11
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
І кезең- дайындық кезеңі.
1.1. Зерттелетін проблеманың әдіснамалық негіздерін анықтау.
1.2. Зерттелетін проблема бойынша әдебиеттерді оқу негізінде
тақырыпты таңдау.
1.3. Зерттелетін объектіні анықтау. Объектіден бір үлескені алу.
1.4. Зерттеу жұмысын ұйымдастырып өткізуге дайындық:
әдістемелік әдебиет пен педагогикалық тәжірибені тақырыпқа
сай оқып, зерттеп, «Әдістемелік әдебиет пен педагогикалық
тәжірибеге шолу» деген тақырыпта мәтін құрастыру;
тақырыпты нақтылау, жоспарын жасау;
зерттеудің гипотезасын, мақсат, міндеттерін тұжырымдау;
зерттеу әдістерін, зерттеу жұмысы жүргізілетін білім беру
ұйымдарын таңдау.
ІІ кезең - тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу.
2.1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау.
шағын эксперимент өткізілетін және бақылау тобын анықтау;
диагностикалық әдістемені, зерттелетін объектіні бақылау
және белгілеу әдістемесін нақтыландыру;
зерттелетін тақырыпқа сай балалармен өткізілетін оқу
сабақтарының, сыныптан тыс тәрбиелік іс – шаралардың
конспектілерін жазу.
зерттеу нәтижелерін талдайтын әдістемені жасау.
мұғалімдерден кеңестер алу.
2.2. Тәжірибе өткізу.
анықтайтын эксперимент өткізіп, оқушылардың бастапқы
деңгейлерін анықтау; соған сай оқу сабақтарын, тәрбиелік іс
шараларды өткізіп, гипотеза дұрыстығын тексеру;
қалыптастырушы
экспериментті
талдау,
гипотезаны
нақтыландыру,
тәжірибе
жұмысының
мазмұнына
толықтырулар енгізу.
тәжірибе жұмысындағы кемшіліктерді және жетістіктерді
жазып, оған әсер еткен психологиялық – педагогикалық
жағдайларды анықтау, келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын
белгілеу.
ІІІ кезең – курстық жұмысты безендіру.
3.1. курстық жұмысты аяқтау:
дайын мәтіндерді бөлімдерге енгізу;
қорытындылар жазу;
кіріспе жазу;
соңғы сөзді құрастыру;
әдебиеттердің тізімін құрастыру;
12
суреттер тізімін құрастыру;
қосымшалар құрастыру.
3.2. Курстық жұмыстың мазмұнын құрастыру
3.3. Мұқабасын безендіру.
І кезең. Дайындық кезеңі
Әдебиеттермен жұмыс. Курстық жұмыс таңдалған тақырып
бойынша қажетті, маңызды әдеби деректерді талдап, әдебиеттерге шолу
жасауды, мәселелердің жауаптарын анықтауды, мәселе тарихына қысқаша
тоқталуды, ғалымдардың мәселе жауаптарын салыстырмалы түрде
талдауды талап етеді. Әдебиеттерде тақырыпты ашуға керекті маңызды
материалдар, кейбір мәселелердің шешімдері болады. Таңдалған тақырып
бойынша әдебиеттерді оқудағы міндет ғалымдардың мәселені шешу әдіс –
тәсілдерімен, оның маңызымен, жауаптың дәстүрлі шешімдерден
айырмашылығымен, автордың дәлелді және дәлелдері аз пікірлерімен,
ұсыныстарымен танысу. Тақырып бойынша әдебиеттерді алдын ала талдау
ғылыми жұмыстың міндеттерінің жобасын тұжырымдауға мүмкіндік
береді.
Тақырыпты дұрыс және өз бетімен ашу үшін кітаппен жұмыс істей
білу керек.
Әдебиеттерді іздеу жұмыстары:
1. Іздейтін тақырыпты тұжырымдау.
2. Тақырыпты ашатын негізгі ұғымдарды анықтау.
3. Керекті құжаттардың шамасын белгілеу.
4.
Кітапханадағы жүйелі каталогте жұмыс істе
у.
5. Библиографиямен жұмыс.
6. Соңғы 5 жылда шыққан педагогикалық басылымдарды оқу.
7. Карточкалар жасау
8. Ұлттық кітапханалардағы басылымдарды қолдану.
9. Керекті әдебиеттер табылмағанда кітапханашыдан ақыл – кеңестер
алу.
Курстық жұмыстың сапасына тікелей әсер ететін керекті әдебиетті
табу өте қиын, маңызды жұмыс. Алдымен студент өз кітапханасындағы
әдебиеттермен, содан соң білім алып жатқан білім беру ұйымының
кітапханасындағы, басқа кітапханадағы әдебиеттерді оқиды.
Анықтама беретін әдебиеттер бөлімінде жұмыс істеуге уақыт
бөлген жөн. Алдымен зерттелетін тақырып бойынша қысқаша мәлімет,
негізгі әдебиеттер көрсетілген педагогикалық энциклопедияны оқыған
тиімді. Содан соң зерттеу әдістемесі туралы әдебиеттер оқылады.
Кітапхана қорларында бар кітаптардың тізімі жазылған карточкалар
жүйемен беріледі. Алфавиттік-пән бойынша жазылған кітаптар тізімі.
Жүйелі – бар, жаңа түскен әдебиеттер каталогтары. Тақырыптық
каталогтер - тақырып бойынша орналастырылған әдебиеттер тізімі.
Кітапқа тапсырыс беру үшін оның шифрін білу керек. Каталогтерден
алынған
әдебиет
туралы
мәліметтер
карточкаларға
жазылады.
13
Карточкаларды алфавит бойынша жүйелеп, әдебиеттер тізімін жазуға
болады. Жазбалар –материалды жинаудың және өңдеудің ең жақсы тәсілі,
ақыл – ой жұмысын ұйымдастырудың міндетті түрі.Іріктелеген
материалдарға ескертулер жазылады. Кітапты конспектілегенде ғалымның
пікірлерін, ұсыныстарын, әдістемесін бөлек карточкаларға жазып, топтап,
жүйелеуге болады. Кітаптағы мәліметтерді жеке парақтарға немесе
дәптердің ортасын сызып, бір жақ бөлігіне өз сөзімен де, тырнақшаға
алып, беттерін көрсетіп сөзбе – сөз көшіріп те жазуға болады. Студент
конспектілерін қолданып, сын – пікірлерін, қорытындыларын бір жүйеге
келтіреді, курстық жұмыстың жоспарын нақтыландырады.
Шолуда
курстық жұмыстың міндеттері және жоспарына сай кітаптың аннотациясы,
кіріспесі, соңғы сөздері, авторларының негізгі ойлары және ұсыныстары
жазылады. Сонымен шолуда әдеби деректердегі курстық жұмыстың
таңдаған мәселесінің жауаптары анықталады.
Кітап талдағанда қолданылатын етістіктер:
Автор
• баяндайды;
• хабардар етеді;
• талдайды;
• түсінеді;
• қарсы;
• келіседі;
• мынадай пікір
айтады;
• қосады;
• ұсынады;
• дәлелдейді;
• сілтеме жасайды;
• сұрақ қояды;
• болған
оқиғаларды
жазады;
• еске салады;
• сенеді;
• күдіктенеді;
• табады;
• жауап береді;
• атап көрсетеді;
• анықтайды;
• жазады;
• қайталайды;
• мақұлдайды;
• қорытындыға келеді;
• мәселені шешеді.
Мектеп оқулықтарын талдау үлгісі
1. Оқулық мұқабасының безендірілуі.
2. Оқулықтағы суреттер, оның сапасы.
3. Оқулықтағы білімдердің қазіргі талаптарға сәйкестігі, жаңалығы,
ғылымилығы.
4. Оқу ақпаратының жүйелілігі және мақсатқа сәйкестігі.
5. Ұлттық ерекшеліктерді ескеруі
6. Оқулықтағы білімдердің оқушылардың жас мүмкіндіктеріне сәйкестігі
7. Пәнішілік және пәнаралық байланыстар
8. Оқушыларды қызықтыратын, сезіміне әсер ететін, тартымды ақпараттар
9. Оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйенетін ақпараттар.
10. Оқушылардың өздік жұмыстары
11. Оқулықпен жұмысқа берілген нұсқаулар.
12. Дұрыс орындалған тапсырма үлгілері.
13. Оқушының білім, іскерлік, дағдыларын тексеруге арналған сұрақтар.
14. Оқулық мазмұнының оқушы қабілетін жан – жақты дамытуға ықпалы.
15. Мәтіндердегі проблемалық сұрақтар
16. Сұрақтар мен тапсырмалар
Достарыңызбен бөлісу: |