Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет18/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44

45
Компанияда негізін еншілес ұйымдары «ҚазМұнайГаз» өндіру 
және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» 
(ҚМГ ӨБТ ҒЗИ) мен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының 
ғылыми-техникалық орталығы» (ҚТО ҒТИ) ЖШС құрайтын ин-
новациялық инфрақұрылым құрылды.
ҚМГ ӨБТ ҒЗИ базасында кеңістіктік визуализациялауды жүр-
гізу, шынай уақыт режимінде ұңғымалар бұрғылауды қолдау, 
деректер базасымен және Компанияның кен орындарының 
геологиялық-гидродинамикалық модельдерімен жұмыс істеу 
үшін озық жабдығымен және бағдарламалық жасақтамамен 
жабдықталған «Құзыреттер орталығы» құрылды. 
Барлау және өндіру секторында зияткерлік кен орны жүйесін, 
GPS мониторингі жүйесін, ұңғымаларды басқарудың зияткер-
лік станциясын және басқаларын құру жұмыстары жалғасты-
рылды. Компанияда полимерлік және циклдік суландыру, жа-
зық ұңғымаларды бұрғылау, мазутталған топырақты кәдеге 
жарату, радиоактивті металл сынығын активсіздендіру және 
басқа да технологиялар енгізіледі. ҚМГ Прорва кен орында-
ры тобының ілес мұнай газын күкірттен тазарту қондырғысын 
салу жұмысы жалғасуда.
Мұнай және газ тасымалдау секторында құбырлардың тоттан 
қорғауды арттыру, магистральдық газ құбырларын электр-хи-
миялық қорғау құралдарының өлшемдерін дистанциялық 
басқару жүйелерін автоматтандыру технологиялары енгізіліп 
жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысында және Таразда газ та-
рату желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Тасымалдау 
кезінде мұнайды тазарту мен жылытудың заманауи жүйелері 
өндіріске енгізілді.
Өңдеу секторында үш қазақстандық МӨЗ қайта жаңарту жүр-
гізіліп жатыр, ағынды суды тазарту бойынша мембраналық 
биореакторлар негізінде жабдықты орнату жобалары, МӨЗ со-
рғы-компрессорлық жабдығының діріл-мониторингінің стаци-
онарлық жүйесі және басқалары енгізіліп жатыр.
2015 жылы Қарағанды көмір бассейінінің көмір қойнауқатта-
рының метанын өндіру жобасы бойынша геологиялық-барлау 
жұмыстары (барлау ұңғымаларын бұрғылау, кернді алу және 
талдау, қорларды есептеу) басталды. 
ИТҚ корпоративтік мәдениетін дамыту
«ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  корпоративтік  инновациялық  мәде-
ниетін дамыту мақсатында ЕТҰ-да өнертапқыштық  қызметті 
қолдау тетіктерін дамытуды ынталандыратын ҚМГ компа-
нияларының тобындағы рационализаторлық және өнерта-
пқыштық қызмет саласындағы саясат әзірленді. 
2015 жылдың қорытындылары бойынша өнертапқышты қол-
даудың неғұрлым тиімді жүйесі «Рационализатор.kz» атты ре-
спубликалық конкурста 2-орын алған «ҚазМұнайГаз - өңдеу 
және маркетинг» АҚ-та енгізілді. 
2015 жылы қолданыстағы Жастар саясатының шеңберінде 
Компанияның жас қызметкерлерінің инновациялық жобала-
ры конкурсы өткізілді, оған 30 жас қызметкер қатысты. Ұңғы-
малық сорғы қондырғылары мен жинау және дайындау жүй-
есінің жабдығын механикалық қоспалардың әсерінен қорғау 
үшін тереңдік фильтрді пайдалану идеясын ұсынған «Қара-
жанбасмұнай» АҚ игеру технологиялары бөлімінің техник-ге-
ологы А.С.Қожаш Конкурс жеңімпазы болды. Екінші орынды 
қойнауқаттың забой маңы аймағын кешенді тазарту (ББЗ) ту-
ралы ұсыныспен «Қаражанбасмұнай» АҚ ұңғымаларды зерттеу 
жөніндегі аға инженері Р.О. Ақмұханов, үшінші орынды энер-
гетикалық шығындарды азайтуға, шығарылатын өнімнің са-
пасын арттыруға мүмкіндік беретін кірпіштерді дайындауда 
мұнай шламын пайдалану ұсынысымен «Павлодар мұнай-хи-
мия зауыты» ЖШС бақылау зертханасының 3-разрядтағы зерт-
ханашы А.М. Изуева алды.
Жеңімпаздар оқу сертификаттарымен және алғыс хаттарымен 
наградталды. Бірқатар жоба кейіннен ҚМГ компанияларының 
тобы бойынша таратып, өнеркәсіптік сынақтар кезеңіне ауы-
су мүмкіндігі үшін ЕТҰ ғылыми-техникалық кеңестерінде қа-
рауға ұсынылды.
ҚазМұнайГаз инновацияларды ынталандыру және қолдау 
жұмысын одан әрі жалғастыруға ниетті. 2015 жылы интер-
нет-порталдың пилоттық платформасы (Идеялар қоры) құрыл-
ды, оның базасында ҚМГ компанияларының тобы бойынша 
ең үздік инновациялық идеялар мен өнертапқыштық ұсыны-
старды іздеу мен іріктеуді жүзеге асыруды жүзеге асыруды 
тұрақты негізде жоспарланады.
 
Орнықты даму
ҚМГ 2006 жылғы 7 ақпаннан бастап БҰҰ Ғаламдық шартына қатысушы және әмбебаптық құндылықтар жүйесін әрқашанда 
сақтайды.
ҚМГ үшін бұл қоршаған ортаға барынша аз залалмен қызметкерлер, мердігерлер немесе ҚМГ өндірістік қызметті жүргізетін 
өңірлерде тұратын адамдарға зиян келтірмей, мұнай мен газ өндіруге, тасымалдауға және өңдеуге ұмтылуды білдіреді. 
Мыналар 2015 жылы орнықты даму саласындағы негізгі бағыттар болып табылады:
 сапа саласындағы интеграцияланған басқару жүйесін дамыту;
 қоршаған ортаны қорғау;
 денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
 энергия үнемдеу;
 орнықты даму қағидаттарын енгізу;
 жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
 адам капиталын дамыту;
 Компания қатысатын өңірлерін дамытуға инвестициялар салу;
 мүдделі тараптармен өзара іс-әрекет жасау.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орнықты даму саласындағы тұжырымдама ҚМГ корпоративтік веб-сайтында «Орнықты даму» бөлімінде 
орналастырылған және Компанияның барлық мүдделі тараптарына қол жетімді. 
Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында ҚМГ Басқармасы іске асыру үшін қабылданған іс-шараларды орындау туралы мәсе-
лені жыл сайын қарайды. Негізгі іс-шаралардың бірі халықаралық есептілік стандартына (Global Reporting Initiative Version 4) 
сәйкес орнықты даму есебін жыл сайын жариялау болып табылады.
ҚМГ еншілес ұйымы KMG International (Rompetrol) компаниясының есебі Deloitte компаниясы беретін «2013-2014 жылдарда 
Румыниядағы орнықты даму бойынша ең үздік есебі» деген титул алды және «2014 жылы Еуропада орнықты даму бойынша 
ең үздік есебі» деген атаққа номинанттардың бірі болды.


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау