Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 156-бабының 3-тармағынына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
Мыналар:
«Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10411 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған);
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 637 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12158 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қазанда жарияланған) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 18-тармағы күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіге қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді;
осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы « » _ _ ____
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
вакцинатор – профилактикалық егулерді жүргізетін медицина қызметкері;
дезинфекциялық препараттар (бұдан әрі – дезпрепараттар) – дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары;
диагностикалық препараттар (бұдан әрі – ДП) – зерттелетін материалда микроорганизмдерді, антигендерді, антиденелерді, нуклеинді қышқылдарды танып білуге қабілетті препараттар;
калибрлеу – өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының нақты мәндерін және/немесе қолдануға жарамдылығын анықтау және растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
конденсациялау – тоңазыту элементтерінің бетінде конденсат пайда болғанға дейін тоңазыту элементтерін тиісті агрегаттық мұздың еруі күйіне келтіру;
қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК) – пайдаланылған шприцтер мен инелерді жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өтпейтін және тесілмейтін бір рет пайдаланылатын сыйымдылықтар;
иммундық-биологиялық препараттар (бұдан әрі – ИБП) - инфекциялық аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін препараттары. Оларға анатоксиндер, бактерифагтар, вакциналар, иммуноглобулиндер және сарысулар жатады;
өздігінен блокталатын шприц – бір инъекциядан кейін автоматты түрде блокталатын және қайталап қолдануға жарамсыз болып қалатын шприц;
өздігінен бұзылатын шприц – бір инъекциядан кейін поршенінің сынуына байланысты жарамсыз болып қалатын шприц;
профилактикалық препараттар – инфекциялық және иммундық аурулардың ерекше профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, зерттелетін материалда және сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін, антиденелерін, нуклеин қышқылдарын индикациялауға арналған, сондай-ақ дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған препараттар тобы;
салқындату тізбегі – дайындаушы ұйымнан вакцинацияланатын адамға дейінгі жолдың барлық кезеңдерінде ИБП-ны және ДП-ны сақтаудың және тасымалдаудың қолайлы температуралық режимін қамтамасыз ететін, үздіксіз жұмыс істейтін жүйе;
температуралық ауытқулар аймақтарын тестілеу (картографиялау) – әртүрлі аймақтардағы температуралық ауытқуларды анықтау үшін үй-жайдағы (бөлмедегі, камерадағы) температуралық ауытқулардың кеңістіктікте таралуын зерттеу және үлгілеу;
термоиндикатор – жөнелтушіден қабылдаушыға дейін вакцинамен қоса жүретін бақылау карточкасы және ол вакцинаға температураның әсерін индикатор түсінің өзгеру жолымен белгілейді;
термоконтейнер – қуысына орналасқан мұздатылған тоңазыту элементтерінің көмегімен қолайлы температуралық режим (плюс 20С-тан плюс 80С-қа дейін) қамтамасыз етілетін, жылу оқшаулағыш қасиеті және тығыз жабылатын қақпағы бар ИБП тасымалдауға арналған жәшік (немесе сөмке);
тоңазыту элементі (бұдан әрі – тоңазыту элементі) – қолдану алдында мұздатылатын, су толтырылған, контейнерде плюс 20С-тан плюс 80С-қа дейінгі шектерде температураны ұстап тұруға қолданылатын герметикалық жабылған сыйымдылық;
түгендеу – белгілі бір күнге ИБП-ның іс жүзіндегі деректерін бухгалтерлік есепке алу деректерімен салыстыру.
2-тарау. Медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібі
ИБП-ны сақтауға арналған қойманың жылуына, желдетуіне, табиғи және жасанды жарықтандыруына қойылатын талаптар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес қамтамасыз етіледі.
ИБП сақтауға арналған қоймада тоңазытқыштар, мұздатқыштар (бұдан әрі – тоңазытқыш жабдық), тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелер немесе камералар орнатылады.
Жыл сайын қойма үй-жайлары мен олардың коммуналдық құрылыстары, тоңазыту жабдықтарының, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелердің немесе камералардың жағдайын профилактикалық техникалық қарау жүргізіледі.
Қоймада ИБП-ны сақтауға, қаптаманы шешуге және қаптамалауға арналған, шприцтерді, ҚЖКЖК қорын, тоңазыту элементтерін, термоконтейнерлерді және басқа да қаптамалау материалдарын сақтауға арналған үй-жайлар болады.
Қоймада қайтарылған, жарамсыз деп танылған, кері қайтарылған, қолданудан алынған немесе қолданылуы тоқтатыла тұрылған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен пайдаланылуы тоқтатыла тұрылған ИБП-ның жекеленген топтамаларын оқшаулау үшін карантин аймағы көзделеді.
Карантин аймағында орналасқан ИБП-ның мәртебесі (қайтарылған, жарамсыз деп танылған, кері қайтарылған, қолданудан алынған, қолданылуы тоқтатыла тұрылған, жарамдылық мерзімі өткен) көрсетілген таңбалауы болады. Карантин аймағында салқындату тізбегі жағдайы қамтамасыз етіледі.
Қойма жабылады және жұмыс күнінің соңында ИБП-ны сақтауға және тасымалдауға жауапты адам (бұдан әрі – жауапты адам) сүргі салады. Қойма үй-жайына жауапты адам ғана кіре алады. Қойма бұзылудың, өрттің, түтінденудің алдын алу үшін дабыл қағумен жабдықталады.
Электр энергиясының ажырауы жағдайында тоңазытқыш жабдығының, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелердің немесе камералардың үздіксіз электрмен жабдықтау жүйесіне (генератор) автоматты қосылуы көзделеді.
ИБП сақтау және тасымалдау кезінде салқындату тізбегін сақтау мақсатында резервті тоңазытқыш жабдығы, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелер немесе камералар, олардың қосалқы бөлшектері, термоконтейнерлер, тоңазыту элементтері көзделеді.
Тоңазытқыш жабдығының, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелердің немесе камералардың жеткізу кезінде ИБП қорының ең үлкен деңгейін қанағаттандыратын көлемі болады.
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелер немесе камералар:
мұзын еріту кезінде үй-жай ішіндегі температураға ең аз әсері бар және осы кезең ішінде температураны белгілі бір шектерде ұстап тұратын автоматты еріту жүйесімен;
суық климат жағдайында төмен температурадан қорғайтын жүйемен;
температуралық ауытқуларды және экстремалды температураларды көрсететін орындарда орналасқан сенсорлары бар үздіксіз температура мониторингінің калибрленген жүйесімен; сенсорлар уақытша факторлардың (есіктің ашылуы) әсерін азайтатындай болып орналастырылады;
экстремалды ылғалдылық деңгейлерін көрсететін орындарда орналасқан сенсорлары бар үздіксіз ылғалдылық мониторингінің калибрленген жүйесімен;
температураның ауытқулары және/немесе салқындату жүйесінің істен шығуы туралы хабарлау үшін көзбен көрінетін және/немесе дыбысты дабылмен;
құлыптары есікті ішінен оңай ашу үшін қауіпсіз құрылғымен жабдықталған, жабылатын есікпен;
еденнен кемінде 10 сантиметр биіктіктегі стеллаждармен жабдықталады.
Температураны және ылғалдылықты бақылауға және мониторинглеуге арналған құрылғыларды калибрлеу жылына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Өндірушінің калибрлеу сертификатымен келіп түскен бір рет қолданылатын құрылғылар қайта калибрлеуді қажет етпейді.
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелерде немесе камераларда пайдалануға енгізген кезде және жөндеу жүргізгеннен кейін ИБП-ны сақтауға болмайтын аймақтарды (салқындату жүйесіне немесе суық ауа ағынына тікелей жақын аймақтар) анықтау үшін әр бақылау нүктесіндегі температура көрсеткіштері бар, жауапты адамда сақталатын нәтижені ресімдей отырып, температуралық ауытқулар аймақтарын тестілеу жүргізіледі.
Өлшеулер мынадай бақылау нүктелері бойынша: бірінші және екінші – кіретін есіктің оң және сол жағында, үшінші – камераның/бөлменің ортасында, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші – камераның/бөлменің бұрыштары бойынша, сегізінші және тоғызыншы – камераның/бөлменің сол және оң жақ бүйір қабырғаларының ортасында, оныншы – арт жақтағы бүйір қабырғаның ортасында жүргізіледі. Бақылау нүктелеріндегі термометрлер тігінен үш деңгейде – еденнің жанында, ортасында және төбенің жанында қабырғадан (еденнен, төбеден) 20 сантиметрден кем емес қашықтықта орналасады.
Температуралық ауытқулар аймақтарын тестілеу температура мониторингі түсініксіз күрт өзгерістерді көрсететін жағдайда жүргізіледі.
Елеусіз жинағы бар жабдықтар – тәуелсіз тексеруден өткізілген және температураға және уақытқа сезімтал, ИБП-ны сақтауға қолайлы деп танылған, ИБП-ға арналған тоңазытқыштар мен мұздатқыштар үшін аймақтарды тестілеу қажет етілмейді.
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелер немесе камералар ИБП-ны сақтау үшін арнайы құрастырылады немесе ИБП сақтауға арналған тоңазыту жабдықтары орнатылады.
ИБП жарықтың әсерінен қорғалады. ИБП-ны бөгде заттармен бірге және тікелей еденде сақтауға жол берілмейді.
ИБП-ны сақтау кезінде оларды түрлері бойынша, жарамдылық мерзімін және сериясын ескере отырып, тоңазытқыш жабдығының стеллаждарында немесе сөрелерінде орналастырылады.
ИБП-ны сақтау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ИБП-ны сақтаудың температуралық жағдайы кезінде жүзеге асырылады.
Тоңазытқыш жабдықтар, тоңазыту және мұздату бөлмелері немесе камералары, термоконтейнерлер таза ұсталады. Тоңазытқыш камераларының қабырғаларындағы қырау қабатының 5 миллиметрден асуына жол берілмейді.
Профилактикалық егу жүргізетін денсаулық сақтау объектілерінде ИБП-ны сақтау үшін білім беру объектілерінің медицина кабинеттерінде, егу кабинеттерінде және ИБП-ны сақтауға арналған қоймаларда орнатылған тоңазытқыштар пайдаланылады.
Температураны ұстап тұру үшін тоңазытқыштың төменгі сөресіне суы бар сыйымдылықтар қойылады. Энергия көзі қысқа уақытқа ажыратылған жағдайда температураны ұстап тұру үшін тоңазытқыштың төменгі сөресіне мұздатылған тоңазытқыш элементтердің қоры қосымша орналастырылады.
Әрбір тоңазытқыш тоңазытқыштың жоғарғы және төменгі бөлігінде орнатылған екі термометрмен жабдықталады. Термометрлер жыл сайын метрологиялық тексеруден өткізіледі.
ИБП-ны сақтау кезінде:
әрбір қаптамаға салқын ауаның кіруі;
жарамдылық мерзімін ескере отырып тоңазытқыш жабдығын толтыру қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, жарамдылық мерзімі аз ИБП бірінші кезекте жөнелтіледі немесе пайдаланылады.
ИБП-мен және тоңазыту элементтерімен тоңазытқыш жабдығының, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелерінің немесе камераларының жалпы көлемінің жартысынан асырып толтыруға жол берілмейді.
Тоңазыту элементтерін тез мұздату үшін мұздатқыштар пайдаланылады.
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелерге немесе камераларға кірер алдында жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтау үшін:
қажет болған жағдайда қызметкерге есікті сыртынан ашу мүмкіндігі бар туралы алдын ала ескертеді;
есігін іштен ашуға болатындығы тексеріледі.
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмеге және камераға жылы киімсіз кіруге жол берілмейді.
ИБП-ны, оның ішінде қайтарылған, жарамсыз деп танылған, кері қайтарылған, қолданудан қалдырылған немесе қолданылуы уақытша тоқтатылған ИБП-ны, тасымалдауды плюс 20С-тан плюс 80С-қа дейінгі температурада ең қысқа, салынғаннан кейін 48 сағаттан аспайтын мерзімде тоңазыту элементтері бар термоконтейнерлерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы автокөлікте (авторефрижераторда) жүзеге асырады.
Авторефрижераторлар ИБП-ны жеткізу бойынша жол бойы плюс 20С-тан плюс 80С-қа дейінгі температураны қамтамасыз етеді және:
суық климат жағдайында төмен температурадан қорғайтын жүйемен;
температуралық ауытқуларды көрсететін орындарда орналасқан сенсорлары бар үздіксіз температура мониторингінің калибрленген жүйесімен;
жүргізушіге температураның ауытқуын және/немесе салқындату жүйесінің істен шығуын көрсететін дабылмен;
жол бойы температуралық режимді бақылау үшін жаһандық жерсеріктік навигациялық жүйемен;
сүргісі бар және/немесе құлыбы бар есіктермен;
пайдалануға енгізген кезде және жөндеу жүргізгеннен кейін осы Санитарлық қағиданың 15-тармағына сәйкес өлшеу жүргізіп, температуралық ауытқулар аймақтарын тестілеумен қамтамасыз етіледі.
ИБП-ны тасымалдау үшін плюс 20С-тан плюс 80С-қа дейінгі температуралық режимді қамтамасыз ететін, ИБП-ны қоршаған орта температурасының күрт өзгеруінен, механикалық зақымданудан қорғайтын термоконтейнер пайдаланылады.
Әрбір термоконтейнерде олардың сапасын сақтауға қажетті ИБП-ның түрі, сақтау температурасы көрсетілген таңбасы болады.
ИБП-ны әуе көлігімен тасымалдау кезінде, ИБП бар термоконтейнерлер Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының температураға және уақытқа сезімталдығының стандартты символдарын пайдалана отырып таңбаланады.
Өнім берушілер ИБП кедендік тазарту кезінде уақытша сақтау қоймасында ИБП болған кезде салқындату тізбегін сақтау қамтамасыз етіледі.
ИБП салынған әрбір термоконтейнерге термоиндикаторлар салынады. Төмен температура әсеріне сезімтал ИБП-ны сақтау және тасымалдау кезінде мұздату индикаторлары қолданылады.
Термоконтейнерлерге ИБП-ны салған кезде тоңазыту элементтерін конденсациялау жүргізіледі.
Вакциналарды сақтаудың және тасымалдаудың барлық деңгейлерінде термоиндикатордағы көрсеткіштерді осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес ИБП партиясын қабылдау актісінде және осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес профилактикалық препараттарды есепке алу журналында тіркеу жүргізіледі.
ИБП өнім берушісі қабылдап алушыға жүк түскенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей оны жеткізу мерзімі туралы алдын ала хабарлайды.
ИБП-ны алған кезінде жүк дереу тоңазытқыш жабдықтарға, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелерге немесе камераға орналастырылады және термоконтейнерлерді түсіру жүргізіледі. Түсіру аяқталған соң ИБП-ның топтамасын қабылдау актісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
ИБП туралы деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактикалық препараттарды есепке алу журналына енгізіледі. ИБП-ны түгендеу жылына 2 реттен сиретпей ИБП-ның атауын, қоймадағы қалдықтың нақты санын және есепке алу құжатының деректері бойынша санды, ауытқулардың болуын қамти отырып жүргізіледі.
Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыз болу белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің, тұнбаның, сыйымдылықта сызаттың болуы, көлемінің болмауы немесе жеткіліксіздігі) бар ИБП есептен шығарылады және жойылады.
ИБП-ны жою «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес жүргізіледі.
ИБП-ны сақтаудың және тасымалдаудың әрбір деңгейінде ұйым басшысы ИБП-ны дұрыс сақтау, тасымалдау және қолдану салаларын қамтитын, мынадай мәселелерді қоса алатын, бірақ олармен шектелмейтін, іс-шаралар алгоритмін әзірлейді және бекітеді:
температуралық ауытқулар аймақтарын тестілеу (картографиялау);
температура, ылғалдылық мониторингіне арналған құрылғыларды және дабыл жүйелерін калибрлеу;
үй-жайларға қызмет көрсету;
температура мониторингі;
температураны бақылау бойынша жабдыққа қызмет көрсету;
ИБП-ны алуды тіркеу рәсімдері;
ИБП-ның қорын сақтау рәсімдері;
ИБП-сы бар термоконтейнерлерді жөнелтуге дайындау;
температурасы бақыланатын көлік құралдарының (авторефрижераторлардың) жұмысы;
ИБП-мен қауіпсіз жұмыс істеу;
ИБП-ның қайтарылуына, қолданылуының тоқтатыла тұруына, бүлінуіне байланысты рәсімдер;
жарамсыз ИБП-ны қауіпсіз жою;
температураның ауытқулары жағдайындағы іс-шаралар;
төтенше жағдайларға ден қою кезіндегі рәсімдер;
үй-жайларды жинау.
3-тарау. Диагностикалық препараттарды сақтау, тасымалдау және
пайдалану тәртібі
ДП жарықтың әсерінен қорғалады.
ДП-ны сақтау қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес сақтау арнайы шарты талап етілетін ДП-ны қоспағанда, плюс 20С-тан плюс 80С-қа дейінгі температурада жүзеге асырылады.
ДП-ны сақтау кезінде оларды түрлері бойынша, жарамдылық мерзімін және сериясын ескере отырып, тоңазытқыш жабдығының стеллаждарында немесе сөрелерінде орналастырылады.
Тоңазытқыш жабдығында ақау пайда болған немесе электр энергиясының ажырауы жағдайында, қосымша тоңазытқышпен жабдықтау қарастырылады.
Жылына бір реттен сиретпей тоңазытқыш жабдықтарын білікті маман профилактикалық техникалық қарап тексеруден өткізеді.
ДП-ны тасымалдау тоңазыту элементтері бар термоконтейнерлерде жүзеге асырылады.
ДП-ны қабылдау кезінде жүк дереу тоңазытқыш камераға орналастырылады. Деректер осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес профилактикалық препараттарды есепке алу журналына енгізіледі.
Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыз болу белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің, тұнбаның, сыйымдылықта сызаттың болуы, көлемінің болмауы немесе жеткіліксіздігі) бар ДП есептен шығарылады және есептен шығару және жою актісі ресімделе отырып, жойылады.
4-тарау. Дезинфекциялық препараттарды сақтау, тасымалдау және
пайдалану тәртібі
Дезпрепараттарды сақтауға арналған қойманың жылуына, желдетуіне, табиғи және жасанды жарықтандыруына қойылатын талаптар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актімемлекеттік органмен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Дезинсекция және дератизация препараттары «уытты» деген жазбасын қамтитын тиісті ескертпе таңбасы бар, тығыз жабылған зақымдалмаған ыдыста сақталады.
Ұсақ ыдыстағы дезпрепараттарды сақтау үшін металл стеллаждар, ал бөтелкелерді сақтау үшін ағаш сөрелер орнатылады.
Дезпрепараттарды сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайларда бөгде заттарды сақтауға, темекі шегуге, тамақтануға жол берілмейді.
Дезпрепараттарды бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Дезпрепараттардың кірісін және шығысын есепке алу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Жұмыс күнінің соңында өңдеуден кейін қалған дезпрепараттар жауапты адамға беріледі.
Дезпрепараттар мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе қауiптi жүктерді тасымалдауға бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады.
Дезпрепараттарды вагоннан (контейнерден) түсірген кезде, оны ашу алдында пломбаның бүтіндігі тексеріледі. Шашылып (төгіліп) қалған дезпрепараттар бар болған жағдайда көлік құралын жинау және дезактивациялау жүргізіледі.
Дезпрепараттарды өлшеп-орау сору шкафында немесе арнайы бөлінген үй-жайда сору шатыры астында жүзеге асырылады.
Дезпрепараттардың ыдысы препараттардың қалдықтарынан мұқият тазартылғаннан кейін кальцийленген соданың 3-5 проценттік ерітіндісімен (10 литр суға 300-500 грамм) жуу арқылы залалсыздандырылады. Жуылғаннан кейін ыдысқа осы ерітінді құйылады, экспозиция уақыты кемінде 6 сағатты құрайды, содан соң бірнеше рет сумен шайылады.
_______________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
Медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтаудың температуралық шарттары
Препараттардың атауы
|
Плюс 2°С-тан плюс 8°С-қа дейінгі температурада сақтау, тоңазытқыштағы орны
|
Минус 15°С-тан минус 25°С-қа дейінгі температурада сақтау
|
Полиомиелитке қарсы вакцина
|
жол беріледі
|
жол беріледі
|
Туберкулезге қарсы вакцина, қызылша вакцинасы, паротит вакцинасы, қызамық вакцинасы, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина, қызылша, қызамыққа қарсы вакцина
|
жол беріледі
|
жол берілмейді
|
Бүтін жасушалы және жасушасыз көкжөтел компоненті бар адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспеге қарсы вакцина, азайтылған антиген мөлшері бар дифтерия-сіреспе анатоксині, сіреспе анатоксині, іш сүзегіне қарсы вакцина, «В» типті гемофильдік инфекцияға қарсы вакцина, «А» гепатитіне қарсы вакцина, «В» гепатитіне қарсы вакцина, пневмококк инфекциясына қарсы вакцина, кене энцефалитіне қарсы вакцина және иммуноглобулин, антирабиялық вакцина және иммуноглобулин, обаға қарсы вакцина, туберкулин, дифтерияға қарсы сарысу, бактериофагтар, құрамдастырылған көрсетілген вакциналар
|
жол беріледі
|
жол берілмейді
|
_________________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
Медициналық иммундық-биологиялық препараттар топтамасын қабылдау актісі
Жөнелтушінің мекенжайы _____________________________________________
____________________________________________________________________
Тасымалдау барысындағы жоспарланған аялдамалар ______________________
____________________________________________________________________
Жөнелту күні (әуе/темір жолдарының жүк құжаттарының деректеріне сәйкес) ____________________________________________________________________
Жүктің белгіленген пунктке келу күні және уақыты _______________________
____________________________________________________________________
Препараттардың атауы ________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұйым, дайындаушы ___________________________________________________
____________________________________________________________________
Қаптамалар немесе сауыттар (ампулалар) саны ___________________________
____________________________________________________________________
Дозалар (литрлер, таблеткалар) саны _________________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі ________________________________________
____________________________________________________________________
МИБП-ның жарамдылық мерзімі _______________________________________
____________________________________________________________________
Еріткіш сауыттарының (ампулалардың) саны ____________________________
____________________________________________________________________
Серия нөмірі, бақылау нөмірі ________________________________________
____________________________________________________________________
Еріткіштің жарамдылық мерзімі________________________________________
____________________________________________________________________
Термоиндикаторлар көрсеткіштері (саны, орналасқан орны көрсетіле
отырып, әрқайсысының көрсеткіші) ____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жүктің жағдайы ______________________________________________________
____________________________________________________________________
Контейнерлердің жалпы саны __________________________________________
Таңбасының болуы ___________________________________________________
____________________________________________________________________
Қаптамаларды жеткізу кезіндегі жағдайы_______________________________
____________________________________________________________________
(бүтіндігінің бұзылуы, зақымдалудың, пішінінің өзгеруінің, ылғал іздерінің болуы, жазуларының өшіп қалуы)
Қолдары:
Жүкті жөнелтушінің
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы және қолы
___________________________________________ ____________________
Жүкті қабылдаушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы және қолы
___________________________________________ ____________________
Актіге қол қою күні 20___ жылғы «____»_______________
_______________________
Профилактикалық (иммундық-
биологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды
сақтау, тасымалдау және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
Профилактикалық препараттарды
есепке алу журналы
№
|
Препараттың атауы
|
Түскен күні
|
Қайдан түсті
|
Өндіруші ел
|
Алынған саны
|
Термоиндика-торлар көрсеткіші
|
Ампуладағы (сауыттардағы) дозалар саны
|
Жарамдылық мерзімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
(кестенің жалғасы)
Серия нөмірі, бақылау нөмірі
|
Қаржыландыру көзі
|
Кімге берілді
|
Берілген күні, жүк құжатының №
|
Берілген саны
|
Теңгерім
|
Мәртебесі (қайтарылған, жарамсыз деп танылған, кері қайтарылған, қолданудан алынған, қолданылуы тоқтатыла тұрылған, жарамдылық мерзімі өткен)
|
Кіріс
|
Шығыс
|
Қалдық
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |