Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми



жүктеу 307 Kb.
бет2/3
Дата19.11.2018
өлшемі307 Kb.
#20983
түріКонкурс
1   2   3

Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми

жетекшісі туралы мәліметтер
1.  Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.

2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның (НҒТБ) атауы.

2.1. Ғылыми жетекшінің, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі.

2.2. Туған күні (санмен көрсетіледі – күні, айы, жылы).

2.3. Азаматтығы.

2.4. Ғылыми дәрежесі, берілген жылы.

2.5. Өтінім берілген кездегі негізгі жұмыс орны – лауазымы, ұйымның толық атауы (ұйымның қысқаша атауы).

2.6. Ғылыми мүдделерінің саласы – түйінді сөздер (15 сөзден көп емес түйінді сөздер келтіріледі)

2.7. Ғылыми мектеп туралы мәліметтер (ғылыми басшы басқаратын ғалымдар ұжымының негізгі ғылыми жетістіктері көрсетіледі).

2.8. Осыған ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі туралы мәліметтер (конкурстың алдындағы бес жылда жетекші қатысқан ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атауы және олардың орындалған мерзімдері көрсетіледі).

2.9. Жетекшінің жарияланған негізгі ғылыми жұмыстарының (10-ға дейін) (монографиялар, ғылыми басылымдар, заңмен қорғалатын зияткерлік қызметтің нәтижелері және т.б.), оның ішінде конкурстың алдындағы бес жыл ішінде шетелдерде импакт-факторы нөлдік деңгейде емес журналдарда жарияланған және/немесе алынған халықаралық патенттердің тізімі, және бұл талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне қатысты қолданылмайды.

2.10. Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға және бағдарламаларға жетекшілік жасау: ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атаулары және соңғы 5 жылдағы орындалу мерзімдері көрсетіледі.

2.11. Почталық мекенжайы

2.12. Байланыс телефоны

2.13. Электрондық мекенжайы (е-mail)

2.14. Қосымша ақпарат (түйіндеме, берілген бағыт басшысының пікірі бойынша бағдарламаны қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін пайдалы басқа да қосымша ақпарат).

Конкурстың шарттарымен таныстым және келісемін. Өзімнің НҒТБ-ға жетекшілік жасағанымды растаймын.

Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға

5-қосымша

Бағдарламаны орындаушылар ұжымының (зерттеу тобының) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы

мәліметтер
1.  Ғылымды дамыту басымдығының және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы

2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы

2.1. Бағдарламаны орындаушылар ұжымының (зерттеу тобының) біліктілігі және жұмыс тәжірибесі, төмендегілер көрсетіледі:

1) ғылыми дәрежелері мен атақтары;

2) ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, оның ішінде халықаралық және конкурстың алдындағы бес жыл ішіндегі бағдарламаның белгілі бір саласындағы жобалар (жүзеге асыру кезіндегі жетекшілік ету және/немесе қатысу);

3) бағдарламаның табысты іске асырылуы үшін қатысушылар санының негізділігі және құрамының теңгерімділігі.

3. Бағдарлама орындаушылары ұжымының (зерттеу тобының) ғылыми жетістіктері, төмендегілер көрсетіледі:

1) жарналанған ғылыми жұмыстардың (монографиялар, ғылыми мақалалар, ғылыми конференцияларда жарияланған баяндамалар және т.б.), соның ішінде бағдарламаның пән саласындағы жұмыстардың саны мен деңгейі;

2) зияткерлік қызмет нәтижелері (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент (куәлік) алу үшін берілген өтінімдер саны, алынған патенттер, куәліктер саны);

3) өндіріске енгізілген орындалған ғылыми зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстард нәтижелерінің саны.


Бағдарлама орындаушылар ұжымы (зерттеу тобы) конкурс шарттарымен танысты және олармен келіседі.


Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі

2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналған конкурстық құжаттамаға

6-қосымша


Зерттеулердің қысқаша сипаттамасы


      1. Реферат

Бөлімде бағдарлама мақсатының, міндеттерінің, қолданылатын әдістемесінің, күтілетін нәтижелерінің сипаттамасы бар бағдарламаның қысқаша мазмұны беріледі (1200 сөзден артық емес).

      1. Түйінді сөздер.

Бөлімде бағдарламамен байланысты 10-ға (онға) дейін түйінді сөздер көрсетіледі.

Мысалы: 1. Ауыл шаруашылығы дақылдары; 2. Селекция; 3. Тұқым шаруашылығы; 4. ХХХ.



      1. Зерттеу саласы

Бөлімде зерттеудің негізгі саласы және осы саладағы ең кемінде үш бағыты айқындалады.

Мысалы: Зерттеудің негізгі саласы: өсімдік шаруашылығы. Бағыты: селекция, агротехнология, агрохимия, өсімдік қорғау.

2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналған конкурстық құжаттамаға

7-қосымша



Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми,

ғылыми- техникалық бағдарламаны іске асыруға өтінім


  1. Жалпы ақпарат

1. Іске асыру үшін өтінім берілетін нысаналы бағдарламаның атауы (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама).

2. Іске асыру үшін өтінім берілетін нысаналы бағдарлама іс-шараларының атауы.

3.Бағдарламаны бастаудың және аяқтаудың болжанатын күні.

4. Ғылыми зерттеу саласының атауы (токсикология, оптика, робототехникасы және т.б.).

5. Мемлекетаралық ғылыми техникалық ақпарат (ҒТА) рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).

6. Зерттеу түрі (эксперименттік емес іргелі, іргелі эксперименттік, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).

7. Бағдарламаны іске асыру орны.

8. Бағдарламаны және іс-шараларды іске асырудың бүкіл мерзіміне жылдар бойынша бөле отырып, сұралатын қаржыландыру сомасы, мың теңге (бірақ іс-шараға бөлінген қаржыландыру сомасынан жоғары емес).


  1. Бағдарлама сипаттамасы

     

  1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]

Бөлімде бағдарламаның негізгі қатысушылары (орындаушы ұйым, бағдарламаның ғылыми жетекшісі), ұйымның және ғылыми жетекшінің біліктілігі туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі.

2. Бағдарламаның мақсаты

Нысаналы бағдарлама іс-шараларын ________________іске асыру.

3. Бағдарламаның міндеттері [500 сөзден артық емес]

Осы бөлімде бағдарлама мақсатына қол жеткізудің тәсілі, іске асырудың қысқаша түсініктемесі мен алға қойылған міндеттері, күтілетін нәтижелері және олардың нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асырудың бекітілген күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі сипатталады.


      1. Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы [2000 сөзден артық емес]

Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) әлемде зерттелетін тақырыпқа және осы бағдарламамен өзара байланысқа негізделген бұрынғы ғылыми зерттеулерді міндетті түрде қайта қараумен бағдарламаны дамыту үшін ғылыми резерв, ғылыми жаңалығын негіздеу (контексте қолданылған әдебиеттерге сілтемелерді көрсету керек, «Библиография» 8 бөлімінде келтірілгендей толық транскрипциясы болуы керек). Бар болса алдын-ала нәтижелері көрсетіледі;

2) зерттеудің нысаналы бағдарламаның іс-шарасына сәйкестігі, оның тиісті білім беру салаларының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктерге шолу жасау арқылы ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мұдделерді қамту;

3) зерттеулердің кандай технологиялық міндетті/проблеманы шешуге бағытталғаны, ғылым мен технологияның дамуына алынған нәтижелердің ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.

Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай ұстанымдарға назар аудару ұсынылады:

1) бағдарлама идеяларының қолданыстағы аналогтардан айырмашылығына сипаттама беру қажет;

2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, бағдарламаға қаржы салудың неліктен пайдалы екенін негіздеу қажет;

3) егер бағдарламаның түпкі нәтижесі өнім болса, бағдарламаның нысанасы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;

4) бағдарламаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша ғылыми-техникалық жобалар мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және әдеп мәселелері (1500 сөзден артық емес)
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) бағдарламада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау

2) бағдарламаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;

3) бағдарлама шеңберінде пайдаланылатын ғылыми әдеп қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу әдеп рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;

4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі мен тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;

5) зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).


4. Бағдарламаны жоспарлау және басқару [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және бағдарламадағы жасайтын жұмыс бағыттарын сипаттау;

2) бағдарлама кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін және бағдарлама мақсатының сәйкестігін, бекітілген нысаналы индикаторлармен және көрсеткіштермен өзара байланысын, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен) қамтитын жұмыс жоспары;

Жұмыс жоспары осы Конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасының талаптарына сәйкес жүзеге асыру шараларын қамтуы тиіс.

3) бағдарламаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген бағдарламаның жалпы құнының (мың теңгемен) негіздемесі және шығыстар сметасы. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерді шығыстар бабы доллардың теңгеге қатынасы бойынша бағамы (өтінім берілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша) көрсетіле отырып, АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс. Бағдарлама бюджеті бағдарламамен байланысты емес өзге шығыстар бабына бағыттауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және «жалпы ақпарат» деген 10-тармақта мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс;

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру құралдары ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға бағытталады.

Шығыстарға мынадай шығындар жатады:

1) еңбекақы - барлық салық және бюджетке төленетің басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;

2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;

3) бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындаушы қамтитын бөгде ұйымдар қызметтер жұмыстың орындаушыларын және жұмыстың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері көрсетіле отырып, ұсынылады;

4) материалдарды сатып алу – зерттеулер жүргізуге арналған шығыс материалдарды сатып алу;

5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу.

Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.

Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді.

6) ғылыми және ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдама материалдарды жариялау, патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығыстар;

7) үй-жайды (жеке тұлғалар үшін) жалға алу;

8) жабдық пен техниканы жалға алу;

9) зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техникаларды пайдалану шығыстары.

Бағдарламаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.


5. Зерттеу тобы [1000 сөзден артық емес]

     


Бөлім ғылыми жетекші және бағдарламаның негізгі орындаушылары туралы мынадай ақпаратты қамтиды:

1) түйіндеме және ғылыми еңбек (мұнда зерттеушінің қысқаша түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қаншалықты байланысты екендігі сипатталады);

2) бағдарлама тақырыбына қатысты бес негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер;

3) патенттер туралы мәліметтер;

4) негізгі жарияланымдар (10-ға дейін), патенттер және авторлық куәліктер;

5) бағдарламадағы жұмыстар мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;

6) бағдарламаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспаланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) қаржыландыру басталғаннан кейін бағдарламаға тартылады.
      6. Зерттеу ортасы [500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;

2) түсіндірмелері бар отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың) пайдаланылуы;

3) отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетел ғалымдарының бағдарламаға қатысуы;

4) жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың бағдарламаға қатысуы;

5) мобильдік негіздемесі: бағдарламаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.


7. Күтілетін нәтижелер [250 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) бағдарламаның нәтижелері нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға, мақсатты индикаторлар мен мақсатты бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге қалай ықпал ететіні;

2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;

3) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы; ұсынылатын өнім / технологияны нарыққа толыққанды шығару үшін қандай іс-шаралар қажет;

4) алынған нəтижелердің нысаналы тұтынушылары;

5) тәуекелдерден тұратын серпінді нəтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;

6) шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (бағдарлама шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жариялануы болжана ма және қандай журналда), әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату;

7) патент алу;

8) осы Конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес енгізу индикаторларына, кәсіпорындарды қамтуға, шаруашылықтың тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

9) индикаторларды енгізу (лицензиялық келісім, ҒЗТКЖ тікелей сату).


8. Библиография
Бөлімде «Бағдарламаны сипаттау» бөлімінінің «Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы» деген 4-тармағына сілтеме жасалған жарияланымдар көрсетіледі.

Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.

2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық құжаттамаға


8-қосымша

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және

тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ)

қалыптастыру және іске асыруға техникалық ерекшелік
ҒЗТКЖ жүргізу 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне, 2018 жылғы 10 қаңтардағы Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты жолдауына
және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттіліктеріне бағдарлануы тиіс.

2018-2020 жылдары іске асыруға ұсынылып отырған ҒЗТКЖ кешенді, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған пәнаралық тәсіл негізінде интеграцияланған болуы тиіс.

ҒЗТКЖ іске асыру кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс:

- шешілетін міндеттердің экономикалық мақсаттылығы мен практикалық қажеттілігі;

- АӨК саласындағы цифрландыру және нақты егіншіліктің жаңа жоғары тиімді технологияларын трансферттеу, бейімдеу, енгізу;

- отандық, шетелдік ғылыми-техникалық әлеуетті және техникалық құралдарды барынша пайдалану;

- осы бағытта зерттеулер жүргізуге байланысты, меншік нысанына қарамастан өңірлік ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен интеграциялау;

- демонстрациялық технологиялық алаңдарды құру;

- ҒЗТКЖ іске асыруға жас мамандарды, магистранттар мен докторанттарды тарта отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау;

- ұсыныстар, мақалалар мен жарияланымдар әзірлеу отандық және шетелдік басылымдарда, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда басып шығару.
«Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігінің» басым бағыты бойынша
«Қарқынды мал шаруашылығын дамыту» мамандандырылған бағыт бойынша ҒЗТКЖ мынадай міндеттерді шешуі тиіс:

Модельдік шаруашылықтар базасында мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін автоматтандыру бойынша технологияларды трансферттеу және бейімдеу:

50 сиырдан басталатын мал шаруашылығының модельді фермасы:

- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндіріс шығындарын азайту әсерін анықтау;



- жайылымдарды жақсарту бойынша ғылыми әдістерді енгізу, тиімді жайылым айналымын, малды суландыруды енгізу, жайылым кезеңін ұлғайту бойынша ғылыми негіздерді енгізу;

- фермада етті бағыттағы мал басымен жұмыстардың тиімді тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың ветеринариялық өңдеудің тиімді тәсілдері және оларды өлшеу);

- препараттар мен азықтық қоспаларды қолдана отырып, қарқынды азықтандырудың түрлі топтағы төлдердің бойы мен салмағына әсер етудің тиімділігін зерделеу;

- өндірісте цифрлеу жүйесін пайдаланудың тиімділігін бағалау;

- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін бағалау, өзіндік құнға тигізетін әсер, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;

- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);

- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін тұтынатын азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспаларды пайдаланудың тиімділігі);

- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізуге экономикалық бағалау жүйесін енгізу;

- білікті мамандарды тарта отырып, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;

- шетел сарапшыларын тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп іске асыру;

1 модельдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының құны 48,8 млн. теңгеден аспайды.

Әр модельдік фермада басқа қожалықтардан мамандарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату бойынша кем дегенде 3 семинар ұйымдастырылады.

Әр модельдік фермада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде кем дегенде 2 студент тартылады.


500 аналық бастан басталатын қой шаруашылығының модельдік фермасы:

- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндіріс шығындарын азайту әсерін анықтау;



- жайылымдарды жақсарту бойынша ғылыми әдістерді енгізу, тиімді жайылым айналымын, малды суландыруды енгізу, жайылым кезеңін ұлғайту бойынша ғылыми негіздерді енгізу;

- фермада етті бағыттағы мал басымен жұмыстардың тиімді тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың ветеринариялық өңдеудің тиімді тәсілдері, оларды өлшеу);

- препараттар мен азықтық қоспаларды қолдана отырып, қарқынды азықтандырудың түрлі топтағы төлдердің бойы мен салмағына әсер етудің тиімділігін зерделеу;

- өндірісте цифрлеу жүйесін пайдаланудың тиімділігін бағалау;

- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін бағалау, өзіндік құнға тигізетін әсер, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;

- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);

- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін тұтынатын азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспаларды пайдаланудың тиімділігі);

- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізуге экономикалық бағалау жүйесін енгізу;

- білікті мамандарды тарта отырып, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;

- шетел сарапшыларын тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп іске асыру;

1 модельдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының құны 36,8 млн. теңгеден аспайды.

Әр модельдік фермада басқа қожалықтардан мамандарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату бойынша кем дегенде 3 семинар ұйымдастырылады.

Әр модельдік фермада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде кем дегенде 2 студент тартылады.


100 сиырдан басталатын сүтті мал шаруашылығындағы модельдік ферма:

- мал өсімін молайтудың биотехнологиялық әдістерін қолданудың түрлі тәсілдерінің салыстырмалы талдауы;

- малдың буаздығын жылдам анықтау және өсімін молайту функцияларының ауруларына диагностика жасау технологияларын енгізу;

- сүтті кезеңде бұзауларды суық тәсілмен бағу технологиясын қолданудың тиімділігін зерделеу;

- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндіріс шығындарын азайту әсерін анықтау;

- егістіктерді және мал суаттарын жақсартудың ғылыми әдістерін енгізу;

- фермада сүтті бағыттағы мал басымен жұмыстардың тиімді тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың тиімді ветеринариялық өңдеу тәсілдері және оларды өлшеу);

- қоражайлардағы микроклиматтың сиырлардың өсімін молайту қабілеттілігіне әсерін зерделеу;

- фермада тиімді көң жинау жүйесін енгізу, көң өңдеудің экономикалық тиімділігін бағалау;

- препараттар мен азықтық қоспаларды қолдана отырып қарқынды азықтандырудың түрлі топтағы төлдердің бойы мен салмағына әсер етудің тиімділігін зерделеу;

- өндірісте цифрлық технологиялар арқылы «Табынды басқару» жүйесін қолданудың тиімділігін бағалау;

- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін бағалау, өзіндік құнға тигізетін әсер, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;

- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);

- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін тұтынатын азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспаларды пайдаланудың тиімділігі);

- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізуге экономикалық бағалау жүйесін енгізу;

- білікті мамандарды тарта отырып, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;

- шетел сарапшыларын тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп іске асыру;

1 модельдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының құны 64,8 млн. теңгеден аспайды.

Әр модельдік фермада басқа қожалықтардан мамандарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату бойынша кем дегенде 3 семинар ұйымдастырылады.

Әр модельдік фермада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде кем дегенде 2 студент тартылады.


1000 сиырдан басталатын сүтті мал шаруашылығындағы модельдік ферма:

- мал өсімін молайтудың биотехнологиялық әдістерін қолданудың түрлі тәсілдерінің салыстырмалы талдауы;

- малдың буаздығын жылдам анықтау және өсімін молайту функцияларының ауруларына диагностика жасау технологияларын енгізу;

- сүтті кезеңде бұзауларды суық тәсілмен бағу технологиясын қолданудың тиімділігін зерделеу;

- жаңа жабдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігін, оның ішінде баламалы энергия көздерін қолдану және фермада су беру арқылы өндіріс шығындарын азайту әсерін анықтау;

- егістіктерді және мал суаттарын жақсартудың ғылыми әдістерін енгізу;

- фермада сүтті бағыттағы мал басымен жұмыстардың тиімді тәсілдерін әзірлеу (жануарлардың тиімді ветеринариялық өңдеу тәсілдері және оларды өлшеу);

- қоражайлардағы микроклиматтың сиырлардың өсімін молайту қабілеттілігіне әсерін зерделеу;

- фермада тиімді көң жинау жүйесін енгізу, көң өңдеудің экономикалық тиімділігін бағалау;

- препараттар мен азықтық қоспаларды қолдана отырып қарқынды азықтандырудың түрлі топтағы төлдердің бойы мен салмағына әсер етудің тиімділігін зерделеу;

- өндірісте цифрлық технологиялар арқылы «Табынды басқару» жүйесін қолданудың тиімділігін бағалау;

- өндіріске жаңа технологиялық жабдықтар мен технологияларды енгізу, оларды қолданудың экономикалық тиімділігін бағалау, өзіндік құнға тигізетін әсер, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;

- ветеринарияның заманауи тәсілдерін енгізу (жануарларға әр түрлі вакциналар мен дәрілердің әсерін зерттеу, вакцинация жоспарын жасау);

- жануарларды азықтандыруды ғылыми сүйемелдеу (балансты рацион жасау, ең өнімді малдарды анықтау үшін тұтынатын азықты өлшеу мен бақылау, азықтық қоспаларды пайдаланудың тиімділігі);

- өндірісті, маркетингті және менеджменті жүргізуге экономикалық бағалау жүйесін енгізу;

- білікті мамандарды тарта отырып, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу;

- шет ел сарапшыларын тарта отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп іске асыру;

1 модельдік фермадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының құны 386 млн. теңгеден аспайды.

Әр модельдік фермада басқа қожалықтардан мамандарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін тарату бойынша кем дегенде 3 семинар ұйымдастырылады.

Әр модельдік фермада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде кем дегенде 20 студент тартылады.



жүктеу 307 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау