Лекция №8
Тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Сабақ түрлері. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне койылатын талаптар.
Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалык психология, оқыту әдістемесі ғылымдарынын соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріліп, толықтырылып отыратыны. Оқулықка енгізілген шығармалардың оқушылардың жас ерекшелігіне, окырмаңдық кызығушылыгына сәйкестендірілуінің маңызы. Мектептік әдеби білім жүйесіндегі екі сатылы оқытуға байланысты екі типті окулыктардың пайдаланылу себептері. Оқулыктың мазмұны мен ғылыми аппараты. Оқулыққа көмекші оку кұралдары мен әдістемелік нұскаулардың мұғалім кітапханасына, т.б. сериялы ғылыми- әдістемелік, ғылыми танымдық әдебиеттердің оқушыга әдеби білім берудегі пайдасы.
Жоспар:
1. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар
2. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары
Лекция мақсаты:Сабаққа әзірлену мен оны өткізу жолдарын ұғындыру, оқулық пен оқу құралдарымен жұмыс түрлерін нақтылау.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың өзгерместей қатып қалған түрі емес. Педагогикалық тәжірибеде және педагогикалық ой-пікір әрқашанда сабақты үнемі жетілдірудің жолдарын іздестіреді. Әр бір сабақ оқу бағдарламасындағы тақырып бойынша құрылатын бірнеше сабақтар жүйесіне енеді.
Сондықтан қазіргі заманғы педагогикалық процеске қойылатын талаптар:
әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын – ала белгілі болуы тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің және оқушылардың сабақтағы жұмысын ұйымдастырады. Сабақ мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекет екенін ескеріледі.Сабақта оқылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне ал оқыту әдістері дидактиканың ең жақсы жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы керек.
оқыту процесінің негізгі мақсаты білім беру, тәрбие беру және дамушылықтың бірлікте болуы ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы қажет.
сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай, проблемалық ситуацияларды туғызу. Танымдық процестің логикасын сақтап, оқу процесінің дайындаушылық сипаты қажет ететін пікірмен ой қорытындыларын жасауға үйрету.
әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластырылуы керек
оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, танып білу қажеттілігін қалыптастыру. Сабақтың өн бойында жағымды эмоцияның жағдай болуына назар аудару.
оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен оқу материалының қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау оқытуды дифференциялау және даралау.
оқушылардың жастарының ерекшеліктеріне сай, оларға шамадан тыс күш түсірмеу, жағдайын есептеу
қазіргі қоғамның үздіксіз білім беру бағытына сай жас ұрпақты ғылым негіздерімен қаруландыру ғана емес, оларды білімді өздігінен меңгерудің әдіс-тәсілдеріне қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың оқулықпен дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың оқулықпен, оқу құралдарымен, анықтама, сөздік, энциклопедиялық және ғылыми – көпшілікке таралған әдебиеттерінен, мерзімді, баспа, ақпар, деректі материалдармен жұмыс істеуге үйрету, олардың интеллектілік және рухани дамуына ықпал жасау
қазіргі сабаққа – білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |