П-Ф, Ф-П не Б-П сәйкестігі. Араб тілінде п дыбысы қазақ тілінің говорында ф,б дыбысы болып айтылады. Ал орыс тілінде сөздің бірінші, екінші буындарында кездеседі: апу ету – ғафу ету фуражка – пуражка фуфайка – попәйке // күпәйке бәле - пәле
П – Б сәйкестігі. Бұл құбылыс орыс тілінде керісінше сөздің басында кездеседі. Мысалы: погребец – бөгіребас пузырь – бөзір // пөзір плуг – бұлық Жергілікте жерде әдеби тілде сөз басында келетін п дыбысы кейбе беш (пеш), балау (палау), бапа (пана), бұт (пұт) болып б дыбысына ауысады. Мысалы: Қане, бапаң келе жатыр ма қарашы?!
Ж-Ш сәйкестігі: жуалдыз – шуалдыз
Х-Қ сәйкестігі: ахұн - ақұн Жоғарыда аталған бұл фонетикалық ерекшеліктер (әсіресе а/ә, ә/е, п/б, м/б, п/ф сияқты алмасулар) батыс говорларын зерттеуге арналған еңбектерде сөз етіледі. Демек, бұл алмасулар тек бір ауыл, ауданды ғана емес, бүкіл облысты қамтитын ерекшеліктер.
2.4. Грамматикалық ерекшеліктер
Жергілікті халық тілінде батыс сөйленістеріне тән төмендегі грамматикалық ерекшеліктер кездеседі : - улы, - улі. Батыс сөйленістерінде барған, барыпты сияқты етістіктің өткен шақ түрімен қатар барулы, келулі секілді сөздер қолданылады. Мысалы : Ол ауылға барулы. Жергілікті халықтар тіліндегі бұл форманы XIX ғасырдың ортасында Н. И. Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде көрсетеді. Бұл форма өткен шақ есімшенің қызметімен бірдей деп көрсеткен [52, 20-б.]. Бұл -улы, -улі формасы Қазақстанның батыс облыстарында туып-өскен ақын-жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы: Қақпасына орданың Емініп жетіп барулы. Құлаққа дауыс жеткесін Төрехан төре саналы, Терезеден қаралы... (Н.Байғанин. Шығ. жинағы, 65). -(а) жақ. Бұл жұрнақ етістіктің келер шақ формасының қызметін атқарады да, көбіне бару, келу, беру, алу етістіктеріне жалғанып баражақ [53,179-б.], кележақ, алажақ сияқты тұлғаларда айтылады. Мысалы, Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін (мақал).-барың формасы. Батыс сөйленістерінде өте сирек кездесді. Етістіктің бұл формасы Ақтөбе облысында туып өскен Марабай ақының өлеңдерінде кездеседі. Мысалы: Онда хан айтты ондай шабуға әліңіз жоқ болса, үйретің деді. Осы форма бірде халықтың ауызекі тілінде, бірде жазбаларда кездесуі кездейсоқ емес. Қазақ говорларында –ың тұлғалы бұйрық райлы етістіктің сақталып қалуы, әдеби тілімізде барыңдар, жүріңкіре формаларындағы барың, жүрің сияқты өлі түбірдің сақталып қалуы – ерте кезде қазақ тілінде барың, жүрің формаларының өз алдында дербес қолданғанын дәлелдейді [54, 85-б.]. «Дегенмен» деген сөздің орнына «дейтұрғанмен» сөзін жиі қолданылады. Мысалы : Дейтұрғанмен, сенің барып келгенің дұрыс. Кейде «дейтұрса да» варианты қолданылады. Мысалы : Дейтұрса да, ол өте ескі зат екен.
Жергілікті жердің тілінде есімдіктерге байланысты өз ерекшеліктері бар. Мысалы, ілік септік жалғаулы біздің, сіздің сияқты жіктеу есімдіктері жергілікті жерде бізің, сізің формасында кездеседі. Қанат Мұқанов жақында әйелі Ғаниды шанымсыздық ретінде фактісіз нақақ көк ала қойдай етіп сабады. Арашалаймын деген адамға араша бермей «әйел өзімдікі ғой» деп өлім таяғын соқты. Ендігі біздің айтарымыз – әйел теңдігін аяққа басқан Мұқановты тиісті заң орындары тергеусіз қалдырмасын. -ғали–қали жұрнақтары. Батыс қазақтарының тілінде кісі аттарымен байланысты кейбір ерекшеліктер байқалады. Мысалы, Даулетқали, Құрманғали, Бейсенғали, Жұмағали, Сапарғали сияқты -ғали -қали жұрнағы арқылы жасалған кісі аттары Қазақстанның басқа өлкелеріне қарағанда батыс аймақтарда көбірек кездеседі. 1799 жылғы бір нұсқада осындай аттар туралы былай деп жазылған еді: «Знатные дают детям своим пышные имена, как например; НурГалій, Великое светило ; ИрГалій, или как, многие выговаривают, Ерали, Высокий муж; Дость Галій, высокий приятель ; Батыр, Богатырь, Храбрый муж, Темирь Ир, железный человек и так далее» [55, 22-б.].
-шы, -ші жұрнақтары. Қазақ тіліндегі аталған зат есім тудыратын жұрнақтың үш мағынасы айтылып жүр: а) кәсіп пен мамандық атаулары /малшы, сатушы, қойшы/ ; ә) адамның күнделікті іс-әрекеті мен қабілет атаулары / өтірікші/ ; б) қоғамдық шараға қатысушылардың аттары /әнші, спортшы/ [56, 156-б.]. Батыс сөйленісінде «ахан» деген орыс сөзіне қазақ тіліндегі кәсіп я мамандық атауларын білдіретін –шы, -ші жұрнақтары қосылып қызыл балық аулайтын адамның мамандығын білдіретін ақаншы сөзі пайда болған. Орыстың кірме зат есімдерден де етістіктерден де сөз тудыратын –лау/леу/дау, -деу, -тау, -теу жұранғы бар.
а) зат есімнен етістік тудыру : кәмбелеу //кәнбелеу /ор. канва/ - кестелеу, өрнектеу; уәкістеу /ор. вакса/ - майлау, кремдеу;
ә) етістіктен етістік тудыру : мерлеу // ізмерлеу / ор. измеррять/ - өлшеу, шариттау /ор. шарить/ - әрі-бері сергелдең болу; гіребектеу /ор. грести / - қопсыту, тырмалап жинау ;
Батыс сөйленістерінің құрамында орыс тілінен енген кірме сөздерде орыстың көптеген жұрнақтары кездеседі. Олардың ішінде жиі кездесетіні «ка» жұрнағы болса, кейінгісі «ок» жұрнағы. -ка жұрнағы : ор. тушилка, қаз. төшелкі // төшелке / самаурынның өшірткісі/ ; ор. комфорка, қаз. кәмпертке / самаурынның отын басатын басқышы/ ; ор. купка, қаз. күпкі //күпке / ұсақ малдарды шомылдыру үшін әдейі арналып жасалған шұңқыр/ ; ор. землянка, қаз. зілмәнке/ /зімәнке / жер үй/ ; ор. шлейка, қаз. шлике/ /шөлке /түйе қамыт/; ор. седелка, қаз . шүйдерке /ершік / ; ор. носилка, қаз. нәселке – зембіл, екі адамның бір нәрсені тасуы үшін арналған зат.
Достарыңызбен бөлісу: |