Курс лекций для студентов мед вузов: учебное пособие для вузов. 2-е изд., испр и доп М.: Гэотар-медиа, 2005. 240 с



жүктеу 5,39 Mb.
бет10/20
Дата21.11.2018
өлшемі5,39 Mb.
#23185
түріКурс лекций
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Қажетті құрал – жабдықтар:

  1. УЖЖ (УВЧ) қондырғысы.

  2. Электрлік диполь.

  3. Термометрлер.

  4. Электролит және диэлектрик құйылған ыдыстар.

  5. Неон шамы.

  6. Өлшегіш линейка.




  • УЖЖ -30 қондырғысын жұмысқа дайындау :

1. Қондырғыны ток көзіне қосу керек.

2. Қондырғының басқару келесі ретпен жүргізіледі:

a) «Компенсатор напряжения» аустыру тетігін «Выкл» жағдайына келтіру керек.

b) «Мощность» аустыру тетігін «0» жағдайына келтіру керек.

3. «Компенсатор напряжения» аустыру тетігін «1» жағдайына келтіру керек.

4. «Контроль напряжения» пернесін басып тұрып, «Компенсатор напряжения» аустыру тетігін бұрау арқылы индикатордың тілі (стрелкасы) боялған аймақтың ортасында тұратындай кернеуді тандап алу керек.

5. Қондырғыны 1,5 минут қыздыру керек.

6. 1- тапсырманы орындау үшін «Мощность» аустыру тетігін «15 Вт», ал 2- тапсырманы орындау үшін «Мощность» аустыру тетігін «30 Вт» жағдайына келтіру керек.

7. Қондырғыны баптау үшін неон шамымен «Настройка» тетігін бұрау арқылы ең жоғарғы жарқырауды алуға болады.


  • Жұмыстың орындалу ретi:

1. Жоғарғы жиiлiктi электр өрiсiнiң кеңiстiкте таралуын зерттеу.

а) УЖЖ аппараттарының электродтарын дипольдық антена арасына сиятындай етiп, бiр-бiрiне параллель түрде орналастыру керек.

б) Дипольдық антенаны, сызғыштың ”0” белгiсiмен дәл келетiндей етiп, электродтардың ортасына орналастыру керек.

в) дипольды горизонталь жазықтық бетiмен жылжыта отырып, әр 2 см сайын миллиамперметрдiң көрсетуiн анықтап, алынған нәтижелердi 1-кестеге енгiзу керек.

г) дипольдi вертикаль жазықтық бетiмен жылжыта отырып, әр 2 см сайын микроамперметрдiң көрсетуiн анықтап, алынған нәтижелердi 1 кестеге енгiзу керек.

д) Зерттеу нәтижесi бойынша i=f(Lx) және i=f(Ly) тәуелдiлiк графигiн сал.

2. Жоғарғы жиiлiктi УЖЖ электр өрiсiнiң электролит пен диэлектрикке жылулық әсерiн зерттеу.

а) Сұйықтардың тәжiрибе алдындағы Т1 және

Т2 температураларын анықтап алу керек.

б) Электролит пен диэлектрлiк қасиеті бар

сұйықты УЖЖ қондырғысы

электродтарының ортасына орналастыру керек.

в) Әр 3-5 минут сайын температуралардың

өзгерiсiн бақылап, нәтижелердi

2 кестеге енгiзiу керек.

г) Зерттеу нәтижелерi бойынша Т=f(t)

тәуелдiлiк графигiн салу керек.

д) Т=f(t) графигiнен диэлектрик пен 2- сурет

электролиттердiң температураларының

уақытқа қатысты өзгерiсiн, яғни



температура градиентiн анықтау

керек (2- сурет).

е) Қорытынды жасау.

1 кесте




Горизонталь жазықтық

Вертикаль жазықтық




LX, (см)

I, (мкА)

LY, (см)

I, (мкА)

1

2

3



4

5

6



7












2 кесте




Уақыт t(мин)

Температура (Т), 0 С.







Диэлектрик

Электролит

1

2

3



4

5

6



7











6. Әдебиеттер:

1. Байзак Y.А., Құдабаев Қ.Ж. Медициналык биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялык практикум.-Алматы: Эверо, 2011

2. Көшенов Б. Медициналык биофизикадан зертханалык жумыстар: оку-әдістемелік құрал.-2 бас, өңделіп,толықтырылған.- Алматы: Эверо, 2010

3. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учеб. для вузов. -7е изд., стереотип.. -М.: Дрофа, 2007.

4. Антонов, В. Ф. Физика и биофизика : учебник. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2010. - 480 с.

5. Антонов В. Ф. Физика и биофизика : курс лекций для студентов мед. вузов: учебное пособие для вузов. -2-е изд., испр. и доп.. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. -240 с.



6.Тиманюк В. А. Биофизика : учебник для студентов фармацевтических и мед. вузов. -2-е изд. -К.: ИД "Профессионал", 2004.
7. Бақылау:

  • Тесттер:

1.УЖЖ-терапия деп ағза ұлпаларына жиілігі 30 дан 300 МГц-ке дейінгі ... әсер етуді айтады.

  1. айнымалы электр өрісімен

  2. электромагниттік өріспен

  3. магнит өрісімен

  4. айнымалы токпен

  5. импульсті токпен

2.УЖЖ өрісінің ағза ұлпаларына тигізетін физиологиялық әсері ...негізделген.

  1. молекулалар және иондарға айнымалы электр өрісінің әсер етуіне

  2. молекулалар және иондарға импульстік токтың әсер етуіне

  3. импульстік токтың пайда болуына

  4. электромагниттік өрістің энергиясын беруге

  5. иондардың концентрациясын азайтуға

3.УЖЖ өрісі ағзаға ... әсер береді.

  1. жылулық

  2. ынталандырушылық

  3. анестезиологиялық

  4. шоктық

  5. әлсіз қоздырушы

4.УЖЖ өрісінің диэлектрикке әсер еткенде бөлінетін жылу мөлшері өрістің тербеліс жиілігі ...

  1. артқан сайын тура пропорционал түрде артады.

  2. артқан сайын кемиді.

  3. жиілігі өзгерген сайын өзгермейді.

  4. кватратына пропорцонал түрде артады.

  5. кеміген сайын артады.

5.УЖЖ өрісінің интенсивтілігі өріс тудыратын көзден ...

  1. алыстаған сайын кемиді.

  2. алыстаған сайын артады.

  3. алыстаған сайын өзгермейді.

  4. өлшенетін нүкте аралығына тәуелді болмайды.

  5. үлкен мән алуға ұмтылады.

6.УЖЖ өрісінің бірдей жағдайда тұрған диэлектрикке және электролитке әсер еткенде …

  1. диэлектриктің температурасы электролитке қарағанда жылдам жоғарылайды.

  2. элекролиттің температурасы диэлектрикке қарағанда жылдам жоғарылайды.

  3. диэлектрик пен электролиттің температурасы бірдей өзгереді.

  4. диэлектриктің де, электролиттің де температурасы өзгермейді.

  5. диэлектриктің температурасы жоғарылайды, ал электролиттікі өзгермейді.

      1. Ультражоғары жиiлiктi электр өрiсiнiң кернеулiгiн 2 есе арттырған кезде электролиттен бөлiнетiн жылу мөлшерi ...

a) 4-есе артады.

    1. 4-есе кемидi.

    2. 3-есе артады.

    3. өзгермейдi.

    4. 6-есе кемидi.

8. Ультражоғары жиiлiктi электр өрiсiнiң кернеулiгiн 3 есе арттырған кезде электролиттен бөлiнетiн жылу мөлшерi ...

    1. 9-есе артады.

    2. 3-есе кемидi.

    3. 3-есе артады.

    4. өзгермейдi.

    5. 6-есе кемидi.

9. Ультражоғары жиiлiктi өрiстiң жиiлiгiн 10 есе арттырған кезде диэлектрлiк қасиеттер көрсететiн ағза ұлпаларынан бөлiнетiн жылу мөлшерi

    1. 10-есе кемидi.

    2. өзгермейдi.

    3. 100-есе артады.

    4. 10-есе артады.

    5. 5-есе кемидi.

      1. Ультражоғары жиiлiктi өрiстiң жиiлiгiн 10 есе арттырған кезде электролиттік қасиеттер көрсететiн, ағза ұлпаларынан бөлiнетiн жылу мөлшері ...

    1. өзгермейдi.

    2. 10-есе кемидi.

    3. 10-есе артады.

    4. 100-есе артады.

    5. 5-есе кемидi

10 Сабақ


1. Тақырыбы: №9 жұмыс. Поляриметр көмегімен оптикалық белсенді заттардың концентрациясын анықтау.
2. Мақсаты: Табиғи және поляризацияланған жарықтың кейбiр қасиеттерiн білу.
3. Оқыту мақсаты: Поляриметр құрылысымен танысу және оның көмегiмен оптикалық белсендi (активтi) заттардың концентрациясын анықтауды үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Табиғи және поляризацияланған жарықтың айырмашылығы неде?

2. Малюс заңы қалай өрнектеледі?

3. Поляриметрдің оптикалық құрлысы қандай бөліктерден тұрады?

4. Оптикалық – белсенді заттар дегеніміз не?

5.Поляриметр фармацияда не үшін қолданылады?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау.

  • Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:

1. П-161 поляриметрі.

2. Жарық көзі.

3. Кювета.

4. Концентрациясы белгілі қант ерітіндісі.

5. Концентрациясы белгісіз қант ерітіндісі


  • Қондырғының құрылысы:

1 Анализатор бөлiгi 2 Есептегiш лупа

3 Жалғағыш түтiк 4 Айна

5 Штатив 6 Кювета

7 Окуляр 8 Анализаторды айналдырғыш дөңгелек

9 Поляризатор бөлiгi 10 Көру түтiгi



1-сурет. 2-сурет.



Қондырғының анализатор бөлiгi (1) жарықты поляризациялаушы бөлiгiмен (9) жалғағыш түтiк (3) арқылы қосылған. Жалғағыш түтiкке ерiтiндiнi құятын ұзындығы 0,95 дм кювета (6) орналастырылады және оған айна (4) бекiтiлген. Окулярдың көмегiмен көру аймағының үшке бөлiнгенiн, ал оны бұрау арқылы оның кескiнiн анық көруге болады (2сурет). Поляриметр қондырғысы (3сурет) поляризатордан (4), қызғылт  сары түстi жарық (2) фильтрiнен, кварцты (5) пластинкадан тұрады.



3сурет. Поляриметрдiң оптикалық сызбасы.


1жарық көзi,

2жарық фильтрi,

3объектив,

4поляризатор

5кварцты пластинка,

6кювета,

7анализатор,

объектив,

9окуляр.
I. Лимба және нониус.

Оптикалық белсендi заттардың поляризация жазықтығын бұру бұрышы өте аз болғандықтан, бұл құралда өте кiшi бұрыштық шамаларды дәл өлшеу үшiн лимб және нониус қолданылады (4-сурет).



4-сурет.
Қозғалмайтын жоғарғы шкала лимб деп аталынады. Оның нөльдiк белгiсiнiң оң және сол жағы бiрдей 20 бөлiкке бөлiнген. Лимба шкаласының әр бөлiгiнiң құны 0-қа тең. Осы жазықтықта лимба шкаласымен шектесiп, оңға және солға қозғалатын төменгi шкала  нониус орналасқан. Оның нөльдiк белгiсiнiң екi жағы да бiрдей 10 бөлiкке бөлiнген. Нониус шкаласының әр бөлiгiнiң құны 0,10-қа тең.

Өлшенетiн бұрыштың таңбасы нониустың 0 белгiсiнiң орналасу жағдайына тәуелдi: егер нониустың 0 белгiсi лимба шкаласындағы 0 белгiнiң оң жағында орналасса, онда өлшенген бұрыш-оң, ал сол жағында орналасса-терiс таңбалы болады.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау