Конкурс жариялайды Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 223,5 Kb.
Дата11.01.2020
өлшемі223,5 Kb.
#26181
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       3) А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

       4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

       5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;**

       7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.**

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

       жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       жоғары білім;

       мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

       жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

      7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

      ** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:




Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 041

275 664

С-3

154 071

208 205

С-4

138 248

186 551

С-5

104 102

140746



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефоны 8 (7172) 74-28-18, e-mail: a.doszhanova@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 11-2

Функционалдық міндеттері: Департаменттің жұмысына басшылық ету, ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, талдау және бақылау, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру және қатысу. Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оған қатысу; денсаулық сақтау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау; жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша нақты ұсыныстарды дайындау. Үкіметаралық комиссиялардың жұмысын өткізу және қатысу. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық, үкіметаралық және мемлекетаралық деңгейлерде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және әзірлемелерді ұйымдастыру. Департаменттің мемлекеттік органдармен, құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен қызметті ұйымдастыру. Мемлекет басшыларының, мемлекеттік ұйымдардың басшыларының ресми сапарларының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруды және асыруды ұйымдастыру. Шетелдік делегациялардың министрлікке ресми сапарларын ұйымдастыру. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттарын және өтініштерін қарау, олардың орындалуын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары білім. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеруі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Министрдің кеңесшісі (1 бірлік), С-3 санаты 02-03

Функционалдық міндеттері: Министрді анықтамалық, ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету; Министрліктің қарауына жататын мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау; Министрдің қатысуымен өтетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыруға қатысу; талдау материалдарын жинақтау және қорыту; Министрдің жұмыс процесін ұйымдастыру; ай сайынғы жұмыс кестесін құру; хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау; Министрдің почтасын қабылдау және оған қол қоюға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, әлемдік экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, шетел филологиясы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы, С-3 санаты, 20-01-01

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының жұмысына жалпы басшылықты, басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізеді, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді; «Республикалық электрондық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің қызметін үйлестіреді; ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыруды әзірлеуге және үйлестіруге қатысады, ақпараттандыру мәселелері бойынша денсаулық сақтау бюджетін қалыптастыруға және мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару жергілікті органдарының қызметін үйлестіруге қатысады, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу мен мониторингтеуді үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасының басшысы, С-3 санаты, 06-03-01

Функционалдық міндеттері: Медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасы жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлау, ғылымды жаңғырту бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру, одан әрі дамыту бойынша басқармалық шешімдерді әзірлеу, министрліктермен және ведомстволармен қарым-қатынастарды үйлестіру, саланың стратегиялық қажеттілігіне сәйкес кадрларды даярлауды жоспарлау жүзеге асыру, медициналық ғылым жағдайын талдау, медициналық ғылым мәселелері бойынша медициналық ғылым ұйымдарымен қарым-қатынас құру, медициналық ғылым ұйымдарын кешенді тексеруге қатысу және ұйымдастыру, медициналық ғылым саласында нормативтік құқықтық құжаттарды, негізгі заң актілерін әзірлеу, медициналық ғылымды жетілдіру бойынша бағдарламаларының әзірлемелерімен басқару және ұйымдастыру, ғылыми-зерттеулік ұйымдардың ғылыми өнімдері, ғылыми кадрларды даярлау мониторингі, оларды заң жағынан қамтамасыз ету, медициналық ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, медициналық ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша министрліктер, ведомстволар және медициналық ұйымдарымен қарым қатынас құру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика), мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, С-3 санаты, 11-01-01 (негізгі қызметкердің 08.03.2020 ж. бала күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Функционалдық міндеттері: Министрліктің құзыреті шегінде келісімдердің, меморандумдардың жобаларын, ниет хаттамалардың жобаларын әзірлеу және олар бойынша қорытындыларды дайындау бойынша басқарма жұмысына жалпы басшылық, департаменттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдерін және тапсырмаларын бақылау және орындау, денсаулық сақтау жүйесі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру, халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, шетелдік тәжірибені тарту, халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыруды бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар және қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықараралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары білім. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеруі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), 11-02-02 (негізгі қызметкердің 30.09.2018 ж. қоса алғанда жүктілік пен босануға байланысты демалыс уақытына)

Функционалдық міндеттері: Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша КО, БЭК, ДСҰ, ЕО, ЭЫДҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ интеграциялық бірлестіктерімен байланыстарды дамытуға ықпал ету және өзара іс-қимыл; министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша БЭК шеңберінде шетел мемлекеттерімен қарым қатынас туралы талдау және ұсыныс беру, ықпалдасуды тереңдетуге бағытталған халықаралық келісімдерді әзірлеу, жасасу, ратификациялау, іске асыру және қосылу бойынша жұмысты үйлестіру және өзара іс-қимыл, халықаралық шарттарды дайындау және кодификациялау жөніндегі келіссөздер процестеріне және сарапшылық және жұмыс топтарына қатысу, интеграциялық бірлестіктерге одан әрі ықпалдасу мәселелері бойынша талдау, анықтамалық және басқа материалдарды дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдерін және тапсырмаларын орындауды бақылау және қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс, фармация) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі) мамандықтары бойынша жоғары білім. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеруі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Заң қызметі департаменті құқықтық талдау және талап-арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік) С-4 санаты, 13-03-02 (негізгі қызметкердің 04.11.2019 ж. бала күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Функционалдық міндеттері: Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында наразылық-талап жұмыстарының жүргізілуін талдау және үйлестіру, сотта, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдарда құқықтық мәселелер бойынша министрліктің мүддесін білдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), С-4 санаты, 05-02-04

Функционалдық міндеттері: Перинаталдық көмекті өнірлендіруге, тиімді перинаталдық технологиялардың, емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарының, бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу және ДДҰ ұсынған өзге де қағидаттардың енгізілуіне мониторинг жүргізу. Ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша жағдайды, ана мен бала өлімінің деңгейін мониторингілеу. Неврологиялық аурулары бар балаларға (БЦП, аутизм және т.б.) көмек көрсетуді жетілдіру, диагностикалау мен емдеуде жаңа технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар әзірлеу, балаларға сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру, балаларға оңалту және паллиативтік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу, туа біткен даму ақаулары бар балалардың туылуын төмендету үшін пренаталдық диагностиканы жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу және талдау, орфандық аурулары бар (муковисцидоз, мукополисахаридоз, Гоше ауруы және т.б.) балаларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу. Медициналық ұйымдарда балалар саудасының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды үйлестіру, жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан балардың өлім-жітімін төмендету жөніндегі іс-шараларды орындау. Жетім балаларға және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, Сәбилер үйлеріндегі балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше акушерлік және гинекология немесе педиатрия бойынша жоғарғы/бірінші біліктілік санатының, денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

9. Инвестициялық саясат департаменті мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының сарапшысы, (1 бірлік), С-5 санаты, 07-01-04

Функционалдық міндеттері: Басқарманың және Министрліктің әлеуетті концессионерлерімен кездесуді ұйымдастыру, сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша объектілердің тізбесін қалыптастыру, жекешелендіру мәселелері бойынша барлық қажетті іс-шараларды орындау, Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және жаңғыртуға бағытталған республикалық мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау. Халықаралық қаржы ұйымдарымен мемлекеттік-жекешелік мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды жасау). Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

10. Заң қызметі департаменті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (1 бірлік), С-5 санаты, 13-02-02 (негізгі қызметкердің оқу демалысы уақытына 01.07.2019 жыл қоса алғанда)

Функционалдық міндеттері: Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптау, министрлік әзірлеген, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түскен нормативтік актілердің жобасын келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, Министрлік атынан жасалатын шарт жобаларын сараптау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Арнайы мамандандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Арнайы мамандандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен эссе жазады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).


Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.


«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)


_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)





ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения





2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)





3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения





4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)





5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками





6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)





7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)





8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема


босатылған/
увольнения














_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата


_______________
күні/дата

_ 20__ ж.





жүктеу 223,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау