графигінен қалай
аламыз?
ІV.Жаңа сабақ.
түріндегі квадраттық функцияның графигі
«Ой қозғау»:
функциясының графигін салу үшін қандай функциялардың
графигін пайдалануға болады деп ойлайсыңдар?(Оқушылар жауабын тыңдау)
(Жауап: у = аx2, у = аx2 + n, y = a (x – m)2 функцияларының графиктерін
пайдалануға болады.)
у=а(х-m)2+n функциясының графигін салу үшін у=ах2 функциясының графигін
m>0 болғанда бірлікке оңға;
m<0 болғанда бірлікке солға;
n>0 болғанда бірлікке жоғары ;
n<0 болғанда бірлікке төмен жылжытамыз .
а>0 болғанда жоғары;
а<0 болғанда төмен қарайды.
Графигі төбесі (m;n) болатын парабола шығады.
Есептер шығару: (Оқулықпен жұмыс.)
№264
1. Берілген функцияның графигін у=х2 функциясының графигінен қалай алуға болады?
а) у=(х-2)2+1 ә) у=(х+1)2-4 б) у=(х-3)2-4
«Ойлан тап» сергіту сәті.
Сандармен алмастыр: Жауаптары:
№265 Математикалық диктант
у=х2 функциясының графигін координаталық оське параллель жылжытып,
әрбір жағдай үшін берілген функцияны жазыңдар. Жауаптары:
а) 3 бірлік оңға және 2 бірлік жоғары; у=(х-3)2+2
ә) 1 бірлік солға және 3 бірлік жоғары; у=(х+1)2+3
б) 5 бірлік оңға және 4 бірлік төмен у=(х-5)2-4
V.Қорытынды.
Берілген графиктер бойынша формулаларды жазып,түсінік беру:
Жауаптары: а) у=(х+3)2+2 ә) у=(х-2)2+1 б) у=(х+1)2-2
Тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру.Сұрақтарға жауап алу.
VІ.Үй тапсырмасы:№264(3,4)-берілген формуласы бойынша графигін салу;
№265(3,4)-берілгені бойынша функцияның формуласын
жазып,графигін салу.
VІІ.Бағалау. Оқушылар сабаққа қатысуына,сұрақтарға жауап берулеріне
қарай өзін-өзі бағалайды. 0>0>0>
Достарыңызбен бөлісу: |