Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет15/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44


ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
38
2015 жылы ҚМГИ еншілес компаниясы – Rominserv компаниясының күшімен Румынияның аумағында орналасқан өңдеу қуат-
тарын күрделі жөндеу табысты аяқталды. Барлық жұмыстар жоспарланған мерзімдерді (402 күн) аяқталды, сондай-ақ бастапқы 
бюджетпен салыстырғанда, басында бекітілген бюджеттің шамамен 10%-ті мөлшеріндегі үнемге қол жеткізілді.
Rominserv мамандарының салған күш-жігері және техникалық қызмет көрсетудегі заманауи тәсілдерді енгізу нәтижесі ретінде 
Petromidia зауытының механикалық дайындығы 2014 жылғы 95,87%-тен 2015 жылы 96,87%-ке дейін өсті. Осы көрсеткіш басын-
да жоспарланған 96,2% деңгейінен арты. Осындай механикалық дайындық деңгейі Petromidia МӨЗ-ді Еуропаның осы секілді 
озық кәсіпорындарымен бір қатарға қояды.
«Vega» МӨЗ – Плоешти қаласында 70 га алаңында орналасқан мамандандырылған зауыт. Зауыт 1905 жылы салынды және 
1970-ші жылдары жаңғыртылды. Жобалық өңдеу қуаты жылына 500 мың тоннаға дейін. «Vega» МӨЗ Румыниядағы шикізаттың 
баламалы түрлерін (нафта, ауыр көмірсутегі фракциялары, мазут) өңдеуге мамандандырылатын жалғыз кәсіпорын. Зауыттың 
технологиялары тапсырылған сипаттамалар бойынша ерітінділердің кең ассортиментін, әр түрлі битумдар мен басқа да ма-
мандандырылған өнімді шығаруға мүмкіндік береді. «Vega» МӨЗ-дегі битумдық өндіріс елдегі осындай жалғыз өндіріс болып 
табылады. 
2015 жылы өңдеу көлемі 328 мың тонна болды. шығарылатын өнім химия, мұнай-химия, резеңке, тоқыма және аяқ киім өнер-
кәсібінде қолданылады. 
Өңдеу көлемдері
2016
(жоспар)
4 822
2015
4 205
2014
4 426
2013
3 781
2012
3 806
2011
3 730
2010
3 367
2009
3 878
Мұнай-химия кешені (МХК) – «Petromidia» МӨЗ-бен интеграцияланған. Номиналдық қуаты 220 мың тонна кешеннің жұмыс 
істеп тұрған өндірістері әр түрлі маркалы төмен және жоғары және қысымдағы полипропилен мен полиэтилен шығарады. 
МӨЗ-де шығарылатын пропилен шикізат көзі болып табылады. этилен өндірісіне қажетті бөлік өзге де өнім берушілерден са-
тып алынады. 2015 жылы МХК өңдеу көлемі 174 мың тоннаны құрады. 
Бөлшек сауда сегменті
ҚМГИ Rompetrol бренді арқылы – ұсынылатын өзінің отын өнімдерінің, ілеспе сервисінің, НЕІ мейрамханалары желісінің жоға-
ры сапасымен белгілі ұлттық АҚС желісі мен өзге де түрдегі отын тарату пункттерінің беделді сауда маркасы және Fill&Go кар-
точкалары қолданылатын май құюдың ыңғайлы жүйесі болып табылады. «Petromidia» МӨЗ-де өндірілетін «Efix» маркалы отын 
(Еуро-5) ең белгілі және Қара теңізі өңірінде өзін жақсы танытқан отынның бренді болып табылады.
Румыния ҚМГИ үшін сату арналарының жақсы кірістілігімен негізгі нарық болып табылады. Румыниядағы бөлшек сауда, Қара 
теңіз өңірінің басқа нарықтарымен салыстырғанда, нарығы отынды сатудың жоғары деңгейімен, сондай-ақ елеулі маржамен 
сипатталады. Экономикалық өсу және тез өзгеретін инфрақұрылым тез және табысты кеңею үшін мүмкіндіктер ашады.
ҚМГИ стратегиясы сатудың барлық арналарын үйлесімді дамыту, оның ішінде жеке АҚС желісін одан әрі дамыту және жұмыс 
істеп тұрған станцияларды ребрендингі арқылы Қара теңіз өңіріндегі бірінші үштікке кіретін ірі ойыншы ретіндегі компания-
ның позициясын нығайтудан тұрады. Бухарест қаласының маңындағы позицияларды нығайту осы стратегияның орталығын-
да. Бұдан басқа, ҚМГИ-нің сұйытылған көмірсутегі газын сату бойынша сауда қызметі кеңейетін болады.
Осылайша, 2015 жылдың аяғында компания «Rompetrol» компаниясының 121 жұмыс істеп тұрған АҚС ребрендингін СОСО 
 жүйесі бойынша және 36 АҚС CODO жүйесі бойынша жүргізді, бірқатар автомай құю станциясын дилердің басқаруына беруді 
жүзеге асырды (CODO), сондай-ақ жиынтықта сатуды 2%-ке ұлғайтуға қол жеткізуге мүмкіндік берген жаңа 4 АҚС салуды аяқтап, 
оларды пайдалануға енгізді.
Компанияның даму перспективалары
ҚМГИ бизнесін дамыту стратегиясы тікелей интеграциялау – «ұңғымадан пистолетке дейін» идеясына негізделеді. Бас компа-
нияның шикі мұнай өндіру ресурстарын пайдалана отырып, ҚМГИ тобы мұнай өңдеу мен қосылған құны бар мұнай өнімдерін 
одан әрі сатуды жүзеге асыратын тізбектің қисынды жалғасы болып табылады.
ҚМГИ бизнесінің географиялық тұрғыдан қарқынды бизнесі Қара теңізі мен Жерорта теңізі өңірлерінде шоғырландырылған. 
Компанияның логистикалық әлеуеті Қара теңіздегі нарықта болуын кеңейту мүмкіндігін береді, ондағы ең ірі нарық Түркия 
Республикасының нарығы болып табылады. Осыған байланысты ҚМГИ Түркияның мұнай өнімдерін сату нарығына шығу жо-
лын пысықтауда.
Сондай-ақ ҚМГИ бизнесін дамыту шеңберінде компанияның Еуропаның өзге де перспективалы нарықтарына, оның ішінде 
Грецияның, Италияның және Испанияның нарықтарына шығу жолдарына мұқият талдау жүргізіліп жатыр. 


