Жоспар:
1.Күнтізбелік, тақырыптық сабақ жоспарларын жасау әдістемесі.
2. Сабақ түрлері. Өзіндік ерекшеліктері.
Лекция мақсаты: Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқытуды ұйымдастырудағы сабақ жоспарларының түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін, құрылымы мен жасалу жолдарын ұғындыру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Мектеп, колледж, университет - білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіоқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты қызмет - оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мүғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жүмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді. Ал, басқа білім мекемелерінде ол семестрге жіктеледі. Оқу процесін үйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылда-туға, игертуге жағдай туғызу - басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Біріншісі -бір қалыпты жүмысты үйымдастыру; екіншісі - пәнді оқытудағы жетістік, кемшіліктерді бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады:
- күнтізбелік;
- тақырыптық;
- сабақ жоспары.
Күнтізбелік жоспар - бұл бағдарламадағы тақырып-тардың оқу тоқсандарына жөне апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқа-лыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалыстар) ескерілу керек.
Такырыптық жоспар - бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырып-тың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бүл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.
Сабақ жоспары - бұл әрбір сабаққа күнделікті жасалатын жоспар түрі. Ол мүғалімнің сабақты жоспарлы, үйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж жөне университеттерде жүмыстық оқу жоспары жаса-лады. Ондағы тақырыптар дөріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.
Сабақ - белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оңып үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ - оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс-тәсілі аныңталған-нан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.
Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан қүрылымыбар. Олар:
ұйымдастыру кезеңі;
үй тапсырмасын сұрау;
жаңа материалды түсіндіру;
сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;
оқушы білімін бағалау.
Сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім дағдылары қалыптасады. Сабаңтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы - мүғалімнің білімі мен өдіс тәсілдерінің жан-
жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылыңты қажет етеді. Сабақ - күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:
оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;
мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс-төсілдері;
оқушының теориялық жағынан меңгергенін іс -тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;
оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;
-оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;
көрнекі қүралдың нақтылығы, өсерлілігі, мазмүн-дылығы;
мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлетуге,
төрбиелеуге ықпалы;
сабақты басқа пөндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.
Бұл мәселелерге қоса, әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, өдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу, олармен жеке жұмыстар жүргізу талабы туындайды. Яғни, сабақта оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жүмыстар колледжде, жоғары оңу орындарында да жүргізіледі. Олардағы оқу процесі дәріс, машықтандыру, зертханалық сабақтар үстінде жүзеге асады. Дөріс сабағын негізінен оқытушы лектор өткізеді. Онда іргелі, блоктық тақырыптар жекелей өтіледі, студенттерге дәріс тақырыбы, жоспары, керекті өдебиеттер үсыны-лады. Лектор жаңа материалды ауызша баяндап, ңажетті тұстарын жаздыртып, бағыт-бағдар береді, дәйектер, мысалдар келтіреді. Студенттерге қосымша әдебиеттер-ден, оқу қүралдарынан нақты тапсырмалар беріліп, жаз-баша орындауға тиісті жұмыстар көрсетіледі. Бүлар машықтандыру (семинар) сабаңтарында сүралады. Ал, зертханалық сабақтарда неғүрлым нақты тапсырмалар орындайды. Мысалы, белгілі бір мәтінге әдеби, лингвистикалық талдау жасау, көркем мәтіннің ерекшеліктерін ажыратут.б.
Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабақ екі топқа бөлінеді:
оқыту-үйрету мақсатындағы сабақ;
бақылау мақсатындағы сабақ.
Оқыту-үйрету мақсатындағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:
жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы;
білім дағдыны қалыптастыру сабағы;
өткенді қайталау сабағы;
оқушылар жіберген қате кемшіліктермен жұмыс сабағы.
Жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы оқушыларды жаңа біліммен қамтамасыз етеді. Ол әрі-қарай көрнекілік, баяндау, түсіндіру түрлерімен толықтырылады.
Білім дағдыны қалыптастыру сабағы алған білімді бекітіп, дамытады. Мұнда әр түрлі тапсырмалар орындалып, оңушының жаңа материалды қалай игергені тексеріледі.
Өткенді қайталау сабағы бұрын өтілген таңырыптарды жүйелеп, қалай игергенін білу мақсатында жүргізіледі. Бұл сабақты тоқсан соңында, белгілі бір ірі тақырыптарды, тарауларды өткеннен кейін жүргізуге болады.
Оқушылардың ауызша жөне жазбаша жауаптарында жіберген қателерге үнемі назар аударып, оларды түзеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Атап айтқанда, тіл дамыту, мәнерлеп оқу, стильдік кемшіліктерді түзеу т.б. жұмыстар жасалғаны жөн.
Бақылау "мақсатындағы сабақта оқушының игеріп меңгерген білімдері тексеріледі. Бұл сабақты мынадай үш түрге бөлуге болады:
оқу материалдарын игеруін бақылау;
ауызша жүйелі сөйлеуін, сөз, тіл байлығын бақылау;
жазбаша жүмыс түрлерін орындай алуларын қадағалау.
Оқу материалдарын игеруін бақылауда оқушылардың сұраққа жауап беруі, өз ой-пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі.
Ауызша сөйлеу кезінде оқушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық болуы, ойларын көркем, бейнелі жеткізуі баңыланады.
Жазбаша жұмыс түрлерін орындау кезінде оқушылардың әдебиет сабақтарында мазмұндама, шығарма, мінездеме, пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі. Мұнда сынып оқушыларының жас ерекшелігі ескерілу керек.
Кейде осы сабақ түрлерін аралас етуге де болады. Мұнда оқыту үйрету және бақылау сабақтарының элементтері аралас қолданылады.
Оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы әр сабақта түрліше болады. Мектеп практикасында қазір сабақ түрлері көп. Оларды шартты түрде дәстүрлі немесе дәстүрлі емес деп бөлеміз. Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі жалпы сабақтың дәстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді. Олардың қатарында бірнеше сабақ түрлерін атауға болады:
1. Дәріс сабағы. 2. Семинар сабақ. 3. Пікірталас,диспут сабағы.4. Пресс- конференция сабағы.5. Пәнаралық оқытуға негізделген (қосарланған) сабақ.6. Сот сабағы немесе билер тартысы сабағы.7. Жәрмеңке сабағы.8. Концерт сабағы. 9. Айтыс сабақтары. 10.Композициялық сабақ. 11.Әдеби-монтаж сабағы. 12.Көзқарас сабағы.13.Брифинг сабағы.
14.Іздендіру сабағы.15. Кездесу сабақтары.16. Емтихан, есеп-сынақ сабақтары.17.Реферат қорғау сабақтары.18 Көкпар сабағы. 19.Жарыс, сайыс сабағы.20Әдеби ойын сабағы. 21.Көрнекілік сабағы. 22. Әдеби әуендік сабақ, 23.Сабақ викторина .
Бұл сабақтардың көпшілігі тәжірибеге соңғы кезде тереңірек еніп, нәтиже беріп жүр. Бұлардың барлығын міндетті сабақ түрлері деп айтуға болмайды. Ең бастысы- ұстаздардың сабақты түрлендіріп өткізуде біршама алға басуы ізденісін көрсету үшін беріліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |