Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


ҚР және шетелдегі негізгі мұнай кен орындары



жүктеу 6,39 Mb.
бет5/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
ҚР және шетелдегі негізгі мұнай кен орындары Әр түрлі бағалаулар бойынша дәлелденген мұнайдың әлемдік қоры 143,4 млрд. тоннаға (немесе 1035 млрд. баррельге) жетеді; оның ішінде шамамен Таяу Шығысқа – 91,2, Орталық және Оңтүстік Америкаға – 13,0, Солтүстік Америкаға – 11,5, Африкаға – 10,1, Ресейге – 6,7, Еуропаға – 2,7, ал қалған елдерге – 8,2 млрд. тоннадан келеді. Әлемдегі мұнайдың ең ірі қоры (-260 млрд. баррель) – Сауд Арабиясында.
Табиғи газдың әлемдік қорлары елдер бойынша былайша таралған (%): Ресей – 38,4, Иран – 15,8, Катар – 5,8, Сауд Арабиясы – 4,8, Әбу-Дәби – 3,8, АҚШ – 3,2, Алжир – 3,1, Венесуэла – 2,8, Нигерия – 2,4, Ирак – 2,1, басқа елдерде – 18,6. Газдардың барлау жасалған қоры бойынша Ресей әлемдегі бірінші орынды алады (әлемдік қордың 38,4 %) және қазіргі уақытта оны әлемдік өндірудің 30 %-ын қамтамасыз етеді.
Қазақстан көмірсутектік шикізаттың мол қоры бар 15 мемлекеттің қатарына кіреді. Теңіздегі кен орындарын есептемегеннің өзінде еліміздің территориясында мұнай мен газ конденсатының қоры 2,9 млрд. тонна, газдың қоры 1,8 трлн.м3. Қазақстан жер қойнауында есептеліп дәлелденген көмірсутектердің әлемдік қорының 2 %-ы бар.
Қазақстанның құрлықтағы және Каспий шельфіндегі мұнай мен конденсаттың болжамдық қоры 12-13 млрд. тонна деңгейінде деп бағаланады.
Республикамыздың мұнай-газды аймақтарында орналасқан көмірсутектердің 210-ға жуық кен орындары (172 мұнайлы, 67 мұнай-газды, 22 газды және 42 конденсатты) 1,7 млн. км2 жуық ауданды алып жатыр (Қазақстан аумағының шамамен 62 %-ы). Оның ішінде 5 кен орнының үлесіне елімізде өндірілетін көмірсутектер қорының 2/3 бөлігі сәйкес келеді (жартысынан астамы – Теңіз қоры, қалған көлемі құрлықтағы басқа 4 ірі мұнай-газды аудандарға сәйкес келеді – Өзен және Қарашығанақ, Жаңажол және Құмкөл кен орындары топтары) (1.1 сурет).

1.1 - сурет – Қазақстан аумағындағы көмірсутектердің негізгі кен орындары


Бұл кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Оның ішінде көмірсутектердің шамамен 70%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған.


Мұнайдың барланған қорының көпшілігі Атырау облысында, оның үлесіне Қазақстанда барланған сұйық көмірсутектердің үштен бірінен көбі сәйкес келеді. Облыстың ең ірі кен орны – Теңіз (республиканың барланған мұнайының шамамен үштен бірі осында).
Маңғыстау облысының аумағында елімізде өндірілетін мұнай қорының төрттен бірі шоғырланған. Мұнда 70 кен орны ашылған, олардың ең ірілері – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражамбас. Бұлардың ішіндегі Өзен кен орны республикадағы Теңізден кейінгі екінші орында, оның үлесіне Қазақстанның құрлықтан өндірілетін қорының 10% -ынан астамы сәйкес келеді.
Көмірсутектердің 15-ке жуық кен орындары Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Олардың ең ірісі – Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны, ол республикамыздағы ең ірі үш кен орнының бірі болып табылады.
Ақтөбе облысында көмірсутектердің 25 кен орны ашылған, оның ең ірісі – Жаңажол кен орындарының тобы, одан алынатын мұнай мен конденсаттың қоры шамамен 170 млн. тонна.
Қызылорда мен Қарағанды облыстары шекарасында Қазақстанның маңызы бойынша бесінші мұнай-газды провинциясы – Құмкөл кен орындарының тобы.
Қазақстан газының барланған қорының 95%-ы еліміздің батысында шоғырланған (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).
Газдың өнеркәсіптік қоры ең алдымен мұнай, мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттың кен орындарымен байланысты, ең алдымен олардың төрт ең ірілері – Қарашығанақ мұнай-газ конденсат, Теңіз мұнай, Имашев мұнай-газ конденсат кен орындарымен байланысты. Көпшілігі майда категориялы болып келетін таза газ кен орындарының жиынтық қоры 1,5%-дан аспайды.
Жақын жылдары газдардың қоры Каспий теңізі айдынында жаңа газ кен орындары қорының есебінен 1,5-2,0 есе өсуі көзделіп отыр. Болжам бойынша Каспийдің солтүстігіндегі Қашаған кен орнындағы газдың қоры 3,0 трлн. м3 астам, ал олардан алынатыны 1,0 трлн. м3 астамды құрайды.
Мұнай өндіретін елдердің ішінен Қазақстан қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемі бойынша 23 орынды алады. 2002 жылы республикада 45 млн. тонна сұйық көмірсутектер және 13 млрд. м3-ден астам газ өндірілген. 2005 жылы мұнайды өндіруді 60 млн. тоннаға дейін, газды 20,5 млрд.м3дейін, ал 2010 жылы мұнайды 100 млн. тоннаға, газды 35 млрд.м3-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.
Қазақстанның дәлелденген нақты қоры: мұнай – 4,8 млрд.; жалпы дүние жүзінде өндіретіннің - 3,2 %;
Қазақстан дүние жүзі бойынша көмірсутегі өндіретін елдердің алғашқы ондығына кіреді.


жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау