Коммерциялық емес акционерлік қоғам



жүктеу 261 Kb.
бет8/14
Дата26.01.2022
өлшемі261 Kb.
#37250
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
14 Жыңғылхан Айдана Бауыржанқызы

1.2 Өнермен емдеу жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде
Алғаш өнермен емдеуны оқу, талдау, қолдану ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Принцхорнның, Германия, Австрия, Щвейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың творчестволық жұмыстарына анализ жасауға негiзделген фундаментальды жұмыстарынан басталады (Prinzhorn, H.,1922). Кейiн келе Крепелин, Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты психиатрлар психикалық ауруға ұшырағандардың творчестволық еңбектеріне талдау жасай бастады. 1926 жылы Ресейде осы тақырыпқа орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы шықты, ол “Жан ауруына ұшырағандардың шығармашылықтары жәнедеоның ғылым мен техника дамуына тигiзер әсерi”- деп аталды. Карпов сурет салудың емдiк әсерi бар екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi болды.

Бейнелеу өнерiнiң көмегiмен терапия жүргізудің теоритикалық негiзi – Зигмунд Фрейдтiң психоаналитикалық көзқарасынан шығады, бiрақ Фрейдтің өзi өнермен емдеуның психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығып, айналыспаған; Юнгтың аналитикалық психологиясынан, ол өзiнiң суреттерiн жеке жәнеде әмбебап символдардың идеясын нақтылауға қолданған. Осымен қатар, Наумбургтың терапиялық көмек көрсетуде өзiн-өзi графикалық бейнелеудiң динамикалық теориясынан, оны АҚШ-та өнермен емдеуның пионерi деп санайды. Кейiн келе өнермен емдеуның дамуына гуманистiк бағыттағы психотерапевтердiң үлестерi де тидi.

Өнермен емдеу”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Өнермен емдеу – ауру адамзаттыңпсихоэмоциональды халiне творчество арқылы ем жүргiзу жәнедеәсер етудi бiлдiредi./ 11 /.

Өнермен емдеу өнерге негiзделген, бiрiншi орында творчество мен өзiндiк өнерiн көрсететiн психотерапияның мамандандырылған бөлiмi, формасы.

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Еліміздегі психотерапиялық әдебиеттерде кейдерде “Изотерапия” жәнеде“Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi жәнедемән мағынасын тарылтады. Тарихқа сүйенсек арттерапевт мамандар психиатрлар мен психотерапевттердiң көмекшiсi болған, оларға пациенттiң диагнозын зерттеуға немесе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне қарап, әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп арттерапевттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын иемденген. 1969 жылы арттерапевт-практиктердi бiрiктiрген американдық өнермен емдеулық ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейiннен Англия, Голландия, Жапония жәнедеРесейде құрылған. Онда арттерапевттер қазiргi уақыттағы психотерапияның процестерi мен жекелiктерiн зерттеуге өз үлестерiн қосуда. Қазiргi уақытта психотерапияда осындай күштi эмоциональды фактор, яғни өнер мен творчествоны қолдану қажеттiлiгi көрiнiп отыр. “Өнермен емдеу - бiздiң ғасырымыздың жемiсi”, – деген тұжырымдар өте дұрыс қабылданған қорытынды.

Өнермен емдеуді жүргізу барысында клиенттерге бейнелеу өнерi мен шығармашылық сипатынан әр түрлi жұмыстар (сурет, графика, кескiндеме, сәулет өнерi, мүсiн, дизаин, әрлендiру, пластика, ойма, күйдiрме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады. Бұлар бiрiншi жағынан психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн жәнедетопта өзiнiң уайым-қайғысын толық әрi нақты бейнелеуiн, проблема, iшкi қайшылықтарын шығаруын көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн творчестволық адам ретiнде бейнелейдi. Осы уақытта өнермен емдеуға – видео-арт, инсталяция, перформанс, компьютерлiк творчество деген творчествоның түрлерi қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуальды канал негiзгi роль атқарады.Өнермен емдеу фактiлi материалдардың жеткiлiктiлiгiне қарамастан, теориялық жағынан эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Өнермен емдеуның емдiк қасиетi туралы жалпы қабылдаған теория әлi жоқ. Ол өнермен емдеуға қатысты көпфакторлы қиындықтар мен оны салыстырмалы түрде ғылыми тұрғыда зерттеудiң аз уақыттылығына жәнедеалғышарттарына байланысты.

Кратохвил өнермен емдеуны – сублимационды, проективтi жәнедеәрекетшiл деп бөледi.

Әйгілі ғалым Ал Дельфина – Бейли өнермен емдеуны қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп көрсетедi.



  1. Пассивтi (енжар) өнермен емдеу. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ жәнедеинтерпретация жасау арқылы емдiк әсерге қолдану.

  2. Актив (белсендi) өнермен емдеу. Пациентте өзiндiк шығармашылығын ояту, мұнда шығармашылықтық акт негiзi емдiк фактор болып саналады.

  3. Бiрiншi жәнедеекiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.

  4. Психотерапевттiң өзiндiк ролiн, оның пациентпен шығармашылық жұмысын оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi./ 13 /.

Өнермен емдеу әдiсi – адамзаттыңiшкi өзiндiк “Менiн” сурет салуда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп отырады деп сенiмдi тұжырымдайды. Әлемдiк әдебиеттерде өнермен емдеуның емдiк әсерiне әртүрлi көзқарастар бар. Олар, Жеке тұлғаның дамуы, сублимативтi, проективтi жәнедеөнермен емдеумен босболмаушылық ретiнде.Жеке тұлғаның дамуы көрiнiс жағынан психикаға өнермен емдеуның адаптациялық әсерiн шығармашылықпен байланыстырып, түсiнуге болады. Бiрiншi орында терапиялық әсерi бар адамзаттыңөнерге деген сенiмi қойылады жәнедеөзiндiк терапиялық әсердi иемденген латенттi творчестволық күштiң мобилизациясы. Бұл көрiнiстердiң теориялық негiзi – адамда алғаш кезден-ақ оның мiнез-құлқын анықтайтын рухани жәнедеальтруистiк қажеттiлiк болады деп жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде қарастырған гуманистiк бағыт болып саналады.

Өнермен емдеудің мақсаты барлық адамды суретшi немесе мүсiншiге айналдыру емес, оның мақсаты индивидтiң творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі көңіл-күйлерін ашып көрсетуге белсендiлiгiн арттыру. Терапиядағы табандылық клиенттің өз қабiлеттiлiгiне сай жеке творчестволық белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi, өзiнiң бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар бередi.Ғұлама Гольдштейннiң көзқарасы бойынша, творчество – адамзаттыңконфликтiлi жағдайларда туындаған қорқыныш сезiмдерiнен құтылудың бiрден-бiр жолы. Шығармашыл адамдар өз күш жiгерлерiн iшкi жәнедесыртқы қайшылықтарды, Осымен қатар конфликтiлердi жеңуге жүмсайды.




жүктеу 261 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау