Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет7/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнай және газдың негізгі энергия көзі және құнды химиялық шикізат болу себептері.
2. Мұнайлы Қазақстанның бүгінгі жағдайы?
3. Табиғи газды өндіру көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында қандай орынды алады.
4. ҚР жалпы мұнай өндірісімен айналысатын қандай ірі компанияларды білесіз?
5. Әлемдік энергетикалық қор құрылымында қатты отынның алатын орны қандай?
Лекция 2
Мұнай мен газдың құрамы және шығу тегі.
Мұнайдың фракциялық және химиялық құрамы.


Мұнай мен газдың құрамы және шығу тегі. Адамзат мұнайды өте ерте заманнан бері пайдаланған. Археологтардың мәліметтері бойынша б.д.д. 6000 жылдың өзінде-ақ Таяу Шығыста Ефрат өзені алабында мұнайды өндірудің ұсақ кәсіпшілігі болған. Табиғи газ да адамзатқа ежелгі заманнан белгілі. Апшерон жарты аралында Кіші Кавказ тау бөктерінде б.д.д. 6000 жыл бұрын «мәңгі оттар» жанып тұрған. Әрине, бұл Құдайдың ісімен түсіндірілгені даусыз. Көріп отырғанымыздай, бұл құбылыс отқа табынудың, яғни дүние жүзі халықтарының көпшілігінде отқа сыйыну себебінің бірі болуы ғажап емес.
Қазіргі кезде «мұнай» сөзінің бастапқы жасамы мидийдің «нафата» деген сөзінен шыққан деп есептелінеді, яғни «сарқырау», «ағу» дегенді білдіреді. Мидия б.д.д. IX-VI ғасырларда қазіргі Әзірбайжан мен Иранның аумағының шекарасында өмір сүрген.
Батыс Еуропа елдерінде мұнайды білдіретін латын сөзінен туынды «петролеум», яғни «тас майы» («петрос» – тас, «олеум» – май) сөзі кең түрде (Англияда «петролеум», Франция мен Румынияда – «петроль», Италияда – «петролио») қолданылады.
Мұнайдың тағы бір кең таралған атауы – «ойл», ол «май», «өсімдік майы» деген мағынаны білдіреді. Өйткені мұнайды «тас майы» деп санаса, онда «ойл» сөзі оны білдіру үшін қолданылады. Осы үш сөз кейіннен басқа көптеген тілге енді.
Атап өтілгендей, мұнай жарықтандыру, жарық беру үшін кеңінен пайдаланылған. Сонымен б.д.д. 330 жылы Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) жауынгерлері Каспий теңізіне дейін жеткен кезде шырақтарды зәйтүн майымен жағатын ежелгі Мысыр, Рим және Грекиядан айырмашылығы – жергілікті тұрғындар бұл үшін мұнайды пайдаланған.
Мұнай ежелгі заманнан бері емдік құралдар ретінде қолданылған. Ақ мұнай суық тиген аурулардан, қара мұнай жөтелден емдейді деп есептелген. Мысырлықтар мұнай майын мәйітті бальзамдау кезінде пайдаланған. Медицинаның атасы саналатын ежелгі грек ғалымы Гиппократ (б.з.д. 460-377 жылдары) құрамдас бөлігі мұнай болып табылатын көптеген дәрілерді сипаттап жазған.
Мұнайды әскери мақсатқа пайдалану Македонскийдің даңқын әлемге жайды. Римдік ғалым Үлкен Плиний римдіктердің жарықтарын сипаттай келе, қоршаудағы Лукула қаласының қорғаушылары қала қабырғаларынан шабуылдаушылардың басына ыстық мұнай құйылған құмыраларды лақтырғанын еске салады.
Шыңғыс ханның әскері де (XII-XIII ғасырлар) Бұқара қамалын сансыз көп отқа ораған мұнай құйылған құмыралар лақтырып, ыстық жебелермен атқылап, жаулап алған.
Алайда ерте замандағы ең тажал қару «грек оты» болған. Оны жасап шығарушы Гелиополистан шыққан грек Каллиниколас деп есептелінеді. Тарихи хроника бойынша б.з. 373 жылы Констатинопольды арабтар қоршап алған кезде ол Византия императорына кейіннен «грек оты» деп аталатын өртегіш құрамның рецептін берген. Қолжазбаларда бұл қоспа ауамен жанасқанда жанатыны айтылады. «Грек отын» сөндіру мүмкін болмады, су тек қоспаның жайылуына әкеліп, жануын күшейтті.
«Грек оты», әсіресе жаулардың кемелерімен күресте тиімді болды. Сонымен, арабтардың Константинопольге шабуылы кезінде гректер күтпеген жерден теңізге орасан көп мөлшердегі өртегіш қоспаны құйған. Бұл өрт бір тәуліктен аса созылып, нәтижесінде бүкіл араб соғыс кемесі жанып кеткен. «Грек отының» құрамы өте құпия сақталған. Тек 400 жыл өткеннен соң Константинополь қабырғасындағы жеңілістен кейін араб алхимиктеріне «грек отының» негізін мұнайдың күкірт және селитрамен қоспасы құрайтынын анықтаудың сәті түсті.
Адамзат баласы танысқан алғашқы мұнай өнімі мұнайды ұзақ уақыт жел қақтыру нәтижесінде алынған, тұтқыр шайырлы зат асфальт болып табылады.
«Асфальт» сөзін ғылымға б.д.д. 460-450жж. «Грек-парсы соғыстары тарихында» парсы және месопотамиялық асфальтті кен орындарын сипаттап жазған Геродот енгізген. «Асфальт» – «асфолес» (мықты, берік, сенімді) сөзінен туындаған. Ертедегілер асфальтты тау шайыры деп атаған, ал қазіргі заманғы ұғым бойынша – бұл табиғи битумның түрлерінің бірі.
Дүниежүзілік топан су туралы інжілдік аңыз кеңінен белгілі, мұнда Нұх кемесіндегілердің аман қалғаны, ол кемені жасап, су өткізбес үшін іші-сыртын табиғи шайырмен (асфальтпен) майлаған.
Б.д.д. 700-500жж. Вавилонда асфальтті «аспалы бақтар» жасау кезінде су өткізбейтін заттар ретінде пайдаланған. Семирамида аспалы бағы, сондай-ақ Ефрат өзені астындағы ұзындығы 1 км жер асты жолы әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептеледі.
«Керосин» сөзі қайдан пайда болған? 1846-1847ж. таскөмірден жарық беру май өндірісін АҚШ-та А.Геснер ұйымдастырған. Ол алынған сұйықты «керосин ойл» (грек сөзінен «керос» – балауыз), яғни «балауыз майы» деп атаған.
Қазіргі кезде керосин деп 175-тен 300˚С-қа дейінгі температура шегінде қайнайтын мұнай фракциясын атайды. Жарық үшін пайдаланатын «жарық беретін керосинді», трактор жанармайы ретінде қолданылатын «трактор керосинін» және реактивті қозғалтқыштарға арналған отын «авиялық керосинді» айырып көрсетеді. Керосиннен өндірілген мұнайдың біршама жеңіл фракциясы «бензин» деп аталды (арабтың бұрмаланған сөзі «любензави» – жанғыш зат), ал екіншісі – мұнай қалдығынан алынған қою лас қара сұйық «мазут» деп аталды (араб тілінен аударғанда «қалдық» деген сөз). Ұзақ уақыт бойы олар керек емес өнімдер деп есептелді. Алайда 1866 жылы А.И. Шпаковский бу бүріккіш ойлап тауып, нәтижесінде мазутты пешке отын ретінде қолдана бастады. Содан кейін мазуттан майлағыш майлар өңдей бастады. Ал 1890 жылы көрнекті орыс инженері В.Г. Шухов «термиялық крекинг» деп аталған ашық түсті мұнай өнімдерін алу мақсатында мазуттың ауыр көмірсутектерін ажырату әдістерін ұсынды.
Бензин 100 жылға жуық қауіпті әрі керексіз өнім болып қала берді. Тек 1879 жылы орыс өнертапқышы И.Костовичтің іштен жану қозғалтқышын ойлап табуы оны кеңінен қолдануға жол ашты. Бензинге сұраныстың өсуін карбюраторлы қозғалтқышты автомобилььдердің мөлшерінің өсуі бойынша жорамалдауға болады. Автомобилььдер 1896 жылы дүние жүзінде төртеу болса, 1908 жылы 250 мың, ал 1910 жылы 10 миллион болды.
1910 жылы дүние жүзі елдерінің отын теңгерімінің негізгі үлесін көмір (65 %), отын (16 %), өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары (16 %) құрады. Мұнайдың үлесіне тұтанылатын энергияның небәрі 3 %-ы келді. Табиғи газ шектеулі көлемде пайдаланылды.
Жарық беретін газ өндірісі бойынша алғашқы зауыт Ресейде, 1835 жылы Петербургте салынған. XX ғасырдың аяғында мұндай зауыттар еліміздің барлық дерлік ірі қалаларында салынды. Олар көшелерге, фабрикаларға, театрларға, тұрғын үйлерге жарық берді. 1914 жылы Петербургте 3000 пәтер газбен қамтамасыз етілді.
XIX ғасырдың аяғында Бакуде жылу қазандарында мұнаймен бірге өндірілген серіктес мұнай газын пайдалана бастады.Табиғи газды дүние жүзінде кеңінен қолдану тек XX ғасырдың 50-жылдарында ғана басталды.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау