Курс лекций для студентов мед вузов: учебное пособие для вузов. 2-е изд., испр и доп М.: Гэотар-медиа, 2005. 240 с



жүктеу 5,39 Mb.
бет8/20
Дата21.11.2018
өлшемі5,39 Mb.
#23185
түріКурс лекций
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Ескерту!

Жұмыс аяқталғаннан кейін электродтарды ерітіндіде қалдыруға болмайды.

Электродтарды тазалау үшін үшкір заттар (скальпель, ине, пинцет және т.б) қолданылмайды.

Электродтарды сыртқы соққыдан бұзылуға алып келетін механикалық әсерден сақтау керек.



Электродарды қаныққан булы (қышқыл, негіз, күкіртті сутек) ортада сақтауға тыйым салынады.

  • Қысқаша теория.

Электроэнцефалография (ЭЭГ) – ми қабаттарының жұмыс істеу кезіндегі биоэлектрлік белсенділігін зерттейтін әдіс. Жүйке жасуша мембранасының тыныштық күйдегі потенциалы 60-70 мкВ. Зат алмасу баяулаған немесе тоқтаған кезде нейрондардың электрлік белсенділігі төмендейді, сонан соң толық тоқтайды. Бұл мидың клиникалық және биологиялық қызметінің толық тоқталғандығының көрсеткіші. Жекеленген нейрондардың деңгейінде өтетін электрлік үдерістерді, сол нейрондарға тікелей енгізілген микроэлектродтардың көмегімен тіркеуге болады. Сау адамның ЭЭГ – сында біріктірілген (синхронды) ми құрылымының жақсы ұйымдастырылған ырғақты тербелістері болады. Кәзіргі кезде мидың функционалдық белсенділігін реттеу, негізінен, бағаналық құрылымдармен және бірен-саран мидың алдыңғы преоптикалық аймағы арқылы орындалатындығы белгілі.

Осы құрылымдардың ішінде орталық мидың ретикулярлық формациясының деңгейінде, алдыңғы мидың преоптикалық ядросында, көпірдің төменгі жағындағы құрылуға кедергі жасайтын арнайы емес таламидтік ядроларында және сопақша мида белсенді жүйелер орналасқан.

Диффузиялық және механизмдер-дің ретикулярлық ұйымдастыры-луы және ми қыртысының екі жақты кескіні бұл жүйелерге ортақ болып табылады.

Сондықтан ми қыртысы бөлігінің жергілікті белсенділігі, барлық белсенді- тежеуші құрылымдар-дың үдерістерін және мидың барлық бөлігіне олардың әсерінің таралуын тудырады. Мидың биоэлектрлік белсенділігі туралы толық мәлімет алу үшін басқа тері бетіне қойылатын немесе инелі электродтарды мұқият орналастыру керек.

Бұл жағдайда электродтарды сагиталды сызыққа салыстырғанда симметриялығын қатаң сақтау керек. Электродтарды мидың барлық конвекситалды беттерінің негізгі бөлімдерінің (маңдай, еңбек, орталық, самай) үстіне бір-бірінен бірдей қашықтықта болатындай етіп орналастырады. Тәжірибелік медицинада электродтарды орналастырудың “10-20%” бүкіл әлемдік жүйесі қолданылады (сурет 1.6).

Электроэнцефалографияда шартты түрде монополярлы (референтті) және биполярлы деп бөлінетін екі тармақ қолданылады.

Монополярлы тармақ деп күшейткіштің бір кіріс ұстатқышына (клеммасына) мидың үстінде орналасқан электродтардың біреуінен электр потенциалы беріледі, ал екіншісіне мидан белгілі қашықтықтан орналасқан электродтан немесе кейбір жергілікті көзден алынған орташаланған потенциал беріледі. Мидың үстінде орналасқан электродты белсенді электрод деп атайды. Мидан белгілі қашықтықтан орналасқан электрод: селқос, референтті немесе индифферентті деп аталады.

Референтті электрод құлақтың ипсилаторлы бөлігінде, иекте немесе кейде мұрынға орналастырылады.

Референтті электродты дене бөлігінен қашық жерге орналастыру жүрек, бұлшықет және басқа электрлі белсенді ағзалар тарапынан өзгеріс тудырады. Электродтың мұрынға бекіту науқасқа ыңғайсыздық тудыратындықтан тек арнайы жағдайда ғана қолданылады. Кейбір жағдайларда референтті электрод ретінде құлаққа бір-бірімен қысқа тұйықталған екі электродтардан тұратын тармақ қойылады. Орташаланған референтті электрод ретінде науқастың басындағы бірдей жеткілікті дәрежедегі үлкен кедергілі яғни барлық электродтар өзара параллел жалғанған өткізгіш қолданылады.

Монополярлы тармақ мидың биоэлектрлік белсенділігін және оның жарты шарларының ассиметриясын дәл бағалауға мүмкіндік береді.



Биполярлы тармақ деп күшейткіштің оң және теріс кіріс ұстатқышына мидың үстіне орналасқан электродтарды қосатын тармақты айтады.

Сапалы электроэнцефалограмма жарық және дыбыс өткізбейтін бөлмеде түсірілген кезде алынады. Науқас көзі жұмулы, еркін күйде орындыққа отыруы керек. Алдымен «фондық» ЭЭГ жазылады, содан кейін әртүрлі (дыбыс және жарық түріндегі тітіркеніс, көздің ашық және жабық кезіндегі) ырғақтардың өзгерісі тест түрінде жазылады.

Кәзіргі кезде электроэнцефалограммалық тесттердің ең көп тараған түрі – гипервентиляция. Бұл кезде науқас 1-3 минут ішінде терең және ырғақты дем алады. ЭЭГ – ның жазылуы 3 минуттан кем болмау керек.

ЭЭГ – ның жазылуы кезінде зерттелудің мақсатына қарай дәрілік заттар енгізу арқылы фармакологиялық тесттерді қолдануға болады.

Жазылып алынған электроэнцефалограммаға қарап қорытынды жасау белгілі бір тәртіпке бағынады. Сондықтан олар үш кезеңге бөлінеді:

1. Науқас миының функционалдық күйін анықтау.

2. Мидағы биопотенциалдардың жергілікті өзгерісінің бар немесе жоқ екендігін көрсету.

З. ЭЭГ – дан ми қыртыстарымен қыртыс асты феномендарын бағалау.

ЭЭГ деп ми қабатындағы нейрондар белсенділік жиынын жазуды айтады.

Мидың нейродинамикасы жүйенің белсенділігі және үйлесімділігінің (синхронизация) өзара әсерімен анықталанатындығы дәлелденген.



Бірінші анатомиялық көрініс гипоталамус бөліктерінің шектеріне, көру дөңесіне және каудалдық бағанаға жайылады, оның қызметі мидың босаңсуы, ширақтығы және ұйқының күйімен анықталады. Екінші анатомиялық көрініс сергектік күйін қамтамасыз етеді және олар бағана бөліктерінің ұштарында орналасады.

Б

1.7. сурет

ерілген жүйелердің өзара байланысы мидың тиімді жұмыс істеуінің шартын береді. Оны электроэнцефалограмма деп атайды. (сурет. 1.7).



Еркін күйдегі науқас миының белсенділігі қалыпты жағдайда 3 негізгі ырғақ түрінде беріледі.

1
.8. сурет. α-ырғақ
α-ырғақ деп – жиілігі 8-13 Гц, амплитудасы 100 мкВ дейін болатын ырғақты синусойдалы модуляцияланған ұршыққа оралған жіп тәрізді тербелістерді айтады (сурет. 1.8). Олар көбінесе мидың артқы бөлігінде кездеседі. α-ырғақ науқас көзін ашқан кезде белсенділігін көрсетеді, ал жұмған кезде бастапқы қалпына келеді. (сурет. 1.9).





β - ырғақ деп – жоғары жиілігті (14-40 Гц), амплитудасы төмен (15 мкВ) мидың алдыңғы бөлігінде тіркелетін тербелістерді айтады (сурет. 1.10).

1.10. сурет. β – ырғақ


θ-ырғақ деп жиілігі 4-7 Гц, амплитудасы 50 мкВ- тан төмен маңдай тармағында тіркелетін жекеленген толқынды айтады.
жүктеу 5,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау