- Негізгі мамандығы: Дене тәрбиесі пәнінің
- мұғалімі
-
- Наурызым ауданы, Дәмді орта мектебінің
- Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
- Амангелді ауданы, Бүйректал совхозының
- Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
- Қостанай қаласы, Қостанай ауданы
- Н.Наушабаев атындағы
- Затобол орта мектебінің Дене тәрбиесі
- пәнінің мұғалімі.
Мақсаты: тоғызқұмалақ ойынын кеңінен тарату, қызықтыру, ойынның тура мүмкіншіліктерін, құпиялары мен сырын түсіндіру, әуесқой жас өркендерді осы ойынға үйрету және олардың өз шеберлігін жетілдіруге көмектесу. - Мақсаты: тоғызқұмалақ ойынын кеңінен тарату, қызықтыру, ойынның тура мүмкіншіліктерін, құпиялары мен сырын түсіндіру, әуесқой жас өркендерді осы ойынға үйрету және олардың өз шеберлігін жетілдіруге көмектесу.
- Міндеті: тоғызқұмалақ ойынын меңгере отырып оқушының өз бетімен ойлау қабілетін қалыптастыру. Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің қажетті деңгейін арттыру.
- Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасы халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.
- Ежелден бері келе жатқан ұлттық болысымызға сіңісті әртүрлі ойындар бар. Оны ретіне қарай жас та, жас емес те ойнайды.
- Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын, халық даналығы қалдырған ойындардың бірі – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ. Халықпен бірге жасасып келе жатқан даналардың ойыны аталған тоғызқұмалақ – бүгінде өзінің даму сатысында екенін айта кеткен жөн.
- Тоғызқұмалақ- біздің ұлттық мақтанышымыз. Шахматты ойлап тапқан елді ақылды,дана дейді. Ал, тоғызқұмалақ шахматтан да күрделі, ендеше оны ойлап тапқан біздің ата-бабаларымыз бізге дүниеде теңдесі жоқ осы мұраны қалдырған.
- Бұл бас шынықтыратын ойынды біздің ұлттық «шахматымыз» десе болғандай. 162 таспен ойналатын осы осы бір ойлы ойынның жоғалып кетпеуіне кезінде академик-жазушы Мұхтар Әуезов, халық әртісі Қалибек Қуанышбаев, техника ғылымының кандидаты М.Ибраев пен шахматшы Е.Браундардың сіңірген еңбектері өте зор.
- Тоғызқұмалақтан алғашқы республикалық жарыс 1948 ж өткізіліп, жарысқа халық ойынының шеберлері Абайдың немересі Ысқақов(Семей), А.Жөкеев(Қарағанды), О.Қаржауов(Семей), Ш.Өтегенов(Жамбыл) сияқты тоғызқұмалақшылар қатысты. Республиканың тұңғыш чемпионы Ш.Өтегенов болды. 1948-1960 ж. Аралығында Қазақстан аймағында көптеген біріншіліктер өтті. Осы кезеңдерде қатарынан 6 жыл бойы Рахымбай Ахмамбетов 1-ші орынды жеңіп алап отырды. Кейін көп жылдар бойы Қостанайлық жерлесіміз Д.С.Поляков 1-ші орынды жеңіп алып отырды .
- Ертеде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнаған қазақ халқының ақыл-ой спорты – тоғызқұмалақ аласапыран заманының әлегінен ұмыт бала жаздап, ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында ғана қайта жанданып, жаңа даму жолына түсті. Енді еліміз егемендігін алған соң, ата-бабадан қалған ұлттық алтын мұраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді олимпиядалық ойындармен теңестірмесек, онда келешек ұрпақ алдында парызымызды өтей алмай, ұяты боларымыз анық.
1- Арт, - 1- Арт,
- 2- Тектұрмас,
- 3- Ат өтпес,
- 4- Атсыратар,
- 5- Бел,
- 6- Белбасар,
- 7- Қандықақпан,
- 8- Көкмойын,
- 9- Маңдай – деп аталады
-
- Тоғыз отау үшке бөлінеді:
- 7, 8, 9–отаулар –алдыңғы шеп,
- 4, 5, 6–отаулар–ортаңғы шеп,
- 3, 2, 1– отаулар– артқы шеп
- –деп аталады
Тоғызқұмалақ таңдау курсының бағдарламасындағы жұмыс бөлімдері: - Тоғызқұмалақ таңдау курсының бағдарламасындағы жұмыс бөлімдері:
- Түсінік хат;
- Тақырыптық жоспар;
- Сабақ жоспарының – кестесі;
- Бағдарламаның мазмұны.
- Тоғызқұмалақ әдістемелік құралындағы жұмыс бөлімдері:
- Үйренушілерге бірер сөз;
- Тақтаның жалпы құрылысы;
- Ойнау ережесі;
- Ойынды жазу;
- Жүріс дәлдігі;
- Бастама қағидалары;
- Тұздықты пайдалану;
- Атсырау;
- Жүріс есептеу;
- Тас алу;
- Пайдалы кеңестер;
- Тоғызқұмалақ сөздігі;
- Сым тақта;
- Бастаманы тарату;
- Көрнекті бейнелеу;
- Сауатты жазу – өнер;
- Тоғызқұмалақ ойынының разрядтық талаптары.
- Тоғыз саны сиқырлы,
- Толығады ой-сана.
- Тоғыз мақал білмесең
- Тоғызқұмалақ ойнама
- 1. Дұшпанның сырын біл, жүрсе жүр, күлсе күл.
- 2. Дұшпанның жанына
- Тұздық сақтама
- 3.Алыстан арбалағанша
- Жақыннан дорбала.
- 4.Үйіңнің рахатын көр
- Үйге жинай бер
- 5.Береген қолым алаған,
- Алаған қолым береген.
- 6.Жұт болды деп қорланба
- Қорада қотыр тоқты бар.
- 7.Пайдасыз жерге пұл шашпа,
- Байлық тиыннан құралады.
- 8.Сый берсе қашпа, пұлға берсе алма,
- Жолықсаңыз пәлеге,жете алмайсыз мәреге.
- 9.Жаңылмайтын жан жоқ,
- Сүрінбейтін тұяқ жоқ.
- Алсаң мақтанба, берсең даттама.
-
Достарыңызбен бөлісу: |