22
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Курстық жұмысты бағалауда келесі критерийлерді ұсынуға болады:
курстық жұмысты орындау және тапсыру уақытын сақтау;
курстық жұмыстың сыртқы түрі және безендірудің дұрыстығы;
курстық жұмыстың өзектілігін негіздеу;
зерттеудің сипаттамасын беруді түзету (мәселелер, нысан, пәні,
міндеттер және т.б.);
ұсынылған зерттеу тақырыбына жұмыс мазмұнының сәйкестігі;
зерттеу тақырыбын толық ашылуы;
зерттеу алдында қойылған барлық
міндеттің шешілуі мен аяқталуы;
теориялық және практикалық материалдың өзара байланысы, өзекті
статистикалық және фактологиялық материалды пайдалану;
мәтінде сілтемелер мен гиперсілтемелердің болуы;
илюстративті
материалдардың
безендірілу
дұрыстығы
мен
көрнекілігі;
қосымшалардың болуы және сапасы;
әдебиеттер тізімін рәсімдеу дұрыстығы;
теориялық талдау тереңдігі, берілген тақырыптың негізгі
мәселелерін талдау білігі, талқылау мәселелерінің және
көзқарасының негізгі түйіндерін білу және түсіну;
өмірмен, практикалық
жағынан жұмыспен байланыстыру;
қорытынды шығару білігі;
кіріспе
мен қорытындының сапасы;
қарастырылған мәселеге шығармашылық тәсілдеме, өзбетімен
баяндау, өз көзқарасын білдіру мен дәлелдеу білігі;
материалды баяндаудың қисындылығы және сауаттылығы, ғылыми
баяндау терминологиясын және стилін меңгеруі;
принциптік сипаттағы мазмұны қателердің болмауы;
жұмыстың теориялық және практикалық бағалылығы (қажетіне
қарай);
практикалық сынақ сипатының болуы және толықтылығы;
жұмысты рәсімдеу сапасы.
«Өте жақсы» бағасы
курстық жұмысқа қойылатын талаптар
сақталғанда және курстық жұмыс мезгілінде орындалғанда қойылады.
«Жақсы» бағасы
теориялық
(реферативті) бөлігі жоғары деңгейде
орындалып, зерттеушілік бөлігі мен қорытындысы толық дәлелденбегенде
қойылады.
«Қанағаттанарлық» бағасы курстық жұмысқа қойылатын талаптар
жартылай сақталғанда: мәселенің мәні толық ашылмағанда, жұмыстың
құрылымдық бөліктерінің бірі жоқ және жұмыс дұрыс емес
безендірілгенде қойылады.
23
«Қанағаттанарлықсыз» бағасы курстық жұмысқа қойылатын
талаптардың барлығы сақталмағанда, оның ішінде жұмыс бір немесе
бірнеше ақпарат көзінен көшірілген (Интернет желісін қоса алғанда), оны
жазуда қолданылған ақпарат көзі аз және ескірген, оқулықтар мен ғылыми-
көпшілік әдебиеттерді негізге алады, жұмыста ғылыми қағидасы
бұрмаланған болса қойылады.
24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аубакирова Р.Ж., Нұрбекова М.А.. Педагогикалық зерттеу әдістемесі.
Оқу құралы.-Астана, Фолиант, 2003. -112б.
2. Бережнова Е.В.. Требования к курсовым и дипломным работам по
педагогике. М,., 1999. 48 с.
3. Боброва А.Ф.и др.. Тематика курсових и дипломных работ по
педагогике. Орск., 1988.
4. Виноградова Н.А.. Методические рекомендации по выполнению
письменних работ. М., 1999. 62с.
5. Научные работы: Методика подготовки и оформления./ Авт – сост. И.Н.
Кузнецов. – 2 изд. Мн. 2000. -544 с.
6. Кузин Ф.А. Диссертация. Методика написания. Правила оформления.
Порядок защиты. –М: «Ось – 89», 2000. -320 с.
25
ҚОСЫМШАЛАР
1-қосымша
Курстық жұмысты орындаудың үлгі кестесі
№
р/с
Кезең атауы
Орындау мерзімі
1
Тақырыпты, курстық
жұмыс
құрылымын
анықтау. Әдебиеттерді таңдау және зерттеу.
Жетекшімен бірлесіп жоспар құру және келісу
2-ші курстың соңы
және 3-ші курстың
1-ші айы
2
Курстық жұмыстың жекелеген бөлімдері мен
тақырыптарымен
жұмыс,
оларды
жетекшілерімен талқылау. Әдебиеттер тізімін
даярлау
3-ші курстың
2,3,4-ші айлары
3
Жетекшіге
курстық
жұмыстың
алғашқы
нұсқасын
тапсыру.
Курстық
жұмысты
жетекшінің зерттеуі
3-ші курстың
6-шы айы
4
Жетекшінің
ескетулерін
жою.
Курстық
жұмысты безендіру
3-ші курстың
7-ші айы
5
Жетекшіге курстық жұмыстың соңғы нұсқасын
тапсыру
Қорғауға 1 апта
қалғанда
6
Курстық жұмысты қорғау
Сынақ
аптасы