|
Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
|
бет | 10/62 | Дата | 17.09.2022 | өлшемі | 233,21 Kb. | | #39297 | түрі | Лекция |
| elektronn i konspekt lektsiiБақылау сұрақтары:
1.Қазақ әдебиетінің мектептегі оқу пәні ретінде алатын орны.
2. Әдебиетті оқыту мазмұнының құрылымы, мақсаты мен міндеттері.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1966, 1985
2. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1969
3. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту А., "Мектеп", 1974
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы "Рауан". 1988
5. Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. А.1982
6. Жүсіпов Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Павлодар 2003
Қосымша:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген). www.akorda.kz.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген). www.akorda.kz.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. www.akorda.kz.
Лекция №6
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
V-IX сыныптар курсы. Бұл сыныптардағы оқушылардын психологиялык ерекшеліктері. Жас ерекшеліктері мен өмірлік, окырмандық тәжірибе өлшемдерінің оқушының әдеби-эстетикалык түсінігін айқындауға тікелей қатыстылығы. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелердің бағдарламада ескерілу қажеттігі. Осыған орай Ү-ІХ сыныптарға арналған әдебиет пәні бағдарламасының сатының бұрандалы (ступенчатоспиральный) принципке негізделгендігі.V сыныпта әдебиеттік оқудың бастауыш оқумен сабақтастығы.V-IX сыныптардағы базалық білім курсы. Базалық білімнің екі сатыда өтетіні: V-VII сыныптардағы әдеби оқу, оның негізгі мақсат-міндеттері, жанрлық-хронологиялық принциптері. VIII-IX сыныптағы әдеби білімнің әдеби-тарихи негіздегі бастауыш курс болып белгілену шарттары. Тарихи-хронологиялық принциптері.Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. Көркем шығарманы окып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылатыны. Пәнаралық байланыс. Оның әдеби білім беру үдерісіндегі шешуші рөлі.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.
Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты окытуда Х-ХІ сьшып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру кажеттігі. Жоғары сыныптардағы (X- XI) тарихи-әдебиетгік курстың базалық білім курсымен (V-IX) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең- кезеңімен белгілі-бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалык білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту үдерісінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделілене түсетіндігі. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялык-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жакты талданатыны.
Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялык формада болуының негізгі себептері. Жоғары сыныптарда әдебиетгі оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.
Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.
Жоспары:
2. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты жұмыс түрлерінің маңызы
3.Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
4.Әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін тиімді пайдаланудың жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|