Зерттеу жұмысының әдіснамалық және де теориялық негізі болып Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың мәдени-тарихи даму туралы теориясы; А.Н.Леонтьевтің іс-қыймыл теориясы; профессор С.М.Жақыповтың бірлескен-диалогты іс-қыймылі; жеке адам дамуының гуманистік теориясының негізгі тұжырымдамалыры; З.Фрейд пен К.Г.Юнгтің бейсаналық туралы психоаналитикалық теориясы; С.А.Назарбаеваның “Өз-өзінтану”бағдарламасы сияқты құнды еңбектер табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. Жаңашылдықлық оқыту технологиясының тиімді үлгілерінің бірі - өнермен емдеу элементтерін жоғарғы оқу орындарының оқыту процесінде қазақ тілінде тұңғыш рет әрі нәтижелі орындалуына қол жеткізілді. Психотехниканың үлгісі ретіндегі өнермен емдеуның мән-мағынасы, мазмұн-ерекшелігі, өтілу барысы қазақ тілінде ғылыми әрі методикалық тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі методикалық базасы кеңейтілді.
Достарыңызбен бөлісу: |