39
Компанияның негізгі қатысу нарықтарындағы үлесі 
Өндірістік процесті жетілдіру және шығындарды оңтайландыру
Қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада ҚМГИ «Petromidia» МӨЗ-дің өндірістік шығындарын оңтайландыру жұмы-
сы жалғасады. Бұл үшін компанияда шығындарды қысқартуға және операциялық энергия тиімділігінің деңгейін арттыруға 
бағытталған жобалар іске асырылатын болады. Тұтынылатын электр энергиясының шығындарын және буды азайту, сондай-ақ 
«Petromidia» МӨЗ-ге электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін компания «Petromidia» МӨЗ өндірістік алаңын-
да қуаты шамамен 75 MW когенерациялық электр станциясын салу мүмкіндігін қарайды.
Сонымен бірге өндірістік бірліктердің тиімділігін арттыру және оны оңтайландыру бағдарламасының шеңберінде 2015 жылы 
өңдеу шығыстары 27%-ке оңтайландырылды, ал «Petromidia» МӨЗ өндірістік қуаты 98%-ке ұлғайтылды.
KMG International компаниясының Қазақстандағы қызметі
«Rominserv» ҚМГ бас мердігері болып табылады және өнеркәсіптік қызмет көрсету, жобалық басқару, техникалық және тех-
нологиялық даму қызметтерін орындайды. 2011 жылғы тамызда компания «Атырау» МӨЗ-де екі жобаны аяқтады: АВТ қонды-
рғысын қайта құру және жаңғырту мен баяу кокстау қондырғысын қайта құру және жаңғырту.
2013 жылы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Rominserv компаниясымен жұмыс құжаттамасын әзірлеу шартына қол қойыл-
ғаннан кейін зауытты қайта жаңарту жұмыстарының жаңа кезеңге ауысатыны туралы жариялады. Павлодардағы  зауытты 
жаңғырту іске асыру сатысында, жасалған шарттарда кәсіпорынның кепілді пайдаланушылық көрсеткіштеріне қол жеткізуге 
бағытталған барлық жұмыстарды орындау көзделген.
2015 жылы Rominserv 5 қазақстандық кәсіпорынмен қауіпсіздік техникасы бойынша консультациялық қызметтерді көрсетуге 
арналған жаңа келісімшарт жасалды. Осы жоба аяқталғаннан кейін қолданылатын қауіпсіздік стандарттары ең үздік әлемдік 
практиканың деңгейінде болады деп жоспарланады.
өлш. бірл
2015
2014
2013
2012
2011
2010
Даунстрим Румыния
мың тонна
1486
1653
1568
1426
1486
1398
Нарық үлесі
%
25%
27,4%
27%
24%
25%
24%
ГАЗ Румыния
мың тонна
274
282
260
289
274
263
Нарық үлесі
%
34%
39%
37%
41%
34%
41%
Грузия
мың тонна
151
206
158
145
151
140
Нарық үлесі
%
18%
23,43%
19%
15%
18%
18%
Молдова
мың тонна
58
188
128
76
58
56
Нарық үлесі
%
7,3%
29%
20%
10%
7,3%
7,2%
Болгария
мың тонна
206
206
156
165
206
180
Нарық үлесі
%
6%
8,75%
6%
6%
6%
5%
Франция мен Испания
мың тонна
2082
2026
2101
1936
2082
2208
Франция нарығының үлесі 
%
3,2%
3,14%
3,1%
3,0%
3,2%
3,3%
Испания нарығының үлесі
%
1,0%
1,21%
1,4%
1,0%
1,0%
1,1%


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау