ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет23/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29

106

107


Диас:  -  Көк  тайғақ  болса  көліктер  соқтығысып                 

қалуы мүмкін.



Мұғалім: - Өте дұрыс! Балалар, біз қыс мезгілінің 

жағымды, жағымсыз жағын ажырата біледі екенбіз.

Ал,  енді,  қолғабымызды  шешіп,  алақанымызға          

қарды алып көрейік (Тәжірибе жасау).



Даша: - Қардың түсі қандай?

Данил: - Қардың түсі аппақ.

Даша: - Қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

Данил: - Қар үлпілдек, жұмсақ.

Даша:  -  Қарды  қолымызға  алып  ақырын  үрлесек, 

үлпілдеп ұшады ма?

-  Қарды қатты қыссақ жабысады ма?

Данил: - Иә, ұшады, жабысады.

Мұғалім: - Балалар, біз алақанымызда қарды қатты 

қысып  ұстасақ,  ол  алақанның  жылылығынан  еріп, 

тамшыға айналады. Балалар, енді шатырға қараңдаршы, 

осы  тамшылар  аяз  болғанда  ұзын  мұз  сүңгілеріне 

айналады.

Қыс  мезгілінің  қарлы,  боранды,  аязды  екенін                  

жақсы білеміз. Осы қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?

Толе би: 

Қаңтар келді ышқынып,

  Сірескен қар жан-жағым.

  Үдегенмен үскірік,

  Күн ұзарды қарға адым.



1-оқушы: 

Ақпанда қыс ызғарлы

  Қайтпағанмен, күн жылып.

  Айналаның мұз-қары 

  Бір қатады, бір жібіп.



2-оқушы: - Ей, бөгеме жолды аш!

  Бол, тез, асық, шапшаңда! 

  Келіп қалдым зымырап, 

  Ал басамын, аулақ қаш!



3-оқушы: 

Қыс мезгілі қаһарлы,

  Тау бөктерін қар жапты.

  Ақ мамыққа орады

  Түгел, тегіс жан-жақты.



4-оқушы: 

Қорада мал қамаулы, 

  Көктем күнін сағынып. 

  Әлем жатыр ұйқыда.

  Ақ көрпесін жамылып.



5-оқушы: 

Қаһарлы, күшті, алып,

  Жел соғып қыс қарып.

  Жер кетті ұйқыға, 

  Ақ көрпе қымтанып.



6-оқушы: 

Әй, қыс,

  Қыс,


  Қыс дегенге

  Қыса берме бекерге.



7-оқушы: -  Жылусыз қабағы 

Күн


Еске салады, 

Кеш тұрып, 

Тым ерте

Ұйықтайтын баланы.



8-оқушы: 

Қыс келді, қыс иықтап 

  Қалды аюлар ұйықтап.




108

109


  Қыс келді, қыс мұз – қарлы

  Қыраулы да ызғарлы.



9-оқушы:    

Қыс келді, қыс боранды 

  Қырат көрпе оранды, 

  Қыс келді, қыс мықты анық, 

  Қайтсе де біз ықпадық.



10-оқушы: 

Далада қар борайды, 

  Ақ мамыққа орайды, 

  Мұз болады, қатады, 

  Жып-жылтыр боп жатады.



Мұғалім:  -  Балалар,  ал,  енді,  мен  сендерге  жұмбақ 

жасырайын.

1.  Қыста ғана болады,

  Ұстасаң қолың тоңады.       (Қар)

2. Көсеуді бесеуге тықтым.   (Қолғап)

-  Өте  жақсы,  жарайсыңдар,  балалар.  Ал,  өздерің 

қандай жұмбақ білесіңдер? Соны жасырып көріңдерші.

1-оқушы:

Шанамен зырғып желдетіп, 

  Шаңғы, коньки тебетін.

  Аққала жасап ойнайтын 

  Қай мезгіл деп ойлайсың?     (Қыс)



2-оқушы: 

- Жаздай тынығады

  Қыста зымырайды.       (Шана)

3-оқушы:

- Мамықтай ұлпа, қанттай ақ

  Қыста жер бетін басады,

  Жазда сайға қашады.  (Қар)



4-оқушы: - Бір беті – тегіс,

  Бір беті – егіс. (Тон)



5-оқушы:

- Жүзбе-жүз жолықтым

  Тілдесе алмай торықтым.  (Сурет)

-  Тамаша,  балалар,  жұмбақты  жасырып,  шешуін 

табуды  да  біледі  екенсіңдер  екен.  Ал  кім  жаңылмай 

жаңылт-паш айтуды біледі екен, қане, тыңдап көрейік.



Оқушылар:

1.  Құз


  Құздың үсті мұз, 

  Құздың үсті қыс.

2. Қыста

  Күн қысқа.

  Күн қысқа

  Тым қысқа.

3. Ақ мүйізді

  Көк мүйізге кигіз,

  Көк мүйізді

  Ақ мүйізге кигіз.

4. Алтын шақ

  Жастық шақ

  Жастық шақ

  Жарқын шақ.

- Жақсы, жарайсыңдар, енді, менің бір жұмбағымды 

шешіп көріңдер:

- Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

Дұрыс таптыңдар, балалар, айтыңдаршы осы келген 

жылымыз қандай жыл? Кім айтады?

Оқушы: - Қоян жылы.

Мүғалім: - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қараңдаршы 

шыршаның түбінде кім отыр? Ақ қоянымыз отыр екен 




110

111


ғой. Қанеки, бәріміз қолымызға алып, алақанымызбен 

жылу беріп, жылытайық. Өзі тоңып қалғанға ұқсайды. 

Өзі сыбырлап бірдеңе дегендей.

Қоян: - Мен осы шыршаның астында інімде жатыр 

едім, сендердің дауыстарыңды естіп мына қыста біраз 

сендермен бой сергітсем бе деп шықтым.

Мұғалім:  -  Ал  ендеше,  ақ  қояным,  ортаға  шығып, 

балалармен  шеңберге  тұрып,  бой  сергіту  жаттығуын 

жасайық.

Балалар:

Ұзын құлақ сұр қоян 

  Естіп қалып сыбырды,

  Ойлы-қырлы жерлермен 

  Ытқып-ытқып жүгірді.

  Қарап еді артына 

  Қиығын сап көзінің, 

  Келе жатқан томпаңдап, 

  Көжегі екен өзінің.



Мұғалім:  -  Балалар,  қоян  сендерге  рахмет  айтып 

жатыр.  «Енді  менің  інімнің  үстінде  өсіп  түрған 

шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп берсеңдер» 

деген ұсыныс айтып тұр. Барлығымыз енді мына алдын 

ала  дайындап  қойған  әдемі  ойыншықтарды  шыршаға 

іліп, безендірейік.



Ақ қоян: - Балалар, көп рахмет, сендерге денсаулық 

тілеймін, оқуларыңды жақсы оқыңдар, жаңа жыл жаңа 

табыс әкелсін, молшылық болсын.

Қорытынды: - Құрметті оқушылар! Осы жарқыраған 

күндей мейірімді, шуақты, адамға тек жақсылық жасай 

білетін,  адамгершілігі  мол  азамат  болыңдар.  Бүгінгі 

«Қыс  қызығын»  тамашалап,  көрсеткен  өнерлеріңе, 

тапқырлықтарыңа, білімдеріңе көп рахмет!

Ақмарал МАХАНОВА,

Х.Досмұхамедұлы атындағы 

орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

Миялы ауылы.



БүГІНГІ СТУДЕНТ – ЕРТЕңГІ 

МАМАН

(Студенттермен кездесу кеші)

Мақсаты:  оқушылардың  болашақта  қателеспей 

дұрыс  мамандық  таңдауларына  жол  ашу,  халқына 

қызмет ететін жақсы маман болуға тәрбиелеу.

Түрі:  кездесу.  Көрнекілігі:  интерактивті  тақта, 

шарлар, гүлдер, т.б.



Жүрісі:

1-жүргізуші:

- Студенттер, аяулы ақ армандар!

  Жыл сайын жаңарғандар, жасарғандар!

  Қызық қуып, терезеге қадалғандар,

  Білім қуып бөлмеге қамалғандар.

  Студенттер, аптыққан ақ көңілдер!

  Өткінші өзі, шаттықты, тәтті өмірлер.

  Ауылға жиі айтатын сәлемдеме,

  Ақша сал, жетпей жатыр, ап келіңдер!



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау