Астана ќаласы №57 орта мектебі



жүктеу 11,84 Mb.
бет1/13
Дата19.11.2018
өлшемі11,84 Mb.
#20710
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі

Астана қаласы №57 орта мектебі

Астана қаласының өндіріс орындары

Орындаған 9 сынып оқушылары:Алтынбек Назерке

Жетекшілері: тарих пәнінің мұғалімі: Исаева Ж.А.

Астана қаласының № 57 орта мектебінің

9 сынып оқушылары:

Алтынбек Назерке

Жетекшілері: тарих пәнінің мұғалімі: Исаева Ж.А.


Алғы сөз.
18 ғасырдың басынан адамдардың істейтін барлық жұмыстарын машиналар істей бастады. Көпдеген станоктар, машиналар ойлап табылды. Осылайша әлемде Өнеркәсіп революциясы басталды. Негізінде өнеркәсіп революциясының туындауына ең алғашқы бу двигателі пайда болуынан басталды. Ең алғашқы бу двигателін доктор Томас Сейври ойлап тапқан (10 корнуол шахтасынан суды тарту үшін арналған двигатель). Кейін оны әрі қарай жетілдіріп, оларды кез келген кәсіпорындарында арзан және көп көлемде өндіріс шығару үшін ойлап тапқандар бұл Томас Ньюкомен және Джеймс Уатт болды. Джон Кеяның 1733 жылы ойлап тапқан машинасы мата өндірісін дамытты.

Осылайша әлемде әлеуметтік – экономикалық даму кезеңі және елдер арасында бәсекелестік басталды. Дүние жүзі елдерінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай бір – бірінен ажыратады,

Осы тұрғыдан алғанда олар басты-басты екі түрге бөлінді:


  1. экономикасы дамыған елдер;

  2. дамушы елдер.

Біріккен Ұлттар Ұйымы экономикалық дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Аустралия мен Мұхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады.

Бәрінің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары және жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай мол.

Олардың бірінші топшасын «Батыс елдерінің үлкен жетілігі» құрайды. Оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбр итания, Италия және Канада кіреді.

Екінші топшаға ең алдымен Еуропаның орташа елдері жатқызуға болады. «Қоныс аударушылар капитализмі» елдердің бөліп көрсетуге болады. Канада мен Аустралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы.

Үшінші топшаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) кіретін елдер жатады.

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаева өз жолдауында айтқандай біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық дамыған 50 елдің қатарына кіруміз қажет. Сол мақсатты орындау бағытында көпдеген жұмыстар жоспарланған. Ал ол үшін ең бастысы еліміздің өнеркәсібін, өндіріс орындарын дамытуымыз керек. Өнеркәсіптер қаншалықты көп, түрлі, жаңа заман талабына сайы болса, соншалықты біздің экономикамыз да дами түседі. Осыны басынан көздеген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бұл саясатты сонау 1991-1992 жылы құрылған Мемлекеттік меншік - жеке меншік жоспарында қарастырған. Мемлекеттік меншік - жеке меншік атты бағдарламасы төрт кезеңнен құралады:



Бірінші кезең: Ыңталы жекешелендіру, 1991-1992 жылдар

Екінші кезең: Жекешелендірудің инвестициялық купондарымен жекешелендіру, 1993-1995 жылдар

Үшінші кезең: ақшалай жекешелендіру, 1996-1998 жылдар

Төртінші кезең: мемлекеттік меншік басқару, 1999-2006 жылдар

Осы бағдарламасында Н.Ә.Назарбаева былай деген «Басқа да көпдеген реформалар секілді, жекешелендіру қабылдаған шешімдер үшін жауапкершілікті арттырудың кезекті сынағына айналды. Бізді меншік тек мемлекеттік ғана (немесе, жалпыхалықтық деп аталатын) болуы керек деп үйретті, ал іс жүзінде ол ешкімдікі де емес еді. Осы жұмыстың нәтижесінде меншікті реформалау мәселелерінде бұрынғы Одақ елдерінің көпшілігіне тән болған жартыкештік пен сөзбұйдалықтан біз ада болдық.

Ал меншіктік қатынастыр – бұл экономиканың негізі екенін, демек, қоғамның қаржылай және әлеуметтік тұрақтылығының ең бірінші себебі екенін саясаткерлер әрдайым есте сақтаулары керек».

Осыдан кейін елімізді Алматы темекі комбинаты, Южнефтегаз, ШНОС секілді алғашқы ірі бъектілер жеке меншікке сатылды. Осылайша Қазақстандықтардың күнделікті өміріне жеке меншіктің енгізілуі, бірінші кезекте қоғамдық сананың реформасы болып табылды.

Біз осынау кітабімізда сіздерге басты мақсат етіп, ең алдымен еліміздің бас ордасы Астанадағы өнеркәсіп орындарының тарихын және өндірілетін



өнімдердің түрлерімен таныстыруды мақсат еттік. Азаматтарға барлық жігерімізді осы өнеркәсіп орындарын ашуға олардың түрлерін қоғам талабына сай өзгертуге шақыру болып табылды. Жастарымыздың санасына біз немен мақтан ете аламыз, оны әрі қарай қалай дамытамыз деген ой тастау мақсатында осы тақырыпты ашып кітап шығару ұйғардық. Егер сіздер біздің мәліметтерімізде Астана қаласының бұрыңғы және казіргі өнеркәсіптерін салыстырып өнімдерде қандай өзгеріс бар екендігін көресіз. Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын неге жоғары, себебі олар үнемі жаңашылдықтын жолында, ал біз тіпте бұрынғы мен қазіргімізді де білмейміз. Астана елімізді әлемге танытатын қала болып табылады, сондықтан тек оның әсемдігі мен әдемілігі емес сонымен қандай экономикалық үлес қосуда екендігімен таныс болыңыздар.



Өндіріс дегеніміз не?

Өндіріс дегеніміз қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және оның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі, Өндіріс қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында дәстүрлі түрде жүмыс күші. Олар өндірістің басты факторлары болып табылады. Қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс жағдайында өндіргіш күштердің күрделене түсуі байқалады. Оларға өндірісті ұйымдастыру және экологиялық факторлар қосылып отыр. Соңғы екі фактор технологияның ақпараттық, ғылыми, өндірістік және әлеуметтік инфақұрлымды қамтиды. Өндіріс экономиканың өзекті бөлігін құрайды. Өндіріс үдерісінде адамдар өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарымен қатынасқа түседі. Өндірістің нәтижесі болып табылады және ол өнімнің қандай мақсатпен өндірілетіне, түрлеріне, тұтынушыларға қажеттілігіне қарайды. Тарихи тұрғыдан натуралдық өндіріс, тауарлық өндіріс түрлеріне бөлінеді.



Өнеркәсіп орындарының экономикадағы үлесі.

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізаттын өндіріс құрал – жабдығы мен тұтыну заттарына өндеумен айналысатын кәсіп орындарымен бірігетін аса маңызды саласы болып табылады.

Екі үлкен топтан өндіретін өнеркәсіптен мұнай, газ, көмір, қара және түсті металл, кең тастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру. Өнеркәсіп құрал-жабдығын және тұтынушылар заттарын өндіретін өнеркәсіп болып табылады.

20 ғасырдың 70-80 жылдарында Қазақстанда нарықтық экономикалық қалыптасуы барысында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындарының техникасы мен технологиясы, ұйыдастырылу деңгейі төмен болды. 20 ғасырдың 90 жылдарында басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет иелігінен алынып жекешелендіріле

басталды. 2003 жылғы мәліметке қарағанда Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 1184 (9,3 пайыз), жеке меншікте 11217 (18,3 пайыз) ал басқа мемлекеттердің меншігінде 306 (2,4 пайыз) орын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің жалпы көлемінде өнеркәсіптік өндірістің құрлымы 82,1 және 16,5 пайыз болды.

Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне ажыратылады. Сондай-ақ нарықтық экономикалық даму барысында ірі корпоротивтін құрылымдар да қалыптасты. Олардың тұрпақтары алуан түрлі: Ұлттық және мемлекеттік компаниялар («Қазақойл», «Қазантрансайыл», «Қазатомөнеркәсіп» т.б.) мемлекеттік және жобалармен жекешелендірілген ақцион компаниялар (Икпат-Кармет, Қазақмыс корпорация, «Қазақстаналюмини», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Маңғыстау мұнай газ», «Қазақхром» т.б. ) Транс – ұлттық корпорациялар өнеркәсіпбіне миллиардтаған қаржы салып, қыруар қаржы табуда. Әйтсе де Қазақстан өнеркәсіптің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екендігіне қарамастан инвестициялық тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын. Өнеркәсіп салалары даму үстінде.



Астана қаласының өткені мен бүгіні

Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі 1929 жылдан бері астана атанып келген Алматы қаласында жарияланды. 1994 жылы Республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының астанасы көшіру туралы» қаулы қабылданды. Ол үш тармақтан тұрды. Алғашқы тармағында: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсыныс мақұлдансын» делінді, ал қалған екі тармағында жыл аяғына дейін астананы көшірудің технологиялық-экономикалық негізін жасау, көшу мерзімі туралы міндет қойылды.

Мемлекеттік тұрғыдан алғанда тарихи маңызы бар жиында егеменді еліміздің болашақ астанасының аты талданды. Талдау жасалмастан бұрын тәуелсіз Қазақстанның жиырма бірінші ғасырдың бас қаласына лайықты болады-ау деген жер қарастырылып, бұкіл ел ауқымында жан-жақты, кең көлемді байыпты зерттеулер жұргізіліпті. Отыз екі параметр бойынша жасалған талдау, ең тиімді қала Ақмола қаласы болатындығына мензеген көрінеді.


  • біріншіден – ол Қазақстанның географиялық кіндігінде орналасқан;

  • екіншіден – аса ірі темір жол тораптарының тоңысында тұр;

  • үшіншіден – қай жағынан алғанда да қаланың құрылыс жүргізуге қатысты келешегі зор;

  • төртіншіден – қалада тіршілікке қажетті мүмкіндіктің бәрі табылады.

Астана ауыстыру Республиканың Еуропа мен Азияның ортасында ораласқан өзгеше жағдайының артықшылықтарын барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа астанаға лайықты Ақмола - халқымыздың қасиетті тұтып қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ауа райы - шұғыл континентальды: қантар айында орташа температурасы 17,4 граду суық, шілдеде бұл көрсеткіш 20,3 градус жылыға дейін көтеріледі. Жыл бойына орта есеппен 335 мм қар мен жаңбыр жауады.

Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Сол жылы патшалық Ресей Қараөткел өңірінде Ақмола округтік приказын ашып, оның Ақмола деп атау жөнінде шешім қабылдайды. Кейін бұл әскери бекет округтік қала (1863ж), уезд орталығы (1868ж) атанды. 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. Оған дейін және одан кейін Ақмола облысының және Тың өлкесінің (1960-1965ж.ж.) орталығы болды. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

Жаңа астанаға қоныс аудару жөніндегі нақты жұмыс «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлық (1995жылдың қыркүйек айында) шыққаннан кейін басталды. Онда жоғары және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін құзырлы Мемлекеттік комиссия және бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру, сол сияқты қала құрлысына қатысуға тілек білдіретін инвесторларға салық кеден және басқа салаларда жеңілдіктер беру жолдары жөнінде астананың инфаструктарасын дамытуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу көзделде.

Екі жылдан кейін, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлық шықты. Онда жаңа астананың тарихы басталатын күн 1997 жылдың 10 желтоқсан деп белгіленді және Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері аталып өтілетін мерзім (1998 жылғы 10 маусым) көрсетілді. 1998 жылғы 6 мамырда жаңа елорданың аты өзгертіліп Астана аталды. Осы жылғы 20 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

Онда Астананың құқықтық мәртебесі, елорда қызметін атқарудың ұйымдық саяси және экономикалық негіздері айқындалды. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының астанасы - мемлекеттің әкімшілік орталығы, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратураның және орталық атқару органдарының жұмыс істейтін орны.



Қаланың жалпы көлемі 71 мың га. Қала екі ауданға бөлінеді: Алматы (43,4 мың га) және Сарыарқа (27,6 мың га). Қалада 100-дей өзге ұлт өкілдері тұрады, жалпы халық саны 490,6 мыңға жетеді олардың ішінде 64,4 пайызы жұмысқа жарамды және 10,2 пайызы зейнеткер жасындағы адамдар болып табылады.



жүктеу 11,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау