Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретінде қалыптасу, даму тарихы:
2. Қазан төңкерісіне дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің қатар болғаны.
3. Ыбырай Алтынсариннің демократиялық оқу-ағарту жүйесіндегі мектептері, олардың халық мектебі саналуының себептері.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.
2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
3. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – XI сыныптар, - А., 1999.
4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
5. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.
6. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993.
7. Бітібаева Қ.Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А., 1997.
Қосымша:
1.Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздері. А., 1995.
2. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. – А., 1981.
3. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1994.
4. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. – А., 1994.
Лекция № 4
Тақырыбы:Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезең:
1917-1927 жылдар. Әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы коғамтану кұралы ретінде оқытылуы. Мақсаты.
1928-1938 жылдар. Отызыншы жылдардың басында әдебиеттің мектептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері. Оның зиянды зардаптары.оқулыкгар арқылы оқыту тиімділігін арттырудын бағыт-бағдарын белгілеп бергендігі.
Отызыншы жылдардың екінші жартысындагы әдебиетгі оқытуды әдебиетгік оқу, тарихи-әдебиеттік курс ретінде алғаш рет жүйелеп берген бағдарламалардың мазмұны мен құрылысы.
1939-1990 жылдар. КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, дамыту мақсатындағы 1958 және 1985 жылдардағы мектеп реформалары. Бұл реформалардын мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген әсері.
1970-1990 жылдарда әдебиеттің мектепте окытылу жайы. Орыс әдебиетін оқытудағы әдістемелік тәжірибелердің қазақ мектебіндегі әдебиетті окыту ісін жетілдіруге және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсер-ықпалы.
1970-1972 жылдардағы «Литература в школе» журналынын бетіндегі әдебиетті окыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа әдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың маңызы.
Әр кезеңде мектепке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулыктарын жасаудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұканов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ш.Кәрібаев, Т.Акшолақов, т.б. еңбектері. Әдебиетті оқыту әдістемесінін негізін қалаудағы Ә.Қоңыратбаев пенА.Көшімбаевтың алатын орны. Олардың ғылыми-әдістемелік мұрасы.
1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі бетбұрыс. Оның тарихи-әлеуметтік себептері.
Қазақтын ұлттық мектебі тұжырымдамасының дүниеге келуі. Ұлттык мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары. Қазақ мектебінің жаңа үлгісін белгілеп берген тұжырымдама негізінде әдеби білім тұжырымдамасының жасалғаны (1991, 1997 жж.). Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен кұндылықгар.
Оқытудың жаңа технологиясы. Оның еліміздегі ғылыми-әдістемелік ізденістерді байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері.
Әдеби білім берудегі модульдік жүйе. Оның өзіндік ерекшеліктері. Ғылыми-әдістемелік басылымдар: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдары мен «Қазақстан мүгалімі» газеті. Олардың мүғалім біліктілігін артгырудағы рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |