3
Коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған
дәрістер жинағы
Алматы 2014
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТЕІ
Экономика, өндірісті
ұйымдастыру және
басқару кафедрасы
4
Құрастырушы: Бекишева А.И. Утепова А.Д. Экономика және
өндірісті
ұйымдастыру.
5В070300
–
Ақпараттық
жүйелер
мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы. –Алматы:
АЭжБУ; 2014. – 54б.
Дәрістер жинағы «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінің
жұмыс бағдаламасына сәйкес 11 дәрістен тұрады.
Мұнда кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде қарастырылады.
Дәрістерде кәсіпорынның инфрақұрылымы, заттай қорлар мен еңбек қорлары
жайында айтылады. Кәсіпорындағы инновациялық және инвестициялық
саясат сұрақтары, өнімнің өзіндік құнының пайда болуы және кәсіпорын
жұмысын бағалау сұрақтары қамтылған. Әр дәріс соңында қарастырылған
тақырып бойынша бақылау сұрақтары мен қажетті әдебиеттер тізімі берілген.
Әдеб. көрсеткіші. - 23 атау.
Пікір беруші: филол.ғыл.канд., доцент Нурмаханова М.К.
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық
емес акционерлік қоғамының 2014 жылғы баспа жоспары бойынша
басылады.
© «Алматы энерегетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2014 ж
5
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық реформаны
жүргізуде
техникалық
мамандық
студенттерінің
экономикалық-
ұйымдастырушылық пәндерді тереңдетіп оқу қажеттілігі туындайды.
Ақпараттық жүйелер саласындағы болашақ мамандарды экономикалық
даярлау келесі пәндерді оқыту арқылы жүзеге асады: «Экономикалық теория
негіздері», «Микроэкономика», «Экономика және өндірісті ұйымдастыру».
Дәрістер жинағы техникалық мамандықтардың студенттеріне арналған
«Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінің бағдарламасына сәйкес
құрастырылған, 11 дәрістен тұрады.
Дәріс мәтіні экономика және өндірісті ұйымдастырудың техникалық
негіздерін меңгерудің ауқымды материалын қамтиды. Дәрістер жинағының
мақсаты курс сұрақтарын жүйелі және қысқаша түрде қарастыру болып
табылады.
Дәрістер
жинағы
кәсіпорын
қызметінің
негіздерімен,
шаруашылық шешімдерді дайындау және қабылдау процестерімен,
экономикалық қорларды мен қызметтің қаржылық нәтижелерін талдауды
қолдану негіздерімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру әдістері мен
формаларымен, ғылыми-техникалық прогресті дамыту және оның тиімділігін
бағалау мәселелерімен таныстырады.
6
1 дәріс. Кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны
Дәріс мақсаты: кәсіпкерлік қызметі жайында негізгі білімді
қалыптастыру, кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формаларымен және
оның құрылымымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1) Кәсіпорын құрудың және оның жұмысының мақсаты.
2)
Кәсiпорын
жіктелуі.
Кәсiпорынның
ұйымдастыру-заңды
формалары.
3) Кәсiпорындардың өндiрiстiк құрылымы.
1 Кәсіпорын құрудың және оның жұмысының мақсаты
Барлық кәсіпорындарды ортақ бірнеше маңызды көрсеткіштер
сипаттайды:
- мақсаттық тағайындау;
- заңға сүйенген және нормативтiк негiзi;
- қорлары;
- процестер және құрылымы;
- еңбек бөлінісі және функциялардың үлестірілуі;
- iшкi ұйымдастыру, әлеуметтiк және экономикалық байланыстарды
сыртқы орта және жүйе.
Осылардың барлығы бірігіп барлық шаруашылық процестері деп
аталады.
Шаруашылықпен айналысу – бұл шешім қабылдау және оны жүзеге
асыру құбылысы болып саналады. Не өндiру? Неден өндiрiп алу? Қалай
өндiрiп алу? Кiм бұған көмектесе алады? Қандай нәтижелерге жетуге
болады?
Шаруашылық қызметімен айналысу мүмкіндіктерді үлкен ниеттермен
салыстыруды талап етеді. Сонымен қатар шикізат қорларын тұтынушыға
қандай бәсекеге қабілетті қалыпта жеткізуге болатынын ойластыруды талап
етеді. Осылайша, кәсіпорын құрудың негізгі мәселесі, оны қандай формада
іске асыруды, қандай қорлады пайдалануды, және олардан қандай табыс ала
алатынын бағалауды қажет етеді.
Кәсіпкерлікпен айналысудың негізгі қиындығы ұйымдастырушылық
шешімдерді қабылдау, тәуекел ету. Ал, кәсіпорын экономикасы өндірістік
процестерді, өнірістік қорларды, процес соңындағы өнімді зерттеумен
айналысады.
Экономиканың дамуының барлық кезеңдерiнде негiзгi буын кәсiпорын
болып табылады. Тап кәсiпорында өнiмнiң өндiрiсi iске асады, қызметтiң
алуан түрі орындалады, өндiрiстiң құралдар мен қызметкердiң тiкелей
байланысы орын алады. Дербес кәсiпорын дегеніміз ұйымдастыру-әкiмшiлiк
және шаруашылық дербестiкке ие, жеке өндiрiстiк-техникалық бiрлiкке ие
өнірістік бірлік. Кәсiпорын өз қызметін өз бетінше іске асырады,
шығарылатын өніммен, одан келетін пайдасымен өзі иелік етеді.