Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Зерттеу жұмысының сыннан өтуі



жүктеу 2,58 Mb.
бет4/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі: Зерттеу тақырыбы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, филология факультеті, қазақ әдебиеті кафедрасында белгіленген ғылыми-теориялық бағыттарға сәйкес келеді. Соған сәйкес 2018 жылы «Асан қайғы аялдаған аяулы мекен – Шыңғырлау» тақырыбында және БҚМУ Хабаршысының 2020 жылдың 15-сәуірінде өткен «Абай Құнанбайұлының мұрасы – өскелең ұрпақты рухани жаңғыртушы әлеует» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Батыс сөйленісінде кездесетін кірме сөздердің изоглостық белгілері» деген тақырыпта мақала жарық көрді.
Еңбектің құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.


  1. Лексикалық ерекшеліктер

    1. Түркі тілдерінен енген сөздер

Тіл зерттеушілерінің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі – жергілікті тіл ерекшеліктері. Тіліміздегі жергілікті ерекшеліктерді жиып-теру, оны жан-жақты зерттеудің мәні зор. Диалектілік құбылыс –халық тілі дамуының кезеңі тудырған тілдің құбылыстары. Кез-келген елді-мекенде тұратын халықтардың тілінде кездесетін тіл айырмашылықтарының өзіндік пайда болу тарихы бар.


Қазақ диалектологиясы – тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда кейін пайда болған, іргетасы кейінірек қаланған сала. Қазақ диалектологиясына қатысты мәселелердің алғаш рет сөз болуы Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, М.Терентьев т.б. орыс тюркологтарының қазақ тілі жайында жазған еңбектерінен басталатыны белгілі. Орыс ғалымдары XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тіліне ден қойып, ол туралы деректерді жан-жақты жинастырып, кезінде баспа бетіне жариялап отырды. Н.И.Ильминский еңбегінде Қазақстанның батыс өңіріндегі тұрғындарға тән сөздердің көбі ұшырасады. Ал В.В.Радлов пен П.М.Мелиоранский қазақ тілінде айтарлықтай ерекшелік жоқ дегенді айтады. Дегенмен, қазақ тілінде де говорлардың барлығы жөнінде П.М.Мелиоранский кейінгі еңбектерінде анық көрсетеді.
Қазақ диалектологиясының ғылыми мәселелері туралы пікір айту, говорларды зерттеу ісі 1940 жылдардан бастап қана қолға алына бастады. Бұл салада алғашқы еңбек жазғандар С.А.Аманжолов пен Ж.Д.Досқараев болатын. Қазақ диалектология ғылымының іргетасын қалаған екі ұстаз ғалымдарымыз алғаш рет материал жиып, оларды бір ізге түсіріп, диалектологиялық сөздік жасаумен ғана шектелмей, қазақ диалектілерінің классификациясы, әдеби тілмен байланысы т.б. теориялық мәселелер жөнінде өз пікірлерін айтты. Олардың еңбектері қазақ диалектологиясының әрі қарай дамуына, кемелденуіне зор әсер етті. Қазақ диалектологиясының жеке ғылым болып қалыптасуына көп еңбек сіңірген С.Аманжолов болды. Диалектологиялық экпедициялар ұйымдастыруға, диалектологияның проблемалық мәселелерін көтеруге тікелей араласып ат салысты. Қазақ диалектологиясы жайында күрделі еңбектер де жазды. 1953 жылдан бастап көлемді монографиялық еңбектер пайда бола бастады. Мысалы, Ж.Досқараевтің 1955 жылы диалектологиялық сөздігі шықса, 1959 жылы С.Аманжоловтың көлемді монографиясы жарық көрді [1, 85-б.]. Жас мамандар халықтық говорды зерттеу ісіне белсене кірісті. Нәтижесінде жеке говорлар туралы монографиялық еңбектер шықты, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды [2, 36-б.]. Сондай-ақ, 1969 жылы диалектологтардың басшылығымен көлемі 27 баспа табақ, 6000 астам сөзді қамтитын диалектологиялық сөздік құрастырылды. Осындай сөздіктер, бірнеше монографиялық еңбектер мен докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалғанымен қазақ диалектологиясының әлі де болса, арнайы зерттелмеген мәселелері көп. Сол мәселелердің бірі – говорлардағы кірме сөздер.
Қазақ тілі говорларындағы лексикалық қабаттардың едәуір бөлігі халықтардың бір-бірімен араласа, қоныстас отырып әсер етуінен туған. Олардың біразы туыстас тілдерден, бірқатары басқа тілдерден енген. Қазақ говорлары тек қана көне заманнан тайпа, ру тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Кейінгі замандарда әр түрлі дәуірлерде келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің едәуірі көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қарап отырсақ, Қазақстан жан-жағынан әр түрлі мемлекеттермен шектеседі. Олардың бірқатарының тілі туыс тілдер, бірқатары басқа бір типологияға жататын тілдер. Бұл жағдай қазақ тіліне әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер әсіресе, Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен түйіс жатқан Шымкент облысы тұрғындарының тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп кездеседі. Қырғыстанмен шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер кездеседі. Жетісудың шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр тілі әсер етсе, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт тілдері әсер еткен. Қазақ халқының басқа түркі тілдес халықтармен этностық байланысын ашу үшін де диалектологиялық материалдардың едәуір пайдасы мол. Өйткені, қазақтың құрамына кірген бірқатар ру, тайпалардың басқа түркі тілдес елдердің ішінде де кездесуі, сондай-ақ, тіліміздегі кейбір диалектілік құбылыстардың қазақ тілінің басқа говорларында ұшырамай, көрші туыстас тілдердің материалдарымен ұқсас болып келуі тегін емес. Міне, осындай туыс тілдер арасындағы қарым-қатынасты шешуде диалектілік ерекшеліктерді зерттеудің пайдасы мол. Қазақ говорларындағы көнеден келе жатқан элементтерді ажыратып алмай тарихи диалектологияның біраз мәселелерін шешу мүмкін емес. Белгілі бір диалект, говорларды зерттеуші ғалымдар тіліміздегі кірме сөздерді:
А) араб-иран тілдерінен енген сөздер;
Б) орыс тілінен енген сөздер;
В) монғол тілінен енген сөздер;
С) түркі тілдерінен енген сөздер деп топ-топқа бөліп қарастырады.
Біз бұл еңбегімізде Қазақстанның батыс сөйленістеріне түркі, орыс, араб, монғол тілдерінен енген кірме сөздерді қамтуды мақсат етіп қойдық. Қазақ тілі говорларының батыс тобына Қазақстан территориясынан – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының тұрғындар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Қостанай облысының Жетіғара аудандарындағы қазақтар тілі; Орынбор облысының Адамов, Бөрте аудандарындағы қазақтар тілі, Өзбекстанның Қарақалпақ аймақтарында тұратын қазақтар тілі енеді. Бұл аймақтарда тұратын қазақтар тілін говорлардың батыс тобына біріктіруге негіз болған үш жағдайды айтуға болады. Біріншіден, қазақтар мекендеген территориялардың бір-бірімен жалғасуы; екіншіден, этникалық жағынан ұштасуы, ең соңында алдыңғы екі фактордан туатын – әр говорлардың өздеріне тән жеке-дара ерекшеліктерінің көрінуімен бірге, солардың бәріне ортақ – басын біріктіретін жалпы тілдік ерекшеліктерінің болуы [2, 76-б.].
Қай халықтың болмасын қазіргі дамыған тілінде ертедегі ру, тайпа тілдерінің сақталған қалдықтары бары даусыз. Олардың көбі әдеби тіл негізін құрастырса, кейбіреулері белгілі бір территорияда ғана сақталып, әдеби тілдегі сөз баламасы ретінде жергілікті халықтар тілінде қолданылып, М. А. Бородина көрсеткендей, «меншікті диалектизмді» [3, 12-б.], тудырады. Қазақстанның батысындағы қазақтардың ру, тайпалары Алтай, Монғолия төңірегіндегі халықтардың ру-тайпаларымен аттас, тұлғалас келетіндігі олардың тарихи тамырларының түп негізінде жатыр. Тарихи деректерде Н. А. Баскаков былай жазған : «в середине IX в. большинство тюрских племен, кроме некоторых уйгурских племен и киргизов, значительно продвинулось на запад» [4, 126-б.], – деген сияқты жолдар толықтырады. Батысқа қарай жылжыған ру, тайпалар кейін монғолдар шапқыншылығына душар болып, әкімшілік бөліністе Ноғай ордасының қол астында болғандығы мәлім. Н. А. Баскаков қарақалпақ және қазақ тілдерінің Үлкен Ноғай ордасы құрамында, кейін қалыптасқандығын көрсете отырып, олардың әріректе басқа да халықтар, тайпалармен туыстық жағының болғандығын толық баяндайды. Алайда қазақ тілінің бәрін бірдей қыпшақ тілдерінің тобына жатқызуды қолдамайтындығын автордың: – «самую позднюю группу кыпчакских языков составляют кыпчакско-ногайские языки, сформировавшиеся в XV-XVI вв, некоторые диалекты узбекского и казахского языка» [4, 183-б.], – деген пікірі аңғартады. Н. А. Баскаковтың «қазақ тілінің кейбір диалектілері» дегенін – біз тек қана Қазақстанның батыс тұрғындарына тән тілдік ерекшеліктері деп түсінгіміз келеді. Бұған басты дәлел – қазіргі кездегі ру, тайпалардың бәрі делік ертеректе Ноғай ордасының қол астында болған. Олай болса, қазіргі кездегі қазақ тілінің батыс диалектісіндегі ноғай, қала берді қарақалпақ, татар, башқұрт тілдерінің элементтері тек соңғы уақыттағы көршіліктен туған ауыс-түйіс қана емес, сонымен бірге Ноғай ордасы дәуіріндегі тілдік қарым-қатынастың ізі деуге болады. Осыдан келе қазақ тілінің батыс диалектісі тарихи жағынан негізгі екі қабаттан тұрады :
Біріншісі – ертеректе Алтай төңірегі мен монғол даласынан ығысып келген ру, тайпалардың іздері; екіншісі – Ноғай ордасының қол астындағы ру, тайпалардың өзара қарым-қатынасынан туған тілдік әсерлер және халық болып қалыптасқан соң, көршілес отыру нәтижесінен пайда болған ауыс-түйістер.
Тарихи қабаттардың қай-қайсысы болмасын тек тарихи-салыстырмалы зерттеу нәтижесінде бір-бірінен ажыратылып, анықталмақ. Зерттеудің мұндай түрінде негізгі қағидалардың бірі, Н. А. Баскаков көрсеткендей тіл тарихын сол тілді иемденетін халық тарихымен байланыстыра қарау керек. Тіл тарихын оның қазіргі күйін зерттеуде ғана емес, тарихи этнографияға негіз болатындығы В. В. Радлов пен А. А. Кузниковтың П. В. Голубовский кітабына арналған рецензиясында анық жазылған. Одан: «...историческая этнография должна основываться на лингвистических началах» , – дегенді оқысақ, тағы бір зерттеуші еңбегінен «В этнографии в ностоящее время придается языку на менее, если даже не более, важное значение» сияқты пікірді көреміз. Бұл келтірілген пікірлер бізден, тарихи деректерге сүйене отырып, сонау Алтай мен монғол даласында ерте кезде өмір сүрген ру, тайпалардан бөлініп келіп, қазіргі кезде Қазақстанның батысынан орын тепкендерін тілдік фактілермен дәлелдеуді қажет етеді. Сондай-ақ, батыс говорлар тобында кездесетін кірме сөздер туралы айтылған пікірлерге тоқталайық.
Бұл тақырыпта жазылған көлемді еңбек – Ә.Нұрмағанбетовтің «Қазақ тілі говорларының батыс тобы» деп аталатын монографиялық еңбегі. Автор қазақ тілі говорларының батыс тобын бес говорға бөліп қарастырады: Орталық, Маңғыстау, Арал-Сыр. Қарақалпақ АССР-ы қазақ тілі говоры, Түрікмен ССР-і қазақ тілі говоры. Ғалым әр говордың лексикалық, фонетикалық, және грамматикалық ерекшеліктеріне жеке-жеке талдау жасаған. Бізге керегі кірме элементтер болғаннан кейін еңбектен зерттеушінің осы мәселе төңірегінде айтқан пікірлеріне ғана тоқталамыз. Бұл өңірдің халқы ертеден түрікмен, қарақалпақ, өзбек халықтарымен тікелей қарым- қатынаста, аралас – құралас отырған, бұл әсер тілден көрініс тауып, сол жердегі тұрғындар тілінің лексикасын ерекшелей түсінетіндігін көрсетеді. Түрікмен, қарақалпақ, өзбек тілдерінен енген: дәп /әдет/, әтішкер /шымшуыр/ , пияда /жаяу/, ұтыр /ыңғайлы, қолайлы/, қошық/ әңгімелесіп көңіл көтеру, өлең айту/, бәдірен /қияр/ күрсі/ орындық/ т.б. отыз шақты сөздер де келтіреді. Өзбек, ұйғыр, тілдері арқылы енген араб-иран сөздері де көп. Мысалы: Рабат – кең, үлкен; сағира – сәби, жас, жетім бала; үзір – қиын іс; ділуар – білгір, жүйрік т.б. Сондай-ақ, батыс говорлар тобында кездесетін ноғай, татар, тілдерінен енген жиырма-отыз сөзді көрсеткен. Мысалы: аданас /аданас/ - туысқан; бөрік/боьрк/ - құлақшын; әспат /ыспат/ -дәлел; күйенте /куьен/ - иінағаш; орам /орам/ - көше; т.б. орыс тілінен енген кезерме /казарма/, өрел /руль/, көкенай /кухня/, өттік /отдых/ сияқты сөздерді де берген. Ғалым жоғарыда аталған еңбегінде батыс диалектісінде монғол тобына жататын халықтардың тигізген тілдік әсерін де атап көрсеткен. Қазақтарға қалмақтардан ауысқан төмендегі сөздерді келтіреді: - мошқау /тергей, анықтай түсу /, әйдік /-үлкен, зор/, зорман /зурмн/-сарышұнақ/ т.б. Батыс говорлар тобына жататын Түрікменстанның батысындағы Красноводск, Карабұғаз қазақтары түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарымен аралас отыр. Міне, осы жағдайлар зерттеліп отырған говордың лексикалық ерекшеліктеріне әсерін тигізген. Говорға басқа тілден ауысқан сөздерге шығыс халықтарымен әсіресе, араб-иран тілдері мен орыс тілінен енген сөздер жатады. Бұл жақтағы қазақтар тіліне араб-иран сөздері күнделікті өмірге қажетті зат атаулары мен шаруашылықтың түрлі салаларында кездесіп отырады. Көлемі жағынан араб тілінен ауысқан сөздерге қарағанда иран тілінен енген сөздер біршама. Мысалы: шайыр-ақын, өлең жазушы: мекерлік – қулық, зұлымдық; әмме-барлық; күре /куррә/ -құлын т.б. отыз шақты сөздерді келтірген. Бұл тілдерден ауысқан сөздердің жергілікті тіл ерекшеліктерінде мол болуы Н.К.Дмитриевтің: «Что же касается туркменского, то нельзя забывать, что его лексика переполнена персидскими словами ...» деген пікірмен сәйкес келеді. Ғалым еңбегінде иран тілінен енген отыз алты сөздің говордағы тұлғасы мен мағынасын парсы тіліндегі жазылуы мен мағынасын салыстыра көрсеткен. Жергілікті тұрғындар тілінде орыс тілінен енген сөздер көптеп кездеседі: кілкі /килька/, кеуіт /каюта/, платенса /сүлгі /, әшмеңке /восьмушка/, тәсілінен шай /цейлон шайы», пәтік /потолок/ қарақалпақша «патик» формасында «потолок» мағынасында қолданылғандықтан , аралас отырған қазақтардың тіліне де кіріп «пәтік» болып айтылған. Осындай жиырма шақты сөзді көрсеткен. Осы тақырыпқа жазылған Ш.Сарыбаевтың «Батыс Қазақстан экспедициясының материалдарынан» мақаласында Жайық бойын мекендеген қазақтардың тілінде татар, ноғай тілдерінің әсері байқалатындығын сөз етеді. Мысалы: инкал /еттің наны/, опат болу /қайтыс болу/, орам /көше / т.б. Сондай-ақ, О.Нақысбековтың «Орынбор облысының Адамов, Бөрте аудандарында тұратын қазақтардың тілдеріндегі ерекшеліктер» атты еңбегінде ертеден татар, башқұрт халықтарымен қоныстас болып келгендіктен қазақтардың сөйлеу тіліне біраз әсер еткендігін әңгімелейді. Тұрғындардан жиналған зорат/ орылған астықтар үйіндісі/, шаршау /терезе, перде/, сәндіре /лапас, бастырма/күрпе/ кебек, ұрпақ/ сияқты сөздер татар тілінде зурат, шаршау, сәндәрә, корпә түрінде кездесіп, айтылуы да беретін мағыналарының да бірдей болып келетіндігін айтады. Бұрынғы Орынбор губерниясының қазақтарының тіліне едәуір әсер еткендігін П.М.Мелиоранский өткен ғасырдың аяқ шенінде-ақ байқаған болатын: «Оренбургская губерния представляет из себя весьма интересное поле наблюдения для тюрколога так как в ее смешанном татаро-башкиро-киргизком населении можно знакомиться не только с этими словами, но и с разными пероеходными говорами». Маңғыстау өңірін мекендеген қазақтардың тілінде түрікмен, қарақалпақ тілдерінен енген сөздердің кездесетінін С.Омарбековтың «Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер» атты монографиясынан көреміз. Мысалы: ашар-кілт, /тур. ачар/, әтішкір –отқысқыш, /қарақ. атешқор/, керсең- үлкен табақ/, байтабажүннен тоқылған шұлғау /қарақ.пайтаба/ т.б. Сол сияқты О.Нақысбеков пен А.Иманбаевтың мақаласынан аталған облыстағы қазақтардың тілінен қазақ сөздерінің орнына бұл өңірде орыс сөздерінің қолданатынын көреміз. Мысалы: рандан арба /қалқанды арба /, кнут /қамшы/, жашмен /арпа/, лапас/жан-жағы ашық, үсті жабық далда/, пияла /керосин шамның шынысы т.б.
Осы тақырыпты А.Тасымовтың «Поволжья қазақтарының тілдеріндегі ерекшеліктер» деген ғылыми еңбегі толықтыра түседі. Ғалым Поволжья қазақтары да өздерінің этникалық құрамдары жағынан кіші жүзге жататындықтан олардың тілдеріндегі ерекшеліктер Орынбор, Гурьев, Орал облыстары қазақтарының тілдеріндегі ерекшеліктермен көп жағдайда сәйкес келетіндігін көрсетеді . Олардың негізін ноғай, татар, башқұрт , қалмақ және орыс тілдерінен енген сөздер құрайды. Бұларды зерттеуші 1.Түркі тілдерінен енген; 2.Славян тілдерінен енген; 3. Қалмақ элементтері мен түркі-монғол сәйкестіктері деп топтап алған. Тарихи деректер көрсеткендей қазақтар халық болып қалыптасқан XIV – XV ғасырларға дейін ноғай ордасының әсерін басынан өткеріп келді. Бұл турасында Н.А.Баскаков «это обстоятельство не могло не повлиять на язык казахов не только Поволжья , но и всего западного региона Казахстана» деген болатын. Қазақтар тіліне ноғай тілінен енген; ауыздау /ноғ.ағызлав/ - сөйлеу, өтпек /ноғ . оьтпек /ноғ. шолт/ - шапшаң, шеккі /ноғ. шекки /- таразы деген сөздерді келтірсе, орыс тілінен енген : аглөб /оглобли , зәгон /загон/, крән /граница /, көсе /коса/, пәзір /пузырь/, сентрал /центральный / штдолка /сидельник/ т.б. сөздерді атаған.
Говордың лексикалық ерекшелігі деп, жергілікті халық тілінде қолданылатын сөздерді әдеби тіл мен басқа говорлардың лексикасында кездеспейтін, кездесе қалса, лексикалық мағынасы ауысып, басқа мағынада жұмсалатын сөздердің тобын айтамыз. Мысалы, бұл жердегі халықтың тілінде айтылатын: байтаба – шұлғау, алқа – құлып, шилан – әмиян сияқты сөздер қазақ әдеби тілінің нормасында және қазақ тілінің басқа говорларында кездесе бермейді. Кездесе қалған күнде де көрші тілдердің лексикасымен, ескі тайпа тілдерінің, көне тілдің мұрасымен сабақтасып келіп, ерекше сипат алады. Сондықтан бұл жай сол көршілес тілдер мен көне элементтерінің сол территорияда өмір сүрген түрімен байланыстыра, салыстыра, ол тілдермен қаншалықты араласқанын, алмасқанын көрсету, анықтау мақсатында қаралуы керек. Говордағы кейбір сөздердің әдеби тілде баламасы бар, кей сөздердің ондай баламасы жоқ, ал енді бір топ сөздер әдеби тілдегі және басқа говорлардағы мағыналарынан өзгеше лексикалық мағынада жұмсалады. Жергілікті тұрғындар тіліндегі лексикалық ерекшеліктердің біразы тіл дамуының өткен дәуірлеріне тән, тіліміздің байырғы белгілерінің говорда сақталған ізі ретінде танылса, қалған бірсыпырасы лексикалық құбылыстар көрші халықтар тілінің (қарақалпақ, түрікмен) әсеріне байланысты пайда болған [5,110-б.]. Бұл өлкенің тіліндегі лексикалық кірмелердің ішінде көлем жағынан молырақ кездесетіні – қарақалпақ, түрікмен тілдерінен ауысқан сөздер. Бұлардан өзге лексикалық кірмелердің арасында мол сала ретінде ұшырайтыны деп орыс тілінен енген кірме сөздерді айтуға болады. Ал кірме сөздердің екінші бір тобына жататындары – араб-иран тілдерінен енген сөздер. Кірме сөздердің басқа тобының қайсысы болса да, жоғарыда аталған тілдерден енген кірмелермен салыстырғанда, жергілікті халық тілінің лексикалық жүйесінде алатын орны онша елеулі емес.
Тұрғындардың лексиконындағы жергілікті сөздер өздерінің мағынасы мен лексикалық категорияларға қатысы жөнінен тең емес. Олардың дені әр түрлі заттар мен құбылыстардың сындық белгісін көрсетеді. Ал енді бір сөздердің лексикалық қызметі іс-әрекеті, қимыл процесін, сонымен бірге мезгілді, амал-әрекетті, көңіл күйді білдіруге байланысты.Қай тілді алсақ та, оның құрамына енетін говорлардың лексикасы сол тілдің әдеби нормалары лексикасынан алшақ кетпейді. Сондықтан зерттеліп отырған говорда қолданылып жүрген сөздердің дені жалпы халықтық тілдің негізгі сөздік құрамына ортақ болып келеді. Бұл говордың лексикалық құрамы жөнінде сөз еткенде, олардың ішінде күнделікті тұрмыстағы зат атауларын, іс-әрекетті, алуан түрлі құбылыстар мен сындық-сапалық белгілерді де білдіретін сөздердің бар екенін айтуымыз керек. Бұл сөздердің қолданылу аясын жете тану олардың беретін мағынасына қарай топтап көрсетуді қажет етеді. Ол сөздердің көпшілігі негізгі сөздік қордағы сөздерден жасалатынын, сонымен қатар, оның әдеби тілге қатысы бар екенін көреміз. Зерттеліп отырған говор материалдары осыны дәлелдейді. Зерттеліп отырған говордағы сөздерді лексика-семантикалық жағынан төмендегідей топтарға бөлуге болады :
1) Үй тұрмысындағы түрлі жабдықтардың аттарына байланысты қолданылатын сөздер.
2) Ыдыс-аяққа байланысты сөздер.
3) Еңбек құрал-саймандарға байланысты сөздер
4) Киім-кешекке байланысты сөздер
5) Зергерлік бұйымдарға байланысты сөздер.
6) Тағамдардың аттарын білдіретін сөздер
7)Халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына, ойын-сауыққа байланысты сөздер
8) Ер-тұрманға және басқа транспорт жабдықтарына байланысты сөздер
9) Туыстық-жақындықты білдіретін сөздер
10) Адамның түрлі рухани, табиғи қасиеттеріне байланысты сөздер
11) Егін шаруашылығы мен өсімдіктер дүниесіне байланысты сөздер
12) Жануарлар дүниесіне байланысты сөздер
13) Үйге, құрылыс жабдықтарына байланысты айтылатын сөздер
14) Мал шаруашылығына байланысты сөздер
15) Балыққа, теңізге байланысты айтылатын сөздер
16) Өсімдік дүниесіне байланысты сөздер
17) Абстрактылы ұғымды білдіретін сөздер
18) Адамның әлеуметтік күйін білдіретін сөздер
19) Әр түрлі мағынаны білдіретін сөздер. 20) Құдыққа байланысты айтылатын сөздер.
21) Іс-әрекет, қимылды, мезгілді білдіретін сөздер
Батыс сөйленістерінде ертедегі оғыз тобына жататын түркі тілі элементтері көптеп кездеседі. Жергілікті халықтар тіліндегі лексикалық ерекшеліктердің басым көпшілігі тіл дамуының өткендегі көне дәуіріне тән байырғы белгілірдің ізі ретінде сақталған ру, тайпа тілдерінің қалдығы болса, бірсыпырасы лексикалық құбылыстар. Яғни тұрғындардың бұрын-соңды қарым-қатынаста болған көрші халықтар тілінің әсеріне байланысты құбылыс [5, 118-б.]. Бұл говорға түрікмен тілінің әсері өте зор. Батыс тұрғындары балық, мал шауашылығымен әсіресе, түйе өсіріп, осы түлікті бағумен айналысқан. Сонымен қатар егін шаруашылығымен айналысып, су жүйелерін пайдаланғандықтан олардың тілі осы саладағы атауларға да бай. Батыс говорын лексикалық жағынан ерекшелендіріп тұратын басты белгілерінің бірі - түркі, қарақалпақ халықтарымен тікелей қарым-қатынастың әсерінен осы тілдерден енген сөздердің көп болуы. Екінші белгісі – қазақтардың басым көпшілігі кіші жүз өкілдерімен бірге орта жүз өкілдерімен қоныстас отыруында. Бұл өңір қазақ говорлар тобының тоғысқан, туыстас түркі халықтарымен араласып, шектескен жері болғандықтан көптеген ауыспалы құбылыстардың молдығымен сипатталады [6, 85-б.]. Бұл говордың өзіне тән лексикалық ерекшеліктеріне мынандай мысалдар келтіруге болады. Олар: ату (мәсі), шилан (ақша салғыш), қақыра (мал қора), ілкі (алғашқы, әуелгі), шарқат (үлкен орамал), ығуа (бағыт, жол), қай (теңіздің толқыны), асардай (әжептеуір), деңмент // дегмент (күміс, алтынмен әшекейленген белдік) көпшік (бір кісілік жастық), әмейі (қарапайым, жұпыны) т.б. Осы тәріздес сөздер көп болғандықтан, жергілікті жерде кездесетін түркі тілінен енген лексикалық ерекшеліктерге тоқталсақ:

жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау