Курс лекций для студентов мед вузов: учебное пособие для вузов. 2-е изд., испр и доп М.: Гэотар-медиа, 2005. 240 с


Білім берудің және оқытудың әдістері



жүктеу 5,39 Mb.
бет6/20
Дата21.11.2018
өлшемі5,39 Mb.
#23185
түріКурс лекций
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау


  • Жұмыстың орындалу ретi:

I- бөлім

I. Фотометрді жұмысқа дайындау.

1. Фотометр қондырғысын ток көзіне қосу үшін, «Сеть» тетігін басу керек;

2. Қондырғының жұмысқа дайындығы автоматты түрде орындалады:

  • Индикатор шамы жанып, экранда “Прогрев прибора” деген жазу және кері саналатын уақыт көрсетіледі:

  • 10 минут өткеннен кейін фотометрдің жұмысқа дайындығы туралы сигнал беріліп индикаторда «Готов к работе, Введите режим» - деген жазу шығады.

II. Ертіндідегі заттың концентрациясын анықтау:

Ертіндідегі заттың концентрациясын анықтау мына ретпен жүргізіледі:

1. Толқын ұзындығын таңдау;

2. Ертіндінің оптикалық тығыздығын анықтау;

3. F - факторизация коэффициентінің мәнін анықтау;

1.Толқын ұзындығын таңдау.

1.1. Толқын ұзындығын реттейтін тетік арқылы керекті өлшенетін толқын ұзындығын таңдап алу керек;

1.2. Таңдап алынған кюветалардың біреуіне тазартылған су және берілген ертінділердің ішінен түсінің бояуы орташа ертіндіні құю керек;

1.3. Кювета бөлігінің артқы ұяшығына тазартылған су құйылған кюветаны ал ертіндіні құйылған кюветаны алдыңғы ұяшығына орналастыру керек;

1.4. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны тазартылған суы бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек;

1.5. Кювета бөлігінің қақпағын жабу керек;

1.6. (“D”) – пернесін бсқанда «А – Оптическая плотность» - өлшеу режимін таңдау керек;

1.7. “ #”- пернесін басқанда индикаторда “Градуировка” жазуы пайда болады;

1.8. 3-5 с кейін “Измерение”, A =0,000 0,002”) деген жазу шығады;

1.9. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны зерттелінетін сұйық бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек.Сонда индикаторда зерттелінетін сұйықтың оптикалық тығыздығының мәні шығады;



1.10. Өлшеуді толқын ұзындығының () мәнін өзгерте отырып, оптикалық тығыздықтың (А) мәні ең үлкен мәнге жеткенше жалғастыру керек;

1.11. Алынған нәтижені 1- кестеге енгізу керек;


1-кесте.


Толқын ұзындығы , нм






















Оптикалық тығыздық, А






















1.12. Кестеден оптикалық тығыздықтың ең үлкен мәнiне сәйкес келетін толқын ұзындығың таңдап алу керек.

2. Еретіндінін оптикалық тығыздығын анықтау.

2.1. Таңдап алынған толқын ұзындығына үшін концентрациясы белгілі бiрінші ертiндiні кюветаға құйып, 1.1.-1.9. пункттерге сәйкес оптикалық тығыздығын анықтау керек.

2.2. Қалған ерітінділер үшін 2.1. пунктін қайталау керек.

2.3. Алынған нәтижені 2- кестеге енгізу керек.



2- кесте

Таңдалып алынған толқын ұзындығы , нм

Ерiтiндiнiң концентрациясы С, %






















Оптикалық тығыздық, А



















2.4. Кестеден концентрацияның орташа мәнiне сәйкес келетін оптикалық тығыздықты таңдап алу керек.

2.5. Кф – факторизация коэффициентін тандап алынған орташа мәнге сәйкес анықтау керек: .

II- бөлім.

ІІІ. Фактор бойынша ертіндідегі заттың концентрациясын өлшеу.

1.1. Фотометрді I- бөлімдегі 1- 2 пункті бойынша жұмысқа дайындау керек;

1.2. “D”- режим таңдау пернесі арқылы «Сф – Концентрация по фактору» өлшеу режимн таңдау керек;

1.3. “В” – пернесін басқанда индикаторда “Введите” Кф = 0.000” жазуы пайда болады. Бұл кезде курсор Кф – мәнінің бірінші разрядында тұрады.

1.4. “В” (курсорды оңға) және “А” (курсорды солға) пернелерінің көмегімен 1-ші бөлемдігі Кф-мәнін енгізуге болады.

Ескерту: Егер Кф – мәнін таңдау кезінде қателік жіберілсе, онда курсорды қажетті сан пернесіне апарып, қайта басу керек.

1.5. Таңдап алынған кюветалардың біреуіне тазартылған су және зерттелетін ертіндіні құю керек.

1.6. Кювета бөлігінің артқы ұяшығына тазартылған су құйылған кюветаны ал ертіндіні құйылған кюветаны алдыңғы ұяшығына орналастыру керек.

1.7. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны тазартылған суы бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек.

1.8. Кювета бөлігінің қақпағын жабу керек.

1.9. «D» – пернесін басу арқылы «Сф – Концентрация по фактору» - өлшеу режимін таңдау керек.

1.10. “ #”- пернесін басқанда индикаторда “Градуировка” жазуы шығады.

1.11. 3-5 с кейін «Измерение, Сф =0.000 0.002» деген жазу шығады.

1.12. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны зерттелінетін сұйық бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек. Сонда индикаторда зерттелінетін сұйықтың концентрациясының (Сф) мәні шығады.

1.13. «D» – пернесін басу арқылы «А – Оптическая плотность» - өлшеу режимін таңдау керек.

1.14. “ #”- пернесін басқанда индикаторда “Градуировка” жазуы шығады.

1.15. 3-5 с кейін “Измерение”, A =0,000 0,002”) деген жазу шығады.

1.16. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны зерттелінетін сұйық бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек. Сонда индикаторда зерттелінетін сұйықтың оптикалық тығыздығының мәні шығады.

1.17. Қалған ертінділер үшін 1.5. – 1.16. пунктін қайталау керек.

1.18. Алынған нәтижені 3- кестеге енгізу керек;

3 - кесте



Таңдапып алынған толқын ұзындығы , нм

Ерiтiндiнiң реттік №






















Ерiтiндiнiң концентрациясы Сф %






















Оптикалық тығыздық, А



















    1. Оптикалық тығыздықтың концентрацияға тәуелді сызбасын A=f(Cф) салу керек.


6. Әдебиеттер:

1. Байзак Y.А., Құдабаев Қ.Ж. Медициналык биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялык практикум.-Алматы: Эверо, 2011

2. Көшенов Б. Медициналык биофизикадан зертханалык жумыстар: оку-әдістемелік құрал.-2 бас, өңделіп,толықтырылған.- Алматы: Эверо, 2010

3. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учеб. для вузов. -7е изд., стереотип.. -М.: Дрофа, 2007.

4. Антонов, В. Ф. Физика и биофизика : учебник. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2010. - 480 с.

5. Антонов В. Ф. Физика и биофизика : курс лекций для студентов мед. вузов: учебное пособие для вузов. -2-е изд., испр. и доп.. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. -240 с.

6.Тиманюк В. А. Биофизика : учебник для студентов фармацевтических и мед. вузов. -2-е изд. -К.: ИД "Профессионал", 2004.
7.Бақылау:


  • Сұрақтар

1. Жарықтың жұтылуы дегеніміз не?

2. Бугер-Ламберт-Бер бiрiккен заңы қалай өрнектеледі?

3. Өткiзу және жұтылу коэффициентi дегеніміз не?

4. Ертiндiнiң оптикалық тығыздығы деп нені айтамыз.

5. Жұтылу көрсеткiшi толқын ұзындығы мен дене күйiне қалай байланысты болады?


  • Тесттер

1. Жарықтың жұтылуы деп ... айтады.

a) кез-келген орта арқылы өткен сәуле интенсивтiлiгiнiң кемуiн

b) екi ортаның шекарасы арқылы өткен жарық сәулесiнiң сынуын

c) жазық поляризацияланған сәуле жазықтығының бұрылуын

d) кез келген орта арқылы өткен сәуле интенсивтiлiгiнiң күшеюiн

e) электромагниттi толқын жиiлiгiнiң артуына сәйкес орта сыну көрсеткiшiнiң ұлғаюын

2. Жарықтың жұтылуы Бугер-Ламберт-Бер заңына сәйкес ... өрнегімен анықталады.

a) IL=Iо*e (-k*c*L)

b) Iо= IL *e 2(-k*c)

c) Iо= IL *e 2(c*L)

d) IL =Iо*e (k*c*L)

e) IL =Iо*10 (k*c*L)

3. Жарықтың жұтылуы сан жағынан өткiзу коэффициентi Т және оптикалық тығыздық D деген шамалардың қатынасымен ... түрінде сипатталады.

a) T= IL /Iо; D=lg(1/T).

b) T=Iо/ IL; D=ln(1/T).

c) T=Iо/ IL; D=lg(1/T).

d) T= IL /Iо; D=lg(T).

e) T= IL /Iо; D=ln(T).

4. Ерітiндi концентрациясын фотоколориметрлiк әдiс арқылы анықтау үшiн ... тәуелдiлiк графигiн пайдаланады.

a) оптикалық тығыздықтың ертiндi концентрациясына

b) оптикалық тығыздықтың толқын ұзындығына

c) өткiзу коэффициентiнiң толқын ұзындығына

d) оптикалық тығыздықтың сұйық қабаты қалыңдығына

e) оптикалықтығыздықтың өткiзу коэффициентiне

5. Жұтылу спектрi деп ... тәуелдiлiк графигiн айтады.

a) ерітiндi оптикалық тығыздығының түскен жарық толқын ұзындығына

b) дене сыну көрсеткiшiнiң электромагниттiк толқын

c) электромагниттiк толқын интенсивтiлiгiнiң жұтылу қабатының қалыңдығына d) ерітiндi оптикалық тығыздығының сол ертiндi арқылы өткен электромагниттiк толқынның интенсивтiлiгiне

e) ертiндiнiң өткiзу коэффициентiнiң сол ертiндi қалыңдығына 0

6. Ертiндiнiң концентрациясы 3 есе көбейсе, сол ертiндiнiң оптикалық тығыздығы ...

a) 3 есе көбейедi.

b) 6 есе көбейедi.

c) 3 есе азаяды.

d) 6 есе азаяды.

e) 9 есе көбейедi.

7. Жарық зат арқылы өткен кезде, ол ... тербелiске түсiредi.

a) атомдардағы электрондарды

b) тор iшiндегi еркiн электрондарды

c) тор түйiндерiндегi терiс иондарды

d) оң иондарды.

e) теріс иондарды

8. Жарықтың жұтылуы деп кез-келген заттар арқылы өткендегi ... айтады.

a) интенсивтiлiгiнiң кемуiн

b) энергиясының артуын

c) тербелiс жиiлiгiнiң артуын

d) заттардың тығыздығына әсерiн

e) заттардың электрлiк кедергiлерiнiң кемуiн

9. Т=IL/I0 қатынасымен анықталатын шаманы ... деп атайды.

a) өткiзу коэффициентi

b) жұтылудың монохроматтық көрсеткiшi

c) жұтылу коэффициентi

d) әлсiреу коэффициентi

e) жұтылудың когеренттiк көрсеткiшi

10. D=lg(1/T) қатынасымен анықталатын шаманы ... деп аталады.

a) ерiтiндiнiң оптикалық тығыздығы

b) жұтылу коэффициентi

c) жұтылу көрсеткiшi

d) ерiтiндiнiң тығыздығы

e) ерiтiндiнiң концентрациясы

7 Сабақ.


1. Тақырыбы: №6 жұмыс. Спирометр құралы арқылы берілген функционалды зерттеулерді тіркеу және талдау.
2. Мақсаты: Студенттерді өкпе ауруларының табиғатын зертеуге, сыртқы тыныс алу қызметін өлшеуге арналған аспап, «Спиро С-100» спирометрінің құрылысын және жұмыс істеу принципін үйрету.
3. Оқыту мақсаты: Әртүрлі медициналық мамандықтарда тыныс алу жүйесінің қызметін зерттеу маңызды мәселе болып келеді. Зерттеу нәтижелері бронх-өкпе жүйесіндегі ауытқуларды дер кезінде байқап, науқастың жағдайын, аурудың деңгейін, оның өзгерісін нақты бағалауға және емдеу жолдарын дұрыс таңдап алуға мүмкіндік береді. Өкпедегі ауа ағысының айналымын зерттемей анестезиологиялық іс-әрекетті дұрыс таңдап алу мүмкін емес.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Студентің біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. «Спиро С-100» спирометрінің құрылысын және жұмыс істеу принципін».

  2. Зерттеудің жаңа әдістерін.

  • Студентің меңгеріп келуге тиісті дағдылары:

  1. Науқасты зерттеуге дайындауды.

  2. «Спиро С-100» спирометрімен дұрыс жұмыс істей алуды.

  3. Зерттеу нәтижелерін дұрыс талдай алуды.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар


  • Қондырғының құрылысы:

1.Спирометрдің басқару бөліктері.

2
. Спирометр пернелерінің атқаратын қызметі.

1) «Питание» пернесі - спирометрді іске қосады және өшіреді. Өшіру үшін пернені ең кемінде 3 секунтдай басып тұру керек.

2) «Настр.» пернесі - спирометрдің негізгі параметрлерін баптау режиміне қосады.



3) «Пациент» пернесі - науқас туралы ақпарат береді.

4
) «Фарм.» пернесі - спирометрдің жадына жазылған науқасқа жасалған фармокологиялық байқауды (проба), оның нөмірі бойынша іздейді.

5) «Проба» пернесі – берілген байқауды фармокологиялық байқаумен салыстыру арқылы таңдап алу үшін қолданылады.

6) «ЖЕЛ», «ФЖЕЛ», «МВЛ» пернелері - режимдерді таңдау үшін қолданылады.

7) «Старт»,«Стоп» пернелері – таңдап алынған режимдердің басталуын және аяқталуын көрсетеді.

8) «Прагон» пернесін - қысқа мерзімде басқан кезде қағаз шамамен 10 мм-ге жылжиды. Егер пернені ұзақ уақыт басып тұрса осы уақыт ішінде қағаз жылжи береді.

9) «Печать» пернесі - байқаудың нәтижені баспаға шығарады.

10) «Ввод» пернесі - енгізілген сан мәндерін енгізіліп болғандығын көрсетеді.

11) «Удал.» пернесі - енгізілген мәліметтерді өшіреді.

12) Клавиатураның сандар жазылған бөлігі сандарды енгізу үшін қолданады.
3. Жұмысты бастау реті.

Спирометрді қосқаннан кейін оның экранында дәрігерге қаралушы туралы мәліметтерді енгізетін мәзір шығады (3 сурет).

Егер қоршаған ортаның күйі (бөлменің температурасы, ауаның қысымы, спирометрдің орны) өзгермесе, онда дәрігерге қаралушы туралы мәліметтерді енгізіп зерттеуді жүргізу керек.

1. Өкпе вентиляциясын зерттеуге дәрігерге қаралушыны дайындау.

Дәрігерге қаралушы кез келген сыртқы дем алу функциясын (функция внешнего дыхания - ФВД ) зерттеу алдында:



  • зерттеуге дейін 24 сағат ішінде темекі тартпауы, арақ-шарап ішпеуі керек.

  • зерттеуге дейін 2 сағат ішінде емдік дене шынықтыруға қатыспау, денеге ауыр жүктеме түсірмеу, баспалдақпен жоғары көтерілмеу керек.

  • зерттеуге кеудені қыспайтын жеңіл киіммен келу керек.

  • зерттеуге дейін 2 сағат ішінде тойып тамақ ішпеу керек.

  • бронхты босаңсытатын ингаляциалық құралдарды қолданбау керек. Егер қолданса, онда дәрігерге қолданған уақытысын, дозасын айту керек.

2. Спирометрия әдісімен өлшеудің жалпы ережелері:

1. Жұмыс жүргізер алдында қондырғыны зерттеу жүргізуге дайындау керек. Ол үшін бөлменің температурасын, ауаның қысымын өлшеп қондырғының жадына енгізу керек.

2. Өкпе вентиляциясын зерттеуді ыңғайлы, тыныш жағдайда жүргізу керек. Яғни дәрігерге қаралушы зерттеуге дейін ең азы 10 минут дем алу керек.

3. Мұрынды қысып тұратын әр дәрігерге қаралушыға арналған қысқыш қолдану керек.

4. Зерттеу алдында:

• дәрігерге қаралушы туралы толық мәліметті (жасы, жынысы, бойы және т.б.) енгізу керек

• бөлме температурасын, ауаның қысымын, ылғалдылығын білу керек.

• дәрігерге қаралушының соңғы кезде қабылдаған дәрі-дәрмектерін, оның дозасын, соңғы қабылдаған уақыты туралы мәліметтерді білу керек.

5. Дәрігерге қаралушы кеудесін, мойынын қысып тұратын киімдерін шешу керек.

6. Екі байқау аралығында 1-2 минуттан үзіліс жасау керек.

7. Спирометрдің ауа ағындарын қабылдайтын бөлімімен мүштектің жалғанған жерінде саңлау болмау керек.

8. Зерттеу кезінде науқастың орындайтын іс әрекетін нақты мәнерлі дауыс ырғағымен айтып тұру керек.



9
. Дәрігерге қаралушы зерттеу кезінде жөтелсе, онда үзіліс жасап, содан кейін жалғастыру керек.

а — мүштік ауыз қуысына дұрыс енгізілген.

б — мүштік ауыз қуысына терең енгізілмеген яғни тіл, тіс оның саңлауын жартылай жабуы мүмкін.

в — мүштік ауыз қуысына терең енгізілген яғни тілдің түбіне күш түсіреді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау