Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



жүктеу 307 Kb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі307 Kb.
#20983
түріКонкурс
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Ауыл шаруашылығы министрінің

2018 жылғы « » шілдедегі

№ бұйрығына қосымша

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған

конкурстық құжаттама



  1. Жалпы ережелер

1. Осы конкурстық құжаттама «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына сәйкес қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) қатысуға үшін өтінімдер дайындау мақсатында әзірленді.

2.  Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Cтратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (салалық уәкілетті орган) болып табылады.

3.  Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде «Қазақстан-2050» стратегиясының, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары бойынша өткізіледі.

4.  Конкурстың мақсаты – стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бөлу.

5. Қаржыландыру сомасы 2018 жылға – 3,39 млрд. теңге, 2019 жылға – 3,39 млрд. теңге, 2020 жылға – 3,39 млрд. теңге.





  1. Ғылымды дамытудың басым бағыттарының және конкурс

нысанасы болып табылатын мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы



Басым ғылыми бағыттар

Мамандандырылған ғылыми бағыттар

1. Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі

1. Қарқынды мал шаруашылығын дамыту

3. Қарқынды егіншілік және өсімдік шаруашылығы



3. Өтінім берілетін тіл
6.  Конкурсқа қатысуға арналған өтінім екі данада мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс, бұл ретте әр дана қағаз және электрондық тасығыштармен ұсынылады.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімдегі мәтіннің мазмұны мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей болуы тиіс.

Ықтимал орындаушы ағылшын тіліндегі аударманың дұрыстығы үшін толықтай жауапты болады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға арналған өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
7. Ықтимал орындаушы ұсынатын конкурсқа қатысуға арналған өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:

1) 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес ықтимал орындаушы толтырған және қол қойған өтінім;

2) осы конкурстық құжаттаманың 5-бөліміне сәйкес ықтимал орындаушының біліктілік талаптарына сай екендігін растауға ол ұсынатын құжаттар тізбесі.

3) 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың шеңберінде өткізілетін ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу, жоспарлау, ғылыми-зерттеулік жұмыстарды іске асыру, трансферт және бейімдеу конкурстық кұжаттамаларда көрсетілген 8-ші қосымшаның талаптарына сәйкес болуы тиіс.

8. Өтінімдердің жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы тиіс.

ЖТН алу үшін конкурсқа қатысушылар тапсырыс берушінің конкурс жариялаған сәтінен бастап өтінімдерді қабылдаудың ақырғы мерзіміне дейін «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - МҰҒТСО) is.ncste.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында объектілерді тіркейді. Орталықтың ақпараттық жүйесіне қосылған өтінімдердің электронды нұсқалары қағаз нұсқасымен бірдей болуы керек, өйткені Орталықтың ақпараттық жүйесінен сарапшыларға сараптама жүргізу үшін өтінімдердің электронды нұсқасын жібереді.

Электрондық тіркеуден өтпеген және ЖТН-сы жоқ өтінімдер қабылданбайды.

9. ЖТН өтінім ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін оның қағаз нұсқасының бірінші бетіне қойылады.

10. Өтінімде коммерциялық құпия болып табылатын, өтінім берушінің авторлық және/немесе өзге де құқықтарына залал келтіруі ықтимал ақпарат қамтылмауы тиіс.

11. Өтінімде бағдарламаны қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен ішінара қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін бағдарламаны қаржыландыру бойынша жеке серіктес тарапынан бірлесіп қаржыландыру тарту туралы қосымша мәліметтер болуы тиіс.

Іске асыру мерзімдері мен бірлесіп қаржыландыру сомасы көрсетілген бірлесіп қаржыландыру туралы келісім тараптардың ниеттерін растайды.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу жөніндегі жоспар болуы керек.

12. Ықтимал орындаушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімді тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті өзінің қолымен және мөрмен куәландырылған күйде салалық уәкілетті органға ұсынады.

13. Ықтимал орындаушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімді конвертке салады, оның алдынғы бетінде ықтимал орындаушының толық атауы мен почталық мекенжайы (егер, конкурсқа қатысуға арналған өтінім «кешіккен» деп жарияланған жағдайда, оны ашылмаған күйінде кері қайтару мақсатында), салалық уәкілетті органның толық атауы мен почталық мекенжайы, «2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША КОНКУРС» деген мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс.


4.1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсыну тәртібі
14. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер конкурс жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде тапсырыс берілетін почта байланысын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, № 1005 кабинет мекенжайы бойынша ұсынылады.

15. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті алған барлық конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін ашылмайды және конкурсқа қатысу өтінімдер бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған ықтимал орындаушыларға немесе ықтимал орындаушылардың тиісті уәкілетті өкілдеріне алғаны туралы қолхат ала отырып, кері қайтарады.

16. Ықтимал орындаушылар ұсынған конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер конкурсқа қатысу өтінімдердің ЖТН-сы, қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тиісті өтінімдер қабылдау журналына тіркеледі.
4.2. Жұмыс органының конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашуы
17. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң жұмыс органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер бар конверттерді ашып, ондағы құжаттарға тізімдеме жүргізеді, конверттерді ашу хаттамасын толтырады.
4.3.  Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау рәсімі
18. Конверттерді ашу хаттамасы қоса берілген өтінімдерді салалық уәкілетті орган тиісті ұлттық ғылыми кеңес қарағаннан кейін қорытынды мен шешім алуға МҰҒТСО-ға жолдау үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға жібереді.

19 Салалық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияға (бұдан әрі – ЖҒТК) ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерімен бірге ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арналған өтінімдерді жібереді.

20. ЖҒТК мақұлдаған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арналған өтінімдері Республикалық бюджет комиссиясы белгіленген тәртіппен қарауы тиіс.

21. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды (бұдан әрі - НҒТБ) іске асыруға арналған конкурстың жеңімпаздары ұлттық ғылыми кеңестердің, ЖҒТК-ның шешімі негізінде анықталады және оны салалық уәкілетті орган бекітеді.

22. Конкурс нәтижелері бойынша салалық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарлама шеңберінде оны сүйемелдеуді және орындаушы ұйымның қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын бас ұйымды айқындауға құқылы.

Бас ұйым үйлестіретін ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның іске асырылуына жауапты болады.

23. Тапсырыс беруші тиісті ҰҒК-нің нысанаы ғылыми-техникалық бағдарламасын/жобасын қаржыландыруды тоқтату туралы шешім негізінде нысанаы ғылыми-техникалық бағдарламаны/зерттеу жобасын іске асыруға арналған шартты бұзуға құқылы.
5.  Ықтимал орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары
24. Конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ, дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары, оның ішінде қосымша орындаушы ретінде де қатыса алады (уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы бұйрығынан үзінді-көшірме немесе куәлік көшірмесі қоса беріледі).

25. НҒТБ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізудің бірнеше бағыттарынан тұрады.

НҒТБ-ны осыған ұқсас ғылыми зерттеулерді жүргізу тәжірибесі бар, ғылыми жетекші басқаратын орындаушылар ұжымы іске асырады.

26. Ықтимал орындаушы ғылыми зерттеулердің нәтижелі болатынына – зерттеушілердің қойылған мақсат пен міндеттерге сай түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету қабілетіне кепілдік беруі тиіс.

27. Ықтимал орындаушының НҒТБ-ны іске асыру үшін қажетті тиісті зертханалық және өндірістік үй-жайлары, коммуникациясы (негізгі параметрлерін көрсете отырып), мамандырылған зертханалары, заманауи аспаптары мен жабдықтары болуы тиіс.

28. Барлық өтінімдерге қойылатын жалпы талаптар:

- әрбір өтінімде жеделдетіп енгізу үшін дайын, әлемде байқаудан өткен озық технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар болуы керек;

- ауқымды енгізуге және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи кешенді технологияларды енгізуге ықпал ететін кешенді өтінімдер қабылданады;

- ИТ-технологияларды барынша пайдалану;

- Қазақстанның барлық жұмылдырылған әкімшілік аудандарында өтінім шеңберінде ұсынылатын технологияларды пайдалану бойынша жыл сайын түсіндіру жұмысын жүргізу (дала күні, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.);

- ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың сапасы жөніндегі талаптар (патенттер саны, импакт-факторы бар мақалалар саны, ғылыми кадрлар даярлау) және ғылыми-техникалық технологиялар нәтижелерін енгізу мен коммерциализациаландыру жөніндегі талаптар (лицензиялық келісімдер саны, инновациялық өнім сатылымдары саны, зияткерлік меншікті беру шарты);

- өтінім берілген саладағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы табысты және жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар білікті ғылыми персоналдың болуы.
«Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» ғылымды дамыту басымдығы бойынша

«Қарқынды мал шаруашылығын дамыту» мамандандырылған бағыты бойынша орындаушыларда мыналар болуы тиіс:

«Моделдік фермаларға арналған» талаптар

Өтінім берушілер:

1. Жануарларды күтіп-бағуға арналған, жер учаскесіне құқық белгілейтін не сәйкестендіруші құжатпен расталған жерлері бар ғылыми институттар;

2. Ісін жаңа бастаған жүрген инвесторлар-фермерлермен бірге ғылыми институттар (инфрақұрылымның бас жоспары берілу қажет);

3. Технологиялық жобалау нормаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын өсіретін фермерлермен бірге ғылыми институттар.

Модельдік фермалардың орналасқан жері мен қызметі:

1. Республикалық маңызы бар қалалардан 50 км-ге дейінгі немесе облыстық орталықтардан 30 км-ге дейін немесе республикалық маңызы бар трассалардан 20 км-ге дейінгі қашықтықта болу;

2. Өндірістік қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 1-1/277 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасына сәйкес болуы.

Инфрақұрылым:

1. Инженерлік инфрақұрылымның (электр энергиясы, сумен жабдықтау, жайылымдардағы құдықтар) болуы;

2. Технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жануарларды күтіп-бағуға арналған қашалардың, құрылыстардың болуы. Азық дайындау алаңы болуы.

3. Жер учаскесіне құқық белгілейтін не сәйкестендіруші құжаттармен расталған жайылымдардың болуы (ет шаруашылығымен айналысатын фермалар үшін)

4. Жер учаскесіне құқық белгілейтін не сәйкестендіруші құжаттармен расталған егістіктердің болуы (тауарлық сүт фермалары үшін).

«Қарқынды егіншілік және өсімдік шаруашылығы» мамандандырылған бағыты бойынша мыналар болуы тиіс:

егіншілік бойынша:

- жер учаскесіне құқық белгілейтін не сәйкестендіруші құжаттармен расталған мамандандырылған селекциялық-тұқым өсіру стационарлары, оның ішінде көпжылдық стационарлар, питомниктер;

- жер учаскесіне құқық белгілейтін не сәйкестендіруші құжаттармен расталған, тамшылатып, жаңбырлатып және топырақ астынан суару жүйелерімен жабдықталған ауыл шаруашылығы тәжірибелік-өндірістік учаскелері, су үнемдеугіш технологиялар полигоны;

- ауа райы туралы нақты деректер алуға мүмкіндік беретін метеобекет;

- базалық және модельдік шаруашылықтар, демонстрациялық тәжірибелер (растайтын құжаттар);

- мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (топырақ өңдеу құралдары, тұқымсепкіштер, комбайндар және т.б.);

 - асептикалық өсімдіктерді диагностикалау, сауықтыру және клондау бойынша зерттеулер, жұмыстар жүргізуге арналған тиісті коммуникациялары бар өндірістік және зертханалық үй-жайлар;

- тиісті зертханалық және өндірістік үй-жайлар, коммуникациялар, агрохимиялық талдаулардың мамандандырылған зертханалары және ҒЗТКЖ-ны талдаумен олардың нәтижелеріне, тозған сортаң жерлердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру процестерін модельдеуге арналған бағдарламалық қамтым.



цифрландыру бойынша:

- жер учаскесіне құқық белгілейтін не сәйкестендіруші құжаттармен расталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы;

 - ауыл шаруашылығында цифрландыру (жұмыстарды орындауға арналған шарт) саласында тәжірибесі (ауыл шаруашылығы жерлерінің электрондық карталарын құру және т.б) бар.;

- соңғы 3 жылда QS-рейтингісі бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы үздік 100-дікке кірген жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдардың болуы;

- ауыл шаруашылығын цифрландыру (кемінде 7 бағыт ) бағдарламасын зерттеу бойынша білікті ғылыми персоналдың болуы.

29. Ғылыми жетекшінің:

- кемінде 3 жыл бойы осыған ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі болуы тиіс;

- кемінде 10 (он) жарияланған, оның ішінде импакт-факторы нөлге тең емес шетелдік журналдарда басылған ғылыми жұмысы және/немесе кемінде


алған 1 (бір) патенті болуы тиіс;

- ол кемінде 2 (екі) іске асырылған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаның/жобаның және т.б. ғылыми жетекшісі, қосалқы жетекшісі немесе негізгі орындаушысы болуы тиіс.

30. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде күтілетін нәтижелері, сұралатын қаржыландыру көлеміне сәйкес негізделуі тиіс.

31. Қаржыландыруға мақұлданған бағдарламаларды іске асыру Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.

32. Бағдарламаның аннотацияларын және ол бойынша ғылыми есепті өтінім берушінің және/немесе автордың келісімінсіз жариялау (баспа және/немесе электрондық нысанда) құқығы МҰҒТСО акционерлік қоғамына беріледі.

33. Бағдарлама шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен МҰҒТСО-да міндетті түрде мемлекеттік есепке алынуы тиіс.

34. Зерттеудің нәтижелерін, монографияларды және басқа да ғылыми жұмыстарды жариялау кезінде бағдарлама барысында және/немесе ол аяқталғаннан кейін авторлар қаржыландыру көзіне сілтеме жасауға міндетті.

35. Ғылыми жетекші іске асырылатын бір ғана бағдарламаны басқара алады, бұл ретте оның басқа бағдарламаларға орындаушы ретінде 2 бағдарламадан/ жобадан артық қатысуына жол берілмейді.

36. Бағдарламаның ықтимал орындаушыларының жетекшілеріне орындаушылар орындайтын ғылыми зерттеулерді үйлестіру және/немесе әдістемелік қамтамасыз ету мақсатына арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудан қаражат ұстап қалуына жол берілмейді.

37. Бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді іске асыру шеңберінде зерттеудің бүкіл кезеңінде кемінде 2 (екі) ғылыми жарияланым жариялануы немесе импакт-факторы нөлге тең емес шетелдік басылымдарға жариялауға жіберілуі немесе халықаралық патент дайындалуы/алынуы тиіс.

38. Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған жаңа шешімдер түрінде ұсынылуы және (немесе) кез келген ақпарат тасығышта (жаңа технологиялар, эксперименттік және тәжірибелік үлгілер, жаңа тақырыптық және басқа да карталар, ерекше қорғалатын аумақтардың учаскелері, жаңа технологиялар немесе технологиялық схемалар, жаңа материалдар, препараттар, биопрепараттар, вакциналар, ұсынымдар, нормативтік-техникалық құжаттама, зияткерлік меншікке арналған қорғалатын құжаттар, селекциялық жетістіктер, стандарттар және т.б.) тіркелу тиіс.

39. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатының тиімсіз және негізсіз пайдаланылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке алып келеді.

40. НҒТБ-ны іске асыру кезеңінде магистратура мен PhD докторантураның оқыту бағдарламалары бойынша жас мамандар даярлануы тиіс.

6. Қорытынды ережелер
41. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері мерзімді басылымдарында жариялануы және салалық уәкілетті органның mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналған конкурстық құжаттамаға

1-қосымша


2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған

конкурсқа қатысу өтініміне қойылатын талаптар
1. Конкурсқа қатысу өтінім мыналарды қамтиды:

1) ілеспе хат (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға 2-қосымша);

2) ұсынылған материалдардың анықтығы мен ғылыми этиканың нормалары мен принциптерінің сақталуы туралы өтініш (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға 3-қосымша);

3) нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі туралы мәлімет (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға 4-қосымша);

4) бағдарламаның орындаушылары ұжымының біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы мәлімет (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға 5-қосымша);

5) бағдарламаның қысқаша сипаттамасы (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға 6-қосымша);

6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға 7-қосымша);

2. Өтінім, ілеспе хат және қысқаша сипаттаманың мәтіні анық қалыптастырылуы* және келесі параметрлерді (нұсқасы 97 және одан жоғары мәтіндік редакторы «WORD for WINDOWS» көмегімен) ескере отырып, бірыңғай қаріппен басылуы* тиіс:

сол жақ шеті - 2,5 см, оң жақ шеті - 1,5 см, колонтитул - 2,5 см;

қаріп - №12 көлеміндегі «Times New Roman» (қосымшаларда кішірек, бірақ № 10 көлемінен кем болмайтын қаріп қолданылуы мүмкін);

жоларалық интервал - біржолдық;

абзацтық азат жол (бірінші жолдың азат жолы) - 1,25 см;

тақырып пен мәтін, мәтін мен қолтаңба арасындағы аралық азат жолы – біржолдық жол аралық интервал;

өтінімнің және оған қосымшалардың беттері нөмірленуі тиіс;

өтінім көлемі A4 форматындағы 30-50 (отыз-елу) беттен аспауы тиіс;

Өтінімнің және бағдарламаның қысқаша сипаттамасының Microsoft Word форматындағы (*.DOC немесе *.DOCX кеңейтілімі) электронды нұсқасы мемлекеттік және орыс тілдерінде, ағылшын тіліндегі аудармасы бар қосымшада жасалады, бұл ретте өтінімнің атауы бағдарлама тақырыбының алғашқы бес сөзін пайдалана отырып көрсетіледі.

3. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру өтінім ілеспе хаттың және бағдарламаның қысқаша сипаттамасының электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс.

4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімнің электрондық нұсқаларының, ілеспе хаттың және бағдарламаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі бес мегабайттан аспауы тиіс.

Барлық құжаттар екі данада ұсынылуы тиіс. Электрондық тасығыштар тезтікпелердің ішкі жағына бекітілген конверттерге орналастырылады.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға


2-қосымша
Ілеспе хат
1. Конкурстың атауы.

2. Басым ғылыми бағыттың атауы.

3. Мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.

4. Бағдарлама тақырыбының атауы.

5. Ғылыми зерттеу саласының атауы (мысалы: егіншілік, селекция, генетика және т.б.).

6. Бағдарламаның ЖТК-сі.

7. ҰТИ Мемлекетаралық рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx; ...).

8. Зерттеу түрі.

9. Сұратылатын қаржыландыру сомасы (бағдарламаның бүкіл ұзақтығы және жылдар бойынша, мың теңге).

10. Бағдарламаны іске асырудың болжамды басталу және аяқталу мерзімі.

11. Бағдарламаны іске асырудың мерзімі (айларда)

Бағдарламаны іске асыру орны.

12. Өтініш берушінің жеке деректері:

жеке тұлғалар үшін - жеке тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі,


мекен- жайы, ЖСН, байланыс деректері.

заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның толық атауы, заңды


мекен- жайы, БСН, байланыс деректері.

13. Бағдарламаның ғылыми жетекшінің жеке мәліметтері (аты, әкесінің аты, тегі, жұмыс орны, мекен-жайы, ЖСН, байланыс ақпараты (телефон, e-mail).

14. Кешенді НҒТБ іске асырылатын ғылыми-зерттеу ұйымдарының тізбесі (байланыс деректері).

15. * Өтінімде клиникаға дейінгі зерттеулердің биологиялық эксперименттердің және клиникалық сынақтардың (жануарлар қолдана отырып жүргізілетін зерттеулер болжанады ма) болуы (болмауы) туралы туралы мәлімет.


Өтінім беруші атынан

қол қою өкілеттігі бар

адамның лауазымы қолы / тегі /

(мөр)
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

_________________________

* 15-тармақ ветеринария саласындағы зерттеулерге байланысты ғылыми бағыттар үшін рәсімделеді.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға
3- қосымша
Ғылыми әдеп қағидаттарының және нормаларының сақталуы және ұсынылған деректердің дұрыстығы туралы өтініш






Өтінім беруші ұйымның атауы





Бағдарлама ғылыми жетекшісінің аты-жөні
1. Бағдарлама бойынша берілген ақпараттың дұрыстығына және бірегейлігіне, сондай-ақ ғылыми әдеп қағидаттарының сақталуына, атап айтқанда, ғылыми деректерді ойдан шығарылуына, бұрмалануына, зерттеу деректерінің бұрмалануына, плагиатқа және жалған тең авторлыққа жол берілмейтіндігіне кепіл береміз.

2. Ғылыми зерттеулердің нәтижелігін – қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге кепілдік береміз.

3. Бағдарламаға сараптама жасау үшін талап етілген құжаттардың толық жиынтығының болмауы бағдарламаны конкурсқа қабылдамауға негіз болуы мүмкін екеніне қарсылығымыз жоқ.



4. Ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер бойынша бізге жедел хабарласу және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы уәкілетті органымен (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен) өзара әрекеттесу үшін уәкілетті адамды хабарлаймыз:





өтінім беруші өкілінің аты- жөні, ЖСН, телефоны және e-mail
Бағдарламаның қаралуы туралы барлық мәліметтерді уәкілетті адамға хабарлауыңызды сұраймыз.
Өтінім берушінің атынан

құжатқа қол қоюға өкілеттігі бар



адамның лауазымы қолы / тегі /

(мөр)
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберіндегі

ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналғанбконкурстық құжаттамаға


4-қосымша

жүктеу 307 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау