Дәріс 3 - Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсідері
Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдістері мен тәсідерін: салыстыру, қатысты және орта шамалар тәсілін, топтастыру тәсілін қарастыру.
Мазмұны
Экономикалық талдау әдістері
Экономикалық талдау әдістемесі
Экономикалық ақпаратты өңдеу тәсілдері (салыстыру тәсілі, көрсеткіштерді салыстырмалы түрде келтіру әдістері, қатысты және орташа шамалар, топтастыру тәсілі.)
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: жоспарлы тапсырыс, жоспарды орындау, динамика, құрылымдар, үйлесімділік , қарқындылық, тиімділік, жалпы әдістеме, жеке әдістеме, детерминацияланған факторлық талдау, стохастикалық факторлық талдау, салыстырмалы талдау, көлденең, тігінен, трендтік, бір шамалы және көп шамалы талдау әдістері және т.б.
Ғылым әдісі кең мағынада өз затын зерттеу тәсілі ретінде түсіндіріледі. Ғылымның әр түрлері үшін өз затын зерттеуге (оның ішінде, шаруашылық қызметті талдау) ерекше қарау әдістері танудың жалпыға бірдей диалектикалық әдісіне негізделеді.
Талдаудың маңызды методологиялық белгісі болып себепті-тергеулі байланыстарды орнатуға ғана емес, сонымен қатар оларға сандық сипаттама беруге қабілеттілігі табылады, яғни, қызмет нәтижелеріне факторлар ықпалын өлшеуді қамтамасыз етуге қабілеттілігі. Бұл талдауды нақты етіп, ал оның қорытындыларын негізделген етеді.
Талдауда себепті байланыстарды зерттеу мен өлшеуді индукция және дедукция әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен себепті байланыстарды зерттеу тәсілі бойынша зерттеу жекеден жалпыға, жеке фактілерді зерттеуден жалпыламаға, себептен нәтижеге жүзеге асырылады. Дедукция – бұл зерттеу жалпы фактілерден жекеге, нәтижелерден себептерге жүзеге асырылатын тәсіл болып табылады. Индукция әдісі талдауда дедукция әдісімен бірге және үйлесімді қолданылады.
Шаруашылық қызметті талдауда диалектикалық әдісті қолдану әрбір процесті, әрбір экономикалық құбылысты бір-бірімен өзара байланысты көптеген элементтердің жиынтығы түрінде, жүйе түрінде қарастыру керек. Осыдан келіп шығатыны талдаудың тағы бір сипаттамалық белгісі болып табылатын талдау объектісін зерттеуге жүйелі көзқарастың қажеттілігі.
Жүйелі көзқарас зерттелетін құбылыстар мен процестердің элементтерге максималды бөлшектеу, олардың жүйелілігі мен синтезін қарастырады. Сол не басқа құбылыстарды бөлшектеу (құрама бөліктерін ашып көрсету) зерттеліп отырған объектіде анағұрлым маңызды және негізгіні анықтау үшін тәжірибелік қажетті дәрежеде жүргізіледі. Ол талдаудың объектісі мен мақсатына байланысты болып келеді. Бұл экономикалық көрсеткіштердің маңызын, ондай-ақ олардың дамуын анықтайтын факторлар мен себептерді нақты білуді аналитиктерден талап ететін ШҚТ-дағы күрделі мәселе болып табылады.
Элементтерді жүйелендіру олардың өзара байланысын, қарым-қатынастарын, өзара тәуелділіктерін және өзара бағыныштылықтарын зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл зерттеліп отырған объектінің (жүйенің) мүмкін моделін құруға, зерттеліп отырған көрсеткіштердің ішкі байланыстарына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдіснамалық жүйесін ашып көруге, жүйе элементтерінің бағыныштылығын, қызметтерін оның негізгі компоненттерін анықтауға жағдай жасайды.
Кәсіпорын экономикасының жеке жақтарын, олардың өзара байланысын, бағыныштылығы мен тәуелділігін зерттеп болған соң, барлық зерттеу материалдарын жалпыландыру қажет. Жалпыландыру (синтез) талдауда өте жауапты мезет болып табылады. Талдау нәтижелерін жалпыландыру кезінде қызмет нәтижелері негізінен тәуелді болатын барлық зерттеліп отырған факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлу, негізгі және шешуші факторларды ашып көрсету қажет.
Алдынғылардан тікелей шығатын шаруашылық қызметті талдау маңызды әдіснамалық белгісі болып кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстердің себепті-тергеулі байланыстарын жүйелі және кешенді зерттеу үшін қажетті болып саналатын көрсеткіштер жүйесін өңдеу мен қолдану табылады.
Осылайша, шаруашылық қызметті талдау әдісі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатымен жоспар, есеп, есептілік және басқа да ақпарат көздерінен көрсеткіштер жүйесінің арнайы қабылдауларын өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне факторларды әсерін өлшеу және жалпыландыру, жүйелі, кешенді зерттеуді көрсетеді.
Шаруашылық қызметті талдау әдісін қолдану аналитикалық зерттеудің нақты әдістемелерінің қатарыларынан кейін көрінеді. Ол шаруашылық қызметтің бөлек жақтарының зерттеу әдістемелері немесе кешенді талдау әдістемелері болуы мүмкін. Айта кететін, әрбір талдау түріне өзінің әдістемесі сәйкес келеді. Жалпы әдістеме қандай да бір жұмыстың неғұрлым мақсатқа сай орындалу ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын экономикасын зерттеу ережелері мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме – ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.
Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады. Ол мысалы келесідей жағдайларды қамтиды:
а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;
б) талдау объектілері;
в) әрбір талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;
г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі мен үздіксіздігі бойынша кеңестер;
д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;
е) талдау жүргізу үшін негіз болатын алу көздері;
ж) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар (қандай тұлғалар, қызметтер зерттеудің бөлек бөліктерін жүзеге асырады);
з) ақпаратты аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сай пайдаланылатын техникалық құралдар;
к) талдау нәтижелерін рәсімдеуге қажет құжаттардың сипаты;
л) талдау нәтижелерін тұтынушылар.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып кетейік:
аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;
оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.
Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер анықталады:
Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты мен мәселесі нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары құралады.
Екінші кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.
Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады (онық нақтылығы тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.с.с.).
Төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелерін есепті жылдың жоспарындағы көрсеткіштермен, өткен жылдардың нақты берілгендерімен, басқарушы ұйымдардың жетістіктерімен, саланы түгелдей салыстырады және т.с.с.
Бесінші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және олардың нәтижеге әсері анықталады.
Алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және перспективалы резевтері анықталады.
Жетінші кезеңде анықталған қолданылмаған резервтердің және түрлі факторлар әрекеттерінің есебімен шаруашылық нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады, оларды қолдану бойынша шаралар жасалады.
Аналитикалық зерттеуді орындаудың мұндай кезеңділігі шаруашылық қызметті талдау теориясы мен тәжірибесі жағынан анағұрлым мақсатқа сай болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдаудың техникалық қабылдаулары мен тәсілдері шығады. Бұл тәсілдерді қысқаша талдау құралдары деуге болады. Олар зерттеудің түрлі кезеңдерінде мыналар үшін қолданылады:
жинақталған ақпараттарды алғашқы өңдеу үшін (тексеру, топтастыру, жүйелендіру);
зерттелетін объектілердің жағдайы мен заңдылығын оқып білу;
факторлардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтау;
өндріс тиімділігін арттырудың перспективті және пайдаланылмаған резервтерін есептеу;
Кәсіпорынның қызметін кешенді бағалау және талдау нәтижелерін жалпылау;
Басқарушылық шешімдердің, әртүрлі шаралардың, экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарларын негіздеу.
Шаруашылық қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшінкеңінен қолданылады.
Детерминацияланған факторлық талдаудың әдістері
Ақпаратты өңдеудің дәстүрлі әдісі
Көрсеткіштерді оптимизациялау әдістері
Стохастикалық факторлық талдаудың әдістері
Салыстыру
Экономикалық-математикалық әдістер
Корреляциялық талдау
Тізбектік қойылым
Дисперсиялық талдау
Индекстік әдіс
Қатысты және орташа мөлшері
Бағдарламалау
Абсолютті айырмашылық
Графикалық
Массалық қызмет көрсету теориясы
Компоненттік талдау
Қатысты айырмашылық
Топтастыру
Қазіргі көпөлшемді факторлық талдау
Баланстық
Ойын теориясы
Интегралдық
Операцияларды зерттеу
Пропорционалды бөлу
Сурет 2 - Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау әдістері
Шаруашылық нәтижелерге және резервтерді есептеуге әсер ететін факторларды зерттеу үшін талдауда келесідей әдістер пайдаланылады: цептік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде, өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады (сурет 2). Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Ғылыми зерттеудің құралдардың жаңартылуы, талдау жұмысының тиімділігінің және жарқындылығының негізі болып табылады. Неғұрлым адам зерттейтін құбылыстың мәнін терең түсінсе, соғұрлым оған нақты зерттеу әдістері қажет болады. Бұл барлық ғылымдар, салалар үшін қажет. Барлық ғылымдар салаларында соңғы жылдар ішінде зерттеу әдістемелері нақтылана түсті. Экономикалық ғылымның аса маңызды құндылығы болып, экономикалық зерттеулерге математикалық әдістерді қолдану болып табылады. Ол талдауды одан ары терең әрі дәлді етеді.
Салыстыру – тәсілдердің бір түрі, оның көмегімен адам қоршаған ортаны тани білді. Қазіргі заманда біз бұл амалды атоматты түрде кейде байқамай күнделікті қолданамыз. Ерекше маңыздылығына көңіл аударсақ «Бәрін салыстырғанда түсінесін» деген мәтелге сілтеуге болады. Ол экономикалық құбылыстарды зерттеуде де кеңінен тарады. Бақылау мен болжауды бағалағанда қолданатын әр көрсеткіш пен әр санның салыстырмалы түрде ғана мәні болады.
Бұл әдістің мәні келесі түрде ашылуы мүмкін. Салыстыру – бұл танымның ғылыми әдісі, мұнда белгісіз құбылыстар, заттар бұрын зерттелген белгілі құбылыспен салыстырылады, бұл олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау мақсатымен жасалады. Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардың жалпы және спецификалық, зерттеліп жатқан объектілердің өзгерісі, даму тенденциялары мен заңдылықтары анықталады.
Экономикалық талдауда салыстыру барлық есептерді шешуде негізгі немесе көмекші әдіс ретінде қолданады. Салыстыруды қолдана отырып жетістікке жететін қарапайым жағдайлар мен мақсаттарды айта кетейік.
1. Жоспардың орындалу дәрежесін бағалау үшін жоспарлы және нақты көрсеткіштерді салыстыру.
2. Нақты көрсеткіштер мен нормативтік көрсеткіштерді салыстыру шығындарды бақылауға және ресурсты сақтаушы технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.
3. Нақты көрсеткітерді өткен жылдар көрсеткіштерімен салыстырып экономика процесстерінің даму тенденциясын анықтау.
4. Кәсіпорынның талдамалы көрсеткіштерін ғылыми жетістіктермен және басқа кәсіпорындар немесе бөлімшелер жұмысының алдыңғы қатарлы тәжірибесімен салыстыру қорларды іздеуге қажет.
5. Талдамалы шаруашылық көрсеткіштерді жеткен нәтижелерді бағалау және қолданылмаған қорды анықтау үшін аудан, аймақ, облыс бойынша орташа көрсеткішітерімен салыстыру.
6. Зерттеліп жатқан көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау үшін параллельді және динамикалық қатарларды салыстыру. Мысалы, бірмезгілде жалпы өнімнің өндірістік колемінің өзгеріс динамикасын, негізгі өндірістік қор және қайтарым қорын талдағанда бұл көрсеткіштердің өзара байланысын дәлелдеуге болады.
7. Басқарушылық шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салыстыру мақсатымен ең қолайласын таңдау.
8. қызмет нәтижесін кез келген фактордың өзгерісіне дейін және кейін салыстыру, факторлар әсерін есептеген кезінде және қорларды есептегенде қолданылады.
Салыстырудың әр түрін толығырақ қарастырайық.
Бұрынырақ белгілеп кеткендей, шаруашылық қызметін талдау міндеттерінің бірі, бақылау жүйесінің құрылымы және кәсіпорын қызметінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жан жақты талдау. Нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыру міндетті шарт болып табылады. Бұндай салыстыру жоспарды орындау дәрежесінің ай, тоқсан немесе жыл бойынша анықталуына мүмкіндік береді. Жоспарлы көрсеткіштердің дәлілденгенін тексеру үшін де нақты мәліметтерді жоспарлымен салыстыруы мүмкін. Ол үшін нақты орташа үш-бес өткен жылдар мәліметтері ағымдағы жылдың жоспарлы мәліметтерімен салыстырылады. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлымен салыстыру өндірістік резервтерді айқындау үшін керек. Осы мақсатпен келтірілген шаралардың көлемі туралы нақты мәліметтер жоспарлымен салыстырылыды. Егер жоспар белгілі бір шаралармен орындалмаса, онда өнім өндірісінің ұлғаюын қолданылмаған резерв түрінде қарастыруға болады.
ШҚТ-да болашақ жоспардың мәліметтерімен осы немесе басқа көрсеткіштер бойынша жеткен деңгейді салыстыру маңыздылығы аз емес. Бұндай салыстыру болашақ жоспар мен алдыңғы кезең тапсырмалардың орындалу жолын көруге мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыстардың тәжірибесінде бекітілген нормаларды салыстыру да қолданылады (мысалы: шикізат, материал, энергия су және т.б. шығындар). Бұндай салыстыру өнім өндірісіне қорларды артық шығындау немесе үнемдеу үшін,оларды өндіріс процесінде тиімді қолдануын бағалау және өзіндік құнын төмендету мен өнім шығарылысы ұлғаюының жоғалған мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.
ШҚТ-да алынған нақты нәтижелерді өткен жылғымен салыстыру жиі қолданылады. Бүгінгі күнгі нәтижелерді кешегімен, ағымдағы ай, тоқсан, жылды бұрынғымен салыстырады. Бұл экономикалық процестердің даму заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау және алынған көрсеткіштердің өзгеру қарқынын бағалау мүмкіндіктерін береді.
Келесі түрі – ең жақсы нәтижелермен салыстыру, яғни алдыңғы қатарлы тәжірибе, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері және ең артық еңбек үлгісімен салыстыру. Бұндай салыстырулар зерттелетін кәсіпорын шегінде және одан тыс жерлерде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорын ішінде жалпы коллективпен алынған көрсеткіштердің орташа деңгейі алдыңғы қатарлы учаскелер, жұмысшылар мен бригадалар көрсеткіштерімен салыстырылады. Ол өндірістің жаңа мүмкіндері мен алдыңғы тәжірибені көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |