«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н. 2016 ж



жүктеу 62,27 Kb.
Дата13.11.2017
өлшемі62,27 Kb.
#99
түріБағдарламасы

«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

ағылшын тілі пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.

1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны. Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Ағылшын тілі пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Лексика мен орфография

01

Синонимдер, антонимдер

01

Синонимдер, антонимдер

02

Лексикалық бірліктердің тіркестігі

01

Ауызекі сөйлем лексикасы, орфография

02

Перифраз, аударма

03

Тұрақты ұғымдар

01

Фразалық етістіктер

02

Идиомалар. Мақалдар

02

Морфология

01

Артикль, предлогтар

01

Артикль, предлогтар

02

Туынды сөздер

01

Приставкалар, жұрнақтар, жалғаулар. Күрделі сөздер

03

Сөз таптары

01

Зат есім. Зат есім түрлері. Зат есімнің тәуелденуі

02

Есімдіктер: жіктік, тәуелділік, сілтеу, белгісіздік, сұраулы

03

Сын есім мен үстеу. Сын есім мен үстеудің салыстырмалы шырайлары

04

Cан есім. Есептік және реттік сан есімдер

05

Етістік. Етістіктің негізгі түрлері: 'to be', Indefinite Tense (present, past, future), Continuous Tense (present, past, future), Perfect tense (present, past, future), Future – in – the – past, Passive Voice. Модальды етістіктер

06

Етістіктің жақсыз түрлері: Gerund, Participle I,II, Infinitive

03

Синтаксис

01

Сөйлемдер

01

Сөйлемдер: жай, болымсыз және сұраулы сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

02

Төл сөз, төлеу сөз. Шақтардың қиысуы

03

Райлар: бұйрық рай, ашық рай, шартты рай

02

Құрылым, айналым

01

there is/there are, to be going to, used to

04

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

05

Елтану

01

Елтану

01

Қазақстан

02

Ұлыбритания, ағылшын тілінде сөйлейтін елдер

3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Лексика мен орфография:

- өтілген лексикалық бірліктердің(сөз, сөз тіркестері) негізгі мағыналары;

- тілді оқытатын елдегі сөздік этикеттің негізгі шамалары (репликалар, кең таралған лексикалар);

- өтілген сөздердің дұрыс жазылуы.

Морфология:

- сөз тіркестерінің (аффиксация, күрделі сөздер, конверсия) негізгі әдіс-тәсілдері;

- өтілген грамматикалық көріністердің белгілері (етістіктің шақ формалары,ырықты және ырықсыз етістер,модальды етістіктер және оның эквиваленттері,артикльдер,зат есімдер, сын есім мен үстеудің салыстырмалы шырайлары, есімдік , сан есім (реттік, жинақтауыш), предлог.

Синтаксис:

- жай және күрделі сөйлемнің құрылымының өзгешеліктері;

- төл сөзді төлеу сөзге аударудың ережелері;

- етістіктің формалары(причастие және герундий);

Мәтінмен жұмыс:

- түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау,негізгі ойды белгілеу,басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі).

Елтану:

- Ұлыбританияның Бірікккен Корольдігінің және солтүстік Ирландияның мемлекеттік құрылымы;



- АҚШ, мектептердегі білімінің өзгешеліктері және мектептің үлгілері;

- ағылшын тілді елдердің және Қазақстанның мәдениеттік мұрасы;

- бүкіләлемдік белгілі көрікті орындар, Қазақстанның және оқылытын тілдің елінің мәдениетінің үздік қайраткерлері.

4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау - 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін– 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев







жүктеу 62,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау