3
I. КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ.
«Богатырь Көмір» ЖШС — Қазақстандағы ашық тәсілмен көмір шығару бойынша
ең ірі, серпінді дамушы кәсіпорын. Компания үлесіне Екібастұз көмір алыбында
шығарылатын көмірдің жалпы өнімінен 63 пайыз тиесілі.
КӨМІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ
74% - Қазақстан Республикасы
26% - Ресей Федерациясы
2002 жылы 45 жылға мерзімге «Богатырь» және «Северный» кеніштері шегінде
Екібастұз тас көмір кен қазбаларын шығаруға Қазақстан Республикасының энергетика
және минералды ресурстар Министрлігімен келісім-шартқа отырды. Кәсіпорынның тау
кен жұмыстарын өндіруге мерзімсіз лицензиясы бар.
Компания көмір шығарудың тиімділігін үнемі арттыруда. Кәсіпорынның
болашақты дамыту бағдарламасы жасалды және табысты түрде іске асырылуда.
2016 жылы Компания Қазақстан және Ресей Федерациясының энергия жүйелеріне
35,1 миллион тонна көмір шығарды және артты.
Компания құрамына кіреді: «Богатырь» кеніші; Богатырь жүк тиеу-тасымалдау
басқармасы; тау кен- көліктік жабдықтарды жөндеу бойынша Зауытты өзіне енгізетін
Жөндеу бойынша дирекция, Энергиямен жабдықтау басқармасы, Темір жол жабдықтарын
жөндеу бойынша басқарма; Автобаза; Технологиялық Көлік басқармасы; «Жасыбай»
демалыс орталығы, Қоғамдық тамақтану комбинаты, Спорттық-сауықтыру кешені -
әлеуметтік объектілері кіретін әлеуметтік даму басқармасы.
4
31.12.2016 жылғы жағдай бойынша Компанияда 6338 адам, 41 ұлт еңбек етті,
оның ішінде:
- орыстар – 46,0 %
- қазақтар– 36,3 %
- украиндер– 8,3 %
- татарлар – 3,0 %
- немістер– 2,4 %
Жоғары білімді жұмысшылар – 23,0 %, орта-арнаулы білімді – 28,8%, орта
біліммен – 48,2 %.
1.1. Сапа менеджментінің жүйесі.
Сапа менеджменті жүйесінің жұмыс тиімділігі жыл сайын сыртқы тәуелсіз
аудиттер, сонымен қатар ішкі аудиттер барысында расталады. 2016 жылдың маусымында
Компания ЕАЭО елдеріндегі TUV SUD неміс сараптамалық концернінің «ТЮД ЗЮД
РУС» ШЖБ эксклюзивті өкілімен өткізілген сапа менеджментінің өз жүйесінің
ресертификацияланған аудитінен өтті. Компания ISO 9001:2008 стандартының
талаптарына лайықты деп танылды.
2015 жылы ISO 9001:2015 стандартының жаңа редакциясын қабылдаумен
Компания 2017 жылдың 1 тоқсанында стандарттың жаңа редакциясының талаптарын
меңгеру бойынша басшыларға оқыту өткізуді қарастырып қойды.
Өз кезегінде, халықаралық стандарттарын енгізу қамтамасыз етеді:
Компания қызметін жақсарту;
клиенттердің қанағаттану дәрежесін көтеру;
өнім сапасын арттыру;
басқару нәтижелігін арттыру;
құрамның нәтижелігін және жауапкершілігін арттыру;
қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынасты растау.
.
5
Одан басқа, жаңа талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін сапа менеджментінің
жеке жүйесін үнемі жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланды.
Компанияда ISO 50001:2011 стандартының талаптарына, ISO 14001:2004.
«Экологиялық менеджменті жүйесіне» сәйкес, «Энергетикалық менеджмент Жүйесі»
(ЭнМЖ), ҚР «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйесі»
OHSAS18001-2008 СТ, ГОСТ 12.0.230-2007 еңбекті қорғауды басқару жүйесі табысты
енгізілді және әрекет етуде.
1.2. Өндірістік жүйені дамыту.
Нарық экономикасында әр кәсіпорын қатаң бәсекелестік күрес жағдайында тұр.
«Богатырь Көмір» ЖШС әлемдегі ең ірі тау кен шығаратын кәсіпорындардың бірі болып
табылады. Осындай деңгейдегі Компанияны тиімді басқару барлық бизнес-үрдістердегі
күштердің аккумуляциясын талап етеді.
Осы жағдайдағы тиімділік деңгейі дұрыс
таңдалған стратегиямен қойылған міндеттерге тікелей байланысты. «Богатырь Көмір»
ЖШС басшылығы белгілеген стратегия Компанияның Трансформациясы секілді, оның
шығару технологиясында, өндірісті басқаруда және тиімділікте әлемдік көшбасшыға
айналу үшін үш аса өзекті міндеттермен белгіленді:
1. Болашақ технологиясын таңдау;
2. Жаңа технологияларға көшумен өндірісті басқарудың жанашыл әдісін енгізу;
3. Элементтен жүйеге және көмір шығару тиімділігінің өсуіне қозғалу
2015 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС өндірістік жүйені құру туралы шешім
қабылданды (Bogatyr Production System). Оның кілттік элементтері:
1. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
2. Сапа және технология
3. Персонал
4. Өз бағасы
BPS негізгі міндеттерінің бірі – Компанияда өндірістік және бизнес-үрдістерді
жақсартудың үздіксіз үрдісіне құрамды тарту және оқыту, өндірістік жүйенің құралдарын
түсінуге біртұтас жүйелі тәсілі құру.
Өндірістік жүйе – бұл, Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуге, оның
ұзақмерзімді өсуін және бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қолдауға мүмкіндік
беретін ең үздік тәжірибелерді таңдау жән енгізу, құру және іздеу, білімдер базасын
қалыптастыру механизмі.
Бүгінгі нарық жағдайында шығындарды төмендетуді көбейту міндеті қойылды.
Нарық өндірістің тиімділігін тұрақты түрде көбейтуді талап етеді. Нарық талдауын өткізе
отыра, Компания өз алдына келесі жылға нақты бизнес-мақсаттар қойды – өнімнің
өзбағасын төмендету, Компанияның жалпы тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру.
Өндірістік операцияларды (тікелей жұмыс орындарында үздіксіз жақсарту)
орындаушылардың тиімділігін арттыру үрдісіне тарту 2011 жылы ТРS ұстанымында
негізделген бірден екі жүйені: Lean Six Sigma (әрі қарай LSS) әлемдік тәжірибесімен және
Русал Бизнес Жүйе (әрі қарай РБЖ) акционерлерінің тәжірибесін енгізуден басталды. Екі
жүйеде әр түрлі деңгейлердегі үрдістерді оңтайландыру бойынша қызметке құрамды
тартуға бағытталды. LSS бағдарламасында үрдістерді оңтайландырудың негізгі құралы -
DMAIC (ОИАСК) жобасы, РБЖ– А3 және Кайзен жобасы болып табылады. Егер оларды
қойылған міндеттердің ауырлығына тікелей байланысты әзірлеудің күрделі дәрежесі
бойынша құраса, онда жүйеде бұл құралдар келесідей болады: