Шығармашылық КӨзі тиімді технология а. Ж. Мурзагалиева, Р. Е. Дәулетиярова



жүктеу 30,71 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.03.2018
өлшемі30,71 Kb.
#10936


 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨЗІ - ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯ 

 

А.Ж.Мурзагалиева, Р.Е. Дәулетиярова  

 Ақтөбе қ. 

 

Алдыңғы қатарлы мемлекет болудың алғы шарттары - ұлттың білім сапасының жоғарылығы мен  

ұлттық мәдениет, салт дәстүрлердің құндылығында. 

Тамыры тереңде жатқан әрі әділ, әрі салтанатты ұлттық салт дәстүріміз бен мәдениетіміздің ата 

бабаларымыз  салып  кеткен  жүйесінде  еш    мін  жоқ  екеніндігіне  уақыт  талай  рет  дәлелін  көрсеткені 

белгілі.  Сонымен  қатар    мемлекетіміздің  білім  беру  саласында  қазіргі  таңда  бәсекеге  қабілетті 

жасампаз жас ұрпақты заманауи талаптарға сай, әлемдік көштен кейін қалмайтындай етіп даярлайтын 

бағдарламалар да өз жұмыстарын бастап кеткені бәрімізге аян.                                     

Қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесінің  негізгі  мақсаты  -  бұрыннан  келе  жатқан  педагогикалық 

білім, білік, дағдылық жүйесін, яғни нәтижесінде білім алушының денсаулығы мен уақытын жоғалтуға 

әкеліп  соқтыратын  жүйені  өзгертіп,  керісінше  оқытудың  және  кез  келген  туындаған  міндеттерді 

шешуде әр тұлға өзі тиімді жолын сараптап таңдай алатын технологияларды меңгертуді дамыту. 

Жаңа  технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік  адамгершілік, 

рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі  әсерін тигізеді, өзін өзі 

дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

Жаңа  технологияны  пайдалану  -  келешек  ұрпақтың  терең,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді, 

шығармашыл  болуына  жол  ашады.  Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  оқу-тәрбие  үрдісінде 

алатын орны ерекше. Қазіргі  таңда  педагогикалық  технология  ұғымы біздің  тәжірбиемізде  негізделіп 

келеді.  «Педагогикалық  технология-бұл  педагогикалық  мақсатқа  қол  жеткізу  жолындағы 

қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және 

жұмыс жасау реті»- деп жазды М.Кларин.  

Қазіргі  таңдағы  мұғалім  білім  берудің  құндылығын  біле  отырып  өз  пәнінің  шебері,пәнді 

меңгертудің  әдіскері,  педагогикалық,  психолологиялық  және  өзіндік  жеке  әдістемелік  бағыты  бар, 

білім алушының дамуына ықпал ететін тұлға болуы қажет. Педагог мұғалім әр баланың педагогикалық 

процесте  орнын,білім  алушылардың  іскерлігін,  жұмыстарының  нәтижесін  алдын  ала  бағдарлап  біліп 

отыруы қажет. Басты мәселелердің бірі, білім алушыларға жеке және топпен қалай сапалы білім беруге 

болады деген сұраққа жауап табу.  

Осы орайда мұғалім жұмысын ұйымдастыру жүйелі қаланған болуы қажет. Мұғалімнің жұмыс 

жасауы мынадай кезеңдерден тұрады: 

1.  Белгілі  бір  пән  бойынша  білім  стандартын және  оқу  жұмыс  бағдарламасын  детальді  талдау. 

Әдебиеттерге анализ жасау. 

2.  Әр тақырыпты талдай отырып күнтізбелік жүйелі жоспар құру. 

3.  Әр тақырыпқа байланысты нақтылы күнделікті жоспар құру. 

Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру барысында білім алушылар негізгі уақыттарын білімді 

өз  беттерімен  игеріп,  жоспарлауға,  ұйымдасып  жұмыс  жасауға,  өздерін    қадағалауға,  бағалауға 

мүмкіндік  алады.  Сондықтанда  біз  өз  тәжірибемізде  негізінде  білім  алушылардың  белсенділігін, 

ізденушілігін  және  уақытты  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  модульдік  оқыту  технологиясын 

пайдаландық. 

Модульдік технологияны жұмыс процесіне енгізудің жолы  4  кезең  арқылы іске асады: 

Дайындық кезеңі - модуль жүйесіне орай бағдарлама материалдарын жіктеу. 

Апробация - сабаққа қажетті дидактикалық құралдарды айқындау және пайдалану. 

Мониторинг  және  коррекция  -  оқу  процесін  технология    талаптарына  сай  құрылымдау  және  

нәтижесін зерттеу, коррекциясын енгізу. 

Қорытындылау -  тақырыпқа байланысты ой қорыту, тәжірибеге жалпы шолу жасау.  

Модульдік  оқыту  технологиясы  сабақтарында    түрлі  жұмыс  жасау  формаларын  үйлестіруге 

болады: жеке жұмыс, жұппен жұмыс,топтық жұмыс.  

Оқытуды  ұйымдастыру  барысында  білім  алушылардың  білімді  игеруге  деген  құлшыныстың 

болуына жағдай туғызу керек. 

Сабақ  -  мұғалімнің  ізденісінің  нәтижесі.  Күнделікті  сабақтағы  бір  сарындылық  оқу  -  білім 

алушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  жоғалтады.  Сондықтан  сабақты  ыңғайына  қарай 

түрлендіріп  оқытса,  сабақтың  мазмұны  ашыла  түседі.  Білім  алушылардың  пәнге  қызығушылығын 

арттырудың бір жолы сабақты жаңа тәсілдермен өткізу болып есептеледі.Білім алушының білім сапасы 

мен  оқытудың  тиімді  болуы  –  таңдап  алынған  оқыту  әдісінен  көрінеді.  Осы  орайда  жеке  тұлғаның 

танымдық  қабілетін,  танымдық  үрдістері  дамытуға  бағытталған,  нақты  жүйелілігі  бар  технология  – 

«модульдік оқыту технологиясы». 



Мысалы бастауыш білім беру  бағдарламасында бейнелеу өнері негіздері және әдістемесі  пәні 

бойынша  бейнелеу  өнері  сабақтарының  түрлеріне  сегіз  сағат  берілген.  Кіріспе  бөлімде  тірек 

сызбаларды,  кестелер,  хабарлау,  дәрістерді  пайдалана  отырып  бейнелеу  сабақтарының  түрлері  мен 

құрылымдарына,  сабақ  ұйымдастыруда  қолданылатын  әдіс  тәсілдеріне  мән  берілсе,  негізгі  бөлімде 

затқа  қарап  сурет  салу,  тақырыптық  сурет  салу,сәндік  суреттер  салу,  өнер  туралы  әңгіме  сабақ 

түрлеріне  «Қарлы  кесек»  оқыта  үйрету  ойынын  тиімді  пайдалану  арқылы  білім  алушылардың  өз 

беттерімен  жұмыс  жасау  әрекеттеріне  жол  ашылады.  Ал  дизайн  мамандығы  бағдарламасындағы 

«Әлемдік бейнелеу  өнері  тарихы және Қазақстан көркем мәдениеті» пәнінен  ұлттық тас өңдеу өнері, 

ұлттық  ағаш  өңдеу,  металл  өңдеу,  жүн  өңдеу  өнері,  тері  өңдеу  өнері  тақырыптарын  бір  блоктап, 

«Саяхат»  оқыта  үйрету  ойынын  пайдалану  арқылы  білім  алушыларға  ежелгі  ұлттық  өнер  түрлерін 

толық зерттеп білулеріне мүмкіндік жасаймыз. 

Қорытынды  бөлімде  білім  алушылардың  білімі  тест  сұрақтар  арқылы  тексеріліп 

қорытындыланады. 

Модульдік  технология  арқылы  жұмыс  жасау  нәтижесі  мынадай  қорытынды  жасауға  мүмкіндік 

беріп отыр: 

1.  Оқытушы  мен  білім  алушылар  арасындағы  қарым  қатынас  жеке  және  модульдік  кұрал 

негізінде  өзгереді.  Әр  білім  алушы  қай  жерден  жауаптар  алу  туралы  және  не  істеу  керек  екендігі 

жөнінде оқытушыдан жазбаша түрде тапсырмалар алады. 

2.  Оқытушының  ролі  өзгереді,  мен  сабақ  маттериалын  қалай  игертемін  деген  сұраққа  жауап 

іздемей, керісінше білім алушылардың модуль арқылы білім алу әрекеттерін қалай басқаруымыз керек 

деген сауалға жауап іздейміз.  

3.  Модульдік  технологиямен  сабақты  жоспарлау  мұғалім  уақыты  мен  күшінің  мол  жұмсалуын 

талап  етеді.  Міндетті  түрде  оқу  жұмыс  бағдарламасының  мазмұнынын  талдай  отырып  әр  тақырып 

материалын  білім  алушылар  өз  беттерімен  сапалы  игеруге  негізгі  және  базалық  сұрақтарды  даярлауы 

қажет. Білім игерудің және түрлі деңгейлі бақылаудың алгоритмін жасау қажет. 

4.  Нәтиже мониторингі оқу үлгерімімен сапасының жоғарылауын байқатады. 

Модульдік оқытудың нәтижесінде:топтағы оқушыларды 4-5 адамнан біріктіріп, әр топқа әр түрлі 

тапсырма  берген  дұрыс,  бұлай  топтастыру  үлгермейтін  оқушыларды  да  қызықтыратыны  сөзсіз  және 

оған  топтағы  жақсы  оқитын  оқушы  көмек  көрсетеді,  түсінбеген  жерлерін  түсіндіреді.  Кейде 

мұғалімнен  гөрі  қасындағы  досының  түсіндіргені  тиімдірек  болады.Оқушыларды  жұптау  немесе 

топтау  арқылы  бір  бірімен  достық  қарым  қатынас  орнайды.Топпен  жұмыс  жасау  қабілеттері 

қалыптасады, кездесетін проблемалы  сұрақтарға  топ болып іздену,зерттеулер жүргізу мүмкіндігіне ие 

болады. Ал жеке оқу түрінде жеке өзіне арналған тапсырмалар беру арқылы олардың өз ойларын ашық 

дұрыс айта білуге мүмкіндік береді. 

Тәжірибеде модульдік  технологияны енгізу арқылы кәсіптік  білім беру, түлектеріміз үшін еңбек 

нарығында кәсіби бәсекеге қабілетті маман болуларына кепілдік береді. 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру 

стратегиясы» атты (Қазақстан халқына жолдауы).-Астана:// Егеменді Қазақстан,2006.Б.7-8 

2.Лебедев В.Н.Модульное обучение в системе дополнительного образования //Педагогика 4. 2005  

 

жүктеу 30,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау