Коллективный договор на 2012 2014 гг между Акционерным обществом «Военизированная железнодорожная охрана» иего трудовым коллективом


Шарттың орындалуына бақылау жасау



жүктеу 0,56 Mb.
бет5/5
Дата14.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#19727
түріКоллективный договор
1   2   3   4   5

Шарттың орындалуына бақылау жасау

17. Осы Шарттың орындалуына бақылау жасауды Комиссия жүзеге асырады.

18. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде туындаған дауларды реттеуді жергілікті жерлерде құрылған комиссиялар жүзеге асырады.

19. Комиссия осы Шарттың орындалу қорытындыларын жылына екі рет қарайды.

20. Шарт ережелерінің бұзылуы анықталған кезде Комиссия бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға бұзушылықтарды жою туралы жазбаша түрде ұсыныс жібереді. Тараптар 10 күндік мерзімнен кешіктірмей өзара кеңестер жүргізуге және Тараптар үшін орындауға міндетті болып табылатын жазбаша түрдегі шешім қабылдауға міндетті.

Келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктерді бітістіруші комиссия, еңбек арбитражы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

21. Шарттың мәтіні Қоғамның әрбір құрылымдық бөлімшесіне жеткізіледі.


«Әскерилендірілген темір жол күзеті»

акционерлік қоғамының

Президенті

_____________ Б. Қабдолдин

«Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіподағы» ҚБ «ӘТЖК» филиалының төрағасы
_____________ Е. Жұмаділов



"Әскерилендірілген темір жолы күзеті" акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2012-2014 жылдарға

арналған ұжымдық шартқа

1-қосымша




Экологиялық қасірет аймақтарында тұрғаны үшін еңбекақыға


белгіленген үстеме мен жеңілдіктер

тізбесі

I. Семей ядролық полигонының аудандары





Экологиялық қасіреттің әсеріне ұшыраған аумақтардың атаулары

Еңбекақыға әлеуметтік төлемдердің мөлшері

Жеңілдіктер мен өтемақылар

облыстардың, аудандардың атауы

темір жол желісі учаскелерінің атауы




1

2

3

4


Мейлінше радиациялық қатер аймағы

Шығыс Қазақстан облысы:

Жаңасемей ауданы


№1 разъезд - Шөптіқақ станциясы, Жаңасемей станциясы (қоспағ.) - Дегелең станциясы (Конечная қоспағ.)

1,75

есептік көрсеткіш



12

күнтізбелік күн қосымша демалыс




Жоғары радиациялық қатер аймағы

Павлодар облысы:

Май ауданы


Ақсу станциясы – Дегелең станциясы темір жол учаскесінде:

Құркөл разъезі (29 км) - 184 км разъезі



1,5

есептік көрсеткіш




10

күнтізбелік күн қосымша демалыс



Шығыс Қазақстан облысы:

а) аудандар:

Бородулиха, Шар, Жарма, Аягөз;

Семей қаласы,

Курчатов қаласы.


552 км разъезі (қосқ.) – Жүзағаш станциясы, Семей станциясы және Жаңасемей станциясы

1,5

есептік көрсеткіш



10

күнтізбелік күн қосымша демалыс



б) аудандар:

Шемонаиха, Глубокое,

Ұлан;

Өскемен қаласы,



Риддер қаласы.

Қазақстан разъезі –

Огнёвка п. (қосқ.),

Защита – Лениногорск учаскесі





10

күнтізбелік күн қосымша демалыс




Төтенше радиациялық қатер аймағы

Шығыс Қазақстан облысы:

Бесқарағай ауданы



Шаған станциясы

2 айлық

есептік көрсеткіш



14

күнтізбелік күн қосымша демалыс





Мейлінше аз радиациялық қатер аймағы

Шығыс Қазақстан


облысы:










Аудандар:

Таскескен, Зырянов, Серебрянск



Ақтоғай станциясы;

Серебрянка станциясы – Зыряновск станциясы



1,25

есептік көрсеткіш



7

күнтізбелік күн

қосымша демалыс


Қарағанды облысы:

Қарқаралы ауданы



Көкпекті станциясы (қоспағ.) – Қарағайлы станциясы



Жеңілдік берілетін әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ


Павлодар облысы:

Баянауыл ауданы



Үшқұлын станциясы

1

есептік көрсеткіш



5

күнтізбелік күн

қосымша демалыс

Арал өңіріндегі аудандар




1

2

3

4
Экологиялық апат аймағы

Қызылорда облысы:

аудандар: Арал, Қазалы


Ақтөбе облысы:

Шалқар ауданы



Құрлық станциясы (қосқ.) – Төретам станциясы (қоспағ.)
№59 разъезд (Біршоғыр) – Шоқысу – 82 разъезд

1,5 *

коэф-фициент




12

күнтізбелік күн

қосымша демалыс,

жалақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек


Экологиялық дағдарыс аймағы

Қызылорда облысы:

Төретам станциясы– Бесарық станциясы



1,3 *

коэф-фициент




9

күнтізбелік күн

қосымша демалыс, жалақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек


Ақтөбе облысы:

аудандар: Темір, Байғанин, Мұғалжар,

Оңтүстік Қазақстан облысы:

аудандар: Арыс, Отырар,

Түркістан


Темір (қоспағ.) – Сағыз (қоспағ.)

Құдық станциясы – №59 разъезд (қоспағ.)

Монтайтас станциясы (қосқ.) - Бесарық (қоспағ.) станциясы


1,2 *

коэф-фициент




7

күнтізбелік күн

қосымша демалыс, айлық немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек



Ескертулер:

1. Қосымша демалыстың ұзақтығы қолданылмаған демалыс үшін өтемақы төлегенде ескеріледі және мерекелік және демалыс күндерінің санына арттырылмайды.



Қызметкердің келісімімен еңбек демалысынан кері шақыртқан жағдайда, пайдаланылмаған қосымша демалыс ағымдағы жылы беріледі немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады. Пайдаланылмаған қосымша демалыс үшін өтемақы төлеу жүргізілмейді. Материалдық көмек демалыс берумен бір уақытта жүргізіледі және пайдаланбаған демалыс үшін өтемақы төленгенде берілмейді.

2. Радиациялық қатерлі және экологиялық қасірет аймақтарында тұрғаны үшін үстемелер әлеуметтік төлемдер болып табылады, еңбекақыны есептегенде жаңа тарифтік ставканы (еңбекақыны) құрамайды және аудандық коэффициентті есептеуге арналған сомаға қосылмайды. Экологиялық қасірет аудандарындағы жеңілдіктермен көзделген еңбекақыға қосымша ақылар тек осы өңірлерде тұратын қызметкерлерге ғана белгіленеді.


____________________________________________



«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған

Ұжымдық шартқа

2-қосымша

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ




р/с

Лауазым атауы

Демалыстың күнтізбелік күнінің саны

1

2

3

Қоғамның орталық аппараты



Вице-президент

30



Экономика және қаржы жөніндегі вице-президент

30



Атқарушы директор

30



Бас бухгалтер

30



Басқарма бастығы

30



Бөлім бастығы

30



Корпоративтік хатшы

30



Бас маман

30

Қоғам филиалдары

1

2

3

1

Филиал директоры

30

2

Филиал директорының орынбасары

30

3

Бас бухгалтер

30

4

Басқарма бастығы

30

5

Бас менеджер

30

6

Директордың көмекшісі

30

7

Менеджер




8

Бөлім бастығы

30

9

Бас диспетчер

30

10

Бас маман

30

11

1-санаттағы маман

30

12

2-санаттағы маман

30

13

Заң кеңесшісі

30

14

Команда бастығы

30

15

Команда бастығының орынбасары

30

16

Атқыштар командысы бастығының көмекшісі

24

17

Мұнай құю жөніндегі инспектор

24

18

Арнайы және физикалық дайындық бойынша инспектор

24

19

Топ бастығы

24

20

Ауысым тобының бастығы

24

21

Ауысым тобы бастығының көмекшісі

24

22

Күзетші

24

23

Күзетші-жүргізуші

24

24

Диспетчер

24

25

Фельдшер

24

26

Жүргізуші

24

27

Ғимарат қараушысы

24

28

Электромонтер

24

29

Техник-сантехник

24

30

Қызметтікбөлмелерді жинаушы

24

31

Бағбан

24

__________________________________



«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған

Ұжымдық шартқа

3-қосымша

Сақтау, өңдеу, сату (жіберу), тасымалдау немесе өндіріс процесінде қолдану үшін тапсырылған құндылықтардың (мүліктің) сақталуын қамтамасыз етпегені үшін Жұмыс берушінің толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісімшарт жасасуы тиіс қызметкерлер лауазымының


ТІЗІМІ



р/с




Лауазым атауы



Қызметкерлерге бекітілетін мүлік, құралдардың негізгі түрлері

1

2

3

1

Бас бухгалтер

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша қаражаты

2

Шаруашылық басқармасының бастығы

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар

3

Шаруашылық басқармасы бөлімінің бастығы

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар

4

Шаруашылық басқармасының бас маманы

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша қаражаты

5

Әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру басқармасы стационарлық объектілерді күзету және лицензиялық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Негізгі құралдар (қару), тауарлы-материалдық құндылықтар (оқ-дәрілер)

6

Филиал директоры

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша қаражаты

7

МТҚ секторының бастығы

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша қаражаты

8

Филиалдың бас бухгалтері

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша қаражаты

9

1 және 2-санаттағы маман-бухгалтер

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша қаражаты

10

1 және 2-санаттағы МТҚ жөніндегі маман

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар

11

Атқыштар командасының бастығы

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар

12

Атқыштар командасының ауысым тобының (бөлімшесінің) бастығы

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, күзетілетін жүктер мен нысандар

13

Топ бастығы

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, күзетілетін жүктер мен нысандар

14

Күзетші

Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, күзетілетін жүктер мен нысандар

15

Фельдшер

Медициналық құрал-жабдық

16

Жүргізуші

Автомашина, пайдалану материалдары

__________________________________



Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған

Ұжымдық шартқа

4-қосымша

Толық материалдық жауапкершілік туралы

үлгілік келісімшарт
____________ қ. 20_ ж. «___» _____________
Бұдан әрі Жұмыс беруші деп аталатын «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам), Жарғы негізінде іс-әрекет ететін Президент ________________________________атынан бір тараптан және бұдан әрі Қызметкер деп аталатын ___________________________________________________

(лауазым атауы, тегі, аты, әкесінің аты)

төмендегілер туралы осы толық материалдық жауапкершілік туралы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:


  1. Қызметкер өзіне оған Жұмыс беруші сеніп тапсырған материалдық құндылықтардың сақталуына, сондай-ақ Жұмыс берушінің басқа тұлғаларға келтірілген зиянды өтеуінің нәтижесінде туындаған зиян үшін толық материалдық жауапкершілік қабылдайды және :

а) оған жүктелген функцияларды (міндеттерді) жүзеге асыру үшін тапсырылған Жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарауға және зиян келтірудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;

ә) оған сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы дер кезінде Жұмыс берушіге немесе тікелей басшыға хабарлауға;

б) оған сеніп тапсырылған мүліктің есебін жүргізуге, олардың қозғалысы мен қалдықтары туралы белгіленген тәртіппен тауарлық-ақшалай және өзге де есептер құруға;

в) оған сеніп тапсырылған мүлікке түгендеу, ревизия жүргізуге, оның сақталуы мен жай-күйін тексерулерге қатысуға міндеттенеді.



  1. Жұмыс беруші:

а) Қызметкерге қалыпты жұмыс істеуге және оған сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасауға;

ә) Қызметкерді Жұмыс берушіге зиян келтіргені үшін қызметкердің материалдық жауапкершілігі туралы қолданыстағы заңнамамен, сондай-ақ оған тапсырылған материалдық құндылықтарды сақтау, қабылдау, өңдеу, тасымалдау немесе өндіріс процесінде қолданудың қолданыстағы нұсқаулары, нормативтері мен ережелерімен таныстыруға;

б) белгіленген тәртіппен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге міндеттенеді.

3. Қызметкердің кінәсінен оған сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда Жұмыс берушіге келтірілген зиян мөлшерін анықтау және оны өтеу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 165-бабына сәйкес жүргізіледі.

4. Егер келтірілген зиян қызметкердің кінәсінен болмаса, ол материалдық жауапкершілікте болмайды.

5. Осы Шарт қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Шарттың әрекеті Жұмыс беруші Қызметкерге тапсырған материалдық құндылықтармен жұмыс істеуінің барлық уақытына таралады.

6. Осы Шарттың заңды күші бірдей екі данада жасалады, біреуі – Жұмыс берушіде, екіншісі – Қызметкерде сақталады.

7. Осы Шарттың шарттарын өзгерту, толықтыру, бұзу немесе оның әрекетін тоқтату осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тараптардың жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.



Тараптардың заңды мекенжайы мен реквизиттері:


«Жұмыс беруші»

(орналасқан мекенжайы, қолы, мөр)





«Қызметкер»

(тұрғылықты мекенжайы, қолы)





«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған

Ұжымдық шартқа

5-қосымша

Қоғамның қызметкерлері үшін әлеуметтік жеңілдіктердің 2012 жылға арналған шығыстарының сметасы


Шығыстар баптарының атауы

Сомасы, мың теңге

1

2

І. Қызметкерлерге арналған әлеуметтік жеңілдіктер

А. Еңбекке ақы төлеу қорына кіретін төлемдер

Қоғам қызметкерлері балаларының демалысы

14 760

Қызметкерлердің темір жол көлігімен жүруі бойынша жеңілдіктер

224

Тістерді протездеу төлемдері

2 071

Мерейтойлық даталар мен қызметкерлерді мерейтойлық даталардың: әйелдердің – 50 жасқа, ерлердің – 60 жасқа толуына байланысты бір реттік ынталандыруға арналған сыйлықтар сатып алуға арналған шығыстар

2 622

Арнайы тағайындаулар мен мақсатты түсімдердің қаражаты есебінен төленетін сыйлықақылар мен бір реттік ынталандырулар

11 086

Еңбекке ақы төлеу қорына енетін төлемдердің жиынтығы

30 763


Ә. Еңбекақы есептеу кезінде есепке алынбайтын төлемдер мен шығыстар


1

2

Қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін жерлеуге, некеге тұру, бала туылуына, Ауғанстаннан әскер шығару күніне, Қоғамның Чернобыль апатын жоюға қатысқан қызметкерлеріне, жеткілікті қамтамасыз етілмеген және мүгедек балалары бар отбасыларына арналған материалдық көмек

72 965

Қызметкерлерге санаторий-профилакторилерде емделуге, демалуға арналған материалдық көмек

8 090

Зейнеткерлікке шығушыларға бір реттік жәрдемақылар

1 291

Еңбекақы есептеу кезінде есепке алынбайтын төлемдер мен шығыстардың жиынтығы

82 346

ІІ. Жұмыс істемейтін зейнеткер теміржолшылар үшін әлеуметтік жеңілдіктер




Б. Еңбекақыны есептеу кезінде есепке алынбайтын төлемдер мен шығыстар




Жерлеуге, емделуге, мерейтойлық даталарға арналған материалдық көмек

2 742

Тістерді протездеуді төлеу

841

Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушы және «Құрметті теміржолшы» белгісімен наградталған зейнеткерлерге бір реттік адрестік материалдық көмек

767

Зейнеткерлердің темір жол көлігімен жол жүруі бойынша жеңілдіктердің құны

80

Барлық шығыстар

4 430

ІІІ. Мәдени-сауықтыру іс-шараларын өткізуге арналған шығыстар


Мәдени-сауықтыру, бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу үшін жайларды жалға алу

17 482

Мерекелерді өткізу

67 200

Спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығыстар

25 385

Сауықтыру іс-шараларын өткізу, балалардың жазғы сауықтыру орындарына дейін және кері жол жүрулерін төлеу жөніндегі шығыстар

300

Мәдени-ағарту, сауықтыру және басқа іс-шараларды өткізу жөніндегі шығыстардың жиынтығы

113 817

Әлеуметтік салықты аудару

3 627

Әлеуметтік жеңілдіктерге арналған барлық шығыстар

234 983

_____________________________________



«Әскерилендірілген темір жол

күзеті» акционерлік қоғамы мен

оның еңбек ұжымы арасындағы

2012-2014 жылдарға арналған

Ұжымдық шартқа

6-қосымша

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ қызметкерлерінің

аттестациясын өткізу ережесі
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ қызметкерлерінің (бұдан әрі – Қоғам қызметкерлері) аттестациясы – олардың кәсіби дайындығы деңгейін және атқарып отырған лауазымына сәйкестігі жөніндегі еңбектік міндеттерін орындау қабілетін анықтауға кезең-кезеңмен жүргізілетін тексеріс.

2. Аттестация кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі ретінде Қоғам қызметкерлерінің жүктелген міндеттерді орындауы, сондай-ақ олардың қызметі мен жұмысы учаскесіндегі істің жай-күйін анықтау болып табылады.

3. Аттестация:

1) кестеге сәйкес;

2) Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша немесе филиалдардың басшылығының:

а) төмен жұмыс көрсеткіштеріне;

ә) қызметкерлер санын қысқартуға;

б) денсаулық қорғауды және еңбек қауіпсіздігін бұзуға байланысты өтініштері бойынша өткізіледі.

4. Аттестациядан президент, вице-президенттер, атқарушы директорларды қоспағанда, барлық қызметкер өткізіледі.

5. Аттестациядан атқарып отырған лауазымында кемінде алты ай істеген қызметкерлер Қоғамдағы үздіксіз жұмысының әрбір екі-үш жылы сайын өтеді.

6. Қызметкер аттестация материалдарын дайындауға қатысуға және кесте бойынша аттестация комиссиясының отырысына келуге міндетті.

7. Аттестация қызметкердің еңбектік міндеті болып табылады, дәлелді себепсіз аттестациядан өтуден бас тарту немесе аттестациялық комиссия отырысына келмеу еңбек тәртібін бұзушылық ретінде қаралады.

8. Жүкті әйелдер, жұмысқа белгіленген мерзімге қабылданған қызметкерлер, 6 (алты) айдан кем жұмыс істеген қызметкерлер аттестациядан өтуден босатылады.

9. Аттестацияға мынадай кезеңдер кіреді:

1) аттестация өткізуге дайындық;

2) тестілеу және емтихан;

3) әңгімелесу;

4) аттестациялық комиссияның шешім қабылдауы.


2. АТТЕСТАЦИЯ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
10. Аттестация өткізуге дайындықты кадрлық аппарат (персоналмен жұмысты жүзеге асыратын бөлімше) ұйымдастырады, ол мынадай іс-шаралардан тұрады:

1) аттестация өткізу туралы бұйрық әзірлеу және аттестациялық комиссия құрамын белгілеу;

2) аттестация өткізу кестесін бекіту;

3) аттестатталатын қызметкерге аттестация өткізу мерзімі туралы жазбаша хабарлау.

Болатын аттестация туралы 2 (екі) апттадан кем емес мерзімде хабардар ету;

4) аттестатталатындарға қажетті құжаттарды (аттестация парақтары, анықтама-объективкалар, аттестатталатын қызметкерлерге мінездемелер) дайындау;

5) тестілеу, емтихан және әңгімелесу өткізу үшін аттестатталатын қызметкердің тікелей бастығы құрастырған сұрақтардың негізінде сұрақтар тізімін құру;

6) аттестация өткізу мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.

11. Кадрлық аппарат аттестаттауға жататын қызметкерлерді анықтайды және аттестация өткізу кестесін әзірлейді.

12. Қоғам президенті, филиал директоры кадрлық аппараттың ұсынымы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестаттауға жататын қызметкерлер тізімі бекітіледі, аттестация өткізу мерзімдері және аттестациялық комиссия құрамы, сондай-ақ оның жұмысының кестесі белгіленеді.

13. Кадрлық аппарат қызметкерлерге аттестация өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталуға дейін он төрт күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.

14. Аттестаттауға жататын қызметкердің тікелей басшысы аттестатталатын қызметкердің аттестациялық мінездемесін, еңбек жолы туралы анықтамасын, жұмыс нәтижелері туралы материалдарды ресімдейді және қызметкерді алдын ала мінездемемен қол қойдырып таныстырып, аталған құжаттарды лауазымдық нұсқаулықпен бірге аттестацияға дейін екі аптадан кешіктірмей кадрлық аппаратқа жолдайды.

15. Аттестациялық мінездеме (1-қосымша) құрамына аттестатталатын қызметкердің соңғы аттестаудан кейінгі атқарып отырған лауазымындағы жұмысы кезеңіндегі кәсіби-іскерлік, жеке қасиеттерін, орындаушылық, қызметтік белсенділігі мен қызметінің нақты нәтижелерін, жеке үлесін (бастамашылық істерін) негізді бағалау, оның еңбек қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар, атқарып отырған қызметіне сәйкес (белгілі бір жағдайларда ғана сәйкес); жоғары лауазымға ұсынуға лайық; атқарып отырған лауазымына сәйкес емес деген сияқты қорытынды кіреді. Мінездеме мәтінінің соңына аттестатталатын қызметкер: «Мінездемемен келісемін (келіспеймін)» деп жазады, танысқан күні мен оның қолы қойылады.

16. Қызметкер өзінің оған ұсынылған аттестациялық мінездемемен келіспеуі туралы айтуға және кадрлық аппаратқа өзін сипаттайтын ақпарат ұсынуға құқылы. Мінездеменің мазмұнымен келіспеуі кезінде қызметкер өзінің келіспеушілігін негіздеуі тиіс.

17. Кадрлық аппарат аттестатталатын қызметкерге аттестация парағын (2-қосымша) ресімдейді, ал оған жиналған материалдарды аттестациялық комиссияға жолдайды.
3. АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ
18. Құрамы кемінде үш адамнан тұратын аттестациялық комиссияны кадрлық аппараттың ұсынымы бойынша орталық аппаратта Қоғам президенті, филиалдарда директорлар құрады және ол төраға, төраға орынбасарынан (орынбасарларынан) және мүшелері мен хатшыдан тұрады, бұл ретте аттестациялық комиссия аттестация өткізу үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы. Орталық аппараттың аттестациялық комиссиясы Қоғам президентінің номенклатурасына кіретін қызметкерлердің аттестациясын өткізеді.

19. Қоғам жұмысының функционалдық бағыттарының ерекшеліктеріне қарай бірнеше аттестациялық комиссия құрылуы мүмкін.

20. Аттестациялық комиссия төрағасы қызметкерлердің аттестациясы процесін басқарады және оны өткізуге толығымен жауапты болады.

21. Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары (орынбасарлары) төраға жоқ болған кезде оның міндеттерін атқарады, аттестацияны ұйымдастыру мен өткізуде көмек көрсетеді.

22. Аттестациялық комиссия хатшысы аттестациялық материалдардың болуын, олардың тиісінше ресімделуін қадағалайды.

23. Аттестациялық комиссия төрағасы, оның орынбасары (орынбасарлары) мен комиссия мүшелері аттестаттауға жататын қызметкерлермен тең немесе жоғары лауазымды атқаруы тиіс.

24. Аттестациялық комиссияның құрамына аттесталатын қызметкер жұмыс істейтін бөлімшенің басшысы, басқарма, бөлім бастықтары, қызметкерлердің, кадрлық аппараттардың өкілдері, заңгерлер кіреді.

25. Кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кісәподақ шешімінің (қаулысының) негізінде аттестациялық комиссияның жұмысына оның мүшесі ретінде қатысады.

26. Аттестациялық комиссия ұсыныстар беруге және атқарып отырған лауазымына сәйкестігі, жоғары лауазымға ұсыну, қайта аттестациялау, аттестацияны тапсырушының кәсіби бейімділігін, арнайы дайындығының деңгейі мен бағытын, іскерлік және жеке қасиеттерін ескере отырып басқа бөлімшеге ауыстыру, біліктілігін арттыру, қайта дайындықтан өткізу, белгілі бір дағдылар мен білімдер алу, арнайы әдебиеттер оқу туралы шешім қабылдауға құқылы.

27. Аттестациялық комиссия отырысы, егер оған комиссия құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды деп танылады.

28. Аттестациялық комиссия шешімі аттестатталушының сынақтары – тестілеу (емтихан) және әңгімелесудің жиынтығы бойынша қабылданады және ұсыныс беру сипатына ие болады, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

29. Дауыс беру отырысқа аттестациялық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісінің қатысуы кезінде жүргізіледі. Қызметкердің қызметін бағалау туралы шешім мен ұсыныстар аттестатталушы жоқ кезде қабылданады және дауыс беруден кейін жарияланады.

30. Аттестациялық комиссия мүшелері жалпы негіздерде аттестациядан өтеді.
4. АТТЕСТАЦИЯ ӨТКІЗУ
31. Аттестациялық комиссия аттестация өткізілетін күні:

1) ұсынылған материалдарды қарайды;

2) компьютерлік техниканы немесе қағаз тасығышты пайдаланып тестілеу немесе емтихан өткізеді;

3) аттестатталатын қызметкердің тікелей басшысын және қызметкердің өзін тыңдайды, оларға сұрақтар қояды.

32. Аттестация аттестатцияны тапсырушы қызметкердің қатысуымен жүргізіледі.

33. Дәлелді себептермен аттестациялық комиссияның отырысында болмаған қызметкер басқа, кестеде көзделген күндерде аттестациядан өтеді.

34. Қызметкер аттестациялық комиссияның отырысына дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда комиссия аттестацияны оның болмауы кезінде қолда бар материалдар негізінде өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

35. Әңгімелесу аттестацияның ажырамас бөлігі болып табылады және аттестатталатын қызметкердің кәсіби дайындығының деңгейі мен еңбектік міндеттерін орындау қабілетін анықтау үшін оны тыңдаудан тұрады.

36. Тестілеуге (емтиханға) арналған сұрақтарды лауазымдық нұсқаулықтар, біліктілік талаптары, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер негізінде аттестатталушының тікелей басшысы әзірлейді.

37. Аттестацияға дайындалу мақсатында қызметкерлер, сұрақтары емтихан билеттері мен тестілеуге кіретін нормативтік актілердің жалпы тізбесімен алдын ала таныса алады.

38. Білімдерін тексеру дербес компьютерлерді немесе күрделілігі бірдей емтихан билеттерінің (тесттердің) сұрақтарына берілген ауызша/жазбаша жауаптарды, тестілеу нәтижелерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

39. Емтихан билетіне 4 сұрақ кіреді.

40. Тестілеу кезінде әрбір сұрақтың үштен беске дейін жауабы болады, оның біреуі дұрыс.

41. Аттестациялық мінездемелердің, аттестациялық материалдардың негізінде және аттестатталатын қызметкердің жұмыс нәтижелерін талқылай отырып аттестациялық комиссия дауыс беру тәртібі туралы шешім қабылдап, қызметкердің қызметіне төмендегі бағалардың бірін береді:

1) атқарып отырған лауазымына сәйкес және жоғары лауазымға орналастыру үшін кадрлық резервке енгізуге ұсынылады;

2) атқарып отырған лауазымына сәйкес;

3) қайта аттестаттауға жатады;

4) атқарып отырған лауазымына сәйкес емес.

42. Қайта аттестаттау алғашқы аттестация өткізу сәтінен бастап екі-алты ай өткенде жүргізіледі. Қайта аттестаттау жүргізе отырып аттестациялық комиссия төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқарып отырған лауазымына сәйкес;

2) атқарып отырған лауазымына сәйкес емес.

43. Аттестациялық комиссияның «атқарып отырған лауазымына сәйкес емес» деген шешім қабылдауы аттестация нәтижесінің нашарлығы болып табылады және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабының 6-тармағы негізінде қызметкермен еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.

44. Аттестациялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған төраға, аттестациялық комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.

45. Әңгімелесу барысы, комиссия қойған сұрақтар мен оларға берілген жауаптар, комиссия шешімі мен дауыс беру нәтижелері отырыс хаттамасына енгізіледі, оған төраға, аттестацияға қатысқан комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.

46. Аттестациялық комиссияның шешімі мен ұсыныстары қызметкердің аттестация парағына (2-қосымша) енгізіледі, оның көшірмесі аттестациядан өткен қызметкерге жолданады.

47. Аттестация нәтижелері қызметкерге хабарланады.

48. Аттестация парағы пен аттестациялық мінездеме аттестация аяқталғаннан кейін аттестатталуышының жеке ісінде сақтау үшін кадрлық аппаратқа тапсырылады.

49. Аттестация материалдары ол аяқталғаннан кейін он күн мерзім ішінде Қоғам президентіне, филиал директорына ұсынылады.


5. АТТЕСТАЦИЯ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНАТЫН ШАРАЛАР
50. Президент (филиал директоры) бір ай мерзім ішінде аттестация материалдары бойынша құқықтық салдары туралы біржақты шешім қабылдайды, ол бұйрықпен ресімделеді. Егер аттестациялық комиссия «атқарып отырған лауазымына сәйкес емес» деген баға қойса, Қоғам президенті (филиал директоры):

1) қызметкерді бұрынғы жұмысында қалдыруға;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы негізінде қызметкермен еңбек шартын бұзуға құқылы.

51. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен Қоғам басшылығы аттестация нәтижелері бойынша қабылдаған шараларға шағымдануға құқылы.


6. ҚОСЫМШАЛАР
52. 1-қосымша – Аттестациялық мінездеме

53. 2-қосымша – Аттестация парағы



«ӘТЖК» АҚ қызметкерлерінің

аттестациясын өткізу ережесіне

1-қосымша
АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________________________

Туған жылы ___________________________________________________________________

Оқу орны ______________________________________________________________________

Білімі бойынша мамандығы ______________________________________________________

Лауазымы, тағайындалған күні ___________________________________________________
1. Кәсіби-іскерлік қасиеттері:

Оның еңбек қызметін реттейтін құжаттарды білуі.

Біліктілік деңгейі, арнаулы, техникалық, экономикалық білімдерінің тереңдігі, өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға ұмтылушылығы. Мамандығы бойынша отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, олардың даму бағыттарын білуі.

Қызқа мерзімде жұмысқа барлық жаңашылдықтарды, алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу қабілеті, іске шығармашылықпен қарауы. Жаңа жағдайға талдау жасай білу және туындаған қиындықтар бойынша қажетті шешімдер қабылдай алу қабілеті.

Жігерлілік, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізушілік, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жедел шешімдер қабылдау қабілеті.

Еңбек міндеттерін орындау мерзімі мен дәрежесі, көлемі ауқымды жұмысты атқара алу қабілеті.

Жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік. Экономика, еңбек және шаруашылық заңнамасы, еңбек және қауіпсіздік техникасын қорғау, экология және т.б. мәселелердегі біліктілігі.

Еңбек қызметінің нақты нәтижелері, жеке үлесі, бастамашылық істері, орындалған жұмыстарының сапасы.

2. Қызметкердің жеке қасиеттері:

Қызметкердің беделі және ұжымның әлеуметтік-рухани ахуалына әсері

Ұжымда жоғары өзара талапшылдық, тілектестік, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі мүдделілік жағдайын қалыптастыруы (қолдау).

Ұжымда даулы жағдайларға жол бермеу қабілеті, туындаған дауларды шешу кезіндегі сабырлылығы мен салмақтылығы.

Тәртіптілігі, орындаушылығы, бастаған істі соңына дейін жеткізудегі табандылығы.

Өзіне жауапкершілік ала білуі, өз көзқарасын дәлелдей алуы.

Адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық.

Басшылықпен, ұжыммен, қарамағындағылармен қарым-қатынастағы ізеттілігі.

Жалпы мәдени деңгейі, дүниетанымы.

3. Қорытынды мен ұсыныстар: атқарып отырған лауазымына сәйкес (кейбір жағдайларда сәйкес) ; жоғары лауазымға ұсынуға лайық; атқарып отырған лауазымына сәйкес емес; ... үйрену, ... қорытындылау, біліктілігін арттыруға … және т.б. ұсынылады.

______________________________________ ________________ ______

(мінездеме берген тұлғаның лауазымы) (қолы)

(тегі және бас әріптері)
«__» _________ 20__ ж. Мінездемемен келісемін

(келіспеймін: негіздеме) ______________________________________________ (күні және аттестатталушының қолы)



«ӘТЖК» АҚ қызметкерлерінің аттестациясын өткізу ережесіне

2-қосымша

АТТЕСТАЦИЯ ПАРАҒЫ


  1. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________________________

  2. Туған жылы _____________________________________________________________________

  3. Білімі ___________________________________________________________________________

  4. Білімі бойынша мамандығы________________________________________________________

  5. Әскерилендірілген күзеттегі жалпы еңбек өтілі _______________________________________

  6. Аттестация кезінде атқаратын қызметі_______________________________________________

  7. Лауазымға тағайындалған күні _____________________________________________________

  8. Аттестация мүшелері жасаған ескертулер мен ұсыныстар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Аттестациялық комиссия шешімі: ________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Қайта аттестациядан өту кезіндегі аттестациялық комиссия шешімі:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Дауыс беру нәтижелері бойынша қызметкердің қызметін бағалау

«қолдаймын» __________________ «қарсы»_______________ деген дауыстар саны
Аттестациялық комиссия төрағасы _________________ ____________________________

(қолы) (тегі және есімінің бас әріптері)

Аттестациялық комиссия төрағасының

орынбасары __________________________ __________________


Комиссия мүшелері __________________________ ____________________

__________________________ ____________________

__________________________ ____________________

__________________________ ____________________

__________________________ ____________________

__________________________ ____________________


Аттестациялық комиссия хатшысы __________________ ____________________

200_ жылғы «___» ___________


Аттестация парағымен таныстым ______________________ ____________________


(аттестатталушының қолы) (тегі және есімінің бас әріптері)
20__ жылғы «___» ___________



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау