Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


Жер қойнауы және олардың ресурстары



жүктеу 2,92 Mb.
бет3/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,92 Mb.
#12458
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Жер қойнауы және олардың ресурстары

    1. Жер қойнауы және олардың ресурстары





  1. Жер қойнауы деп жер бетінен және геологиялық зерттеу мен пайдалану үшін қолжетімді тереңдікке дейін жайылып жатқан су айдындары мен су арналарының түбінен төмен орналасқан жер қыртысының бөлігі танылады.

  2. Осы Кодексте пайдалы қазбаларды барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес мақсаттарда мынадай жер қойнауының ресурстарын:

            1. пайдалы қазбаларды;

  1. жер қойнауын пайдалану кеңістігін пайдалану реттеледі.



  1. Пайдалы қазбалар мен олардың сыныптамасы


  1. Өздерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері материалдық өндіру және тікелей немесе қайта өңделгеннен кейін тұтыну саласында пайдалануға мүмкіндік беретін табиғи минералдық түзілімдер мен органикалық заттар танылады.

  2. Өзінің экономикалық маңыздылығы бойынша және жер қойнауын пайдаланудың тиісті шарттарын белгілеу мақсатында пайдалы қазбалар мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. көмірсутектер;

  2. қаттыпайдалы қазбалар;

  1. Көмірсутектер деп шикі мұнай, газ конденсаты, газ (тазартылмаған табиғи және ілеспе газ және өткізгіштігі төмен (тақта тасты немесе көмір) қабаттардың газы) және табиғи битум танылады.

  2. Қатты пайдалы қазбалар деп табиғи минералды түзілімдер, органикалық заттар және қатты күйдегі жер қойнауындағы олардың қоспалары, сондай-ақ техногенді минералды түзілімдер танылады.



  1. Жер қойнауына және оның ресурстарына меншік


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мемлекет меншігінде болады.

  2. Мемлекет жер қойнауының учаскелерін осы Кодексте көзделген негіздерде, шарттарда және шектерде иеленуге және пайдалануға береді.



  1. Өндірілген пайдалы қазбаларға меншік құқығы


Өндірілген пайдалы қазбалар, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғасына – шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында) тиесілі.

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы




    1. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы ережелер




  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының ұғымы және мазмұны


  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы бөлінген учаске шегінде өтеулі немесе өтеусіз негізде белгілі мерзім ішінде жер қойнауын пайдалануға адамның осы Кодексте қамтамасыз етілген мүмкіндігін білдіреді.

  2. Жер қойнауын пайдалану құқығы заттай бөлінбейтін құқық болып табылады, оны іске асыру осы Кодексте реттеледі.

  3. Жер қойнауын пайдалану осы Кодексте белгіленген шарттарда және шектерде жүзеге асырылады.

  4. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодексте белгіленген шарттарда және тәртіппен бір тұлғадан екіншісіне ауысуы мүмкін.

Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, кепілге салуға және өзге түрде билік етуге құқылы.

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері


  1. Жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылар болуы мүмкін.

  2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, бір келісімшарт немесе лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері (жер қойнауын пайдаланушылар) ретінде бірнеше тұлға болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын иелену ортақ болып табылады. Жер пайдалану құқығына ортақ иелену жер пайдалану құқығы екі және одан артық тұлғаға берілген жағдайда немесе жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен ауысуы нәтижесінде туындайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығын екі және одан артық тұлғаның ортақ иеленуіне осы тұлғалардың әрқайсысының мұндай құқықтағы үлестерін айқындаумен ғана жол беріледі.



  1. Жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иеленуге ортақ үлестік меншік қатынастарын реттейтін азаматтық заңнама нормалары қолданылады.



  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі ретінде жер қойнауының учаскесі


  1. Жер қойнауының учаскесі – осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдалануға берілген белгілі бір шартты кеңістіктегі шекаралары бар жер қойнауының геометрияландырылған бөлігі.

Жер қойнауы учаскесінің кеңістіктегі шекаралары жер бетінің, су айдындары түбінің аумақтарымен (жер қойнауы учаскесінің аумағы) және жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасынан Жердің ортасына дейін шығатын шартты жазықтықтармен айқындалады.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесінің кеңістіктегі шекарасы тереңдігімен шектелуі мүмкін.



  1. Көмірсутектерді, қатты пайдалы қазбаларды барлау (барлау учаскесі) және өндіру және жеке тұлғалар жүргізетін жер қойнауын геологиялық зерттеу (геологиялық зерттеу учаскесі) үшін жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақты идентификаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы шартты түрде блоктарға бөлінеді, оның әрбір жағы координаттардың географиялық жүйесінде бір минутқа тең.

Әрбір блоктың оны идентификаттайтын координаттары мен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган оған беретін дара коды бар.

Көмірсутектерді, қатты пайдалы қазбаларды барлау (барлау учаскесі) немесе жеке тұлғалар жүргізетін жер қойнауын геологиялық зерттеу (геологиялық зерттеу учаскесі) үшін жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақ бір немесе одан артық блоктан тұруы мүмкін. Егер көрсетілген аумақ екі және одан артық блоктан тұрса, осы аумақтың әрбір блогының кемінде бір басқа блокпен ортақ жағы болуға тиіс.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда барлау аумағы блоктың немесе блоктардың бөлігін қамтуы мүмкін, олардың әрқайсысының осындай аумақтың басқа блогымен немесе оның бөлігімен ортақ жағы болуға тиіс.


  1. Пайдалы қазбаларды (өндіру учаскесі) өндіру және жер қойнауының кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақекі қарама-қарсы жағы астрономиялық ен сызығына паралель болуға тиіс тік бұрышты білдіруге тиіс. Егер өзге өндіру учаскесінің табиғи ерекшеліктері немесе шекаралары тік бұрыш нысанында жер қойнауы кеңістігін өндіру немесе пайдалану учаскесінің аумағын айқындауға мүмкіндік бермесе мұндай учаскенің аумағы екі қарама-қарсы жағы астрономиялық ен сызығына паралель болуға тиіс тік бұрыштың нысанында болуы мүмкін.



  1. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауының учаскелері


Мемлекеттің отын-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көмірсутектердің кен орындары (кен орындары топтары) бар жер қойнауының жекелеген учаскелері стратегиялық маңызы бар деп танылуы мүмкін.

Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі құзыретті органның ұсынуы бойынша бекітеді.

Стратегиялық маңызы бар жер қойнауының учаскесіне елу миллион тоннадан астам мұнай және (немесе) қырық миллиард куб метрден астам табиғи газ қорлары бар кен орны (кен орындар тобы) бар жер қойнауы учаскесі жатқызылуы мүмкін:

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы туындауының және оны алудың негіздері


  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мыналардың:

  1. жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның;

  1. жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың негізінде туындайды.

  1. Жер қойнауын пайдалануға құқық мынадай:

1) беру;

2) азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы;



  1. заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қайта құруды қоспағанда)кезінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы не мұрагерлік жағдайларында алынады.



  1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар түрлері


Жер қойнауын пайдалану құқығы пайдалы қазбаларды барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес мақсаттарда мына:

  1. жер қойнауын геологиялық зерттеу;

  2. пайдалы қазбаларды барлау;

  3. пайдалы қазбаларды өндіру;

  4. жер қойнауы кеңістігін пайдалану;

  5. старательдік операцияларын жүзеге асыру үшін беріледі.



  1. Бір аумақта әр түрлі адамдардың жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуі


          1. Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерінде көзделген жағдайларда түрлі жер қойнауын пайдаланушылар бір аумақта (бірлескен аумақта) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізе алады.

          2. Жер қойнауын пайдаланушылардың бірлескен аумақта операцияларды жүргізуі тәртібі олардың арасындағы келісіммен айқындалады. Келісім бірлескен аумақта жұмыстың барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізу шарттары мен тәртібін айқындай алады.

Келісім жазбаша нысанда жасалады және жер қойнауын пайдаланушы жасалған күннен бастап он күннен кешіктірмейтін мерзімде жер қойнауын пайдалану құқығын берген мемлекеттік органға ұсынады.

Келісім жер қойнауын пайдаланушылардың бірі көрген шығындар үшін негізді және мөлшерлес өтемақыны көздеуі мүмкін.



          1. Жер қойнауын пайдаланушылар бірлескен аумақта операциялар жүргізу тәртібі туралы келісімге қол жеткізбеген кезде бірлескен аумақта жер қойнауын пайдаланушылардың бірінің жұмыстар жүргізу басымдығы белгіленеді. Бұл жағдайда бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдыққа ие жер қойнауын пайдаланушы:

  1. пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялар жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы;

  2. егер жер қойнауын пайдаланушының екеуі де пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізсе, бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы;

  3. егер жер қойнауын пайдаланушының екеуі де пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізсе, бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығын беруге не аукцион өткізуге өтініші негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы туындаған жер қойнауын пайдаланушы;

  4. егер екінші жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізсе,,лицензияның негізінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялар жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы басым жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.

          1. Бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушы басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы жүргізетін немесе жоспарлайтын жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, орнын, көлемі мен сипатын есепке алуға және оларды жүргізу үшін кедергі келтірмеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы негізсіз пайданы алу мақсатын көздемей, өзінің басымдығын адал және дұрыс пайдалануға міндетті.

Басымдықты адал пайдаланбау екінші жер қойнауын пайдаланушының бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдыққа ие жер қойнауын пайдаланушының әрекеттерінен туындаған залалдардың орнын толтыруы туралы талаппен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.

          1. Бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдыққа ие жер қойнауын пайдаланушы басымдыққа ие емес жер қойнауын пайдаланушыға соңғысы жазбаша сұрау салу алған күннен бастап бір айлық мерзімде жер қойнауының ортақ учаскесінде жүргізілетін және жүргізілуге жоспарланатын өзінің жұмыстарының ұзақтығы, орны, көлемі мен сипаты туралы ақпаратты жазбаша ұсынуға міндетті.

Бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдыққа ие емес жер қойнауын пайдаланушыға ақпараты берілген жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, көлемін, орны мен сипатын осындай басымдыққа ие жер қойнауын пайдаланушы үш ай ішінде бір реттен артық өзгерте алмайды. Бұл жағдайда мұндай басымдыққа ие жер қойнауын пайдаланушы екінші жер қойнауын пайдаланушыны жоспарланатын жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, көлемін, орны мен сипатын өзгерту туралы осындай өзгерістер болғанға дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдыққа ие емес жер қойнауын пайдаланушы осындай хабарлама алғанға дейін басталған жұмыстарды аяқтауға құқылы.

  1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтар


1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:

1) қорық режимі белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

2) сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер аумағында;

3) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлер аумағында;

4) елді мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елді мекендер) жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықтағы іргелес аумақтарда;

5) гидротехникалық ғимараттар салынған жер учаскесі аумағында және төрт жүз метр қашықтықтағы іргелес аумақтарда;

6) су қоры жерлерінің аумақтарында;

7) қорымдар мен зираттар тұрған жер учаскелерінің аумағында және олардан жүз метр қашықтықтағы іргелес аумақтарда;

8) ғимараттар мен құрылыстар, көпжылдық өсімдіктер тұрған жер учаскелері аумағында және оларға жүз метр қашықтықтағы іргелес аумақтарда;

9) автомобиль жолы және темір жолдар, әуежайлар, аэродромдар, аэронавигация және авиатехникалық орталықтар объектілері, темір жол көліктері объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетикалық жүйелер және электр беру желілері объектілері, байланыс желілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральды құбыр жолдары салынған жерлер аумағында;

10) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын басқа да аумақтарда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуге тыйым салынады.

2. Сыртқы аумақ шекаралары толығымен осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесін пайдалануға беруге тыйым салынады.

3. Егер пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумақтық шекаралары осы баптың 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген аумақтарда ішінара орналасқан болса, берілген лицензиялар мен жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы осы аумақтар шекарасындағы жер қойнауы бөлігіне қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 6) – 10) тармақшаларында көрсетілген аумақтардың сыртқы шекаралары толық пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде немесе жер қойнауы учаскесі аумағының бір бөлігінде орналасқан болса, онда берілген лицензиялар мен жасалған келісімшарттар бойынша жер қойанауын пайдалану құқығы аталған аумақ шекараларындағы жер қойнауы бөлігіне және оалардың жер үстінің ең төменгі нүктесінен немесе оларда орналасқан объектілердің жер асты бөліктерінен жүз метр тереңдікке қолданылмайды.


4. Осы баптың 1-тармағы 6) тармақшасының ережелері старательдік бойынша операцияларға және көмірсутектерді барлау немесе өндіру бойынша операцияларға қолданылмайды.

  1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін жобалау құжаттары


  1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жобалау құжаттары болған кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

  2. Жер қойнауын пайдалану мақсатында жүргізілетін жұмыстардың жоспарларын, тәсілдерін, әдістемесін, техникалық жағдайларын, технологиялық көрсеткіштерін, көлемін, мерзімін және өзге өлшемшарттарын сипаттайтын құжаттар жобалау құжаттары болып табылады.

  3. Жобалау құжаттары лицензияда немесе келісімшартта көзделген пайдалану мерзіміне пайдаланудағы жер қойнауының әрбір учаскесі үшін жеке әзірленеді.

  4. Жобалау құжаттары экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескере отырып әзірленеді.

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар жобалау құжатында көзделген экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік өлшемшарттарын сақтауға міндетті.

  1. Жер қойнауын пайдаану бойынша операциялардың түрлерін ескере отырып, жобалау құжаттарын әзірлеу ерекшеліктері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерінде белгіленеді.




    1. жүктеу 2,92 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау