ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
46
Орнықты даму тұжырымдамасы шеңберінде ҚМГ үш негізгі бағыт: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бойынша
бағдарламаларды іске асырады.
ҚМГ 2008 жылдан бастап жыл сайынғы негізде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы өз жауапкершілігі тура-
лы есептілікті дайындайды.
Компанияның әрбір қызметкерінің әлеуметтік жағдайын арттыру, жұмыс беруші мен қызметкерлердің өндірістік-экономика-
лық қызметтің қорытындылары үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік шеңберінде та-
раптар мүдделерінің оңтайлы балансына қол жеткізу мақсатында ҚМГ ұйымдарында ұжымдық шарттар қолданылады. 2015
жылы қызметкерлері ұжымдық шарттар жасасқан ЕТҰ саны 37-ге жетті.
ҚМГ компаниялары тобының ұйымдарында материалдық көмектің, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақының, әлеуметтік кеп-
ілдіктердің 10 түрін қамтитын кепілді әлеуметтік пакет енгізіледі. Бұдан басқа, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкерлерге қо-
сымша әлеуметтік пакет беріледі. 2015 жылғы ҚМГ-нің ҚМГ шоғырланымына кіретін негізгі ЕТҰ қызметкерлеріне шамамен 26
млрд. теңге мөлшеріндегі сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Адам ресурстарын басқару және еңбекақы блогы ҚМГ ЕТҰ-да еңбек даулары мен жанжалдардың профилактикасы мен алдын
алу жұмысын тұрақты негізде жүргізуде. Әлеуметтік шиеленістің мониторингін тұрақты жүргізу және алдын алу шараларын қа-
былдау 2015 жыл ішінде ҚМГ ЕТҰ-да тұрақтылықты сақтап, әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік берді. 2015 жылы өтініштер
(арыздар) саны 2014 жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайды (2014 – 52 өтініш, 2015 – 29).
«ҚМГ ЕТҰ ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің үлгі қағидаларына» (Қағидалар) сәйкес ішкі коммуникациялардың
құралдарын енгізу жұмысы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Қағидалар ҚМГ-нің 25 ЕТҰ-да енгізілді. Қағидалардың талаптарына
сәйкес ҚМГ ЕТҰ бірінші басшыларының ұжымдармен есептік кездесулері жылына екі рет, желілік басшылардың еңбек ұжымда-
рымен кездесулер тоқсан сайын, сондай-ақ бірінші басшылардың ұйымдардың кәсіподақтарымен немесе еңбек ұжымдары-
ның өкілдерімен кездесулер тоқсан сайын өткізіледі.
2015 жылы 2014 жылдың қорытындылары бойынша ЕТҰ бірінші басшыларының 81 есептік кездесу өткізілді. 2015 жылы ҚМГ
әлеуметтік саясат департаментінің қызметкерлері бірінші басшылардың 11 есептік кездесуіне және желілік басшылардың «ҚМГ
Барлау және өндіру» АҚ компанияларының тобы кәсіпорындарының, сондай-ақ «Маңғыстаумұнай» АҚ (ММГ) мен ЕТҰ «Ақтау-
мұнайсервис» ЖШС (АМС) еңбек ұжымдарымен 30-дан астам кездесуіне қатысты.
Бұдан басқа, 2015 жыл ішінде әлеуметтік саясат департаментінің қызметкерлері жұмыскерлермен 25 кездесу өткізілді, онда ҚР
еңбек заңнамасы, Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің үлгі қағидалары, ҚМГ ЕТҰ аумағында жиналыстарды (конфе-
ренцияларды) өткізу тәртібі түсіндірілді, келіп түскен сұрақтарға жауап береді.
Сонымен бірге, Қағидаларда ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар басқа да құралдар: корпоративтік сайт-
тар, сенім телефондары, ақпараттық стендтер, қызметкерлердің ұсыныстарына арналған жәшіктер және басқалары көзделген.
Кері байланыс құралдары арқылы басшы мен қызметкерлер арасында тұрақты өзара алмасу қамтамасыз етілді.
ҚМГ адам ресурстарын басқару және еңбекақы блогы корпоративтік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, жергілікті орындар-
дағы ағымдағы жағдайдың мониторингі және, қажет болғанда, тиісті шаралар қабылдау үшін ҚМГ ЕТҰ орынбасарларымен ау-
дио-конференция режиміндегі селекторлық кеңестерді тұрақты түрде өткізеді.
2015 жылғы желтоқсанда Ақтау қаласында ҚМГ барлық ЕТҰ-ның әлеуметтік мәселелері бойынша басшылардың бірінші орын-
47
басарларымен және басшыларымен кеңес өткізілді, онда бір жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылды, тиісті ұсынымдар
берілді және 2016 жылғы негізгі мақсаттар белгіленді.
ММГ мен АМС еншілес ұйымдарында әлеуметтік ахуал мониторингінің автоматтандырылған жүйенің пилоттық режимінде ен-
гізу жұмысы жүргізілуде. Осы инструментарий әрбір ЕТҰ бойынша ақпаратты жинауға, бірыңғай деректер базасын қалыптасты-
руға және ҚМГ-дегі әлеуметтік ахуал туралы ақпараттың берілуін орталықтандыруға мүмкіндік береді. Инструментарий әлеу-
меттік шиеленістіктің алғышарттарын алдын ала бақылауды және оларды алдын алу шараларын әзірлеуді көздейді.
ҚМГ компаниялар тобы бойынша корпоративтік Спартакиада және жұмыс мамандықтарының жұмысшыларының арасын-
да «Мамандықтағы озық жұмысшы» кәсіби конкурсы сияқты ұжымдарды біріктірудің жаңа құралдарын ендіру жоспарланады.
Жас мамандардың әлеуетін дамыту мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жастар саясаты» әзірленді және бекітілді, оның қызметінің
бірыңғай бағыттары белгіленді. Осы жұмыс шеңберінде әр түрлі тақырыптық кездесулер, дискуссиялар, мастер-класстар, тре-
нингтер, сондай-ақ бірқатар зияткерлік, ақпараттық және басқа да іс-шаралар өткізіледі (2015 жылы 5 іс-шара ҚМГ деңгейінде,
65 – ҚМГ ЕТҰ деңгейінде өткізілді). Осы уақытта Жастар кеңестері ҚМГ-нің 28 ұйымында жұмыс істейді.
ҚМГ жас мамандарды даярлау бойынша мақсатты жұмысты жүргізеді. Елдің бейінді жоғары оқу орындарымен (ҚБТУ, Қ. Сәт-
паев атындағы ҚазҰТУ, Атырау мұнай және газ институты, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, ҚМЭБИ, Л.Гуми-
лев атындағы ЕҰУ және басқалары) студенттердің практикадан өтуі туралы келісімдер жасалды. ҚМГ компанияларының тобы
бойынша шамамен 3,5 мың студент жыл сайын ұйымдардың орталық аппараттарында, сондай-ақ өндірістік филиалдарда өн-
дірістік немесе диплом алдындағы практикадан өтеді. Тәжірибе мен білім беру үшін әрбір практикантқа тәжірибелі қызмет-
керлер арасынан жетекшілік етуші бекітіледі.
Трансформация бағдарламасының және ҚМГ Басқармасы төрағасының персоналын жалдау рәсімдерін жетілдіру бойынша
тапсырмасының шеңберінде 2015 жылы Бос әкімшілік лауазымдарға орналастыруға конкурстық іріктеу қағидаларына тиісті
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олардың негізінде ҚМГ Корпоративтік орталығы толығымен «анық» конкурстық ірік-
теу жүйесіне ауыстырылды.
Осылайша, 2015 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ 60 бос позициясына келіп түскен 3 447 түйіндемесінен 188 түйінде-
ме іріктелді, оның ішінде 159 кандидат тестілеуге жіберілді. Тестілеу қорытындылары бойынша Конкурстық комиссия 72 кан-
дидатты қарап, оның 41 жұмысқа қабылдады. Конкурстық іріктеу рәсімдері ҚМГ ЕТҰ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру, ҚазМұнай-
Газ-өңдеу және маркетинг, ҚазТрансОйл, ҚазТрансГаз корпоративтік орталықтарында енгізілді.
2015 жылы ҚМГ персоналын оқытудың қолданыстағы жүйесін талдау және Қазақстан-Британ техникалық университеті есебінің
негізінде 70% - жұмыс орнында оқуды, 20% - ішкі оқуды, 10% - сырттай оқуды көздейтін ҚМГ персоналын оқытудың жаңа мо-
делінің тұжырымдамасы әзірленді және бекітілді (70/20/10).
Оқытудың жаңа моделін іске асыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылды:
ҚМГ қызметкерлерінің және Бірыңғай кадр резерві резервистерінің өзін-өзі оқытуы мақсатында ҚБТУ ақпараттық базасы
мен кітапханасына қол жеткізу рұқсаты берілді;
ҚМГ ішкі жаттығушылары туралы рәсім әзірленді және бекітілді;
оқудан өткен қызметкерлердің алған білімді таратуын ұйымдастыру;
өткізілген оқудың тиімділігін бағалау бойынша басшылар мен қызметкерлерге арналған сауалнама әзірленді;
сырттай оқуды іске асыру жөніндегі міндетті оқу іс-шараларының жоспары бекітілді. Осы жоспарға ҚР заңнамасының талап-
тарына, ҚР Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес оқу іс-шаралары, ҚМГ Директорлар кеңесінің, Басқарма шешімдерін орындау,
Бірыңғай кадр резервін дамыту, басшы және басқарушы қызметкерлердің, департамент директорларының басқарушылық құ-
зыреттерін дамыту кіреді.
ҚМГ компаниялары тобының персоналын оқытуға бірыңғай және жүйелі тәсілді және ҚМГ жер қойнауын пайдаланушы болып
табылатын жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде оқуға бөлінетін қаражатты тиімді
пайдалану мақсатында «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген қаражаттың шеңберінде «ҚазМұнай-
Газ» ҰК АҚ компаниялары тобының қызметкерлерін оқыту рәсімі» әзірленді және бекітілді. Осы рәсім мұнай-газ саласында та-
лап етілген мамандықтар тізбесіне сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындау кезін-
де тартылған қызметкерлерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға жіберу тәртібін реттейді.
Осылайша, 2015 жылы жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің шеңберінде жалпы сомасы 191
582 866 теңгеге 146 адам және жалпы сомасы 68 565 мың теңгеге ҚМГ 59 қызметкері, жалпы сомасы 82 986 мың теңгеге опе-
ратордың 42 қызметкері және жалпы сомасы 40 031 мың теңгеге Қазақстан Республикасының 45 азаматы оқудан өтті.
ҚМГ компаниялары тобының қатысу өңірлерінде адам капиталын дамытуды ұстануын көрсету ретінде дуальдік оқуды ұй-
ымдастыру бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ
пен «Ембімұнайгаз» АҚ. Дуальдік оқуды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары – кәсіпорында оқу уақытының 60%-ті, колледжде
оқу уақытының 40%-ті.
2015 жылы Павлодар мұнай-химия зауытында Павлодар химия-механикалық колледжінің 79 оқушысы, оның ішінде 40 оқушы-
сы «Мұнай және газ технологиясы» мамандығы бойынша, 39 оқушы «Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және оны жөн-
деу» бойынша практикадан өтті.
2015 жылы Павлодар мұнай-химия зауытында дуальдік нысандағы оқу бойынша практикадан оқу нәтижелері бойынша кол-
ледждің 31 түлегі жұмыс кәсіптеріне жұмысқа қабылданды.
2015 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ базасында ҚМГ Басқармасының 2015 жылғы 13 тамыздағы шешімімен Атырау мұнай және газ
институтының 34 студентін (3-курстың 19 студенті мен 4-курстың 15 студентін) «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайда-
лану» мамандығы бойынша және «APEC Petrotechnic жоғары мектебі» ЖШС 5 студентін (3-курс) «Мұнай және газ кен орында-
рын пайдалану» мамандығы бойынша дуальдік оқытуды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба пайдалануға енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |