Курс лекций для студентов мед вузов: учебное пособие для вузов. 2-е изд., испр и доп М.: Гэотар-медиа, 2005. 240 с



жүктеу 5,39 Mb.
бет7/20
Дата21.11.2018
өлшемі5,39 Mb.
#23185
түріКурс лекций
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Жұмыстың орындалу реті:


І. ЖЕЛВЫД -ді өлшеу реті:

1. Дәрігерге қаралушы туралы мәліметтерді (жынысы, жасы, бойының ұзындығы) енгізіп, «ВВОД» пернесін басу керек.

2. Байқаудың түрін таңдау керек. Ол үшін «ЖЕЛ» пернесін басса, экранда спирограмма тұрғызуға арналған координаталық тор шығады.

3. Дәрігерге қаралушының мұрны қысқышпен қысылып, аузына салынған мүштік еріндерімен толық жабылғаннан кейін, байқау қалай жүргізілетіндігі туралы кеңес беру керек.

4. «Старт» пернесін басу керек. Дәрігерге қаралушыға бірқалыпты дем алуын бастауды ұсынып, экранға шығарылған спирограммаға қарай отырып тыныс алуды бақылау және қажет болса қосымша кеңес беру керек.

5. Ауа ағыны қабылдағышқа түскеннен кейін спирограмма тұрғызыла бастайды. З – 6 рет жай тыныс алғаннан кейін экранда ауа мөлшерінің есептелген мәні шығады. Содан кейін науқасқа «Баяу терең дем алыңыз» және «Баяу терең дем шығарыңыз» деп нұсқау беру керек. Содан кейін дәрігерге қаралушы еркін дем алады.

6. «Стоп» пернесін басу керек.

7. Егер бақылау дұрыс жасалса, онда «ВВОД» пернесін басу керек оның қорытындысы кстеде сақталады.

*Егер бақылаудың қорытындысы қанағаттандырмаса, онда «СТАРТ» пернесін басу арқылы бақылауды қайта жасау керек.

8. Экранға шығарылған бақылау қорытындысын баспадан шығару үшін «Печать» пернесін басу керек.



ІІ. ФЖЕЛ-ді өлшеу реті:

1. «ЖЕЛ» байқауын түсіріп болғаннан кейін «ФЖЕЛ» пернесін басса, экранда «ағын-көлем» тұзағын тұрғызуға арналған координаталық тор шығады.

2.Дәрігерге қаралушыға еркін дем алуға кеңес бергеннен кейін, «Старт» пернесін басу керек.

3. «2-5» рет еркін дем алғаннан кейін экранның төменгі жағында терең дем алу және дем шығару туралы ескерту шығады содан кейін дәрігерге қаралушыға «Терең дем ал және шұғыл дем шығар» деп нұсқау беру керек. Егер қондырғы зерттеуді дұрыс тіркесе, онда экранда зерттеудің сызбасы шығады.

4. Терең дем шығарғаннан кейін қондырғы автоматты түрде зерттеуді аяқтайды.

*Егер белгілі бір себептермен зерттеу орындалмаса, онда «Стоп» пернесін басу керек.

5. Егер тыныс алу дұрыс орындалса, зерттеу нәтижесін сақтау сақту үшін «Ввод» пернесін басу керек.

6. Экранға шығарылған бақылау қорытындысын баспадан шығару үшін «Печать» пернесін басу керек.



ІІІ. МВЛ-ді өлшеу реті:

1. «МВЛ» пернесін басса, экранда спирограмма тұрғызуға арналған координаталық тор шығады.

2.Дәрігерге қаралушыға терең жиі дем алуға кеңес бергеннен кейін, «Старт» пернесін басу керек.

3. 15 секундтан кейін қондырғы автоматты түрде зерттеуді аяқтайды. Экранда нәтиже пайда болғаннан кейін «Стоп» пернесін басу керек.

4. Егер тыныс алу дұрыс орындалса, зерттеу нәтижесін сақтау сақту үшін «Ввод» пернесін басу керек.

5. Экранға шығарылған бақылау қорытындысын баспадан шығару үшін «Печать» пернесін басу керек.



Барлық керекті өлшеулер жүргізіліп болғаннан кейін, өлшеу қорытындысы экранға шығарылыды (5 сурет).

  1. Бақылау түрінің атауы;

  2. Дәрігерге қаралушының реттік нөмірі және ол туралы мәліметтер (жынысы, жасы, бойы);

  3. Литрмен берілген ауа көлемінің шкаласы;

  4. Секундпен берілген уақыт шкаласы;

Зерттеу бойынша түсірілген график;

  1. Зерттеу күні;

  2. Зерттеу уақыты;

  3. П
    араметрлердің таблицасы (параметрлердің белгіленуі, өлшем бірлігі, өлшенген шама, нормативтік құжатқа сәйкес мүмкін болу керек шама, пайызбен берілген өлшенген шаманың мүмкін болу керек шамаға қатынасы).


ІҮ. Алынған нәтижелерді 1-кестедегі спирометрия кезінде анықталған қалыпты шамалармен салыстырып, қорытынды жасау керек.


  • Қысқаша теориялық мағлұмат.

Тынысалу деп – ағза жасушаларының қоршаған ортамен көмірқышқылгазы, оттегі және газ алмасуын айтады. Бұл кезде өкпе вентиляциясы, өкпеде газ алмасуы, қанның газды тасмалдауы және ұлпалардың тыныс алуы орын алады.

Өкпе вентиляциясы және газ алмасуынсыз тыныс алудың басқа фазаларын жоғарғы ыңғайлы жолмен қамтамасыз етуге болмайды. Бұл тыныс алудың жетіспеушілігін тудырады. Сондықтан өкпе вентиляциясы және газ алмасуды зерттеу, оттегінің парциалды қысымы және артерия, вена қан тамырларындағы көмірқышқылгазын анықтаумен бірге тыныс алу жетіспеушілігінің диогностикалық негізі болады.

Өкпе вентиляциясының ұлпа аралық тыныс алу қажеттілігі сәйкес тыныс алу жүйесін реттеуші келісілген жұмысын, өкпе паренхимасын, ауа өткізетін жолдардың күйін, тыныс алу бұлшықеттерін, кеуденің сүйек-бұлшықетті қаңқасын қамтамасыз етеді. Өкпе вентиляциясын тыныс алудың негзгі үдерісі деп қарастырады. Оның бұзылуы 3/4 жағдайда тыныс алудың жетіспеушілігін тудырады.

Өкпедегі газ алмасуы - белсенді альвеолдардың ауданының қосындысына, сурфактанттардың қасиетіне, өкпе паренхимасына, кіші қан айналу шеңберінің күйіне тәуелді болады.

Өкпе вентиляциясы қалыпты жағдайда тыныс алу бұлшықеттерінің ырғақты жиырылуы кезінде дем алумен дем шығару ырғақты алмасып тұратын екі фазалы үдеріс. Дем алған кезде альвеолдарда отрипательді қысым пайда болуынан атмосферадағы ауа өкпеге түсе бастайды. Дем алған кездегі ауаның көлемі және оның қозғалу жылдамдығы бұлшықеттердің жиырылу қабілетінің дамыумен, тыныс алу бұлшықеттері өндіретін күшінің шамасымен сонымен қатар тыныс алу жолдарындағы кедергілермен және өкпенің созылғыштығымен анықталады. Дем алудың соңында альвеолдардағы қысым атмосфералық қысыммен бірдей болғандықтан ауаның қозғалысы тоқталады.

Өкпе созылған кездегі жинақталған энергия қоры жәй тыныс алғанда селқос дем шығарылуын қамтамасыз етеді. Вентиляция күшейген кезде шығару бұлшықеттері іске қосылады. Дем шығару фазасында өкпеге серпімді ретракция әсерінен өндірілетін күш әсер етеді нәтижесінде альвеолдардағы қысым атмосфералық қысыммен артық болды. Сондықтан өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.

Ағзаның тұтынуына, сыртқы ортаның күйіне, тыныс алу жүйесінің күйіне байланысты вентиляцилық үдерістер әртүрлі пішінге ие бола алады. Қалыпты жағдайда жәй тыныс алған кезде ағзаның вентиляцилық мүмкіндіктерінің аздаған бөлігі ғана қатысады. Физикалық жүктеме және оның әсерінің артуы дем алудың терең және жиілеуімен сипатталатын тыныс алу үдерісін ең жоғарғы өкпе вентиляциясына (ЖӨВ) біртіндеп алып келеді.

Өкпенің вентиляциялық жетіспеушілігін тыныс алудың клиникалық қолдануын ескере отырып бағалау обструктивті және рестриктивті, аралас деп бөлінеді.

1. Өкпенің вентиляциясының обструктивті бұзылуы альвеолдарға түсетін ауа ағынының бұзылуына байланысты болады. Олар өкпеден тыс болатын себептердің (жоғарғы ауа өткізетін жолдардың деформациясы, көмекейдің патологиялық өзгерісі, бөгде заттар және т.б.) және өкпе мен бронхтың бір қатар патологиялық өзгерістерінің (бронхтың жазық бұлшықеттерінің жиырылуы, бронхтың шырышты қабатының қабынуы немесе ісуі, бронхта бөлінетін қақырықтың тұтқырлығы немесе мөлшерінің артуы, олардың деформациясы және т.б. себептер) әсерінен болуы мүмкін.

2. Рестриктивті бұзылу өкпедегі және өкпеден тыс факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Кең тараған өкпедегі себептерге өкпе ұлпаларының инфильтративті және қабыну кезіндегі өзгерістері , пневмосклероз, өкпенің фиброзы, отамалау әсерінен өкпе көлемінің кішірейюі, ателектаза немесе туыла біткен гипоплазия және т.б. жатады. Өкпеден тыс факторлардың ішінде рестриктивті бұзылудың дамуына плевраның патологиялық өзгерісі, пневмоторакс, көкірек жасушасының сүйек-бұлшықет аппаратының патологиялық өзгерісі, әртүрлі себептердің әсерінен диафрагманың қозғалғыштығының төмендеуі, іш құрылысының ауруы және ауыртушы әсер (болевой синдром) себепші болады. Тыныс алудың рестриктивті бұзылуы кіші қан айналу шеңберінде тоқырау пайда болуынан болатын жүрек қызметінің әлсіреуінен және басқа себептердің әсерінен пайда болуы мүмкін.

3. Бұзылудың аралас түрі әртүрлі себептердің бірігуінен пайда болады. Сондықтан кейде аурудың диагнозын анықтау кезінде қайсы бұзылу негізгі екенін анықтау қиынға түседі.

Кейде өкпенің қалыпты вентиляциялық қызметі кезінде тыныс алудың жетіспеушілігі тыныс алу үдерісінің басқа кезеңдеріндегі бұзылудың әсерінен дамуы мүмкін. Бұл жағдайда ФВД –ны зерттеу нақты диагностикалық мәлімет бере алмайды. Сондықтан тек өкпеде газ алмасудың диагностикасын жасап қоймай, қан айналу жүйесінің газды тасымалдауын және ұлпа аралық тыныс алуды зерттеу керек. Өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу дәрігерге қаралушының жағдайын кешенді бағалауға қолданылады.

Өкпенің вентиляциялық қызметін клиникалық бағалау науқастың тыныс алу түрлерін дұрыс орындаған кезде алынған нәтижелерді қалыпты шамалармен салыстырылуға негізделген. Қалыпты шамалар деп зертелетін түр үшін өкпенің қалыпты күйінің параметірлерін сипаттайтын шамаларды айтады. Қалыпты шамалардың мәні дәрігерге қаралушының жынысына, жасына, бойының ұзындығына және оның шығу тегіне байланысты болады. Ал балаларда қалыпты шамалар жынысы мен бойының ұзындығына қарағанда жасына аз дәрежеде байланысты болады.

Егер дәрігерге қаралушының зерттеу нәтижесі мүмкін болатын қалыпты шамадан 80%-ға артса, онда өкпенің вентиляциясының бұзылуы жоқ деп есептеледі.



Спирометрия – тыныс алу көлемін өлшейтін әдіс. Графикалық жолмен зерттеу нәтижелерін тіркеу арқылы алынған графикалық сызықты спирограмма деп атайды. Спирограммада абсцисса осіне уақыт, ал ордината осіне ауа көлемі салынады.

Тыныс алу кезінде өкпе-бронх жүйесіндегі ауа көлемі өзгереді. Бұл өзгерістерді спирометриялық қондырғы тіркеп, спирограмма түрінде береді. Қалапты спирограмманың негізгі элементтерін қарастырайық (6 сурет).

Бірнеше рет тыныс алған кездегі ауа көлемінің қосындысын сиымдылықты көрсеткіш деп атайды.

Тыныс алу көлемі (Дыхательный объём - ДО) деп тыныс алған кезде өкпеге түсетін ауа көлемін айтады.

Тыныштық күйде ересек адамның ДО-сы 500—800 мл құрайды.

Альвеолға жететін және газ алмасуға қатысатын ДО-ның бөлігін альвеолярлы көлем (альвеолярным объёмом -АО) - деп атайды. Қалыпты жағдайда АО, ДО-ның 60-70% құрайды. Ал ДО-ның қалған бөлігі өлі аймақтың қызметі (функционального мёртвого пространства -ФМП) - деп аталады. АО мен ФМП –ны тікелей спирометриялық әдіспен өлшеу мүмкін емес, сондықтан олар үшін газдарды еріту әдісі қолданады.



Тыныс алу жиілігі (Частота дыхания -ЧД) - деп бір минут ішінде науқастың тыныс алу циклының санын айтады.

Тыныс алудың минуттық көлемі (Минутный объём дыхания -МОД) немесе өкпенің минуттық вентиляциясы (МВЛ — минутная вентиляция лёгких) МОД = ЧД*ДО формуласымен есептелінеді.

Минуттық альвеолярлы вентиляцияны (минутную альвеолярную вентиляцию МАВ) егер АО белгілі болса, МАВ = ЧД *АО формуласымен анықталады.

МАВ және МОД ағзаның энергетикалық алмасуға қажеттілігімен анықталады. Тыныс алу жүйесінің белгілі бір дәрежеде резервті мүмкіндігі болғандықтан ДО, ЧД, МОД тыныштық күйде берілген қалыпты шамамен салыстырғанда азырақ төмендейді. МОД –тың алмасудың қажеттілігінен артық болу жағдайын гипервентиляция, ал кемуін гиповентиляция деп атайды. Осыған ұқсас альвеолярлы гипервентиляция және гиповентиляция күйлері қарастырылуы мүмкін.

Дем алу және дем шығарудың резервті көлемі (Резервные объёмы вдоха и выдоха - РОВД и РОВЫД) — деп дәрігерге қаралушының тыныш дем алған немесе демді шығарғаннан кейін сәйкес қосымша дем алатын немесе демді шығаратын ең көп ауа көлемін айтады.

Дем алудың сиымдылығы (Ёмкость вдоха - ЕВД) ДО және РОВД қосындысына тең болады және терең тыныш дем алған кездегі ауа көлеміне сәйкес келеді. болады.

Дем алған кездегі өкпенің өмірлік сиымдылығы (Жизненная ёмкость лёгких - ЖЕЛ) – деп ДО және РО дем алу және дем шығарудың қосындысын айтады. Басқаша ЖЕЛ – деп дәрігерге қаралушының ең үлкен дем шығарғаннан кейінгі дем алғандағы ең көп ауа көлемімен дем алу мүмкіндігі.

Өкпенің қалдық көлемі (Остаточный объём лёгких - ООЛ) – деп толық дем шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауа көлемін айтады.

Өкпенің жалпы сиымдылығы (Общая ёмкость лёгких - ОЕЛ) – деп ЖЕЛ мен ООЛ – қосындысына тең шаманы айтады. ООЛ – жастарда 25-30%, ал ересектерде 35% құрайды.

Өкпенің функционалдық қалдық сиымдылығы (Функциональная остаточная ёмкость лёгких - ФОЕ) – деп жәй дем шығарғаннан кейінгі өкпеде қалған ауа көлемін айтады. Ол ФОЕ = ООЛ + РОВЫД формуласымен анықталады.

Спирометрия кезінде анықталатын параметрлер (1-кесте):


Параметрлер

Фзиологиялық ауытқулардың шегі

ДО

Тыныс алу көлемі (Дыхательный объем)

0,05-2,5 л

ЧД

Тыныс алу жиілігі (Частота дыхания)

минутына 8-80

МОД

Тыныс алудың минуттық көлемі (Минутный объем дыхания)

1,5-12 л

Тt

Тыныс алу циклының ұзақтығы (Длительность дыхательного цикла)

0,75-7,5 с

ЖЕЛВД

Дем алған кездегі өкпенің өмірлік сиымдылығы (Жизненная емкость легких на вдохе)

0,5-8,0 л

ЖЕЛВЫД

Дем шығарған кездегі өкпенің өмірлік сиымдылығы (Жизненная емкость легких на выдохе)

0,5-8,0 л

РОВЫД

Резервті дем шығару көлемі (Резервный объем выдоха)

0,1-1,5 л

РОВД

Резервті дем алу көлемі (Резервный объем вдоха)

0,1-3,5 л

ЕВД

Дем алу сиымдылығы (Емкость вдоха)

0,2-5,0 л

ФЖЕЛ

Өкпенің жылдамдатылған өмірлік сиымдылығы (Форсированная жизненная емкость легких)

0,5-8,0 л

МВЛ

Өкпенің ең үлкен вентиляциясы (Максимальная вентиляция легких)

5-200 л

ОЕЛ = ЖЕЛ+ООЛ

ЖЕЛ = ДО + РОвд + РОвыд

ЖЕЛ = Евд + РОвыд

Евд = ДО+РОвд

МОД = ДО*ЧД


Ағзадағы алмасудың деңгейі артқан кезде тыныс алу көлемі және тыныс алу жиілігі артады. Ағзаның 1 минут ішінде вентиляциялайтын ең көп ауа көлемін өкпенің ең үлкен вентиляциясы (максимальной вентиляции лёгких- МВЛ) – деп атайды. МВЛ = ДОмакс * ЧДмакс.
6. Әдебиеттер:

  1. Кошенов Б. Медициналық биофизика: оқулық – Алматы, 2008.

  2. Антонов В.Ф. и др. Биофизика.- М.- 2000.

  3. Тиманюк В.А., Животова Е.Н. Биофизика.- У.- 2004.

  4. Корнеев Ю.А. и др. Мед. и био. физика. – Новгород – 2001.

  5. Ремизов А.Н. Курс физики, электрон. и киберн. для медицинских институтов. -М. -1982

  6. Ливенцев Н.М. Курс физики. - М.-1978.- изд-е 6. - Т. 1,2.

  7. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика. - М. -1987.

8 Сабақ


1.Тақырыбы: №7 жұмыс. Электроэнцефалографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі. Электроэнцефалография.
2. Мақсаты: Студенттерді мидың биоэлектрлік белсенділігін тіркеу үшін диагностикада, нейрофизиологиялық зерттеулерде қолданылатын электро-энцефалографтың құрылысы және жұмыс істеу принципімен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: Ми тудырған электр өрісінің потенциалын тіркеу және талдау, жүйке жүйелерінің потологиялық өзгерісін бағалау үшін қажет.Әртүрлі соққы, жарақат алған кезде, психикалық өзгерістерде, ұйқы бұзылған жағдайларда, эпилепсияда, әрілерден кейінгі және соған дейінгі мидың функционалдық өзгерістерін бағалау үшін электроэнцефолография әдісі қолданылады.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Студент білуі қажет:

    1. Электр өрісі дегеніміз не, оның сипаттамалары, өлшем бірліктерін.

    2. Тербелістер дегеніміз не, оның сипаттамалары, өлшем бірліктерін.

    3. Электроэнцефолография дегеніміз не, оны қалай тіркейтіндігін.

  • Студент меңгеруі қажет:

  1. ЭЭГ тіркеу кезінде электродтар адам басына қалай орналастырыла-дығын.

  2. ЭЭГ көрудегі қиыншылықтарды.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар


  • Электроэнцефалографты жұмысқа дайындау.

Науқастың денесіне электродтарды орнатар алдында оларды химиялық жолмен залалсыздандыру керек. Ол үшін электродтарды 80 минут бойы концентрациясы – 3% сутегінің асқын тотығына (перекись водорода) немесе 30 минут бойы концентрациясы – 1% хлорамин ерітіндісіне батырады. Науқастың басына қойылатын электродтарды ұстап тұратын торлы шлем 1% хлорамин ерітіндісіне батырылған бөз салфеткамен екі рет (әр сүртілу арасы 15 минут) сүртілуі керек. Электродтарды орнатар алдында науқас денесінің электрод орнатылатын жерін Никифоров қоспасымен (1:1 қатынастағы этил спирті мен эфир) сүрту керек.

  • Жұмыстың орындалу реті.

Бағдарламаны іске қосу, ЭЭГ жазу және жұмысты аяқтау:

1. “Нейрон-Спектр” бағдарламасын іске қосу үшін тышқанмен есептер тақтасындағы Пуск батырмасын басу керек. Одан «Программы → НейроСофт → Нейрон-Спектр» команда мәзірін таңдап алу керек.

Бағдарлама жүктелген кезде (сурет. 1.1). оның негізгі терезесі көрінеді. Оның жоғарғы жолында «Обследование, Протокол, Вид, Настройка, Окно, ?» мәзір, ал төмен жағында саймандар тақтасы орналасқан. Терезенің астында жағдай жолы орналасқан.

Бағдарламаны басқару мәзір командалары арқылы орындалады. Көбінесе жиі қолданылатын мәзір команда-лары саймандар тақтасындағы батырмалардың қызметін қайталайды.

3. Саймандар тақтасын тышқанның көмегімен экранның жоғарғы жағына немесе жаңа орындарға орналастыруға болады. Ол үшін тақтаны қозғалтуға мүмкіндік беретін белгіні тышқан көрсеткішімен іліп алып жаңа орынға жылжытып қоюға болады.

4. Бағдарлама барлық іс-әрекетке түсініктеме беретін анықтамалық жүйемен қамтамасыз етілген. Түсініксіз сұрақ туындаған жағдайда [F1] пернесін немесе “Справка” батырмасын басу арқылы анықтамалық ақпараттарды шақыруға болады.



5. ЭЭГ –ны тіркеу кезінде бағдарлама компьютердің орталық жүйелік қорабын және қосалқы жүйелік бөліктерін белсенді қолданатындықтан басқа бағдарламаларды қосуға рұқсат етілмейді.

6. Бірінші рет келген науқастың электроэнцефалограммасын жазу үшін мәзірден «Обследование → Новое → Новый пациент» командасын таңдап, саймандар тақтасынан сәйкес батырманы басу керек . Сол кезде «Создание карточки пациента» деген сұхбаттасу терезесі пайда болады (сурет 1.2.).

1.2. - суретіндегі «Общие» деген бетке науқас туралы мәліметтер енгізіледі. «Картотека» деген жолда науқастың жаңа сырқат кітапшасы түзіледі. Егер беріген картотека ұнамаса, онда «Выбрать» батырмасын басу арқылы басқа картотека түзуге болады.



Картотекаға науқастың аты-жөнін, жынысын, туған жылын, дәрігерлік бөлімнің атын енгізу керек.

«Диагноз» деген жерге алдын-ала қойылған диагнозын енгізу керек. «Стандартные диагнозы» деген батырманы басу арқылы қалыпты диагноздардан таңдап алуға болады (сурет 1.2.).

Ескерту: дәрігерлік бөлімнің атын, науқастың диагнозын енгізу міндетті емес.

«Дополнительно» деген бетке науқас туралы қосымша мәліметтер енгізіледі (сурет 1.3.).

Ең соңында сырқат кітапшасы толтырылғаннан кейін «ОК» батырмасын басу керек.



7. Егер деректер қорында науқастың сырқат кітапшасы бар болса, онда картотекадан «Обследование → Новое → Пациент» командасын пайдаланады. Экранда «Выбор карточки пациента» деген сұхбаттасу терезесі пайда болады. (сурет 1.4.). Науқастың сырқат кітапшасын таңдағаннан кейін «ОК» батырмасын басу керек.
8. Электродтарды қосу.

8.1 Зерттеу алдында электродтарды 5-10 минут ішінде 0,9%-натрий-хлор (физ. раствор) ертіндісінде ұстау керек.

8.2 Тармақтар жиынын қондырғының кіріс бөлігіне қосу керек.

8.3 Науқастың басына электродтарды шлем торды қолдану арқылы (1.5. сурет) орнату керек.

8.4 Мидың биоэлектрлік белсенді күйін дәл сипаттау үшін электродтарды дұрыс орнату керек. Бұл жағдайда электродтардың сагиталды сызыққа салыстырғанда симметриялы орналасуын қатаң сақтау керек. Яғни электродтар мидың барлық конвекситальды беттерінің негізгі бөлімдерінің (маңдай, еңбек, орталық, самай) үстіне бір-бірінен бірдей қашықтықта болатындай етіп орналастырады. Тәжірибелік медицинада электродтарды орналастырудың “10-20%” бүкіл әлемдік жүйесі қолданылады (1.6. сурет).

8.5. Электродтарға тармақтар жиынын қосу керек.

9. Мидың биоэлектрлік потенциалын жазу реті:

9.1. Саймандар тақтасынан (СТ) «Мониторинг» батырмасын немесе F9 пернесін басу керек.

9.2. Содан кейін саймандар тақтасындағы «жазу- запись» батырмасын басып, оң жақтағы тақтадан қоздырудың түрлерін: ФЗ - фон арқылы жазу (фоновая запись), ОГ- көз ашық кзіндегі жазу (открытые глаза), ЗГ- көз жұмулы кзіндегі жазу (закрытые глаза), ГВ – терең 5-6 рет дем алып-дем шығарған кездегі жазу (глубокий вдох-выдох, примерно 5-6 вдохов-выдохов) – ФТ – (фото қоздыру арқылы жазу – бұл кезде индикатор шамы өшіп-жанады) әр 10 сек сайын таңдау арқылы жазып алу керек.

9.3. Жазуды аяқтау үшін саймандар тақтасынан «Стоп» батырмасын немесе Esc пернесін басу керек.

9.4. Жазылған энцефалограмманы баспаға шығару үшін саймандар тақтасынан алдымен «Предварительный просмотр» батырмасын басып көріп алғаннан кейін «Печать» батырмасын басу керек.

10. Жұмысты аяқтау үшін мынандай үш әдіс қолданылады:

• «Обследование» мәзірінен «Выход» командасын шақыру керек.

lt+F4] пернелер комбинациясын басу керек.

• тышқанмен сол жақ батырмасын терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «х» белгісіне қойып басқанда бағдарлама жабылады.

11. Жұмыс аяқталғаннан кейін электродтарды ажыратып тазартылған сумен жуып, кептіріп орнына қою керек.



жүктеу 5,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау