6
Оқу жоспарының кеңес беруге бөлінген уақыты есебінен курстық
жұмысты орындау кезеңінде кеңес беру кестесі жасақталады. Ғылыми
жетекші студентке бірінші беретін ақыл кеңесінде курстық жұмыстың
тақырыбын анықтап, оны аяқтау мерзімін белгілейді. Ол айына 2 рет
студентке ақыл – кеңес ұйымдастырып, курстық жұмысты жазуға
көмектеседі. Жетекші жазылған курстық жұмысты мұқият тексеріп,
жазбаша пікірін жазған соң студент оны қорғауға әзірлейді. Талапқа сай
жазылған курстық жұмыстары оқытушылар мен студенттердің ғылыми –
практикалық конференцияларында, әдістемелік кеңес отырыстарында
тыңдалады.
Мазмұны бойынша курстық жұмыстар реферативтік, практикалық,
конструкторлық, технологиялық және тәжірибе-эксперименттік сипатта
болады. Курстық жұмыс баспа түрде 25 беттен кем емес болуы тиіс.
Курстық жұмысты орындау кезінде реферативтік сипатта болса, негізгі
бөлімдердің мазмұнын ашумен қатар, теория мен практика мәселелерінің
зерттелу деңгейін сипаттайтын жұмыстың теориялық бөлігіне көңіл аудару
қажет.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:
1. тақырыптың көкейтестілігі.
2. тақырып бойынша ғылыми, оқу - әдістемелік және мерзімді
басылымдарды оқу және талдау.
3. проблеманың тарихы мен практикадағы жағдайын мұғалімдердің озат
тәжірибесі мен студенттің өз тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу,
талдау.
4. өз бетімен зерттеу жүргізу: зерттеу объектісі мен одан таңдалған
салаға,
мақсат,
міндеттеріне,
әдістеріне
сипаттама
беру,
экспериментті талдау, сипаттау.
5. зерттеу нәтижелерін шығару, қорытындылар мен практикаға берілген
ұсыныстардың ғылымилығын негіздеу.
6. курстық жұмысты стандарт талаптарына сай безендіру
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттелетін
объектіні, оны зерттеу әдістерін таңдап алу керек. Педагогика ғылым және
практика салаларын зерттейді. «Мектепке дейінгі әрбиелеу және оқыту»
мамандығы студенттері «Мектеп жасына дейінгі педагогика, «Мектепке
дейінгі психология», «Жеке пән әдістемесі» бойынша зерттеу жұмыстарын
жүргізеді. «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттері «Бастауыш
мектеп педагогикасы», «Кіші жастағы оқушылар психологиясы»,
«Математиканы оқыту әдістемесі», «Ана тілін оқыту әдістемесі»
әдістемесінен курстық жұмыстарын орындайды. Мысалы зерттелетін
7
тақырып оқушыларды бейнелеу іс - әрекетімен байланысты болғанда
зерттеуші алуан әдістерді, пәнаралық байланысты қолданып, оқушыларды
ермексазбен жұмыс істеуге үйретіп, оқушылардың шығармашылық
жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырады. «Шетел тілі» бөлімінің
студенттері «Педагогика», «Психология», «Шетел тілін оқыту әдістемесі»
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен объект тәрбиешіге
проблема туғызып отырған құбылыс немесе процесс. Объектіні
тұжырымдау және зерттеу өте маңызды жұмыс. Объект дұрыс
белгіленбегенде зерттеуші басқа ғылым салалары объектісін зерттеуі
мүмкін. Зерттеу пәні немесе құралы объектідегі проблеманы шешуге
көмектеседі. Құрал мен таңдалған тақырып бір – біріне сәйкес келуі керек.
Тақырыпты нақтыландырған соң зерттеуші ғылымды дамытатын,
жаңа ғылыми заңдар ашатын, мәселені шешу жолдары туралы түрлі
болжамдар - гипотеза құрастырады.
Гипотезаны
педагогикалық
процестегі мәселе жауабы, жоба деп те анықтауға болады. Оны белгілі
әдіс- тәсілдермен мәселені шешуге болатындығы туралы жорамал деп те
айтуға болады. Бақылау арқылы жаңа құбылыс ашылып, оны бұрынғы
педагогикалық әдіс – тәсілдермен шешу мүмкін еместігі анықталған соң
тәжірибе барысында тиімсіздігі немесе мәселені шешуге көмектесетін,
тиімділігі айқындалатын жаңа әдіс – тәсілдер жобаланады. Гипотезада
мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті, оқушылардың іс - әрекетке
қатынасы, оның нәтижесі – білім, іскерлікті меңгеруі көрсетілу керек.
Зерттеуші гипотезаның проблеманы шешуіне көмектестіндігін
дәлелдеп, педагогикалық, баланың психологиясы және физиологиясы
туралы ғылыми білімдерге сүйенеді. Құрастырылған дәлелді гипотеза оны
эксперимент арқылы тексеруге, түзетуге, тиімдісін қолдануға жағдай
жасайды. Мысалы: «Егер оқытудың барлық кезеңінде деңгейлік
тапсырмалар қолданылса, онда оқушылардың оқу үлгерімі жақсарады».
Гипотезадан зерттеу мақсаты, міндеттері туындайды
Мақсат – зерттеу жұмысының қорытындысын санада жобалау.
Педагогикалық зерттеулердің мақсаты – педагогикалық процесс
қасиеттерін, құрылымын, бөліктерін, мақсат, мазмұн, әдістерін анықтау.
Зерттеу мақсаты – педагогикалық процестің бір бөлігінде жаңа
жетістіктерге жету, жаңа ғылыми білім, атап айтсақ әдістеме, модель,
өлшем, талап, негіз жасау. Педагогика тарихы бойынша курстық
жұмыстың мақсаты: дәуір ерекшелігін ашу, тәжірибені талдау, оны қазіргі
білім беру ұйымдарында қолдану мүмкіндіктері..
Зерттеу міндеттері курстық жұмыстың жалпы мақсатынан
туындайды және зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері болып есептеледі.
Шешілетін міндет 4-6 дан аспау керек.
Зерттеу міндеттері:
• анықтау;
• зерттеу;
• құрастыру;
• эксперимент арқылы тексеру.