Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет39/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
Бақылау сұрақтары:
1. Компаундирлеу қандай мақсатта жүргізіледі
2. Мұнайды араластыру әдістері
3. УСБ отындары қоспаларын компаундирлеу қондырғысын түсіндіру


Лекция 11
Газдыфракциялайтын қондырғылар


Өңдейтін шикізаттың түріне қарай газдарды фракциялаушы қондырғыларды (ГФҚ) қаныққан және қанықпаған газдарды өңдеуші қондырғылар екі түрге бөледі. Газдар құрамынан компоненттерді бөліп алу үшін қолданылатын сызба-нұсқалары бойынша ГФҚ-ды конденсациялық-компрессорлық және абсорбциялық деп екі топқа бөледі.
Фракциялаушы абсорбер, басқаша айтқанда абсорбер-десорбер комбинациялы колоннаны құрайды. Фракциялаушы абсорбердің жоғарғы жағында абсорбция, яғни газ құрамынан пайдалы компоненттерді ажырату процесі жүреді. Оның төменгі жағында келтірілген жылудың есебінен абсорбентті қайта қалпына келтіру процесі (регенерация) жүргізіледі. Ауыр компоненттермен қаныққан абсорбент фракциялаушы абсорбердің тәрелкелері бойынша жоғарыдан төмен қарай аққанда ол сұйық құрамынан десорбцияланған біршама қызған бумен кездеседі. Фракциялаушы абсорбердің жоғары жағынан құрамына С12 көмірсутектері кіретін құрғақ газ шығады. Төменгі жағынан абсорбентпен бірге С24 көмірсутектері шығады.
Кәдімгі абсорберге қоспа тек газ күйінде ғана берілетін болса, ал фракциялаушы абсорберге көмірсутектер қоспасы сұйық түрінде де, газ күйінде де беріледі.
Құрғақ газбен бірге кететін бензин фракциясын ұстап қалу үшін колоннаның жоғарғы жағына тұрақты бензин беріледі. Абсорбциялық бөлімдегі температураны абсорбентті біртіндеп суыту арқылы ұстап тұрады.
Қаныққан және этаннан ажыратылған абсорбент колоннадан тұрақтандырушыға жіберіледі. Оның жоғарғы өнімі болып тұрақтандырушы бастиек, ал төменгі өнімі болып-тұрақты бензин саналады. Тұрақтандырушы бастиегі тазарту блогына келеді де, онда күкірт қосылыстарынан тазартылады. Сонан соң пропан колоннасында тазартылған бастиектен пропан-пропилен фракциясы бөленеді. Пропан колоннасының қалдығынан бутан колоннасында бутан-бутилен фракциясы мен қалдық бөлініп шығады. Қалдық тұрақты бензинге қосылады.
Қазіргі уақытта газ бөлудің мембраналық тәсілдері кең қолданысқа ие болып отыр, және газды қоспаларды сепарациялаудың дәстүрлі әдістерімен бәсекелестікке түсуде, оларды атап айтатын болсақ; абсорбция, адсорбция, криогенді техника. Газды қоспаларды мембраналы сепараторларда бөлу іс жүзінде энергия тұтынбастан жүреді және дербес газды компоненттердің мембрана арқылы әртүрлі өту қабілеті әсерінен жүзеге асырылады. Мұнда қандай да бір реагенттер қолданылмайды және жанама және сыртқа аластатылатын ағындар түзілмейді. Мембраналақы сепараторлар қарапайым және компактілі, қозғалмалы түйіндері жоқ, оператордың үнемі қадағалап отыруын талап етпейді, зиянды тастандылар түзбейді, стационарлы жұмыс режиміне жеңіл және тез ауыса алады. Кемшіліктері: заманға сай мембраналар әлі күнге газ бөлудің ейбір маңызды жағдайлары үшін жарамсыз болып табылады, мысалы, С2 – С3 көмірсутектерін бөлу үшін. Азот және оттегіні бөлу кезіндегі талғамдығы төмен, мембраналардың термотөзімділігі төмен (100-1100С жоғары температура үшін жарамсыз). Мембраналардың бұл сұрақтары көптеген фирмалармен зерттелген. Жаңа мембраналық полимерлерді жасау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. «Тойбо» фирмасы жоғары термотөзімділіккн ие полисульфонамидтердің жаңа түрлерін жасап шығарды. Активті тасымалдаушыға ие мембраналарға деген сенім аса жоғары болып отыр, оларда мембрана арқылы газды компоненттердің өтуін үдету үшін яғни төмен өту қабілетінмен сипатталатын шығарылушы компонент тасымалдаушы ретінде енгізіледі. Оттегі, көміртегі қос тотығы, көміртегі тотығы, күкірт тотығы және күкіртсутек үшін тасымалдаушылар анықталған.
Газ бөлудің комбинирленген схемасы, мембраналы газо сепараторлармен қатар дә!стүрлі әдістер – абсорбция, адсорбция, криогенді бірге қолданылатын схемалар өзіне үлкен назар аударады деген сенімділік бар, ол бірқатар жағдайларда нақты газды қоспаны бөлу мәселелерн үнемді шешуге мүмкіндік береді.Өнертабыс ЛК-6у қондырғысына енгізілуі мүмкін. газдарды өткзу құрылғысы тамшұрушы ретінде жұмыс атқарады. Тамшы ұрушы шикізаттыенгізу түйіні астына орналастырылады. Сепарациялау тиімділігін жоғарылату мақсатында пакеттердің әрбір қабаты бір бірінің астына параллельді орналастырылады. Газ ағыны аластатылушы сұйықтық тамшыларымен бірге көп қабатты пакеттер түрінде орындалған еңісті сепаратор элементтері арқылы өтеді. Мұнда сұйықтық тамшылары ұсталып, ауырлық күші әсерінен үйкеліс күшін және қарсы газ ағынының кедергісін жеңе отырып іріленеді, одан соң еркін еңісті жолдар арқылы желобтарға таралады.

1,8,14,19 –колонналар; 2,4 –мұздатқыштар; 3,5,11,13,17,22 –сораптар; 6,12,18,23-
қайнатқыштар; 7 –жылуалмастырғыщ; 9,15,20 –конденсатор-мұздатқыштар;
10,15,21 –сиымдылықтар. А-тазарту блогы
I –майлы газ; II –құрғақ газ; III –тұрақсыз бензин; IV –сығылу конденсаты;
V –бутан-бутилен фракциясы; VI –тұрақты бензин; VII –пропан-пропилен фракциясы.



жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау