2.3. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
2009 -2013 жылдарғы аудандағы экономика және әлеуметтік салалардың динамикалық дамуы іс жүзінде барлық салалрдағы тұрақты жағдай туралы куәландырады.
Өнеркәсіп көлемінің өсуі байқалуда.
2013 жыл ішінде 30,1 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Физикалық индекс мөлшері – 92,9 %.
Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында оң динамика байқалады.
Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау салаларында оң серпін байқалуда.
Аудан дамуындағы әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуындағы күшті және әлсіз тұстарын, оның шектеулері мен даму мүмкіндіктерін анықтаған басымдалған SWOT-талдауында көрсетіледі.
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
- Ауданда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі.
- Өндірістік қуаттылықтың пайдаланылмаған қорларының барлығы - Минералдық – шикізаттық қорлардың бар болуы.
- Ауыл шаруашылығының маңызды экономикалық әлеуеті, топырақтың жоғары бонитеті.
- Денсаулық сақтау қызметтер нарығының бар болуы.
- Жұмыссыздық деңгейінің төмендігі.
- Тұрғындардың жан басына шаққандағы етпен, бидаймен және жұмыртқамен қамтамасыз етудің жеткілікті деңгейі.
|
- Өнеркәсіптің шикізаттық бағыты.
- Өңдей өнеркәсіптің бөлек салдарынан басқа (нан өнімдері мен шұжық өнімдері) бәсекеге қабілеттілігнің жеткіліксіздігі.
- Айналым қаражатының жоқтығы, өндірістік қуаттылықтың толық жұмыспен жүктелмеуі.
- Ғылымды қажет ететін технологияларды ендірудің төмен деңгейі.
- Сумен қамтамасыз ету жүйесінің тиісті жұмыс істемеуі.
- АЕМ жартылай газбен қамтамасыз етілуі
- Жолдардың, әсіресе ауданның шалғай елді мекендердің арасында жолдардың жаман жағдайы.
- Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мамандардың тапшылығы.
- Кейбір елді мекендердің аудан орталығынан шалғайлығы ауданның жалпы дамуына кері әсер етеді.
|
Мүмкіндіктері
|
Қауіп-қатерлері
|
- Ауданымыздың географиялық және коммуникациялық-көліктік тиімді орналасуы халықаралық, соның ішінде ресей әріптестерімізбен қатынастарды жолға қоюға мүмкіндік береді.
- Көзделген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде облыс экономикасы даму әлеуетінің жоғарылауы
- Ауылдық өндірушілер кооперация үдерісінің белсендіру есебінен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін ұлғайту
- Кеңестік қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану
|
- Кәсіби білім беру жүйесінде сәйкессіздіктің сақталуы еңбек ресурстарына сұраныстың қанағаттылығына кері әсер етеді.
- Жолдар жағдайларының нашарлауы.
- Ішкі және сыртқы көші-қон жағдайына байланысты халықтың санын азаюы.
|
3. АУДАНДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ
Ауданды дамытудың пайымдауы, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді дамуы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қалыптастыру негінде аудан тұрғындары өмірінің деңгейін тұрақты нығайтуда болып табылады.
2015 жылғы болжауында «Аятское» Аятское – тау кеншарының базасында құрылысымен өндірістік өнімнің өсуі қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған қарқынды индустриялдық- инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Индустриялау картасына енгізілген басым бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасуда (ГПФИИР).
Индустриялау картасы шеңберінде 2014 жылы «Таран ауданы Смайыл ауылында 3000 басқа дейін тұқымдық репродуктор мен инфрақұрылымы дамыған 5000 басқа дейін бордақылау алаңын салу» («Global Beef KZ» ЖШС) инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Дінді және май дақылдарының егін алқаптарын оңтайландыру, біздің аймаққа тиімді жемшөп ауыспалы егісін ендіру бойынша жұмыстар жалғасады, машина-трактор паркі жаңа буын техникасымен айтарлықтай толықтырылады.
Жұмыспен қамту саласында ауданда жаңа жұмыс орындар құрылады.
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі қысқарылу тиіс.
Әлеуметтік саласындағы негізгі бағыт орташа мерзімдік кезеңде масылдықты қоспай, атаулылық пен тиімділікке бағытталған әлеуметтік көмек беруге бағытталады.
Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиімді жұмыс жүргізілетін болады.
Денсаулық сақтау саласында басым бағытта әлеуметтік маңызды сырқаттарға медициналық қызмет көрсету, ана мен бала өлімі деңгейін қысқарту болып қала береді.
Жүрек-қан тамырлары ауырулары, белгілі жастаға әйелдердің сүт бездері мен жатыр моыйнтығының аурулары қаупін анықтау бойынша алдын алу медициналық қадағалау, кезең кезеңмен скринингтік қадағалау және соңынан сауықтыру шараларын өткізетін зертханалық пен диагностикалық қадағалау өткізу мәселелері орын алатын болады.
Мәдениетті дамыту саласында ауылдық клубтарда жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, сахналық костюмдер жаңартылуда.
Ауданда дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсаты - спортпен шұғылдануға қолжетімділік, балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың басымдылығына және республикалық, облыстық деңгейлерде жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуге бағытталған, тұрғындардың тиімді дене тәрбиесі жүйесін құру.
Бұл саладағы жұмыстардың негізгі бағыттары материалдық-техникалық базаны жетілдіру, саланы мамандармен қамтамасыз ету, мектеп жасындағы балалар мен оқитын жастардың дене тірбиесін дамыту, спорттық резервті даярлау болып табылады.
Болжалды кезеңде ауданның дамуының басым бағыттарының бірі халықтың тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады, осыған байланысты, ауданда ауылдық елді мекендерді газбен және сумен қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының негізгі жұмыстары әлеуметтік саланы, эконмиканың басым бағыттарын, елді мекендерді абаттандару және ауылдықтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Таран ауданы 2015 жылы:
Өндіргіш күштердің аумақтық орналасуы аудан орталығы Таран селоында, Тобыл кентінде және аудан селолық округтары аумағанда дамиды.
Өмірдің сапасы мен ауқаттылығы өңір экономикасы өсуінен жақсартылады.
Өнеркәсіптік
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2015 жылы 39,6 млрд. дейін өседі.
Неізгі капиталға инвестициялардың физикалық көлемінің индексі 2015 жылы - 102 % құрайды.
Инновация саласында кәсіпорындар мен ұжымдардың белсенді деңгейі 2015 жылға дейін 1,2 % өсуі.
Өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешендердің толық жетілдіруінен еңбек өнімділігінен өседі.
Агроөнеркәсіптік кешен азық – түлік қауіпсіздігінің, экономиканы жан- жақты дамыту және халықты жұмыспен қамтуды арттырудың факторы ретінде дамитын болады.
Ауыл шаруашылық өнімнің (қызметтің) жалпы шығу физикалық көлемінің индексі 2015 жылға - 102 % жетеді.
Ауылшаруашылық малдарының жалпы санынан ірі қараның тұқымдық басының үлесін 2015 жылға 15,1 % дейін өсіру.
Шағын және орта бизнес, сауда
Ішкі сауданы дамыту, бөлшектеп тауар айналымының көлемін 2015 жылға 114,7 % дейін өсіру.
Бөлшек сауда физикалық көлемінің индексі - 104%.
1000 тұрғындарға шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілердің 2015 жылға 41,2 бірлікке өсіру
Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері өнімнің шығу көлемі 2015 жылға - 2021 млн. теңге.
Инновациялар мен инвестициялар
Негізгі капиталға нақты айтылуда 2015 жылға инвестициялардың өсу қарқыны – 16 %.
Инновациялық – белсенді кәсіпорындардың үлесі 1,2 % құрайды.
Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің сатып алу жалпы көлемінде қазақстандық үлесі 2015 жылда 80 %.
Еңбек ресурстарының сапасы аудан тұрғындарын сапалы білім беру және жұмыспен қамтамасыз етуді арттыру арқасында жақсарады.
Білім беру жүйесі сапалы және қолжетімді болады.
Орта білім беру сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізіледі, бірінші кезекте, ауданда кадрлық потенциалды дамыту бойынша іс шаралардың арқасында.
2015 жылға жан басылық қаржыландыру жүйесін ендіру.
2015 жылға жұмыссыздық деңгейі – 130%.
Аудан тұрғындарының полицияға сенімінің жобалық деңгейі 2015 жылы 60%.
Жаңа мәдениет мекемелерін ашу, қаржыландыруды арттыру, жұмыстың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу, тұтынушылардың мәдениет саласы қызметтерімен қанағаттандырылу деңгейі 2015 жылға дейін – 85 % жоғарлату.
Мемлекеттiк тiлдi меңгерген тұрғындарының үлесі 2015 жылға дейін 60 % жетеді.
Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 40 % жетеді.
Халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату халықты әлеуметтік қолдаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, денсаулығын жақсарту және қолдау арқылы жақсарады.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін (ДБҰЖ) енгізу аясында мыналар қамтамасыз етілетін болады:
емделушілердің дәрігер және дәрігерлік ұйымды еркін тандау құқықтары;
халыққа көрсетілетін дәрігерлік жәрдемнің сапасын жоғарылату;
тиімді дәрігерлік жәрдем көрсету және қаржыландырудың тиімді жүйесін құру арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.
Денсаулық сақтау саласының басты мәселесі инфрақұрылымды, медицина қызметінің сапасы мен ұйымдастыруын жетілдіру болып табылады.
Сапалы және уақытылы медициналық қызмет көрсету денсаулық сақтау мекемелерінің материалды – техникалық базасының жағдайына байланысты, ауданда осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын айтап өту керек. Оқу жоспарына сәйкес мемлекет ішінде дәрігерлерді қайта даярлау және бiлiктiлiгiн жоғарылату. Тұрғындармен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша одан әрі түсіндіру жұмысын жүргізу. Науқастарды амбулаториялық – емханалық және сиационарлық емделу кезеңдерінде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Сауықтыру іс-шараларын өткізу, оның ішінде науқастарды амбулаториядық – емханалық деңгейде жеңілдікті шарттардағы және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.
Ауылдық аумақтарын дамуы электр және жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және телекоммуникациялық объектілерінің жағдайын жақсарту арқылы көлік инфрақұрылымының деңгейін жоғарылату.
Еліміздің үкіметі ағымдағы жылы тірек елді мекендерді анықтады, Таран ауданында олар Новоильиновка мен Асенкритовка ауылдары. Бұндай елді мекендердің маңында логистикалық жүйе, энергиямен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу шоғырланып, әлеуметтік жаңарту және тіршілік көздерінің инфрақұрылымдары құрылады.
Электр және жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және телекоммуникациялық дамудың жағдайын жақсарту арқылы көлік инфрақұрылымының деңгейін жоғарылату.
Жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылға 89 %, (2012 ж.- 45%) құрайды.
Тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету және ауылдық тұрғындарының әл-ауқатын арттыру.
Аудан тұтынушыларына байланысқа сенімділігі жоғарлату, коммуналдық тәуелсіздігіне қолжетімділігі.
Тұрғындардың байланыс және коммуникация саласындағы қызмет көрсету сапасының қанағаттанушылық деңгейі 2015 жылға - 91%.
Тұрғындарға әлеуметтік-маңызы бар қызмет көрсету сапасының қаңағаттанушылық деңгейі 2015 жылға - 96%.
Аудандағы басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетте, спортта өмір сүру сапасының, көлік инфрақұрылымының және қолайлы тұрғын үйдің жоғары стандартарын қамтамасыз ететін серпінді дамып жатқан, теңгерімделген және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаны орындаудың әр түрлі кезеңінде оны іске асыру құралдары:
Таран ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, мемлекеттік құрылымдардың стратегиялық және операциялық жоспарлары, бизнес-жоспарлар және коммерциялық және қоғам ұйымдардың жобалары болып табылады.
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |