Жұмыстың орындалу ретi:
1. Iшiне тазартылған су немесе зерттелетiн сұйық құйылған кюветаны жалғағыш түтiкке орналастыр.
2. Айнадан шағылған жарық ағыны кювета арқылы өтетiн болсын. Оны көру түтiгi және окуляр арқылы бақыла.
3 . Айнаны бұрай отырып, окуляр арқылы көру аймағын мүмкiндiгiнше жарық анық етiп алғанда суреттегiдей кескiн көрiнуi тиiс.
5-сурет
4 Анализаторды айналдырғыш дөңгелектi бұрай отырып, 6-суреттегiдей көру аймағының жарықтылығы бiрдей кескiн ал.
немесе
6-сурет.
а) Поляриметрдiң нөльдiк санақ нүктесiн анықтау.
Бұл тапсырманы орындау үшiн бос немесе тазартылған сумен толтырылған кювета қолданылады. Көру аймағының жарықтылығын бiрдей етiп алған соң (6 сурет), лимба мен нониус ’’0’’ белгiлерiнiң аралығында, жоғарғы шкала бойынша қанша толық бөлiк бар екендiгiн анықтау керек 7сурет, ол 0 өлшенетiн бұрыштың толық бөлiгiн құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |