Мұнай битумдары- мұнай битумдарын майды тазалау, мұнай қорытудың ауыр қалдықтарынан алады. Гидроизоляциялық төсеніш материалдар алуға қолданады.
Еріткіштер- а) БР-1
Б-бензин, Р-раствор. Резина кәсіпшілігінде қолданады.
б) уайт спирт-лактау, бояу кәсіпшілігінде қолданады.
в) экстракциялы- бензин экстаркция үрдісінде және басқа үрдістерде қолданады.
Мұнайлы майлар шайыр-асфальтенді заттардың қоспасы болатын жоғары молекулалық парафинді, нафтенді және ароматты көмірсутектердің қоспасы.
Қолдану саласына байланысты майлар майлауғыш және арнайы майларға бөлінеді.
Жағар майлар қолдану бағытына байланысты келесі функцияларды атқарады: үйкелесу коэффициентін төмендетеді, металдарды коррозиядан сақтайды.
Арнайы майлар трансформаторларда, конденсаторларда, кабельдерде, электроизоляциялық ортанын рольін атқарады, пластикалық майлауғыштар және қоспаларды алуда қолданылады және т.б.
Қоспалар — базалы майлардың оң қасиеттерін жақсартатын немесе оларға қажет жаңа қасиеттерді беретін заттар.
Үш түрлі базалы майларды ажыратады:
минеральды, мұнайды өңдеу кезінде алынады (ең жақсы шикізат парафин-нафтенді мұнайлар);
синтетикалық, органикалық заттарды синтездеу жолымен алынады;
жартылай синтетикалық, минеральды және синтетикалық майлардың қоспасынан тұрады.
Бөліп алу әдісіне байланысты базалы майлар бөлінеді:
дистиллятты, мазутты вакуумдық айдау кезінде түзілген майлы фракциялардан алынады. Өндірістің дәстүрлі кестесі бойынша үш фракцияны 350-400, 400-450 және 450-5000С бөліп алады;
компаундирленген (аралас), қажетті пропорциядла қалдықты және дистиллятты базалы майларды араластыру арқылы алады.
Майлы дистиллятар мен деасфальтизаттар құрамында қажетсіз компонентер болады: полициклді ароматты көмірсутектер, шайыр-асфальтты заттар, мұнайлы қышқылдар, құрамында азот, күкірт және оттегі болатын органикалық қосылыстар, және кейбір металлдар.
Тазалау әдісіне байланысты:
талғамды;
адсорбциялық;
қышқылды-сілтілік;
қышқылды-түйісу;
және гидротазалау (немесе гидрокрекинг) майлары деп ажыратады.
Жағар майлардың негізгі сапа көрсеткіштеріне жатады:
тұтқырлық деңгейі және тұтқырлық-температуралы қасиеттері;
қату температурасы;
химиялық тұрақтылығы;
термиялық тұрақтылығы;
майлауғыш қасиеттері;
қорғау және антикоррозиялық қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |