Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. Жоғарыда аталып кеткен түзетулер негізінде, қазіргі таңда мемлекет жаңа стратегияны алға қойды: біріншіден, біртіндеп өз активтерін кайтару; екіншіден, әрбір мұнай жобасына 50% үлеспен қатысу; үшіншіден, шет елдерде мұнай-газ объектілерін сатып алу. Мұнай-газ өндіру мен өңдеу өндірістерінің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша алуан түрлі факторларды талдау осы мәселенің көптеген аспектілері оның деңдейінің өзгерісіне күшті әсер ететітін куәландырады. Мұнай-газ саласын дамытудағы экономикалық басымдылықтар қатарына жататындар: Өндіріс объектілерін таратуды оптимизациялау, өндірістік кешендерді құру мен қалыптастыру, тиімді әлеуметтік және өндірістік инфракұрылымды құру; Мұнай өңдейтін зауыттарды жөндеу, модернизациялау және қызметін жоғарлату; Көмірсутек ресурстарын кешенді пайдалануға негізделген шикізаттық ресурстарды үнемдеудің басты бағыты материалдық сыйымдылықты төмендету; Шикізатты басқа елдерге экспорттамай, дайын өнім ретінде экпорттауға негізделу; Ірі көлемді мұнай-газ жобаларын жүзеге асырудан болатын экономикалық әсерді арттыру; Қосылған құны жоғары болып келетін мұнай-химиялық өндірістерді дамыту және т.б.[2] Мұнайгаз өнеркәсібі дамуының отын-энергетикалық кешен балансының көрсеткіштеріне әсерін талдау арқылы, осы кешеннің тиімді дамуын қамтамассыз етіп 74 отыруға аталмыш саланың ықпалын зерттеп отыру қажет. Бұл мұнайгаз ресурстарын тиімді пайдалануды құрылымдық жағынан негіздеу үшін өте маңызды. Мұнай компаниялары алдыңғы қатарлы технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, өткізу тәжірибелерін ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге, мемлектік кәсіпорындардың монополиялық мүдделерін жоюда техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болуға, сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдермен шығуға мүмкіндік береді. Мұнайгаз саласы экономиканың басқа секторларымен тығыз байланысы, өндіріс көлемі мен үлес салмағы жинақталған қор мен қызмет істейтін адамдардың саны және басқа да маңызды көрсеткіштер арқылы сипаттағанда, әлеуметтік-экономикалық жүйеде негізгі орынға ие болып, еліміздің сытқыэкономикалық саясатын қалыптастыруда негізгі факторлардың біріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |