Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31 А, кабинет 212. Анықтамалар үшін телефон: 32-48-13, электрондық пошта: ukzsp_atyrau@mail.kz
1. Бас маман–заңгер (1 бірлік), (уақытша, негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу аралығына 2020 жылғы 11 тамызға дейін) D-O-4 санаты бойынша лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін жүргізеді; Басқарма қызметкерлерін жеке сұрақтармен қабылдау және консультативтік кеңес беру және басқармаға бағынысты мекемелерге құқықтық және әдістемелік көмек береді. Басқарма қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру материалдары бойынша басқарма қызметкерлерінің әдеп кодексінің сақталуын, сонымен қатар сенім телефоны арқылы азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін бұзу фактілері бойынша істі қалыптастыруға қатысады; Нұсқау, бұйрық, келісім шарт, еңбек шарты, құқықтық актілердің жобаларын жүргізеді және олармен жұмыс жасайды; Әділет органына тіркеуден өткізуге құжаттар дайындайды; Қазақстан Республикасының “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының орындалуын жүзеге асырады; Азаматтардың өтiнiштерi мен арыздары бойынша есеп беруді әзiрлейді; «Айқын» дерекқоры бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтiнiштер мен арыздарды тіркейді және олардың уақтылы жауап берілуін қадағалайды; Құқыктық білім беру мектебінің жұмысын жүргізеді; Белгіленген тәртіпте сотта сонымен қатар, басқа да органдарда құқықтық мәселелерді қарау негізінде басқарманың мүддесін қорғайды; Басқарма бойынша шешiмдер, бұйрықтар, нормативтік құқықтық актілер дайындайды және басқарма бойынша олардың орындалуын жүзеге асырады; Басқарма басшысының және басқарма басшысы орынбасарларының жүктеген басқа да міндеттерін нақты және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары: құқық.
2. Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы
(1 бірлік), D-O-4 санаты бойынша лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар санының өсуіне ықпал етеді. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, басқармаға қарасты мекемелерге әдістемелік көмек көрсетеді. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, оған теңестірілгендердің, тылда еңбек еткен адамдардың тізімдерін жасақтайды; келіп түскен гуманитарлық көмектерді комиссия арқылы бөлу, тарату жұмыстарын және бөлінген көмектерге оған бақылауды ұйымдастырады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастырады. Есту аппаратымен қамтылған азаматтар есебін жүргізеді. Бөлімнің қарауына жататын арыздар мен өтініштерді қарап, оларға жауап беру жұмыстарын жүргізеді. «Қамқорлық» айлығы шеңберінде шараларды іске асырады. Облыстық еңбек және соғыс ардагерлері ұйымымен, облыстық мүгедектер, соқырлар қоғамдарымен және қайырымдылық қорларымен бірігіп жұмыс жүргізеді. Бөлім құзырына жататын ай сайынғы, тоқсан сайын, жарты жылдық және жылдық есептерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сай мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын пандус-түгендеу есебін жүргізеді. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге емдеу-сауықтыру берілген жолдама есебін ұйымдастырады. Қала және аудандар бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке есебін жүргізеді. Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарымен қарым-қатынасын үйлестіріп отырады. Сонымен бірге, мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша республикалық протездік-ортопедиялық орталықпен, республикалық есту қабілетін түзеу орталығымен және оның Атырау қаласындағы бөлімшесімен, мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынаста жұмыс жасайды. «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бойынша Атырау қалалық және аудандық бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастырады, жұмыс жасайды. Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады. Аумақты дамыту бағдарламаның көрсеткіштерін жасақтап, орындалуын қамтамасыз етеді; кезекті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштерінің орындалысын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту және орындау бойынша мәселелерді жүзеге асырады. Азаматтардың арыз-шағымдарына қолданыстағы заңдарға сәйкес уақтылы жауап береді;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару); білім (қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті; орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен əдебиеті); қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Осы лауазым мемлекеттік органның штат кестесінде төменгі болып табылатындықтан, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3×4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 23.11.2010 жылғы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 21.12.2010 жылы №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың
көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің орны мен мерзімі:
Аталған құжаттар, конкурс өткізу туралы хабарландыру интернет-ресурста соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар, құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды бере алады. Электрондық почта не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасы мен нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 21.02.2017ж., №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
_________________________________________________________________________
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_________________________________ (мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ _______________________________________________________________________________ ________________ _____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
|
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |