Іле аудандық МӘслихатының



жүктеу 109,07 Kb.
Дата26.05.2018
өлшемі109,07 Kb.
#17929
түріКонкурс


ЖОБА

ІЛЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

Өтеген батыр кенті № 11-54 2017 жыл 28 ақпан



«Үздік округ», «Үздік ПИК»,

«Үздік аула», «Үздік үй» және

«Тұрмыстық қалдықтарды

шығару бойынша үздік кәсіпорын»

конкурсы туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы” Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Іле ауданы әкімінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 77-1/199 ұсынысын қарап, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жылдың «Үздік округ», «Үздік пәтер иелерінің кооперативі», «Үздік аула», «Үздік үй» және «Тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша үздік кәсіпорын» конкурсын өткізу Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес мақұлдансын.


2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарларына (Ерекешов С.Қ.) бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Батыр В.В.) жүктелсін.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат хатшысы

сессиясының төрағасы
_______________ Г. Ерубаева _________________ Р. Абилова

Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-54 шешіміне қосымша




Жылдың «Үздік округ», «Үздік пәтер иелерінің кооперативі», «Үздік аула», «Үздік үй» және «Тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша үздік кәсіпорын» конкурсын өткізу Ережесі
Іле ауданы әкімдігі жылдың «Үздік округ», «Үздік пәтер иелерінің кооперативі» (бұдан әрі – ПИК), «Үздік аула», «Үздік үй» және «Тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша үздік кәсіпорын» атағы бойынша конкурс өткізу Ережесін әзірледі.

Осыған орай әр округте, ПИК, сондай–ақ тұрмыстық қалдықтарды шығаратын кәсіпорындарда және сол округтегі амақта жұмыс істейтін кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындармен жиындар өткізілуі қажет.

Бұл конкурс тұрғын үй қорын күтіп ұстау, аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауылдық округтердегі озық жұмыс тәжиірбесін анықтауға және басқаларға таратуға бағытталуы тиіс.

Конкурстың мақсаты: тұрғын үй қорын пайдалану мен күтіп ұстау бойынша жергілікті тұрғындардың бастамаларын қолдау және дамыту, осы бағыттағы жұмысты ынталандыру және белсендендіріу. Аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауылдық округтер мен кент тұрғындарының бастамалық қызметтері үшін қолайлы жағдай жасау.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелері бойынша аудан әкімі орынбасарының басшылығымен конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссия құрылды. Оның құрамына ауылдық округтер мен кент әкімдері, «Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, жергілікті полиция қызметінің бастығы, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілі мен жергілікті қауымдастық өкілдері кіреді.

Жылдың «Үздік округ», «Үздік ПИК», «Үздік аула», «Үздік үй» және «Тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша конкурс өткізіледі.

Меншік иелері бірлестіктерінің жұмыстары 10 балдық жүйеде анықталады және бағаланады.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар мен құжаттарын ауылдық округтер мен кент әкімдері конкурстық комиссияға береді.

Конкурстық комиссия бірлескен ұйым тұрғындарының тапсырыстары мен құжаттарын жергілікті жерде қарап, балдық жүйеде анықтайды.

Комиссияның қорытындысы жыл сайын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында жасалады.

Байқау жеңімпаздары Іле ауданы әкімінің құрмет грамотасымен, бағалы сыйлықтармен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

Жыл үздігі байқауы «Үздік округ», «Үздік ПИК», «Үздік аула», «Үздік үй» және «Тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша үздік кәсіпорын» атты номинациялар бойынша Іле ауданында үш орын тағайындалады.

1 орын – Іле ауданының құрмет грамотасы, бағалы сыйлық және ақшалай сыйақы.

2 орын - Іле ауданының құрмет грамотасы және ақшалай сыйақы.

3 орын - Іле ауданының құрмет грамотасы.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты түрде Іле ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Комиссияның қорытындысы бойынша жұмысы қанағатсыз деп танылған ауылдық округ және кент ескеріліп, тұрғын үй қорын күтіп ұстау бойынша ұсыныстар беріледі.

Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріліп, тұрғын үй қорын күтіп ұстау және аула аумақтарын көркейту бойынша мақсатты пайдалануға жұмсалады.


Жылдың «Үздік округ», «Үздік пәтер иелерінің кооперативі», «Үздік аула» және «Үздік үй» конкурсын өткізу Ережесі



  1. Жалпы ереже

Жылдың «Үздік округ», «Үздік ПИК», «Үздік аула» және «Үздік үй» атағы бойынша конкурсын Іле ауданының конкурстық комиссиясымен ұйымдастырылып өткізіледі.

Бұл конкурс тұрғын үй қорын күтіп ұстау, аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауылдық округтердегі пәтер иелері кооперативінің озық жұмыс тәжиірбесін анықтауға және басқаларға таратуға бағытталуы тиіс.

Конкурстың мақсаты: тұрғын үй қорын пайдалану мен күтіп ұстау бойынша жергілікті тұрғындардың бастамаларын қолдау және дамыту, осы бағыттағы жұмысты ынталандыру және белсендендіріу. Аула аумақтарын абаттандыру бойынша тұрғындар мен пәтер иелерінің кооперативі бастамалық қызметтері үшін қолайлы жағдай жасау.



  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін мүшелері мен төрағасы тағайындалған конкурстық комиссия құрылады.

(Комиссия мүшелері шақырылады)

Конкурс «Үздік округ», «Үздік ПИК», «Үздік аула», «Үздік үй» номинациялары бойынша өткізілді.

Меншік иелері бірлестіктерінің жұмыстарын бағалау төмендегідей 10 балдық жүйемен бағаланды.
«Үздік округ», «Үздік ПИК», «Үздік аула», «Үздік үй» жыл таңдауы бойынша




Көрсеткіш

Жоғарғы баға

10 балл


1

Тұрғындармен жұмыс ( арыздар, өтініштер, қаралған қорытындылары)

10

2

ПИК-нің тұрғындар алдындағы есебі жиналыстардың өту мерзімін қадағалау, ПИК мүшелерінің алдында жасаған жұмыстары жөнінде ақпараттар беру) Жұмыс пен жоспар бойынша)

10

3

Тұрғын үйлердің жағдайын зерттеу бойынша техникалық құжаттарының болуы және іс құжаттарының сапалы жүргізілуі

8

4

Ішкі инженерлік желілер, құрылыс конструкциялардың жағдайы (шатырлар, жертөлелер, кіреберісі, үйдің алды, жылыту жүйелері, ыстық және суық сумен жабдықталуы т.б)

6


5

Тұрғын үй қорында жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру (күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлау және орындау, апаттық жұмыстарды жүргізу сапасы мен уақыты)

6

6

Аула аумақтарының санитарлық жағдайы, оларды жабдықтау, абаттандыру (спорттық, кір ілетін және контейнерлік алаңдардың жағдайы және олардың қоршауының болуы)

5

7

Тұрғын үйлердің хабарландыру тақтасы, номерлік белгілері, пошта жәшіктерінің, басқа да ақпараттық материалдардың болуы

5


8

ПИК құрамында тіркелген обьектілерінің саны

3

9

Кондоминиум обьектілерінің басқарушыларын сайлау

2

10

Аумақты жинау бойынша қызмет көрсетушілер құрамының толықтығы

2

Конкурстық комиссияның бекітуімен ең көп балл санын жинаған жұмыс нәтижесінің критериіне сәйкес өткізілген конкурстың қорытындысы мен оның жеңімпаздары анықталады



  1. Балдары алынып тастайды



Көрсеткіштер

Баллды алу

1

Уақытылы ПИК тұрғындарының шағымы мен өтініштерінің қаралмауы

2


2

Жиналыстардың жүргізілуі




3

Күзгі-қысқы кезеңге үйлерді дайындау мерзімінің бұзылуы.

3

4

Қысқы кезеңге дайындық барысында тұрғын үйлерге күрделі және жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуі.

3

5

Аула аумақтары мен оның құрылғыларын күтіп ұстау және көріктендіруді тиісті дәрежеде жүргізбеу


2

6

Тұрғын үйлердің хабарландыру тақтасы, номерлік белгілері, пошта жәшіктерінің, басқа да ақпараттық материалдардың болмауы

2

7

Аула тазалау бойынша қызмет көрсетушілерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етпеуі

1

Конкурсқа қатысу үшін сұраныс пен материалдарды ауылдық және кент округі әкімдері конкурс комиссиясына береді.

Комиссия сұранысы пен материалдарды зерделеп, тұрғындар бірлестігімен қарап, балдық жүйемен бағалайды.

Нәтижесі жыл сайын 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай шығарылады.

Комиссияның қорытындысы бойынша жұмысы қанағатсыз деп танылған ауылдық округ және кент ескеріліп, тұрғын үй қорын күтіп ұстау бойынша ұсыныстар беріледі.

Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріліп, тұрғын үй қорын күтіп ұстау және аула аумақтарын көркейту бойынша мақсатты пайдалануға жұмсалады.



Іле ауданы бойынша кәсіпорындар арасында өткізілетін «Ең үздік тұрмыстық қоқыс жинаушы кәсіпорын» атты байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

Кәсіпорындар арасында өткізілетін «Ең үздік қатты тұрмыстық қалдықтарды (ары қарай- ҚТҚ) жинаушы кәсіпорын» атты байқау жыл сайын



1 желтоқсанда - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне орай өткізіліп, төмендегі категориялар бойынша 5 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Болуы тиіс:

  • Арнаулы техниканың

  • Арнаулы киімнің

  • Қызмет телефоны мен офисінің болуы

  • Ақпараттық тақтаның (контейнерлік алаңның жағдайы)

  • Алдағы уақытқа даму жоспарының болуы.

  1. Сақталуы тиіс:

- ҚТҚ-ды уақтылы шығару кестесі

- ҚТҚ-ды жинап, оны қоқыс полигонына жеткізудің басты сызбасының болуы



  1. ҚТҚ жинау бойынша кәсіпорын қызметінің бағалануы:

  • Қоқысты шығару ұйымы (ары қарай – ҚШҰ )жұмысының сапасы туралы тұрғындармен жүргізілген сауалнама қорытындысы.

  • Жазбаша түрде жазылған арыздар, өтініш саны және олардың шешілуі.

  • Елді мекендерді абаттандыру қорытындысы.

  1. Тұрғындармен жұмыс

  1. ҚШҰ-дың ҚТҚ жинауға қатысуы

- Санитарлық тазалық кезінде сенбіліктер мен айлықтарға қатысуы

- Қамқорлық акцияларға қатысуы

- Іле ауданының қоғамдық өміріне қатысуы.

Ұпайлар төмендегі жағдайлар орындалмаса алынады:


  1. Сенбіліктер мен қамқорлық акцияларына жеткіліксіз қатысса – 1 ұпай

  2. ҚТҚ-ды шығару кестесін бұзғаны үшін алынған әр ескертуге – 2 ұпай

  3. Бақылау комиссиясының қорытындысында ескерту орын алса – 2 ұпай.

Ай сайынғы тексеру қорытындысы тексеру хаттамасында көрсетілуі керек, олар Байқау қорытындысын шығарғанда назарға алынатын болады.

Тексеру өткізіліп болған соң бір жүлделі орын анықталады. Байқаудың қорытындысын шығару үшін комиссия байқауға қатысушылардың жер учаскелерін соңғы рет тексеріп шығады. Жүлделі орын комиссия мүшелерінің шешімімен, ашық дауыс беру арқылы анықталып, хаттамасы толтырылады.

Жүлделі орын алған қоқыс шығару ұйымы Іле ауданының құрмет грамотасымен марапатталады, бағалы сыйлық беріледі.

Жеңімпазды марапаттау Іле ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында салтанатты түрде өткізіледі.



Комиссия қорытынды шығарғанда ауылдық және поселкелік округтің қанағаттанарлық жұмысы есепке алынып, тұрғын үй қорын ұстау туралы ұсыныстар енгізіледі.

Байқау жеңімпазына ақылы сыйақы беріледі, ол нысаналы мақсатта тұрғын үй қорын ұстау мен аула аумақтарын аббаттандыру жұмыстарына жұмсалады.
жүктеу 109,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау