Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет17/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44

43
 
Газ
3. мазут – «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ.
2015 жылы ҚМГ-ӨМ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 
Шекара қызметіне теміржол/авто көлігімен 22 мың тонна көлемінде мазут жеткізді.
Мұнай өнімдері маркетингі секторындағы өз қызметінің стратегиялық мақсаттарының бірінің шеңберінде ҚР-ға әуе тасыма-
лын авиаотынмен қамтамасыз ету нарығында бәсекеге қабілетті кәсіпорын – 2014 жылы құрылған «ҚМГ-Аэро» дамып жатыр. 
2015 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ-Аэро қатысатын географиясын айтарлықтай кеңейтті. Әуе кемелеріне май құю 
ҚР барлық әуежайларында жүзеге асырылады. SCAT, Air Astana, Жетісу, Бүркіт, Bek Air, Kaz Air jet секілді авиакомпаниялар және 
Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Қостанай, Павлодар, Орал, Көкшетау әуежайлары Серіктестіктің контрагенттері 
болып табылады. 2014 жылмен салыстырғанда, сату көлемі шамамен 9 есе өсіп, 61,5 млн. тоннаны құрады. 2015 жылдың қо-
рытындылары бойынша ҚМГ-Аэро нарығының үлесі шамамен 10% болды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республика-
сына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 2010 жылғы 9 желтоқсан-
дағы келісімге (Келісім) және Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына 
әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды ыңғайласпа жеткізу әдістемесіне сәйкес «ҚазМұнайГаз – өң-
деу және маркетинг» АҚ Ресей Федерациясына мұнайды ыңғайласпа жеткізу жөніндегі компания-оператор болып белгіленді. 
Келісімді орындау мақсатында ҚМГ-ӨМ 2014 жылғы тамыздан бастап 2015 жылғы тамызға дейін (қоса есептемегенде) қазақстан-
дық мұнай өндіретін ұйымдардың 2.95 млн. тонна шикі мұнайын ресейлік мұнай компанияларына сатты.
«ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымдары – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ пен «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ ішкі нарықтағы табиғи газ мар-
кетингін жүзеге асырады. Осы компаниялардың функцияларына ішкі нарық үшін табиғи газды көтерме сатып алу, газды өңір-
лік газ тарату желілері бойынша тасымалдау, газ тарату объектілері мен желілерді пайдалану және ішкі нарықта табиғи газ-
ды сату кіреді.
Сыртқы нарықтарға газ экспорты мен Қазақстанның ішкі нарығының қажеттіліктеріне, оның ішінде өзара жеткізу (СВОП-опе-
рациялар) арқылы газ сатуды 2002 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «Газпром» КАҚ тепе-тең негізде құрған «ҚазРосГаз» ЖШС 
компаниясы жүзеге асырады. «ҚазРосГаз» ЖШС «15 жыл мерзімге Қарашығанақ кен орнының шикі газын сатып алу-сату шар-
ты» шеңберінде сату үшін көлемдер алады. 
ҚР оңтүстік өңірлерін және Қостанай облысын газбен қамту «БГР-ТБА» мен «Газли-Шымкент» газ құбырлары бойынша өзбек 
газының, «Түрікменстан-Қытай» МГ бойынша өзбек және/немесе түрікмен газының, «Бозой-Шымкент» газ құбыры бойынша 
қазақстандық газдың, сондай-ақ «Бозой-Шымкент» газ құбыры бойынша ресейлік газдың ресурстары есебінен «Газпром» КАҚ-
пен СВОП-операциялар шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстанның батыс өңірлерін газбен қамту қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар газының ресурстары есебінен жү-
зеге асырылады.
Табиғи газды сату, млн. м3
2015
14 055
2 587
11 468
2014
12 942
1 801
11 140
2013
11 729
2 378
9 351
2012
11 584
1 089
10 495
2011
11 129
2 845
8 284
2010
9 995
2 750
7 245
Ішкі
нарық
Экспорт
Барлығы


ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
44
 
Сервистік жобаларды дамыту
«Өзін-өзі көтеретін жүзбелі бұрғылау қондырғы-
сын салу» жобасы
«ҚМГ Drilling & Services» ЖШС «Өзін-өзі көтеретін жүзбелі 
бұрғылау қондырғысын салу» жобасын (ӨКБҚ) іске асырады. 
Осы жобаның шеңберінде 2012 жылғы 5 шілдеде «Кеппел Қа-
зақстан» ЖШС мен «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС консор-
циумымен ӨКБҚ салу шартына қол қойылды. 2016 жылы ӨКБҚ 
салуды аяқтау және қабылдау жоспарланып отыр.
«KMG Drilling & Services» ЖШС-ның Nabors Drilling 
International Ltd. Компаниясымен бірлесіп жүзе-
ге асырылатын «Теңізшевройл» ЖШС бұрғылау 
бағдарламасын іске асыру жобасы
Жобаны іске асыруға ҚР Үкіметі мен «Теңізшевройл» ЖШС 
арасындағы «Теңізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жоба-
сын және Сағалық қысымды басқару жобасын жүзеге асыру 
арқылы инвестицияларға, оқыту мен даярлауға жәрдемдесу 
мақсатындағы ынтымақтастық туралы» 2013 жылғы 14 қара-
шадағы меморандумның шеңберінде бастамашылық етілді. 
2015 жылғы 21 сәуірде «КМГ Drilling & Services» ЖШС мен 
Nabors Drilling International Ltd. арасында «КМГ Nabors Drilling 
Сompany» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құру туралы шартқа 
қол қойылды. «КМГ Nabors Drilling Сompany» ЖШС бірлескен 
кәсіпорнының базасында құзыреттер орталығын құру Nabors 
тәжірибесін, технологиясы мен басқару жүйесін қабылдауға, 
озық әлемдік практикаға сәйкес бұрғылау қызметтерін көрсе-
ту саласында жоғары білікті кадрларды оқытуға мүмкіндік бе-
реді. Ұзақ мерзімді перспективада ҚР-де ірі мұнай-газ жобала-
рында бұрғылау мердігері ретінде тиімді жұмыс істеу.
2015 жылғы қазаннан бастап «ҚМГ Nabors Drilling Сompany» 
ЖШС «Теңізшевройл» ЖШС-мен қол қойылған сервистік тапсы-
рыс шеңберінде Теңіз кен орнында бұрғылау жұмыстарын жү-
зеге асырады. 
Эни С.п.А. компаниясымен (Италия) бірлескен 
өнеркәсіп инфрақұрылымы жобалары
2014 жылғы 16 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Эни ара-
сында «Исатай» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге, 
сондай-ақ «Кеме жасау орны» жобасы бойынша екінші ке-
зеңнің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды, оларға 
сәйкес екі компания осы жобаларды іске асырудың негізгі тех-
никалық және коммерциялық шарттарын келісті.
2014 жылғы 26 мамырда Базалық инжинирингті (FEED) орында-
уға және «Кеме жасау орны» жобасы бойынша жобалық-сме-
талық құжаттаманы әзірлеуге арналған келісімшарт жасалды.
2015 жылғы 26 тамызда Құрық кентінде мемлекеттік органдар 
мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Кеме жасау орны» жобасы 
бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді (ҚОӘБ).
2015 жылғы желтоқсанда Кеме жасау орнының жобалық-сме-
ҚМГ инновациялық-технологиялық дамуы
2014-2018 жж. Инновациялық-технологиялық даму стратегиясын іске асыру
2015 жылы ҚМГ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инновациялық-технологиялық дамуының 2014-2018 жылдарға арналған стратегиясын 
жоспарлы түрде іске асыруды жалғастырды. 2014-2015 жж. жүргізілген жұмыстар нәтижесінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ инду-
стриялық-инновациялық саясатымен белгіленген ИТҚ көрсеткіштерінің өсуі сәтті қамтамасыз етілді.
талық құжаттамасының пакеті тиісті қортынды алу үшін «Мем-
сараптама» РМК-ға жіберілді. 
«Жүк тасымалдау маршруты» жобасы
2014 жылғы 11 наурызда ҚМГ Инвестициялық комитеті «Жүк 
тасымалдау маршруты» инвестициялық жобасын іске асыруды 
мақұлдау туралы шешім қабылдады. Жобаның негізгі мақса-
ты болашақ кеңейту жобасының (БКЖ) шеңберінде қажетті ірі 
көлемді модульдер мен басқа да жүктерді ауыстырып  тиеуде 
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) болашақ қажеттілігін қамтамасыз 
ету үшін Каспий теңізінің Солтүстік бөлігіндегі теңіз тасымал-
дау көлігін дамыту болып табылады.
2014 жылғы 15 мамырда «ТеңізСервис» ЖШС мен ТШО ара-
сындағы объектіні салуға және пайдалануға арналған келісім-
шартқа қол қойылды.
2014 жылғы қазанда Теңіз арнасының табанын тереңдету жұ-
мыстары басталып, осы сәтте жалғасып жатыр. Жағалаулық 
құрылыстар бойынша дайындау жұмыстары көлемінің шең-
берінде карьер игеріліп жатыр, уақытша кірме жолдары мен 
құрылысшыларды вахталық кенті салынып жатыр. Жерүсті 
құрылыстар бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзір-
леу аяқталды және жерүсті құрылыстарды салу үшін жұмыс құ-
жаттамасы әзірленіп жатыр.
Мемсараптаманың жобаның жерүсті және теңіз бөліктерінің 
құрылыстарын салуға арналған жобалық-сметалық құжатта-
маға оң қорытындылары алынды.
«АқтауОйлМаш» ЖШС БК құру жобасы
2013 жылы мұнай-газ жабдығын шығару бойынша жаңа өндірі-
стерді құру шеңберінде ҚМГ ресейлік «Спутник-Интеграция» 
ЖШҚ компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандум 
жасады, оған сәйкес «АқтауОйлМаш» ЖШС (АОМ) бірлескен 
кәсіпорны құрылды. АОМ әр түрлі жабдық түрлерін, оның 
ішінде: мұнайдың/газдың коммерциялық есебі қондырғысы, 
сұйық тық/газ дебитін өлшеу қондырғысы, блокты шоғырлы 
сорғы станциялары, мұнай/газ дайындау қондырғысы, сорғы 
және компрессорлық агрегаттарды маймен қамтамасыз ету 
жүйелері, энергиямен қамтамасыз етудің кешенді жүйелері 
мен кейбір басқалары секілді түрлерін шығаруға мамандан-
дырылған. Алаңы 10 га зауытты салуға арналған «Ақтау теңіз 
порты» АЭА №1 қосалқы аймағындағы жер учаскесі ресімдел-
ді, сондай-ақ АОМ-ға «KPI» АҚ-қа тиесілі, жалпы алаңы 17,5 тыс. 
м2 АПМЗ аумағындағы өндірістік цехтер жалға берілді, шама-
мен 200 инженерлік-техникалық қызметкер мен жұмыс кәсібі 
бар қызметкерлер жұмыс істейді, әкімшілік-басқарушылық 
персонал жинақталды, шығарылатын өнімнің барлық түрлері-
не CT-KZ сертификаттары алынды. Қазіргі уақытта «Ақтауой-
лмаш» ЖШС мен ҚМГ еншілес ұйымдары арасында шамамен 
6 млрд. теңге сомасына әр түрлі мұнай-газ жабдығын өндіру-
ге және жеткізуге шарттар жасалды. БК өнімінің барлық но-
менклатурасы 2018 жылға қарай толық қуатқа шығады және 
шығарылады.
ИТҚ ҚНК 
өлш. бірл
2013
2015
Компанияның түсіміндегі инфрақұрылым шығыстарының үлесі
%
0,51
11
Персоналдың жалпы санындағы инновациялармен жұмыс істейтін персонал үлесі
%
0,29
1,14
ҒТК-да мақұлдаудан кейін енгізілген жобалар/өнертапқыштық ұсыныстар саны
бірл..
28
39
Компанияның түсіміндегі ҒЗТКЖ шығыстарының үлесі
%
0,01
0,72
Компанияның түсіміндегі инновациялық жобаларға салынатын инвестициялардың үлесі
%
0,06
2,44


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау