Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет38/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93
Жұмыс істеу принципі. Қоспаларды қолдану арқылы араластырудың технологиялық схемасы 10.3-суретте көрсетілген.



Сурет 10.2 -УСБ қондырғысының технологиялық схемасы

1Б құбыр желісі бойынша қондырғыға Н сораптың көмегімен және сүзгі Ф1 арқылы негізгі сұйықтық беріледі.


1Д; 2Д; 3Д; 4Д құбыржолдарымен қоспалар өздігінен ағыс бойынша Ф2; Ф3; Ф4; Ф5сүзгілері, К1, К2, К3, К4 крандар, Р1; Р2; Р3; Р4, ротаметрлер, ВР1; ВР2; ВР3; ВР4; ВР4 реттегіш вентильдер арқылы қондырғыға беріледі.
Рецептураларға сәйкес 1Д, 2Д, 3Д, 4Д қоспаларының шығыны ВР1, ВР2, ВР3, ВР4 вентилдерімен реттеледі.
Шығынды бақылау сәйкесінше Р1, Р2, Р3, Р4 ротаметр бойынша визуальды түрде бақылайды.
Негізгі сұйықтық Д электрқозғалтқышымен келтірілген Н сораппен, қысым астында қоспаның инжекторына беріледі, онда сұйытылады және қоспалардың қатаң мөлшерленетін мөлшерін сорады. Содан кейін жартылай араластырылған және мөлшерленген сұйықтық араластырғышқа түседі, онда соңғы рет араластырылады. Сұйықтық 1П құбыр бойынша араластырылғаннан кейін резервуарға сақтауға жіберіледі.
Бүгінгі күнге белгілі мұнай өнімдерін араластыру әдістерімен алынған қоспаның тез қабатталып еруі бұл әдістің елеулі кемшілігі болып табылады. УСБ қондырғыларын қолданған жағдайда, қоспаның қабаттануы кем дегенде 90 күн бойы болмайды, оған инжекционды әдіс пен ультрадыбыстық араластыру жүйесін қолдану есебінен қол жеткізіледі.
Сонымен, компаундирлеу жүйесі осындай міндеттерді шешуге арналған. Жұмыс принципі - өнімнің бірнеше ағынын бір арнаға реттеу. Басқарылмайтын қарапайым араластыру кезінде ағындағы мұнай сапасының көрсеткіштер мәні уақытқа байланысты тұрақсыз болады және әр түрлі айдау режимдерін орындау салдарынан кейбір диапазонда бұл көрсеткіштер түрленеді. Компаундирлеу кезінде, яғни араластырылуы басқарылатын ағынның тұрақсыздығына сәйкес компаундирлеуге дайындалған жоғары күкіртті мұнайдың құрамына мөлшерленген жоғары сапалы мұнай ағының қосып айдау арқылы сапа қорын толықтырады. Реттелетін ағындарда реттегіш-жапқыштар орнатылған. Реттеу бірнеше кезеңдерде жүргізіледі, мысалы үш кезеңде деп алсақ: реттелетін ағындардың шығындарына қатысты реттеу, ағындардың бірінің кірісіндегі қысым бойынша реттеу, шығу ағынындағы күкірттің құрамы бойынша реттеу. Осы реттеу режимін қамтамасыз ету үшін мынадай параметрлер бақыланады: ағындағы мұнай тығыздығы, ағындағы мұнай температурасы, ағындағы мұнай шығыны. Басқарылмайтын және басқарылатын араластырудан кейінгі мұнай сапасын салыстыру, басқарылатын араластыруда ағындағы күкірт мөлшерінің дисперсиясы (қалдықтар) едәуір қысқаратынын көрсетеді. Басқарылатын араласу нәтижесінде сапа параметрлерінің тұрақтылығы айтарлықтай артады, яғни басқарылмайтын араластыру кезінде тасымалданатын ағынға тән мұнай сапасының біркелкі болмауы едәуір реттеледі, бұл тұтынушыларға жеткізу сапасы бойынша тұрақты кепілдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Компаундирлеу үшін жоғары күкіртті мұнайды қабылдау мүмкіндігі компаундирлеудің нақты пункті мен нақты жоспарланған тасымалдау бағыты үшін көрсеткіштер кешені бағаланатын есеппен анықталады: сапа көрсеткіштерінің мәні, олардың саны, сапасы бойынша «қоры», жүйенің техникалық мүмкіндіктері. Компаундирлеу үшін жоғары күкіртті мұнайды қабылдау тиісті ресурстық мүмкіндіктермен және тасымалдаудың техникалық құралдарымен шектеледі. Компаундирлеу-бұл қабылдау пунктінен тұтынушыларға мұнайды тапсыру пунктіне дейін тасымалдаудың барлық бағыты бойынша бөлінген операция.



жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау