49
ұйымның белгілі бір уақытқа өндіріс динамикасын шығаруға қажеттті
қойылмалы көтерме бағаларымен анықталады.
Дизайнды жоспарлау – тұтынушылар талабын ескере отырып жүзеге
асырылуы керек. Бұл өзіндік өндіріс қондырғысының қажетті сапамен талап
етілген дизайнды қамтамасыз ете ала ма екенін алдын-ала білу үшін қажет.
Егер бұл мүмкін емес болса,онда жетіспеген қондырғыны алу керек немесе
бұйымның артықтышылығын аналогиялыққа өзгерту керек, бірақ ол бар
қондырғыға рұқсат етілген болуы керек.
Бір жағынан өткізуді жоспарлау мүмкіндігінше анағұрлым кеңейтілген
ассортиментті жасауға арналған. Екінші жағынан, кеңейтілген ассортимент
өндірістік бағдарламаның орындалуын жоспарлау барысында қажет емес,
себебі ол арнайы қондырғыны талап етеді және шығынның өсуіне әкеледі.
Компромис болып ассортименттің агрегаттау көмегімен қысқарту саналады:
тауардың көптүрлігінің сыртқы деңгейінде көптеген әр түрлі типтегі өнімді
құрайтындарды унифициялайды.
Өндіріс көлемін жоспарлау барысында, егер өнімнің бірнеше түрі
шығарылса, онда бір бұйымға үлкен пайда әкелетін, қондырғыны аз
мөлшерде енгізетін, бір бұйымның сбыты үшін және өңдеу үшін аз уақыт
қажет ететін түрлерді жоспарлау дұрыс болып саналады.
2 Өндірісті шоғырландыру
Еңбектің орталықтандырылуы және бөлінуі дифференциация мен
шоғырландыру түріндегі өндірістік үрдістер ұйымының бейнесінде
сипатталады.
Шоғырландыру – әр сала жүйесіндегі үлкен кәсіпорындарда және басқа
саладағы өндірістік кәсіпорындарды қосатын анағұрлым кеңейтілген
шекараларда өндірістің жинақталуы. Өндірістің шоғырландырусы ұйымда
өнімнің шығарылымын өсіруге немесе кәсіпорындарға қызмет етуге
бағытталған үрдіс ретінде ұсынылады.
Шоғырландыру пішіндері: мамандандыру, үлкейтілу, кооперирование,
кооперирование.
Әр салада ұйымның өлшемі өндірістің оптималды өлшемдерімен
анықталуы қажет. Көп жағдайда критерий ретінде көрсетілген шығындардың
минимизациясы саналады.
Шоғырландырудың даму формасының бірі – диверсификация, ол
біруақытта өндірістің дамуы, номенклатураның және бір кәсіпорын
жүйесіндегі өндірілетін өнім ассортиментінің ұлғайтылуы.
Диверсификациялық деп мынандай кәсіпорынды айтамыз: егер
сатылымның ортақ көлемінің 30%-нан көбісі негізгі қызметтерге қатысы жоқ
тауарларға және қызметтерге кететін болса.
Диверсификацияның оңтайлы жақтары: дағдарыс жағдайында
ұйымның өмір сүру деңгейі өседі; қызметтің тәуекел деңгейі капиталдың
таралуы есебінен төмендейді; ұйымның толық қолданылуы, яғни пайда
салмағы өседі және т. б.
50
3 Өндірісті мамандандыру, кооперациялау және құрамдастыру
Мамандандыру – бөлек кәсіпорындар мен бөлімшелердегі өнеркәсіптің
бөлек саласындағы өнімнің белгілі түрлерінің шығарылымына жинақталған
үрдіс.
Мамандандыру пішіндері:
а) заттық – дайын өнімдерді шығаруға арналған мамандандыру;
ә) бұйымдық – бөлек түйінді және агрегаттардың өндірісі;
б) сатылық (технологиялық) – технологиялық үрдістің бөлек
сатыларының орындалуы;
в) көмекші өндірістің мамандандыру – тардың, қаптаманың, сайманның
шығарылымы, жұмыс жөндеулері.
Мамандандыру
негізі
ретінде
өндірістің
стандартталуы,
унификациялануы саналады.
Унификациялану – бірдей орнатылымды іске аспаған бұйымды шығару
және олардың құрылым бөлімдерінің әртүрлілігі, оларды жасау әдістерінің
бір түрге келтірілуі.
Мамандандыру көрсеткішері – өндірісті ұстау коэффиценті (арнайы
саладағы өнімнің үлесі); мамандандыру коэффиценті (ортақ шығарылымдағы
профильді өнімнің үлесі); ассортименттің кеңдігі.
Мамандандырудың тұрақты тереңдетілуі ұйым арасындағы тұрақты
және ұзақ өндірістік байланыстардың орнатылуын талап етеді. Олар
бірыңғай мамандандырылған өнімді бірге жасайды.
Кооперациялау – кәсіпорындар арасындағы ұзақ өндірістік қатынастар,
олар қандай да бір шекті күрделі өнімді шығарады.
Кооперациялау пішіндері:
а) заттық (агрегаттық) – басты зауыттарға кәсіпорынның түрлі
бұйымдарын жеткізу;
б) бұйымдық – кәсіпорын зауытқа түйіндерді және бұымдарды жеткізу;
в) технологиялық (сатылық) – жартыфабрикаттарды жеткізу.
Құрамдастыру – өндірістің орталықтандырылған пішіні, ол – бір
өндіріс комбинация жүйесіндегі өнеркәсіптің бір немесе әртүрлі саладағы
өзарабайланысты түрлі өндірістегі технологиялық тіркесті өзіне қосады.
Құрамдастыру белгілері: әртүрлі өндірістердің қосылуы; әртүлі
өндірістер арасындағы пропорционалдық; өндірістік бірлік; ортақ көмекші
және қызметші өндірістер.
Құрамдастыру пішіндері:
1) Шикізатты
өңдеудегі
технологиялық
сатылардың
ретімен
орындалуы.
2) Өндіріс қалдықтарын қолдану.
3) Шикізаттың,
материалдардың,
электроэнергияның
және
қалдықтардың комплексті түрде қолданылуы.
Құрамдастыру көрсеткіштері: өндірісті құрамдастыру нәтижесінде
алынған өнім үлесі; құрамдастыру өндірісіндігі жұмыстар саны;
құрамдастыру өндірісіндегі негізгі қорлардың үлесі.
51
Құрамдастыру өндірісінің ұйымы мынаны рұқсат етеді: шикізатты
базаны ұлғайтуға (қалдықтарды қолдану), өнімнің материал сыйымдылығын
төмендетуге, транспорт шығындарын және өндірістік қалдықтарды
төмендетуге.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1) Өндірістік бағдарлама не үшін құрылады?
2) Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштерін атаңыз?
3) Өндірісті шоғырландыру ретінде нені түсінеміз?
4) Өндірісті шоғырландырудың қандай пішіндерін білесіз?
5) Қандай факторлардың көмегімен өндірісті шоғырландыруға қол
жеткізуге болады? Өндірісті мамандандыру ретінде нені түсінеміз?
Мамандандыру пішіндерін атаңыз?
6) Кооперациялау мақсаты және пішіндері?
7) Өндірісті құрамдастырудың мақсаты және оның пішіндері?
11 дәріс. Ішкі фирмалық болжау және кәсіпорын қызметін жобалау
Дәріс мақсаты: кәсіпорын қызметін жоспарлау және бизнес-жоспар
құруды оқып үйрету.
Дәріс мазмұны:
1) Нарықтық қатынас шарттары бойынша болжау және жобалау.
2) Бизнес-жоспардың мақсаты, құрылымы мен мазмұны.
3) Бизнес-жоспарды құрудың реті.
1 Нарықтық қатынас шарттары бойынша болжау және жобалау
Нарықтық экономика шартында, кәсіпорын қызметінің қолайлығы,
көбінесе, өздерінің алыс және жақын даму перспективасын қаншалықты
дұрыс болжайтынына байланысты. Нарықтың шартында өндірістік
бағдарламалардың кәсіпорынмен құрылуы тауарды өндіруші мен тұтынушы
арасында тікелей келісім-шарт негізінде ғана жүзеге асады. Осылай,
нарықтық экономика шартында кәсіпорын қызметінің қолайлығы даму
жоспарын, өндірістік бағдарламалар, кәсіпорын социалды-экономикалық
болжаулар жасау арқылы ғана мүмкін болады.
Кәсіпорын дамуының жоспарлары үдемелі техникалық-экономикалық
нормалар мен нормативтер жүйелерінің негізінде жасалады.
Норма деп шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның және
т.б. абсолютті шығындардың кеткен максималды өлшемі. Бұл шығындар
орнатылған сапалы тауар (мысалы, металдың бұйым жасауға кеткен шығын
нормасы) бірліктерін жасауға (немесе белгілі жұмыс көлемін орындауға)
кетеді.
Норматив — еңбек құралдарын қолдану деңгейін, оларды аудан, көлем,
салмақ бірлігіне шығынын сипаттайтын қатысты өлшем.
52
Норманы құрастырудың ең жетілдірілген әдіс ол – есептік-
аналитикалық, онда нормалар мен нормативтер өндіріс күйінің жан-жақты
критикалық анализі көмегімен түсіндіріледі, және әр түрлі факторлар әсерін
үйрену есебінен онда өзгерістер болуы мүмкін. Норма негізіне техникалық-
экономикалық және ұйымдастырылған жоспар мерзіміндегі жұмыс шарттары
енгізіледі. Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер келесі
негізгі топтармен жасалады:
– тірі еңбек норма шығыны (жұмыс уақытының тауар бірлігіне кеткен
шығын нормасы, уақыт бірлігінің тауар жасау нормасы,қызмет көрсету
нормасы, сандық нормасы);
– материалды шығын нормалары (шикізаттың, материалдардың,
отынның , энергияның, комплектелген бұйымдарының шығын нормалары);
– еңбек
құралдарын
қолдану
нормативтері
(машиналарды,
қондырғыларды, механизмдерді, инструменттерді қолдану нормативтері);
– өндірістік үрдіс ұйымының нормативтері (өндірістік циклдің
ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отын қоры );
– кәсіпорын, цехтер, агрегаттар, орнатулар, өндірістер жұмысына
енгізілген жобалау қуатын үйренуді жалғастыру нормалары;
Нормалар мен нормативтердің бөлек топтарын орнату әр түрлі болып
келеді. Тірі еңбектің шығын нормасы негізінде еңбек өнімділігінің деңгейін
анықтау үшін, жұмыс уақытын қолдану үшін, жалақы өлшемін орнату үшін
қызмет етеді. Материалдық ресурстар мен өндірістік бағдарламалардың
шығын нормалары негізінде бөлек түрлердің қажет саны мен материалды
ресурстар маркісі анықталады. Еңбек құралдарын қолдану нормативтері
өндірістік қуатты қолдану деңгейін есептеуге рұқсат береді. Нормалар мен
нормативтер тауардың құнын анықтау үшін қажет.
Жоспардың техникалық-экономикалық негізделу қажеттілігі мен
өндіріс эффективтілігін жоғарылату жоспарды көрсету жүйесін алдын-ала
анықтады.
Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер сандық және сапалық,
көлемдік, үлесті болып төртке бөлінеді.
Жоспардың сандық көрсеткіштері абсолюттік өлшем арқылы
анықталады. Оларға мыналар жатады: тауарлы, валды продукцияның көлемі,
реализация көлемі, жұмысшылар саны, жалақы қоры, пайда суммасы,
өндірістік ресурстардың түрлі шығын өлшемі.
Сапалық көрсеткіштер — қатыстық өлшемдер. Олар өндірістің
экономикалық эффективтілігін және оның бөлек факторларын көрсетеді. Бұл
еңбек өнімділігінің көбеюі, өндіріс бағасының төмендеуі және т.б. Сапалық
көрсеткіштерге
сандық
көрсеткіштердің
арасындағы
қатынасты
көрсететіндер де жатады, мысалы, өндірістің рентабельділігі, қорберіліс,
өндіріс сапасы.
Сандық және сапалық көрсеткіштер арасында өзара қарым-қатынас
бар.
Кәсіпорын жоспарын көрсету жүйесінде көрсеткіштерді қөлемдік және
үлесті деп бөледі.
53
Көлемдік көрсеткіштер өндірістің абсолютті өлшемін, бөлек үрдістер
мен факторларды және ондағы қатысатындарды (мысалы, толығымен
өндірістің көлемі, механикалық қайта құрастыру, жиын көлемі, материалды
ресуртардың еңбектік шығын көлемі) орнатады.
Үлесті көрсеткіштері екі не бірнеше өзарабайланысты көрсеткіштердің
қатынасын орнатады (мысалы, өнім бірлігіне металдың шығыны, өндіріс қуат
бірлігіне капиталды енгізулер).
Өндірістің жоспар көрсеткіштерін шығару үшін табиғи, шартты-
табиғи, еңбектік және бағалы өлшеуіштері қолданылады.
2 Бизнес-жоспардың мақсаты, құрылымы мен мазмұны
Кәсіпкерлік бизнес-жоспар маңызды документ ретінде қызмет етеді.
Оның құрылысы мен мазмұны қатал регламенттелмеген. Біздің ойымызша,
жеті бөлімнен тұратын бизнес-жоспар ең қолайлы болып саналады:
1) Кәсіпкерлік келісім-шарттардың мақсаттары мен есептері.
2) Орталықтандырылған
түйіндеме,
бизнес-жоспардың
негізгі
параметрлері және көрсеткіштері.
3) Кәсіпкермен тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар, қызметтердің
мінездемелері.
4) Нарық саудасы, сұранысы, сатылым көлемі конъюнктурасының
анализі мен бағасы.
5) Жоспар (жұмыс бағдарламасы) және ұйымдастыру шаралары.
6) Келісім-шарттың ресурсты түрде қамтамасыз етілуі.
7) Келісім-шарттың қолайлылығы.
1-бөлім. Кәсіпкерлік келісім-шарттардың мақсаттары мен есептері –
бұл бизнес-жоспардың орталығы болып саналады. Кәсіпкерлік бизнестің
басты мақсаты – пайда алу. Белгіленген келісімді жоспарлай отыра,
біріншіден, пайданың қандай суммасына сенім арта алатынымызды анықтап,
жобаның пайда әкеле алатын-алмайтынына көз жеткізу керек. Алынатын
пайда суммасы кәсіпкер алатын суммадан анағұрлым көбірек болуы керек
және кеткен қаржыны сақтаушы банкке енгізіп отыруы қажет. Бизнес-
жоспарды құру кезінде тағы да мынандай мақсаттар қолданылады: социалды,
кәсіпкердің статусын көтеру, арнайы мақсаттары мен есептері, кәсіпкерліктің
ерекше есептері; мысалы, мейірбандылық.
2-бөлім. Орталықтандырылған түйіндеме, бизнес-жоспардың негізгі
параметрлері және көрсеткіштері – миниатюрді түрде негізгі ойларды және
жоспардың мазмұнын көрсетеді. Ол жоспарды құру шарасында жасалады
және бизнес-жоспарды толығымен құрған кезде ғана аяқталады. Өндіріс
көлемі және қызмет пен өнімінің іске асырылуы, өзіндік және жалданбалы
құралдар, пайда, рентабельділік көрінеді.
3-бөлім.
Кәсіпкермен тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар,
қызметтердің мінездемелері – анық мәліметтері, олар кәсіпкерлік өнімді және
оның мінездемелерін (үлгілердің, фотолардың суреттелуі, кәсіпкер
тауарларының тұтынушы айналымы, қажеттіліктер, тауарға төлеу алу
54
сұраныс болжамы) толығымен үйренуге рұқсат береді; региондар туралы,
ұйымдар, халық саны топтары туралы мәліметтер, олар тауарды сатып
алушылар мен тұтынушылар болады.
4-бөлім. Ол кәсіпкерлік жобаны іске асыру уақыт периоды бойынша
өндіріс көлемін және тауар сатылымын алдын-ала анықтайды.
5-бөлім. Жоспар (жұмыс бағдарламасы) және ұйымдастыру шаралары –
оның мазмұны кәсіпкерлік қызметіне түріне байланысты (өндірістік,
коммерциялық, қаржылық).
Кәсіпкерлік қызмет бағдарламасы мыналарды өзіне қосады:
а) Маркетинкті тырысуларын (жарнама, нарық саудасының анықталуы,
тұтынушымен контакттер, олардың сұраныстарының есептелуі).
ә) Өндіріс өнімінің жасалуын(өндірістік кәсіпкерлік жағдайында).
б) Тауар сатылымын, сақтауын, транспортировкасын жасау.
в) Тауарды сату кезінде және сатудан кейін сатып алушыға қызмет
көрсету.
Ұйымдастыру шаралары мыналарды өзіне қосады: бизнес-жоспарды
іске асыруды басқару әдістері, жобаны басқаратын ұйымдастырушылық
құрылымы, орындаушылар қызметінің координация әдісі, және еңбек ақысын
төлеудің арнайы пішінін орнатудың шаралары, кадрларды дайындау мен
жинауды ынталандыру.
6-бөлім. Келісім-шарттың ресурсты түрде қамтамасыз етілуі –
ресурстардың көлемі мен түрлері, ресурстарды алу әдістері туралы
мәліметтерді көрсетеді.
7-бөлім. Келісім-шарттың қолайлылығы—бизнес-жоспардың соңғы
бөлімі блып саналады. Онда кәсіпкерлік келісім қолайлығының өкілді
сипаттамасы көрсетілген. Қолайлылықтың өкілді көрсеткішінде негізгілері
болып пайда көрсеткіштері мен келісім рентабельділігі саналады.
3 Бизнес-жоспарды құрудың реті
1) Жаңа
кәсіпорын құру туралы шешім қабылдау немесе
қозғалыстағыны жетілдіру.
2) Өз мүмкіндіктерінің анализі мен ойластырылған жоспарды іске
асыруға кірісу икемділігі.
3) Ойластырылған жобаның мақсаты болатын бұйымның немесе
қызметтің, өндірістің таңдалуы.
4) Мүмкін болатын нарық саудасының зерттелуі.
5) Сауда көлемінің болжамын құру (бірінші жылға – ай бойынша,
екінші жылға квартал бойынша).
6) Өндірістік немесе коммерциялық қызметтерді жасау үшін орын
таңдау.
7) Өндіріс жоспарын өңдеу.
8) Маркетинг жоспарын өңдеу.
9) Ұйымдастыру жоспарын заңды түрде өңдеу.
10) Болашақ коммерциялық қызметтің өңделуі.
55
11) Бухгалтерлік есептер ұйымының сұрақтарын шешу.
12) Сақтандыру сұрақтарын шешу.
13) Қаржылық жоспардың өңделуі.
14) Бизнес-жоспарға жазылатын түйіндеме.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтары
1) Кәсіпорынның қолайлы қызметі қай деңгейде оптималды даму
жоспарына мұқтаж болады?
2) Қандай даму жоспарының көрсеткіштерін білесіңдер?
3) Кәсіпорын үшін бизнес-жоспарды өңдеудің мәні неде?
4) Оның құрылымы мен мазмұны қандай?
5) Бизнес-жоспарды өңдеудің реті қандай?
Әдебиеттер тізімі
1. Менеджмент в ТК / под ред. Н.П. Резниковой.- М., 2005.
2. Ушаков И.И. Бизнес- план. - СПб., 2008.
3. Шевчук. А. Как составить бизнес-план.- М., 2008.
4. Просветов Г.И. Бизнес-планирование. Задачи и решения. -М.,
2008.
5. Адамс Б. Бизнес-планирование.- М., 2008.
6. Черняк В.З. Бизнес-план: теория и практика.- М., 2007.
7. Горемыкин В.А. Бизнес-план.- М., 2008.
8. Сергеев А.А. Экономические основы бизнес-планирования.- М.,
2004.
9. Шаш Н.Н. Бизнес-план предприятия. Справочник.- М., 2008.
10. Лосев В.А. Как составить бизнес-план.- М., 2008.
11. Фетисов Г.Г. Региональная экономика и управление.- М., 2008.
12. Лев М.Ю. Ценообразование.- М., 2008.
13. Любанова Т.П. Сборник бизнес-планов. Методика и примеры.-
М., 2008.
14. Бизнес-планирование/под ред. В.М. Попова.-М., 2006.
15. Балдин К.В. Информационные системы в экономике.- М., 2007.
16. Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных
платежах в бюджет» от 10 декабря 2008 года (с изменениями и
дополнениями на текущий год).
56
Мазмұны
Кіріспе
3
1 дәріс. Кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны
4
2 дәріс. Кәсіпорынның негізгі қорлары
8
3 дәріс. Ұйымның айналымқаржысы
14
4 дәріс. Ұйымның еңбектік қорлары
19
5 дәріс. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны
28
6 дәріс. Өндіріс өнімдерінің бағасын қалыптастыру
31
7 дәріс. Кіріс, пайда және өндірістің тиімділігі
35
8 дәріс. Кәсіпорынның қаржы қызметі
37
9 дәріс. Кәсіпорынның инновациялық саясаты
40
10 дәріс. Өндірісті ұйымдастыру
45
11 дәріс. Ішкі фирмалық болжау және кәсіпорын қызметін жобалау 49
Әдебиеттер тізімі
53
57
2014ж. жиынтық жоспары, реті 323
Анна Ивановна Бекишева
Утепова Айжан Дулатбаевна
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған
дәрістер жинағы
Редактор Б. С. Қасымжанова
Стандарттау бойынша маман Н.Қ. Молдабекова
. . . басуға қол қойылды Пішімі 60
84 1/16
Таралымы 50 дана. №1 типографиялық қағаз
Көлемі 3,4 оқу.-бас.ә. Тапсырыс ___ Бағасы 1700 теңге
«Алматы энергетика және байланыс университетінің»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126
Достарыңызбен бөлісу: |